«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі»



жүктеу 98.7 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі98.7 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Абай ауданы әкімдігінің

2015 жылғы « 10 » сәуірдегі

№ 910 қаулысымен

бекітілді


«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже


  1. Жалпы ережелер

1.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Абай ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асырады.

2.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070100, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құтжанов көшесі, 1.

9.Мемлекеттік органның толық атауы - «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.Мемлекет Абай ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлім» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

11.Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Абай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

13.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

14.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Абай ауданы аумағында білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.

16.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3)азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздер мен мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

4)белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажет­тігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5)отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, қазақ, орыс, шетел тілдерін меңгерту.

17.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1)кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

2)білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

3)мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

4)бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйым­дастырады;

6)балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

7)аудан ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;

8)мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

9)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

10)мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

11)білім беру мониторингін жүзеге асырады;

12)негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

13)мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

14)білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;

15)негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

16)балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.

17)жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

18.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;

2)Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;

3) «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;

4)өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;

5) «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;

6)жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;

7) «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

20.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1)заңнамамен белгіленген тәртіпте «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2)заңнамамен белгіленген тәртіпте «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;

3)өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

4) «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

5)мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;

6)Абай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;

7)сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

8)ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

9)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
22.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25.«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі


1)«Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2)«Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3)«Шәкерім атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4)«Көкбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5)«М.Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6)«Жалпы білім беретін Ш.Абенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7)«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8)«Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9)«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10)«Медеу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11)«Мамай атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12)«Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

13)«Балалар көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;



14)«Баян Байғожина атындағы ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

15)«Балауса ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

16)«Балбөбек ясли-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

17) «Абай аудандық көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.











©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет