Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың маңызы мен әдістері



Дата01.05.2016
өлшемі65.51 Kb.
Актурева Э.А.
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын

калькуляциялаудың маңызы мен әдістері
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда бухгалтерлік есептің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам артады. Шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыруға болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып, оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін емес және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Бухгалтерлік есеп көптеген ауқымды аймақтардың бірі - өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыс немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және өндірістегі шығындар есебі болып табылады.

Сонымен, бухгалтерлік есептің ауқымды аймақтардың бірі болып келетін калькуляциялау әдісінің мәні өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, онын бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзіндік құнның калькуляциясы, өнімдердің, орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің өзіндік құнын есептеу ретінде түсіндіріледі. Өнімдердің өзіндік құнының нақты калькуляция көрсеткіштері, өндіріс шығындарын бақылауға, өндірістің тиімділігін анықтауға, өнімдердің өзіндік құндарын төмендету жолдары мен резервтерді анықтауға пайдаланылады.

Калькуляцияны екі топқа бөлуге болады: алдын-ала жасалатын және соңынан.

Алдын-ала жасалатын калькуляция (жоспарлы, жобалық, сметалық және нормативтік) өнімдерді дайындау, жұмыстарды атқару, қызметті көрсету кезеңінің басталуына дейін жасалады.

Соңынан жасалатын калькуляция (есептік) өнім дайындалғаннан кейін, өнімді дайындауға кеткен нақты шығындардың негізінде жасалады.

Калькуляция объектісіне – ұйымның өзінде, оның негізгі және көмекші өндірістерінің бөлімшелерінде орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтер, өндіріс бөлімінің әр түрлі дәрежедегі дайындығы жатады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектілері өндірістік шығындар есебі объектілерімен тығыз байланысты және көп жағдайларда олар бір-біріне сәйкес келеді.

Барлық өнімдер (олардың түрлері бойынша) және өндіріс өнімдерінің бірліктері калькуляцияланады.

Калькуляция объектілеріне жататындар:



  • барлық шығарылған өнімдер, орындалған жұмыстар, атқарылған қызметтер;

  • өнімдердің жеке түрлері, негізгі және көмекші өндірістердің жұмыстары мен қызметі;

  • өндірістің соңғы сатысында пайдаланылатын, негізгі өндіріс бөлімшесінің шалафабрикаттары;

  • сыртқа сататын меншікті өндірістің шалафабрикаттары;

  • ұйымның қызметінің нәтижелерін білуге арналған бөлімшелерінің өнімдері.

Калькуляциялық бірліктер дегеніміз - калькуляция объектілерін өлшеуіштер (өлшем бірліктер).

Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезде келесідей өлшем бірліктер қолданылады:



  • натуралды (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, литр, квадрат метр және басқалар);

  • ірі натуралды (белгілі артикулді 100 жұп аяқ киім, шойынның белгілі түрінің тоннасы, иесіздендірілген сыраның гектолитрі және басқалар);

  • шартты-натуралды (қышқылдылығы 100%- спирт,консервінің 1000 шартты банкісі және басқалар);

  • құндық (шығару немесе сату бағасындағы тауарлық өнімдердің теңгелік шығындары);

  • еңбек (норма-сағат, норма-смена).

Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістеріне өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтау үшін өндірістік шығындардың көрсетілуі және құжатпен дәлелдеу тәсілдерінің жиынтығы жатады. Шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің жіктелуін алдын-ала анықтаушы, өндіріс өнімдерінің ұйымдастырылуы және технологиясы, шығарылатын өнімдердің номенклатурасы, орындалған жұмыс және атқарылған қызмет. Шығындар есебінің әдістерін жіктеудің негізіне, аналитикалық есеп объектілері бойынша өндіріс шығындарын жинақтау және жинақтау тәртібі алынады. 3]

Өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау әдістеріне, өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеуде қолданылатын тәсілдер жиынтығы жатады.

Қазақстандық стандартта бухгалтерлік есеп бойынша өндірістік ұйымдарда өнімдердің түрлеріне, олардың күрделілігіне, өндірістің типіне байланысты қолданылатын шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің келесідей негізгі үш тәсілі қарастырылған: нормативтік, тапсырыстық, бөліністік. Бірақ жеке ұйымдар шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің қарапайым әдісін пайдаланады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің «Стандарт-кост» және «Директ-кост» жүйесі бойынша шығындар есебінің әдістері қолданылады.

Бұл әдістің мәні – тікелей және жанама шығындар барлық шығарылған өнімдер үшін белгіленген шығын баптары бойынша есептеледі. Осыған байланысты өнім бірлігінің орташа өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлу арқылы анықталады. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын жаппай өндірістерде пайдаланылады. Бұл өндірістерде шалафабрикаттар және аяқталмаған өндіріс болмайды.

Қарапайым әдіс көбінесе шығарушы ұйымдарда және кейбір өнімнің бір түрін шығаратын өңдеуші өндіріс салаларында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай және газ өндіретін ұйымдар) қолданылады.

Кейбір салаларда (көмір, шымтезек, ағаш дайындау) шығындар технологиялық процестердің жеке сатылары бойынша есептелуі мүмкін. Мысалы, көмір өндірісінде мұндай сатыларға дайындық жұмыстары, көмірді алу, шахтаға дейін тасымалдау және жоғары шығару, сорттау, сапаландыру, вагондарға тиеу жатады.

Көмір өндіруші ұйымдарда қолданылатын, шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісімен процесс бойынша шығындар алдын-ала есептелетін болғандықтан, ол кейде процестік әдіс деп аталады.

Қарапайым (процестік) әдісті қолданудың міндетті шарты – біркелкілік және жаппай шығару немесе шығындарды өндірілетін өнімдерге енгізу тәсілі бойынша тікелей және жанама (шығынның барлығы бір өнім түрін шығарумен байланысты болғандықтан) деп бөлмеу. Барлық шығындар шығарылған өнімдерге (аяқталмаған өндіріс болмағандықтан немесе аз мөлшерде болғандықтан) тікелей апарылады.

Өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік есептің соңғы сатысы болып табылады.

Өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялауды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде – жалпы шығарылған өнімдердің өзіндік құны, екіншісінде – әрбір өнім түрлері бойынша нақты өзіндік құн, үшіншісінде – өнімдердің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің бір данасының өзіндік құны есептеледі.

Өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құны келесі тәсілдердің бірімен есептеледі: калькуляциялаудың нормативтік әдісі, шығындарды қосу әдісі, шығындарды пропорционалды (индекстік) бөлу әдісі, тікелей есептеу әдісі, калькуляциялаудың аралас әдісі, коэффициенттік әдіс, жанама өнімдерге шығындарды шығару әдісі.

Қорытындылай келе, қазіргі біздің елдегі нарықтық қатынастардың құрылуы шарттарында бухгалтерлік есепті жетілдіру, оның ішінде өндіріске кететін шығындар есебі және өзіндік құнды калькуляциялаудың маңызы өте зор. Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге кәсіпорындардың дербестігі өсті, соның ішінде нарықтағы сұраныс пен ұсынысты есепке ала отырып өз өнімінің бағасын қалыптастыру нәтежесінде бухгалтерлік есеп және оның жүйесі -калькуляциялаудың мәселелері өзгерді. Өндірілген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады. Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады.

Өнімнің өзіндік құнының экономикада маңызы зор, ол баға жасақтаудың базасы. Өзіндік құн неғұрлым төмен болса, пайда деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Өзіндік құнға жолдама жасағанда, оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны, материалдар мен шикізаттарды және тағы басқа материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.



Сонымен, өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес, өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет