Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты» атты республикалық семинар-кеңестегі баяндамасы



жүктеу 210.95 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі210.95 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты»

атты республикалық семинар-кеңестегі баяндамасы
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2011 жылғы қызметі бағдарламаның негізі бағыттары: мемлекеттік тілді меңгерту, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оны пайдалану аясын кеңейту, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру және лингвистикалық капиталды дамытуға бағытталды. Елімізде Президентіміздің салиқалы тіл саясатын жүргізуі саяси тұрақтылық пен өзара түсіністікті қамтамасыз етсе, біздің өңірде де тыныштық пен ынтымақтастықты сақтауда мемлекеттік бағдарламаның күн талабына ай жүргізілуі өз үлесін қосты деп ойлаймыз.

Бүгінгі күні облыс аумағында бірлік пен өзара түсіністіктің арқасында 1 млн. 398 мың адам тұрып жатыр. Оның 851 мыңы (60,9%) қазақтар, 481 мыңы (34,4%) орыстар және 66 мыңы (4.7%) басқа ұлт өкілдері тұрып жатыр.

Облыс аумағындағы мемлекеттік органдарда 7226 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеуде. Оның 5796-сы (80.2%) қазақтар, 1258-і (17,4%) орыстар және 172-сі ( 2.3%) өзге ұлт өкілдері. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 80,2 пайызы қазақтар болғанымен 59,2 пайызы ғана мемлекеттік тілде құжат дайындай алатындығын ескерсек, атқарар жұмыстың ауқымды екені түсінікті.

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының штат кестесінде 9 мемлекеттік қызметші, оның ішінде басқарма және 3 бөлім бастығы, 5 бас маман және 3 штаттан тыс қызметші жұмыс атқарып, өңірдегі тіл саясатын іске асыруда белсене жұмыс атқаруда.

Облыс аумағында 143 балабақша жұмыс істейді. Оларда 12 214 бала тәрбиеленуде. Оның 56-сы (40%) қазақ балабақшалары, 50-і (34%) аралас тілде тәрбиелейтін балабақшалар және 37-сі (26%) орыс тілінде тәрбиелейтін балабақшалар. 2011 жылы қазақ тілінде тәрбиелейтін 20 балабақша ашылып, 2010 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілде тәрбиеленуші балалардың саны 7,8 пайызға артты.

Өзге ұлт ана-аналарының балаларын мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқытатын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге беруі артып келеді. Биылғы оқу жылында 405 бала қазақ балабақшаларында тәрбиеленсе, 396 бала қазақ мектептерінде білім алуда. Бұл өзге ұлт ата-аналарының мемлекеттік тіл мен еліміздің болашағына деген сенімінің артқанының айшықты көрсеткіші деуге болады.

2011-2012 оқу жылының басында облыста 718 мектеп жұмыс істеуде. Оларда 171 263 бала оқуда. Жалпы оқушылар санының 57,9% мемлекеттік тілде оқиды. Оның ішінде 366-сы (51%) мемлекеттік тілде оқытатын мектептер, 176-сы (24,5%) аралас тілде және 176-сы (24,5%) орыс тілінде білім беруде. Соңғы 3 жылда облыс аумағында қазақ тілінде оқытатын 1 мектеп ашылды.

Облыста 12 арнаулы орта оқу орындары жұмыс істеуде. Кәсіптік мектептерде оқитын студенттердің 24%-ы, колледж оқушыларының 40,8%-ы мемлекеттік тілде білім алуда. 10 жоғары оқу орындары студенттерге білім беруде. Олардағы студенттердің 45,4%-ы мемлекеттік тілде білім алуда.

Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру–жаңа бағдарлама жүктеп отырған міндеттердің бірі. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа да санаттарына мемлекеттік тілді оқыту функциясын атқарып отырған 1 облыстық және 7 қалалық, аудандық тіл оқыту орталықтары және 1 жеке меншік оқыту орталықтары облыстағы ересек азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасына айналып, жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 2011 жылы Олардағы 157 топта 2484 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқып шықты. Оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді. Бүгінгі күні облыстамен үйірмелерде ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің келісімімен бекітілген бірыңғай оқыту бағдарламасымен оқыту курстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарламаға негізделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесі жасалды. Тілдерді оқыту орталықтарының мемлекеттік тілді оқытудағы бірізділігі қалыптасты. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдістемелік базасын нығайтылып, 2011 жылы 7 мың дана оқу-әдістемелік кешендер, электронды оқулықтармен қамтамасыз етілді. Орталық оқытушылары ШҚ облыстық біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында өткізілетін курстарға тартылып, біліктіліктерін жетілдірді. Бүгінгі күні оқытушылардың ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда кәсіби біліктілік шеберлігі қалыптасып, шыңдалды. Оған дәлел, 2011 жылы өткен республикалық «Үздік оқытушы» байқауында ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының оқытушысы Мурсалимова Арай Белгібайқызы бас жүлдені иеленіп қайтты.

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында 2010-2011 оқу жылында облыс көлемінде жалпы жиыны 2484 тыңдаушы оқыса, 2011-2012 оқу жылында 2324 тыңдаушы оқып жатыр, оның 1522-сі мемлекеттік қызметшілер.

Сонымен бірге 2010-2011 оқу жылында 72 тыңдаушымен жұмысын бастаған «Тілашар» 2 айлық курсы 2010-2011 оқу жылы 387 әртүрлі санаттағы тіл үйренушіге ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырды. Биылғы жылы осы курста 500 тыңдаушы тіл үйренуде. Соңғы екі жылда, «Тілашар» курсын аяқтаған тыңдаушыларға тілді меңгеруге қолайлы жағдай туғызу мақсатында оқу жылының соңында «Ойна да күл, қазақша біл!» атты тілдік лагерь ұйымдастырылып, тіл үйренушілерге курста алған білімдерін шыңдауға мүмкіндік жасалды. Ерекшелігі: «Тілашар» курсына қатысушылар өз еркімен келіп 2 ай бойы күн сайын сабаққа қатысу нәтижесінде курс соңында ауызекі сөйлеу деңгейіне жетіп жүр.

Мемлекеттік органдардағы және тіл үйрету үйірмелеріндегі тыңдаушыларды қоса есептегенде қазір 18 311 мыңға жуық адам оқумен қамтылған, оның 3 мыңы орталықтар арқылы, қалған 15 311-і оқыту үйірмелеріндегі курстар арқылы оқуда. Арнаулы орта және жоғары оқу орындарын қоса есептегенде 320 208 адам мемлекеттік тілді оқыту курстарына қатысуда. Бұл облыс тұрғындарының 22,9 % құрайды.

2010 жылы облыс бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлес салмағы жүргізілген әлеуметтік зерттеу көрсеткендей 68% болса, 2011 жылы мемлекеттік тілді меңгергендердің үлес салмағы 70,6 % құрады немесе бұл 987,2 мың адам болды. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлес салмағын 95% жеткізу үшін жылына кем дегенде 40 мың ересек тұрғындарды оқытып отыруымыз керек. Сондықтан да ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда осы міндетті шешу күн тәртібінен түспей отыр.

Мемлекеттік тілдің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыстық оқыту орталығының жанынан ғылыми -әдістемелік орталық құрылған. Оның құрамында ғалымдар, тіл мамандары, озық тәжірибелі курс оқытушылары енгізілген.

Мемлекеттік тілді меңгеру үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, ересектерге мемлекеттік тілді меңгертудің заманауи әдістемесін жетілдіру-оқыту орталығы жұмысының басты бағыттарының бірі. - Осыған байланысты оқыту орталығынан көптеген әдістемеліктер мен оқулықтар, анықтамалықтар, салалық сөздіктер бастырылып шығарылды.

2010-2011 оқу жылында ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығының аға әдіскері С.И. Акласова мемлекеттік тілді интернет арқылы оқыту жобасын жасады. Аталған жоба Астана қаласында өткен ІІ республикалық Медиа - сабақтар фестивалінде «Интернет сабақтар және тілді қашықтан оқыту» номинациясы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Осы жобаның негізінде өткен оқу жылында мемлекеттік тілді үйренуге ынта білдірген барлық мүдделі адамдарға тілді қашықтан оқытудың «Учимся говорить по-казахски» мультимедиалық жүйесі әзірленіп, іске қосылды. Өткен жылы осы сайтты 32 мың адам пайдаланса бүгінгі күні 61 мыңнан астам адам осы KAZCENTER.KZ сайтының қызметін пайдаланып отыр.

Қазақстандықтардың лексикалық капиталын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2010 жылы 1,8 пайызды құраса, 2,1 пайызды құрады.

Биылғы оқу жылы облыс әкімінің қолдауымен облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығына бағасы 1,5. млн теңге тұратын «ITRAVL» ағылшын тілі сөздігі мен бағдарламасы сатып алынды. Бұл құрал облыстың мемлекеттік тілді оқыту орталығында ағылшын тілін оқыту курстарында тиімді пайдаланылады.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыстың 22 тіл оқыту орталықтарында 2010 жылы 893 тыңдаушы қамтылса, 2011 жылы 1164 тыңдаушы ағылшын тілін оқуда. Өскемен қаласындағы басқа да орталықтарда жалпы жиыны 878 тыңдаушы, Семей қаласында 286 тыңдаушы ағылшын тілін үйренуде. Облыс көлеміндегі мемлекеттік және жеке меншік ағылшын тілін оқыту орталықтарындағы 59 топта жалпы жиыны 1164 тыңдаушы ағылшын тілін оқып үйренуде.

Сондай-ақ бағдарламаға сәйкес, халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін меңгеру қанат жайып келеді. Қазір мектеп бітірушілердің барлығы дерлік ауызекі тілді меңгерген. Жыл сайын жастар арасында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін білуден өтетін «Тілдарын» конкурсы, Облыста ағылшын тілін оқыту курстарының шеңбері одан әрі кеңейтілетін болады.

Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қолданылуын сақтау - басқарманың стратегиялық жоспарына енгізілген бағыттардың бірі. Бағдарлама талаптарына сәйкес орыс тілінің мәдени қызметін сақтау толыққанды жүзеге асуда. Ол мемлекеттік органдарда, ғылым мен білім салаларында, мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдарында қамтамасыз етілуде. 2010 жылы орыс тілін меңгерген ересектердің үлесі 87 пайыз болса, ол 1,3 пайызға өсіп, өткен жылы 88,3 пайызды құрады. Оған жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан славян жазбасы күндері, түрлі конференциялар, орыс тілін білуден өтетін конкурстар, мектептерде орыс тілін оқытудың стандарттарының сақталуы, оқытушылармен толық қамтамасыз етілуі қолайлы жағдай туғызуда.

Шетелдерден тарихи отанына оралған қандастарымыздың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал ету мақсатында 2010-2011 оқу жылында ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығы жанынан ашылған екі айлық курста 20 оралман, 2011 жылы 50 адам орыс тілін оқып үйренді. Үстіміздегі жылы 15 оралман жексенбілік мептепте, 25 адам Өскемен қаласына қарасты Шығыс ауылында (Новоявленка) орыс тілін оқып жатыр. 2012 жылдың сәуір айындағы мәлімет бойынша 12 742 отбасында 52 068 оралман облыс аумағында шашыраңқы күйде тұрып жатыр. Осылардың 257-сі тұрғылықты жерлері бойынша курсқа тартылып кирилица әліпбиі мен орыс тілін үйреніп жатыр

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы нысаналы индикаторлардың бірі - мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі. Егер 1999 жылы облыс тұрғындарының 55,5 %-ы мемлекеттік тілді меңгерген болса, 2011 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер тұрғындардың 70,6%-ы мемлекеттік тілді меңгергендіктерін көрсетіп отыр.

Облыста тұратын өзге ұлт өкілдерінің 12,2%-ы мемлекеттік тілді меңгергендер, оның ішінде татарлардың 68,7%-ы, немістердің 16,1%-ы, орыстардың 11,1%-ы, украиндардың 9,9%-ы, белорустардың 8,1%-ы мемлекеттік тілді меңгергендіктерін көрсетіп отыр.

Бағдарламада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ- қазақ тілінен білім деңгейін бағалау жүйесі бойынша байқау сынағын өткізді.

Жалпы, облыс бойынша барлығы 2645 мемлекеттік қызметші ҚАЗТЕСТ-тің байқау сынағынан өтті. Сынақ тапсырушылардың 57 пайызы тілді қажетті деңгейде білетіндерін көрсеттті.

Ересектердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі негізінде байқау сынақтарын өткізу 2012 жылы да Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығымен бірлесе отырып жалғасын табуда.

2012 жылдың 14-18 мамыры аралығында мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер және сот орындаушылары, жалпы жиыны 1- кезеңде 500, 2-кезеңде 1288 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтетін болады.

Қазақстанда тұратын этностар тілдерін оқып-үйрену, сақтау және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру – мемлекеттік бағдарламада белгіленген міндеттердің бірі. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде облыста тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды алғашқылардың бірі болып қолға алған Шығыс Қазақстанда бүгінгі күні 80 этномәдени бірлестік және «Ынтымақ-Содружество», «Бірлік-Единство» деп аталатын 2 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету» мектебінде мемлекеттік тілмен қатар 14 этностың тілдері оқытылады. 2010-2011 оқу жылында мұндағы 51 топта 847 тыңдаушы дәріс алды. Ал Семей қаласындағы жексенбілік мектептегі 5 топта 68 тыңдаушы өз ана тілдерін оқып жатыр. 2011-2012 оқу жылында тыңдаушылар саны 11 адамға артып 79-ды құрап отыр. Жалпы облыс көлемінде этномәдени орталықтар жанындағы курстарда 2648 өзге ұлт өкілдері ана тілдерін оқуда.

Облыстағы этномәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілін үйренуге тартылған этникалық топ өкілдерінің үлесі 2010 жылы 18 пайыз болса, 2011 жылы 20 пайызға жетті

Жексенбілік мектептерде өздерінің ана тілі мен мемлекеттік тілді үйренуде жетістіктерге жеткен этнос өкілдері балаларының жазғы «Тіл лагерінде» демалысын ұйымдастыру соңғы 5 жылда жүйелі түрде жүргізілуде. 2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін оқуда үздік нәтиже көрсеткен жексенбілік мектептің 19 оқушысы Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тегін жолдамасымен «Тіл лагерінде» жазғы демалыстарын мемлекеттік тілді және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін үйренумен ұштастырды.

Жексенбілік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жыл сайын аудан және қала әкімдіктері мен тілдерді дамыту жөніндегі басқарма тарапынан қомақты қаражат бөлініп, ұйымдастыру техникасы алынып беріледі, ана тілдерін оқытуда үздік нәтижеге жеткен оқытушылар басқарманың грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына жыл сайын облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен тұрақты түрде қаражат бөлініп отырылады. Мәселен облыстық оқыту орталығына алғаш құрылған 2006 жылы 5 млн. 737 мың теңге қаражат бөлінсе, 2011 жылға бекітілген 70 018,0 мың теңге бюджет қаржысының 30 868,0 мыңы тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, 38 050,0 мыңы мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының өзге тілдерін оқытуға жұмсалды.

2011-2012 оқу жылы облыс көлемінде облыстағы мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына 64 млн. 584 мың теңге қаражат бөлініп отыр.

Жаңа 2012-2013 оқу жылында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Семей қаласында, Ұлан ауданының Таврия және Көкпекті ауданының Самар өңірлерінде мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, Семей қаласының орталығына 6 млн. теңге және Ұлан, Таврия аудандарының мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына 3 млн. теңгеден қаражат қарастырылып отыр.

Облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту басқарма жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан да ай сайын мемлекеттік органдардың құжат айналымына басқарма тарапынан тұрақты мониторинг жасалып отырылады. Басқарма құрылған 2005 жылы мемлекеттік тілдегі құжатың үлес салмағы 17% ғана болса, 2011 жылдың қорытындысы бойынша облыс аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 90,9% -ды құрады. Бұл өткен 2010 жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Облыстық басқармаларда жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2011 жылы 91,2%-ды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 7,9 %-ға артты. Облыстық департаменттердегі мемлекеттік тілді қолданудың деңгейі 2011 жылы 4% -ға артып, 77,3% -ды құрады.

Әрине бұл көрсеткіш әлі де аз, ол толығымен мемлекеттік тілде болуға тиіс. Дегенмен, оған әсер етіп отырған кейбір объективті себептер де жоқ емес. Мысалы облыстағы 19 қала мен ауданның 7-уінде (36,8%-да) қазақ ұлтының үлесі небәрі 10-нан 33 пайызға ғана жетеді, мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын кадрлар жеткіліксіз.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде мемлекеттік органдар мен мекемелерде жұмыс істейтін аудармашылар мен мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандардың рөлі ерекше болып отыр. Жасыратыны жоқ, құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы осы аудармашыларға байланысты болып отырғаны рас нәрсе. Қазір облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелерінде 223 аудармашы штат кестесіне еніп жұмыс істесе, 79-ы келісім-шарт негізінде жұмыс істеуде. Осыған байланысты облыстағы жоғары оқу орындарының негізінде 2011 жылы 55, 2012 жылы 36 аудармашы өз біліктіліктерін арттырды. 2011 жылдың тамыз айында ілеспе аударма жасаудың теориясы және практикасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Камал Әльпейісова арнайы шақырылып, 1 апталық курс ұйымдастырылды, 10 аудармашы ілеспе аударма жүргізу бойынша өз біліктіліктерін арттырды.

Мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы қала және аудан әкімдерінің, облыстық басқармалардың рейтингін анықтау көрсеткішіне енгізілген. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолданудың жағдайы облыс әкімі төрағалық ететін Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында 2010 жылы 2 рет, 2011 жылы 1 рет күн тәртібіне енгізіліп қаралды. Мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы төмен болған мемлекеттік мекеме басшыларына басқарма тарапынан ай сайын ескертпе хаттар жіберіліп, тиісті ұсынымдар жасалып отырылды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген мақсаттарға қол жеткізудің негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту және оны қоғамдық өмірдің барлық саласына кіріктіруде бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше екені мәлім. 2008 жылы облыста шығатын 105 мерзімдік басылымның 10-ы немесе 9,5%-ы ғана қазақ тілінде болды. 2011 жылы шығарылатын 149 газеттің 52 (35%) орыс тілінде, 59-ы (40%) екі тілде, қазақ тіліндегі газеттердің саны 30 немесе 28,5%-ға жетіп екі еседей артты. Глубокое, Бородулиха, Шемониха, Зырян аудандары мен Курчатов, Риддер, Өскемен қалаларында мемлекеттік тілде аудандық және қалалық газеттер шығарыла бастады.

Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету бағытында 2010 жылы облыстық, қалалық және аудандық газеттерде 424 мақала жарияланып, электронды БАҚ-та 71 бейнематериал, 18 тақырыптық хабар эфирге шықса, 2011 жылы 500-ден астам мақала жарияланды, 90-нан астам бейнематериал, 22 тақырыптық хабар эфирге шықты.

Басқарманың тапсырысы бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының облыстық эфирінен айына бір рет «Бойтұмарым – туған тіл» тақырыптық хабары, тоқсан сайын облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде арнайы бетттер жарық көрді.

Тілдік орта қалыптастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалану мақсатында алдағы уақытта облыстық БАҚ-та «Тіл сақшысы» атты арнайы айдар ашу жоспарымызда бар.

Облыстағы тілдік ахуалды зерделеу мақсатында жыл сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижесін зерделеу басқарманың жұмыс бағыттарын анықтап, жоспарлы жұмыс жүргізуге ықпал етіп отыр. Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әлеуметтік зерттеуді 2011 жылы мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлер арасында жүргізді. Зерттеудің негізгі мақсаты басқару аппараты мен саяси ұйым қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу дәрежесін, мемлекеттік тілді енгізуде өмірдің барлық саласына тигізетін әсерін анықтау болды. Орын алған проблемаларды шешудің бірден-бір жолы іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді толығымен енгізу, себебі мемлекеттік тілдің қажеттілігін, күнделікті өмірге керектігін арттырады, тіл инфраструктурасын дамытады және оның қолдану аясын кеңейтеді.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату мақсатында 2011 жылы басқарманың ұйымдастыруымен облыстық деңгейде 40-тан астам шара өтті. Оның ішінде 14 облыстық конкурс пен байқаулар, олимпиадалар, 7 семинар-кеңес, тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша 3 «дөңгелек үстел», 1 форум және фестиваль, 3 акция, 3 айлық Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі Алаштану орталығымен бірге «Алаш мұраты және мемлекеттік тіл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Мемлекеттік тілді кеңінен қолданудың абырой-беделін көтеру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда, оны әсіресе өзге ұлт өкілдерінің арасында насихаттауға басымдық берілді. Осы тұрғыда өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді білуден байқаулар, конкурстар, олимпиадалар өткізілді. 2011 жылдың қараша айында Семей қаласында өткен мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарының форумында тек тілге қатысты проблемаларды көтеріп қана қоймай, қазақ тілін жетік меңгеріп, оны насихаттауға барынша атсалысып, өзгелерге үлгі бола білген жастарды әйгілеп марапаттау жүзеге асырылды. Қазақ тілін жетік меңгерген және осы білімдерін ары қарай тереңдете түсуге ниетті өзге ұлт жастарына деген қолдауымыз бұл шаралармен тоқтап қалған емес. Педагогикалық және медициналық жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде оқуға тілек танытқан өзге ұлт жастары үшінші жыл облыс әкімінің грант негізінде жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Қазір осы грантпен оқуға түскен 8 жастың алдыңғы легі өз білімдерін қазақ тілінде жетілдіруде. Бұған қоса жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастарына қосымша стипендия тағайындау, оқу төлемақысына жеңілдіктер жасау немесе бір реттік қаржылай ынталандыру шаралары жүйеленген. Қазір 15 студент аталған жеңілдікті пайдаланып отыр. Сананы тұрмыс билеген заманда осындай нақты материалдық қолдау өзге ұлт жастарының мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасын арттырды.

Қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің мәртебелі бейнесін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру мақсатында мектепке дейінгі балалар мекемелері тәрбиеленушілері арасында «Бала шақтан – болашаққа мемлекеттік тілмен» және жоғары оқу орындары студентерінің арасында мемлекеттік тілді білуден облыс әкімінің жүлдесі үшін «Тіл – Тәуелсіздік кепілі» ХІІІ облыстық конкурс өткізілді.

Қазақ жастары арасында өткен орыс тілі білгірлерінің «Өзге тілдің бәрін біл...» облыстық конкурсы, өзге ұлт жастар арасындағы «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ ...» атты Абай оқулары, «Мемлекеттік тілді білу - парыз» және «Тілдарын - 2011» облыстық олимпиадалары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жарқын іс» жобасы аясында жүзеге асқан шаралар.

Осы орайда, «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» күнтізбесіндегі 14-желтоқсан Мемлекеттік тіл күнін ерекше атап өтуге болады. Бұл күні Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Глубокое, Зырян, Шемонаиха, Бородулиха аудандарында «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз» акциясы Абай, Аягоз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар, Ұлан аудандарында «Мемлекеттік тілдің тірегі – Тәуелсіздік» акциялары өтті. Акцияға 8 мыңнан астам қатысты. Акция аясында бір күн бойы балабақшадан бастап қоғамның барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту шаралары ұйымдастырылды.

Облыста мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған мәселелер облыс, қала және аудан әкімдіктерінің отырыстарында, мәслихат сессияларында бекітілген жоспарға сәйкес қаралып отырылады. 2010 жылдың 19 сәуірінде облыс әкімдігінің отырысында «Өскемен қаласы әкімінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындаудағы жұмысы туралы мәселе қаралып, № 473 қаулы қабылданды. Қаулының орындалуы бойынша басқарма тарапынан 2011 жылы «Бақылау күні» өткізіліп, бақылаудан алу мерзімі ұзартылды. Тек 2011 жылдың қараша айында ғана қаулы талаптарының орындалуына байланысты бақылаудан алынды.

2010 және 2011 жылдары қалалық және аудандық әкімдік отырыстарында мемлекеттік тіл саясаты мәселелері 21 рет қаралып, 17 құрылым басшыларының есептері тыңдалды.

Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың тіл заңнамаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру мақсатында 2009 жылдан облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың төрағалығымен үйлестіру кеңесі жұмыс істеуде. Өткен жылы үйлестіру кеңесінің 3 мәжілісі өткізіліп, 7 мәселе қаралды.

Облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2010 жылы 97 , 2011 жылы 36 мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы жұмыстары тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілген мекеме қызметшілерінің қатысуымен қорытынды жиналыстар өткізіліп, кемшіліктер атап көрсетілді және оларды жою жолдары белгіленді. Тексеру қорытындысы бойынша 2010 жылы тексерілген мекемелердің 14, 2011 жылы 18 мемлекеттік қызметшісі басқарманың ұсынысымен қала және аудан әкімдерінің, облыстық басқарма басшыларының бұйрығымен жауапкершілікке тартылды.

Басқарма ономастика саласындағы жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізіп келеді. 2011 жылы облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өтті. Комиссия отырыстарында жиыны 20 мәселе қаралып, 8 елді мекенге, 5 ауылдық округке өздерінің тарихи атаулары қайтарылды. Облыс орталығында 1, қалалар мен аудандарда 32 көшенің атаулары қазақстандық мемлекеттілікке сәйкестендірілді. Облыс көлемінде 2000-2005 жылдары аралығында 4 мектептің атауы өзгертілді.

2005-2011 жылдары облыс бойынша 34 елді мекеннің атаулары өзгертілді. Облыс бойынша 7658 көше бар, оның 4952-сі орыс тілінде. Бүгінгі күні өзгертуге жататыны – 65 пайызды құрайды. Облыстағы 1065 әкімшілік аумақтың 738-і (69;2%) мемлекеттік тілде, 91-і қайта атауды қажет етеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттілікті нығайтудың басым бағыттарының бірі болып келетін ономастика мәселесін тарихи атаулардың ұрпақ игілігі, атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұра, қайталанбас құндылық екенін ескере отырып, жаңа мазмұнмен байыта түсу қажеттігі туындап отыр.

Дегенмен, бұл істің өңірде әлі де өзіндік қиыншылықтары бар. Оған ономастика туралы арнайы заңның жоқтығы да бірқатар кедергі келтіріп отыр. Сондықтан бұл орайдағы жұмыс тек қана заңдылық негізінде жүргізілетін болады.

Ономастика саласындағы жұмыстарды жетілдіру кезінде ең алдымен, ашықтық қағидаттарын енгізуге, қоғамдық пікірді ескеру баса назар аударымыз қажеттігін түсініп отырмыз. Жаңа мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделуде.

Өңіріміз өткен кезеңдердегі солақай саясат салдарынан қалған атаулардан кенде емес. Осыған байланысты облыстағы ономастиканың өзекті мәселелерін шешу мақсатында «Өзгерген атаулар, жаңарған ұғымдар» атты өңірлік көшпелі семинарлар топтамасы өткізілді.

«Электронды үкімет» құрудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық базасын толықтыру жұмыстары жүргізілді. Облыстың қала, аудандардағы 10 мың 964 әкімшілік аумақтық бірліктер мен геонимдердің тізімі анықталып, елді-мекендердегі көшелердің, алаңдардың, даңғылардың, бульварлар мен тұйық көшелердің толық тізімі жасалып, аудан, қала әкімдерінің қолымен бекітілген құжаттары базаға толығымен енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» 1996 жылғы 2 сәуірдегі №2923 Жарлығына сәйкес жыл сайын айлық өткізіліп тұрады.

Осы Жарлықты орындау мақсатында 2011 жылдың 21 ақпанынан 21 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс бойынша «Тілім менің – тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты айлық өткізілді.

Бүгінде ататегін қазақ халқының дәстүрлі қалыптасқан үлгісінде жазуға ниет білдірушілердің саны күн санап көбейіп келеді. Облыстың аудандары мен қалаларында аталған айлық ұйымшылдықпен өтті. Оның өтуіне аудан, қалалардағы мәдениет және тілдерді дамыту, Азаматтық хал актілерді тіркеу (АХАТ-ЗАГС), білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері белсенді түрде ат салысты.

Облыс бойынша айлық барысында өткізілген 94 семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдерге 5682 адам қатысты, бұқаралық-ақпарат құралдарында 34 мақала жарияланды. Атқарылған іс-шаралар барысында және түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 2887 азамат тегін, әкесінің атын өзгертуге тілек білдірсе, 663 азамат қазақша жеке куәлік алды.

Облыстың елді мекендеріндегі деректемелер мен көрнекі ақпаратты, жарнамаларды тіл заңының талаптарына сай етіп орындау мәселесі тұрақты назарда ұсталып келеді. Оған жұртшылықтың назарын аудару, қоғамдық серпін беру мақсатында жыл сайын наурыз-сәуір айларында «Мемлекеттік тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет» атты айлық, «Тілбұзарға –тосқауыл» акциясын өткізу дәстүрге айналды. 2011 жылы облыс көлемінде көрнекі ақпарат пен жарнамаларды тәртіпке келтіру мақсатында 427 рейд ұйымдастырылып, 8720 нысан қамтылды. Рейд нәтижесі бойынша 3040 (33,3%) бұзушылықтар анықталып, оның 1824-і (60%) бірден түзетілсе, 1216-сын түзету үшін уақыт беріліп, бақылауға алынды, қазір оның 80 пайызы тәртіпке келтірілді. Бұл бағытта прокуратура және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жұмыс тәжірибеге енгізілген.

Тұтастай алғанда 2011 жылы мемлекеттік тіл саясаты бойынша жүргізілген жұмыстар, соның ішінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар конституциялық қағида негіздері-қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен нығайтуға, ұлттар арасындағы достық пен өзара түсінушілікті арттыруға қызмет етті.

Әрине тілдерді дамыту басқармасы қолда бар барлық мүмкіндіктерді облыс әкімдігінің қолдауымен жүйелі түрде жүргізіп келеді. Алайда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда қол байлау болып отырған мәселелер де жоқ емес.

1. Атап айтқанда жоғары орталық мемлекеттік органдардан әлі де болса құжаттардың орыс тілінде түсуі тоқталмауда, осының салдарынан мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы төмен болуда.

2. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық өтілі мен біліктілік санаттары сақталмайды, Осының салдарынан олардың мектептерге жұмысқа ауысып кету жағдайлары орын алуда. Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің депутаттарының алдына бірнеше рет қойылса да шешілмей отыр. Сондықтан мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының акредителген желісін тездетіп құру қажеттігі туындап отыр

3. Тілдерді дамыту мен қолданудың жаңа бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін оқыту қажеттігі туындап отыр. Сондықтан оқыту орталығына ағылшын тілі мұғалімдерін алу үшін орталықтың штат кестесіне кем дегенде 3 ағылшын тілі мұғалімінің штатын енгізу қажет болып отыр. Сондықтан облыс әкімі аппаратына ағылшын тілі мұғалімдерін қабылдау үшін қосымша қаражат қарастыру жөнінде арнайы ха болса құба-құп болар еді.

4. 2005 жылдан бергі кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының қарауына физикалық –географиялық және басқа да нысандарды атау және қайта атау бойынша 31 материал жіберіліп, ономастика комиссиясында құпталса да, күні бүгінге дейін Үкімет қаулысы қабылданбай отыр. Бұл атауларды өзгертуге атсалысқан тұрғындар арасында сенімсіздік туғызып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға біршама кедергі келтіріп отыр.

5. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда мақсатты жұмыстар жүргізілгенімен, көрнекі ақпарат пен жарнамаларды заң талабына сәйкестендіруде көптеген қиындықтар кездесуде. Көрнекі ақпаратты заң талабына сәйкес ресімдемеген жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізілмесе де, «Жарнама туралы» Заң мен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске» заң талабын бұзушыларды жауапкершілікке тарту жөнінде өзгеріс енгізу қажет деп есептейміз.

6. «Ономастика туралы» заңның болмауына байланысты физикалық-географиялық нысандардың атауларын атау және қайта атауда көптеген қиындықтар кездесуде.

7. Басқарманың бар–жоғы штатта бар 9 адамымен осынашама жұмыстар атқарылып жатқанымен әлі де болса штат санын 12-13 адамға дейін арттыру қажеттігі бар. Бұл жөнінде облыс әкіміне ұсыныс хат жолданса құба-құп болар еді.

8. Комитет тарапынан жыл бойы республикада өткізілетін конкурстар мен байқаулардың тізбесі облыстарға ерте жіберілсе. Сонда жыл басында бөлінген қаражатты барлық шараларға бөлуге болар еді. Жергілікті қазынашылықтан жыл басында жоспарда көрсетілмеген іс-шараларға (конкурстарға) қаражат берілмейді, соның салдарынан республикалық шараларға жіберу үшін қаражат көзін табу көп қиындықтар келтіруде.

9. Мемлекеттік тілді білуге тиісті лауазымдардың тізбесін Үкіметтің қаулысымен бекітетін кез келген сияқты. Сонда ғана мемлекеттік тілді үйренуге деген қажеттілік артып, қазақ тілінің қолданылу аясы барынша кеңейген болар еді.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет