«Шығармашылық шеберлер мектебі» шығармашыл оқушылардың резерв мектебінің ережесі І. Жалпы ережелер «Шығармашылық шеберлер мектебі»



жүктеу 45.87 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі45.87 Kb.
: files -> blogs
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың есебінің тезисіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері
blogs -> «МӘШҺҰр-жұсіп: Өмірдің философиялық МӘНІ, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық сайысының ережесі негіздеме
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Тәуекел хан Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш
blogs -> Сабақ Тақырыбы: Excel-де формулалар мен функцияларды енгізу Сынып: 8
blogs -> Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а Өзбекстан; в Ұлыбритания; с Индонезия; д Ресей
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы
«Шығармашылық шеберлер мектебі»

шығармашыл оқушылардың резерв мектебінің

ЕРЕЖЕСІ

І.Жалпы ережелер

  1. «Шығармашылық шеберлер мектебі» шығармашыл оқушылардың резерв мектебі (ары қарай - шығармашылық мектебі) Ережесі шығармашылық мектебінің мақсатын, міндеттерін және жұмыс тәртібін анықтайды.

  2. Шығармашылық мектебі Павлодар облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы негізінде қызмет атқарады.

ІІ. «Шығармашылық шеберлер мектебі» шығармашыл оқушылардың резерв мектебінің мақсаты мен міндеттері:

Мектептің мақсаты мен міндеттері:



  • шығармашыл оқушыларды анықтау мен іріктеу;

  • оқушылардың шығармашылығын жаңа арнаға түсіру, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру;

  • оқушылардың аймақтық, республикалық оқулар мен сайыстарына қатысу нәтижелілігін арттыру;

  • шығармашылық байқаулардың облыстық кезеңінің құрамасын қалыптастыру;

  • дайындау жүйесін дамыту.

ІІІ. «Шығармашылық шеберлер мектебі» шығармашыл оқушылардың резерв мектебін ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі

1. Шығармашылық мектепке 5 - 10 сыныптарында оқитын облыстық, аймақтық оқулар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қабылданады. «Шығармашылық шеберлер мектебі» олимпиадалық резерв мектебіне оқушылардың рейтингтік көрсеткіштеріне сәйкес байқау негізінде қабылданады.

2. Шығармашылық мектептің оқытылу тілі - қазақ тілі, мектеп келесі 8 бағыт бойынша жүргізіледі: «Шешендік өнер», «Көркем сөз оқу», «Шығарма, эссе жазу», «Ақындар мүшәйрасы», «Ұлттық аспапта ойнау», «Ақындар айтысы», «Ғылыми жоба жазу», «Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша тест жазу».

3. Шығармашылық мектеп оқушыларының жалпы санын білім басқармасы бекітеді.

4. Шығармашылық мектеп оқушыларының құрамы жыл бойы рейтинг көрсеткіштеріне сәйкес өзгеруі мүмкін.

5. Шығармашылық мектептің жаттықтырушылары Павлодар қаласының жоғарғы білім беру орындары мен мектеп мұғалімдері қатарынан анықталады.

6. Шығармашылық мектеп сабақтары оқу– жаттықтыру жиын және қашықтықтан оқыту түрінде өткізіледі. «Шешендік өнер», «Ұлттық аспапта ойнау», «Ақындар айтысы», «Көркем сөз оқу» бағыттары іштей оқыту формасында жүргізіледі. «Ақындар мүшәйрасы», «Шығарма жазу», «Ғылыми жоба жазу», «Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша тест» бағыттары қашықтықтан өткізіледі.

7. Оқу–жаттықтыру жиындарын өткізу кезінде оқушыларға шығармашылық мектеп сабақтарына еркін қатысуға рұқсат беріледі.

8. Оқыту сабақтары айына 2 рет, 72 сағат көлемінде, 9 айға жоспарланады. Оқыту сабақтарының бағдарламасын жаттықтырушылар құрастырып, «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ы директорымен бекітеді. Оқу сабақтары арнайы журналда тіркеледі.

9. Оқушылардың олимпиадаға дайындау бағдарламасын оқытушы әзірлейді және «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның ғылыми - әдістемелік кеңесінде бекітеді.

10. Әр ауысымның соңында оқытушы өз бағыты бойынша қорытынды рейтинг өткізіп, нәтижелерін «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-на және жалпы білім беру мектептерінің жетекшілеріне тапсырады.

11. Оқу-жаттықтыру жиындарының өткізілетін орны «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО - мен келісіледі.


«Шешендік өнер» бағыты

1.«Шешендік өнер» бағыты оқушыларды шешендік өнерге баулиды.

2.Мақсаты -  шешендік сөздің мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнекілігі жөнінде білім беру, шешендік сөздегі термин сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің табиғатын таныту, қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау. 

3. «Шешендік өнер» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Ұлттық аспапта ойнау» бағыты

1. «Ұлттық аспапта ойнау» бағыты оқушылардың кәсіби деңгейде шеберліктерін шыңдауды көздейді.

2. Мақсаты – ұлттық аспапта таза ойнауды меңгеру, ұлттық аспаппен өнер көрсету шеберлігін жетілдіру, сахна мәдениетін үйрену, ұлттық аспапты жаңа музыкалық форматта меңгеру.

3. «Ұлттық аспапта ойнау» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Ақындар мүшәйрасы» бағыты

1.Өлең сөзге бейімі бар балаларды тәрбиелеу мектебі болып табылады.

2. Мақсаты – ақындық өнерді шыңдау, өлең жазу технологиясын меңгеру, өлеңнің идеясын ашудың түрлі тәсілдерін үйрену, өлеңді оқып, жеткізе білу мәдениеті мен әдебін тәрбиелеу.

3. «Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Ақындар айтысы» бағыты

1.Айтысқа бейімі бар талантты балалардың басын қосатын шығармашылық бағыт.

2. Мақсаты – айтыс табиғатын таныту, ақындар айтысының түрлерін меңгерту, ақындар айтысындағы қағытпа, орынды жауап, тапқырлық тәсілдерін игерту.

3.«Ақындар айтысы» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Көркем сөз оқу» бағыты

1.Көркем туындының табиғатын түсіну мен сезіну арқылы мәнерлеп оқуға баулиды.

2. Мақсаты – көркем сөз оқуға баулу, мәнерлеп жатқа айтуға, есте сабақтау қабілеттерін шыңдауға тәрбиелеу, сахна мәдениетін меңгерту, прозалық, поэзиялық шығармаларды нақышына келтіре оқуға үйрету.

3. «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Шығарма жазу» бағыты

1.Шығармашылыққа бейімі бар балаларды шығарма жазуға төселдіру.

2. Мақсаты – шығарма жазу мәдениетін меңгерту, шығармашылық жұмыстардың түрлерімен таныса отырып, оларды еркін қолдануға үйрету, көркем мәтінмен жұмыс жасау, жоспар құру, эпиграф таңдау жолдарын игерту. Еркін тақырыптарда эссе жазуға төселдіру.

3. «Шығарма жазу» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Ғылыми жоба жазу» бағыты

1.Ізденімпаз оқушыларды ғылыми жоба жазуға төселдіру.

2. Мақсаты – оқушыларды ізденіс жұмыстарын жасауға, материалдарды жинақтауға, жүйелеуге, өңдеп, интерпретациялауға, оны қорғау, пікір айтуға үйрету.

3. «Ғылыми жоба жазу» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.


«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тест» бағыты

1. Қазақ тілі мен әдебиетінен білімі терең оқушыларды шыңдайтын мектеп.



2.Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдерін тереңдетуге, жинақтауға, жүйелеуге, ары қарай жетілдіруге, ізденуге баулу.

3.«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тест» бағыты бойынша арнайы бағдарлама түзіледі. Оқу барысында оқушылардың рейтингі шығарылып отырады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет