«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»



жүктеу 79.51 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі79.51 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Курчатов қалалық әкімдігінің

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 1270

қаулысымен бекітілді




«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

1. «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлім) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомствалары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Бөлімнің орналасқан жері: 071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4.

10. Мемлекеттік органның толық атауы «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: қоғамдық-саяси тұрақтылықты және аймақтағы халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдауға, аймақтың бәсекелесуге қабілетті ақпараттық саласын және жастарды дамытуға жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты нәтижелі жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) аймақтағы саяси жоспарлауды ұйымдастыру, ішкі саясаттың барлық саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

2) аймақтағы қоғамдық – саяси жағдайды болжау, талдау және оған мониторинг, саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктер қызметін ұйымдастыру, басқару шешімдерін қабылдау үшін тәжірибелік ұсыныстар шығару;

3) аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, оны өткізуге мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) қызметін үйлестіру;

4) ) үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін үйлестіру, мемлекеттік билік органдарымен әріптестік ету және өзара қарым – қатынасты ұйымдастыру, өңірдегі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде ҮЕҰ тарту, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

5) гендерлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарушы билік органдарының жұмыстарын үйлестіру;

16. Функциялары:

1) қалада ішкі саяси мәселелер бойынша мемлекеттік органдар жұмысын стратегиялық, мерзімді, жедел және арнайы жоспарлау, ішкі саясат саласындағы бірыңғай өңірлік іс-қимыл жоспарын әзірлейді және келіседі;

2) ақпараттық – идеологиялық, ұйымдастырушылық және қоғамдық – саяси жұмыстар кешенін ұйымдастыру үшін жылсайынғы және тоқсансайынғы бірқатар саяси маңызды шараларды құрады;

3) қала әкімінің жұмыс кестесін құруға қатысады;

4)мемлекеттік ішкі саясаттың, Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Президенттің Қазақстан халқына Жолдаунының, әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының негізгі басымдықтарын насихаттау және түсіндіру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруды әзірлеудің жұмысын үйлестіруге қатысады;

5)жергілікті атқарушы органдармен қарым – қатынасты ұйымдастырады;

6) концептуалды құжаттарды әзірлеуге, бөлімнің құзырына енетін мәселелер бойынша әкім шешімдері мен өкімдерін, әкімдік пен әкімнің акт жобаларын әзірлеп сараптауға қатысады;

7) ішкі саясат мәселелері бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаларды әкімгерлеуді қамтамасыз етеді;

8) әкімшілік мемлекеттік бос қызмет лауазымына конкурстар өткізу жөнінде конкурстық комиссия қызметін; Бөлім мамандарына аттестация өткізу үшін аттестациялық комиссияны; еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссияны; тәртіптік комиссияны ұйымдастырады;

9) құжаттардың уақтылы және сапалы түрде орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер – Министрінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер – Министр Кеңсесінің тапсырмаларын, Премьер – Министр, министрліктер мен ведомстволардың, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының Жарғылары мен өкімдерінің, Мемлекеттік бағдарламалар мен Бөлімнің құзырына енетін мәселелер бойынша іс – шаралардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырады;

11) Бөлімнің құзырына енетін мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасына ақпараттық материалдарды ұсыну кестесіне сәйкес мониторинг және талдау ұйымдастырады, сондай-ақ сол ақпараттардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

12) қала әкімі, Шығыс Қазақстан облысытық Ішкі саясат басқармасы үшін ішкі саясат мәселелері бойынша талдау материалдарын, мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады. Маңызды саяси жағдайлар, сондай-ақ қоғамдық - саяси саладағы, мемлекеттік органдардың ақпараттық – насихаттық және идеологиялық жұмысындағы, діндердегі, әлеуметтік қысым ошақтарындағы және т.б. жағдайлардың өзгеруі туралы басшылықты уақтылы ақпараттандырады;

13) саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық – саяси қозғалыс, діни ұйымдар, тәуелсіз ғылыми – зерттеу орталықтары, қоғамдық ой деректерінің компьютерлік базасын құрастырады және жедел режимде ұстайды;

14) Бөлімнің құзырына енетін мәселелерді сапалы түрде өңдеу үшін кезеңдік баспаның, анықтамалықтың және өзге де әдебиеттің тақырыптық материалдарын құрастырады;

15) ішкі саяси үдерістерді, өңірдегі қоғамдық көзқарас жағдайын, азаматтардың сайлаушылардың көңіл – күйін, мемлекеттік органдар жұмысын жан – жақты зерделеп, талдау жасайды;

16) ішкі саясат саласындағы жағдайлар мен іс-қимыл жоспарын есепке ала отырып, өңірдегі мемлекеттік органдардың ақпараттық талдаулық жұмысын медиа – жоспарлауды үйлестіреді және жүзеге асырады;

17) өңірлік БАҚ қызметін, олардың заңнамалардың сақталу жағдайына, лицензиялық шарттардың орындалу жағдайына мониторингті жүзеге асырады;

18) өңірлік БАҚ-та ақпараттық саясатты өткізу үшін мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруды ұйымдастырады;

19) мемлекеттік органдардың өңірлік БАҚ – мен өзара әрекетін үйлесітіреді және ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдардың қызметін жариялау бойынша БАҚ- мен мақсатты іс – шаралар дайындайды және өткізеді;

20) Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттық топтардың қызметін, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық – түсіндіру топтарының жұмысын үйлестіреді;

21) мемлекеттік органдардың ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады, ақпараттық – насихаттық сұрақтар бойынша семинар – тренингтер, сабақтар өткізеді;

22) Қазақстан Республикасының ҮЕҰ мемлекеттік қолдау Тұжырымдамасына сәйкес ҮЕҰ – мен өзара қарым – қатынасты жүзеге асырады;

23) өңірдегі қоғамдық үдерістерді демократизациялауға бағытталған өңірлік ғылыми – тәжірибелік шараларды дайындайды және өткізеді;

24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік орган құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомствосына қарасты мекемелерден және лауазымдық тұлғалардан ақпарат сұрауға және алуға;

2) құзыры аясында ведомствосына бағынышты мекемелердің міндетті орындаулары үшін құқықтық актілер (бұйрықтар) шығаруға;

3) ведомствалық мекемелердің бұйрықтарының бір бөлігін тоқтатуға немесе толықтай күшін тоқтатуға;

4) өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға, аталған мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

5) өз құзыры шегінде ведомствосындағы мекемелерді, оларды ұстауға және мемлекеттік тапсырыс төлеміне бөлінген бюджеттік қаражаттардың дұрыс, тиімді жоспарлануын, орналасуын және жұмсалуын тексеруге;

6) қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты, сондай – ақ мемелекеттік органның құзыры шегінде мемелекеттік және өзге де бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша сала аралық және аймақ аралық үйлестіруді жүзеге асыруға;

7) осы ережемен, қолданыстағы заңнамалармен және бекітілген келісім – шарттармен белгіленген құзыры аясында басқа мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен өзінің қарым – қатынасын құруға;

8) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.


  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.



19. Бөлімнің бірінші басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің басшылық жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады, бөлімге жүктелген жеке міндеттерге жауапкершілік тартады және өзінің міндеттерін іске асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Бөлім аппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлім бастығымен басқарылады.


  1. Мемлекеттік органның мүлкі

24. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.



Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Бөліммен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



«Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Утенкова



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет