Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын аймақтарға бөлу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



жүктеу 22.8 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі22.8 Kb.
: assets -> files
files -> Отраслевой pr а. Таболин Особенности pr в спорте
files -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
files -> Российская Федерация Республика Хакасия
files -> Ооо сп «Абаза Телеком»
files -> Постановление «26» декабря 2013 г г. Абаза №1097 Об утверждении муниципальной программы «Развитие образования на 2014-2016 годы»
files -> Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атныдағы қазақ музыкалы драма театрының қызмет көрсету
files -> Тауарды әкелген, жұмыстың орындалу, қызмет көрсету мерзімі
files -> Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және халықпен кездесу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Шарттық негізде үй – жайлар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


ЖОБА

Шығыс Қазақстан облысы

аумақтарын аймақтарға бөлу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, 26-2-бабына, «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027 бұйрығына сәйкес, «Ақшоқы ауылдық округінің Ақшоқы ауылында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-14-135 шешімі, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 21 мамырдағы 02/733 хаты негізінде, аусылдың енуінің және таралуының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын мынадай аймақтарға бөлу жүзеге асырылсын:

1) Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округінің Ақшоқы ауылы аумағын қамтитын 20 шақырым радиустағы аусыл эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақ;

2) Үржар ауданы Бахты, Көлденең, Мақаншы, Каратұма, Көктерек, Үржар, Қабанбай, Карабұлақ, Көкөзек, Карабұта, Қаратал, Науалы, Алтыншоқы, Барқытбел, Бестерек, Қоңыршәулі, Келдімұрат, Қарақол, Шолпан, Жаңа Тілек, Салқынбел, Көктал, Ақжар, Егінсу, Жоғарғы Егінсу, Елтай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 300 шақырым радиустағы буферлік аймақ;

3) Тарбағатай ауданы Ақсуат, Ақжар, Екпін, Жаңауыл, Жетіарал, Ырғызбай, Кіндікті, Көкжыра, Қабанбай, Қарасу, Құйған, Құмкөл, Қызылкесік, Маңырақ, Ойшілік, Сәтпаев, Тұғыл, Аягөз ауданының Сарыарқа, Қарағаш, Мыңбұлақ, Емелтау, Мамырсу, Ақшатау, Майлин, Қосағаш, Ақшәулі, Тарбағатай, Байқошқар, Өркен, Тарлаулы, Нарын, Бидайық, Ақши, Айғыз, Мәдениет, Баршатас, Ақтоғай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтитын 350 шақырым радиустағы бақылау аймағы;

4) Шығыс Қазақстан облысының белгіленген аймақтан тыс жатқан аумақтары қолайлы аймаққа жатқызылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. М. Селиханов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы (К. А. Тоқтасынов, келісім бойынша), осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аудандардың және ауылдық округтердің әкімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В. Л. Кошелевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

КЕЛІСІЛДІ :


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Ветеринариялық бақылау және қадағалау

комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық



аумақтық инспекциясының басшысы
«___»_____________________ 2013 жыл
______________________К. Тоқтасынов





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет