Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп



жүктеу 364.55 Kb.
Дата31.03.2016
өлшемі364.55 Kb.
Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың

негізгі бағыттарын орындау туралы

есеп
Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын, 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы Мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ақпарат және мұрағаттар комитетінің нормативтік-құқықтық актілерін, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, салалық бағдарламалар мен жоспарларды: «2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының стратегиялық жоспарын», «XV-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды іздеу және оның көшірмелерін алу бағдарламасын», «2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын», «Мұрағат құжаттар мен басылымдар жарияланымдарының тақырыптар тізбесін», «2007-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінде электрондық мұрағатты құру бағдарламасын» жүзеге асыруға бағытталған. Мұрағат ісінің нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын енгізуге, құжаттаманы құжаттау мен басқаруға үлкен назар аударылды.

«Шығыс Қазақстан облысының кейбір мемлекеттік мұрағаттық мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысына және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының филиалдарын құру туралы» Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 12 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Аягөз ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Зайсан ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Зырян ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» КММ-не қосу жолымен қайта ұйымдастыруі жүргізілді, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру  орталығы» КММ құрылды.

«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 196 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасына қосу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 қаулысы негізінде облыстың мұрағаттық мекемлері қайта тіркеуден өтіп, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бағынысына өтті.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттiк есебi туралы нұсқауына», «Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына (ережелеріне)», «Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерін аттестациялаудан өткізу қағидасына», Мемлекеттік мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік тілдерді дамыту саласындағы ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 194 бұйрығының жобасына, сондай-ақ, мұрағат ісі қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін Қазақстандық мұрағатшылар қауымдастығының іс-шараларына ұсыныстар жіберілді. «Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар мұрағат құжаттарында» атты жинақтаманы дайындау үшін облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталуда жатқан құжаттарға қысқаша аннотация және тізім, «Қазақстан мұрағаттары» ақпарат-кітапшаға Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының тарихы туралы ақпарат, оның құрамы және қоры туралы мәліметтер берілген.

Археография және деректанудың Ұлттық орталығына шет елдерден иемденген және сатып алынған құжаттар бойынша тізімдердің салыстыруы өткен.

ҚЗТҚО мұрағатшыларымен татар диаспорасының Семей облысының экономикасы мен мәдениетін дамытудағы рөлі туралы құжаттары анықталып, Семей қаласының әкімшілігіне ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын орындауына орай ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасымен «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып, іске асырылуда. Елбасының Жолдауын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында облыстың мұрағаттық мекемелерінде Жолдау қағидаларының зерделеп, талқылауы ұйымдастырылды. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығы Жолдауды түсіндіру және насихаттау жөніндегі облыстық ведомствоаралық ақпарат-насихат топтарының басшысы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының елді-мекендеріндегі тұрғындармен кездесулер өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру мақсатында облыстың мұрағат мекемелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөнінде бірқатар шаралар өткізілді: лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне арналған азаматтар өтініштері үндеулері үшін жәшіктер орналастырылды, жәшіктерді ашуға жауаптылар тағайындалды. Басқарманың «ШҚО мұрағат қызметі» веб-сайтында «Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі» тарауы бар, мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы материалдар тұрақты жарияланып тұрады.

«Электронды үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың сұрауларын, үндеулерін қабылдауды қамтамасыз ететін және оларды жауапты тұлғалар өңдейтін электронды қызметі – виртуалды қабылдау жұмыс істейді.

2013 жылдың 18 қаңтарында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы базасында облыстың мұрағат мекемелері басшыларының 2012 жылдың қорытындысы және 2013 жылдың міндеттері бойынша облыстық мәжілісі өткізілді.

2013 жылдың 18 сәуірінде 2013 жылғы 1-тоқсандығының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттар басшыларының облыстық жиналысы өтті.

2013 жылдың 17 шілдесінде 2013 жылғы 1-жарты жылдығының қорытындысы және 2013 жылғы 2-жарты жылдығының міндеттері бойынша Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттар басшыларының облыстық жиналысы өтті.

2013 жылдың 05 қарашасында 2013 жылғы 9 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттар басшыларының облыстық жиналысы өтті.

2013 жылдың мамыр айында ШҚО ҚЗТҚО ведомстволық мұрағаттарды және құжаттаманы жинақтау және қадағалау бөлімінің маманы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Кинофотоқұжаттар және дыбысжазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатында машықтанудан өтті.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы және мемлекеттік мұрағаттын қызметкері мәдениет және ақпарат Вице-министрі А.И. Бурибаевтың қатысуымен Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұрағатында өткен «Қазақстандық мұрағаттану: бағыттары және даму жолдары» атты республикалық жиналысына қатысты.

2013 жылы бойы «Қызмет барысында Ұлттық мұрағат қоры құжаттары пайда болатын мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізуі мен құжаттарды сақтаудың жай-күйін тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №123 бұйрығына, «Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы» №124 бұйрығына, 2012 жылдың 8 қарашасындағы № 12-04-36/2092 «Тексеру жүргізу бойынша жоспар құру туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасы орынбасарының хатына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының мамандарымен және облыстың аудандық (қалалық) мұрағаттарының мұрағатшыларымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрлігінің жүйесіндегі 30 ұйымында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1 ұйымында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүйесінің 20 ұйымында және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 127 ұйымында іс-құжаттарды жүргізу және құжаттарды сақтау күйін қадағалау бойынша тексеру жүргізілді.

Жалпы 178 тексеру өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі сайтының және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» web-сайтының құрылымдық рубрикаларын жаңарту үшін «Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерін дамытудың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары», «Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің 2012 жылы орындалуы туралы есеп», «Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің 2013 жылғы 1-тоқсандығында орындалуы туралы есеп», «Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат істерін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің 2013 жылғы 9 айында орындалуы туралы есеп», облыстың мұрағат мекемелері басшыларының қатысуымен өткізілген облыстық мәжілістер туралы ақпараттар, облыстың мұрағат мекемелерінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі жылдық жоспары және т.б. ұсынылды.

Есеп беру кезеңінде 2013 жылға арналған жұмыстар жоспарын іске асыру мақсатында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету саласындағы облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды тігу, картондау, қалпына келтіру, өшіп бара жатқан мәтіндерді қайта қалпына келтіру, қағаз және пленкалы тасымалдағыштардағы құжаттардың қолда барлығын және табиғи жай-күйін тексеру, аса құнды құжаттарды анықтау және оларға пайдалану қорын құру жөніндегі жұмыстар жүргізілді, «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты» АБЖ арналған құжаттарды сканерлеу жөніндегі жұмыс жалғасты. Сондай-ақ, облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды мемлекеттік есепке алу жұмыстарын жүргізді: жаңаларын жасау, қолдағы бар парақтарын жалғастыру, қорлар карточкаларын, қорлар құрамы мен көлеміне өзгертулер еңгізу туралы мәліметтерді жалғастыру жұмыстарын жүргізді. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің мемлекеттік сақтауындағы мұрағат қорының төлқұжаты жасалды.

ҚР ҰМҚ құру саласында облыстың мұрағат мекемелері құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауды, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуді, ұйымдарға, мекемелерге істер номенклатурасын, сараптама комиссиялары мен ведомстволық мұрағатттар туралы ережелерді, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, елтаңбалық бланктерді әзірлеуге әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсетілді. Мемлекеттік емес формадағы ұйымдармен және мекемелермен өзара қызметтестік туралы шарттар жасалды және ұзартылды. Облыстың мұрағат мекемелері мен ұйымдары ісқағаз жүргізу қызметтерінің қызметкерлеріне арналған іс жүргізу жөнінде дәрістер өткізілді.

2013 жыл бойы мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау саласында басқарманың облыстық сараптау-тексеру комиссиясы отырыстарында басқару құжаттамасының 40.594 сақтау бірлігінің тізімдеуі және оларға ғылыми-ақпараттық аппараты , жеке құрамы бойынша 28.025 сақтау бірлігі, 864 сақтау бірлігінде жеке бастекті құжаттары, 3 АҚҚ ісі, 25 сақтау бірлігінде киноқұжаттар, 409 сақтау бірлігінде фотоқұжаттар, 48 сақтау бірлігінде бейнеқұжаттар, ҒТҚ 171 сақтау бірлігі бекітілді.

Облыста ақпараттық-іздеу жүйесін құру аясында облыстың мемлекеттік мұрағаттары басқару құжаттарын, жеке шығу тегі құжаттарын, бейне және фото құжаттарын тізімдеумен, істер тізбесін қайта өңдеумен, құжаттарды каталогтаумен айналысты.

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен республикалық және аумақтық баспа бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар дайындалып, жарияланды.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын мерекелеу бойынша облыс мұрағатшыларымен іс-шаралар жоспары жасалынды.

Облыстың мұрағат мекемелерімен облыстық мұрағат мекемелерінің тәжірибелі қызметтеріне Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын; Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелерін; Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын; Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін енгізуіне үлкен мән берілді.

Облыстың мұрағат мекемелері бюджет қаражатын, соның ішінде мемлекеттік сатып алуларға бөлінген қаражатты дер кезінде игерді. Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес жүргізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ, «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру  орталығы» КММ ақпараттық сайттары тұрақты ақпаратпен толықтырылып, табысты қызмет етті. Онда байланыс, анықтама ақпараттан және мұрағат тарихынан басқа, деректер базасы, анықтамалар, құжаттар жиынтықтары, брошюралар, баяндамалар мәтіндері, сканерленген құжаттар орналастырылды, мұрағат қызметінің бағыттары, жеке бас текті қорлары бойынша қажетті бөлімдері қарастырылды, Электрондық қызметтер орталығының виртуалды қабылдауымен бірігуі ұйымдастырылды. Есеп беру кезеңінде басқарма сайтының дизайны қайта жасалынды және «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары» сайтының дизайны жаңартылды.




  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі

2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сумен, жылумен және электрмен қамту жүйесінің жұмысына бақылау тұрақты жүргізілді. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын қолдау үшін мұрағат қоймаларында (арнайы қызметтердің көмегімен) желдету және дымқылдап сүртіп алу жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылды, мемлекеттік сақтауға қабылдауда құжаттардың бейімдендіруі, залалсыздандыруы, 122.743 сақтау бірлігінің дезинсекциясы, 321.277 сақтау бірлігі тозаңсыздандырылды. Облыстың мемлекеттік мұрағатымен 46 сақтау бірлігі формалин қоспасымен өңделген.

Ұлан ауданының мемлекеттік мұрағаты арнайы сөрелерді иемденіп, мұрағат сақтау орындарында және жұмыс бөлмелерінде ағымды жөндеу жұмыстары, облыстың мемлекеттік мұрағатының Жарма және Зайсан филиалдарында ағымдағы жөндеулер, Риддер филиалымен сақтау орындарындағы жылу жүйесі құбырларының жартылай ауыстыруы жүргізілді. Облыстың мұрағат мекемелері қорғау-өрт дабылы мен газды өрт сөндіргіш жүйесіне қызмет көрсетуге шарттар жасады. ДПД құрамы туралы бұйрық жаңаланды, ТЖ кезіндегі әрекет бойынша оқу және тәжірибелік сабақ жүргізілді.

Есеп беру кезеңі ішінде облыстың мұрағат мекемелері құжаттардың табиғи жай-күйін жақсарту мақсатында 3.106 істе қағаз негізіндегі құжаттардың 44.572 беті қалпына келтірілді, 6.827 сақтау бірлігі тігілді, 624 іс тізімдемелерімен тігілді, 3.258 істер тізімдемесінің мұқабасы хатталды. Мұрағат мекемелері 71.032 сақтау бірлігін картондады, 7.237 қорап қолдан жасалды, құжаттардың мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында 8.588 қорап қайта шифрленді, 2.972 ескірген жапсырма ауыстырылды, 6.501 жаңа жапсырма, 22.680 бума жасалды. Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен 95.122 бет қайта нөмірленді, 961 сақтау бірлігі қайта картондалды. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары 2.155 бет өшіп бара жатқан мәтінді, соның ішінде электронды нұсқасын қалпына келтірді.

Аса құнды құжаттарды (АҚҚ) және тарихи – мәдени нысандарының құжаттарын анықтау мақсатында облыстың мемлекеттік мұрағаттары есептік кезеңде 9.219 сақтау бірлігі (1.789 іс - бет бойынша, 7.430 іс - тақырып бойынша) қаралды. Бұл келесі қорлар құжаттары: Өскемен қаласының қаржы басқармасы, Өскемен қалалық маслихаты, Семей қаласының қоршаған ортаны сақтау аймақтық ортылығы, «Риддер қаласы әкімінің аппараты» және т.б. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары 67 аса құнды істі анықтады. Анықтау қортындылары тіркеу құжаттарында, тізімдемелерде көрсетілген және қораптарда «АҚҚ» деп белгіленді.

Аса құнды құжаттарды (АҚҚ) анықтау мақсатында облыстың мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалымен 2013 жылы фотопозитивтің 261 сақтау бірлігі (50 с.б. - бет бойынша, 211 с.б. - тақырып бойынша) қаралды. Аса құнды құжаттарды анықтауға 3 іс қаралды.

Тарихи-мәдени мұраның жаңарту мақсатында Риддер филиалымен №130 «Алтай ботаникалық бақшасы» атты қорының 207 сақтау бірлігі (57 сақтау бірлігі бет бойынша, 150 сақтау бірлігі тақырып бойынша) қарастырылды. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра қатарына жататын құжаттар анықталмады. Жұмыс барысында 67 аса құнды құжаттар байқалды.

Облыстың мемлекеттік мұрағатында есеп беру кезінде басқарушылық құжаттарды қолдану қорын құру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

2013 жыл ішінде «ШҚО электронды мұрағаты» автоматтандырылған басқару жүйесінде (АБЖ) жұмыс жүргізілді, «Электронды қор каталогы», «Мұрағат тіркеушісі», «Мұрағат қоры» бұрын құрылған мәліметтер базаларын біріктірді. Одан әрі сақтау үшін электрондық түрде және «Электрондық мұрағатты» толықтыру үшін 2.335 сақ.б./187.165 скан-бейне сканерленді. «ЭларПланСкан-А» сканері (А3-Ц форматы), Intel 2 DUO CPU E 6550, 2,33 Ггц компьютері, оперативтік жадысы 1,5 Гб, 220 Гб қатты дискі құралдары пайдалана отырып, құжаттардың цифрлауы жүргізілді.

Есеп беру кезеңінде 11.867 парақ көшірмесі жасалды (әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындаған кезде зерттеушілер оқу залына және т.б.).

2013 жылдың ішінде облыстың мемлекеттік мұрағаттары құжаттар мен істердің қолда бары мен физикалық жағдайын тексеруді жүргізді – 126.999 сақтау бірлігі тексерілді. Сондай-ақ, бұрын 2013 жылы пайдаланылуда болған істер де – 42.180 сақтау бірлігі және 9.833 сақтау бірліктің санитарлық-биологиялық жай-күйі таңдап тексерілді. Тексерулер қорытындысы бойынша актілер жасалды және құжатты есепке алу және оның табиғи жай-күйі карточкалары толтырылды. 353 қордың есепке алу құжаттарын салыстырмалы тексеру жүргізілді.

Сұраныстарды орындау, оқу залында жұмыс істеу, тізімдемелерді қайта өңдеу, ҒАА жетілдіру, АҚҚ анықтау үшін мұрағат қоймаларынан есепті кезеңде 442.897 сақтау бірлігі, оқу залына – 73.392 тізімдемесі берілді. Облыстың мемлекеттік мұрағатының уақытша пайдалануына 105 іс дайындалды. Мемлекеттік мұрағаттар мұрағат сақтау орындарында оңтайлы орналастыру мақсатында 21.213 бума мен қораптың орны ауыстырылды. Пайдалануда аз қолданылатын 848 қорап жабылды.


Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу
2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттары 2013 жылдағы қорлар құрамына және көлеміне, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат қорларының төлқұжаттарына өзгертулер енгізу туралы мәліметтер жасалынды.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарында жаңадан 265 парақ қор жасалды, 498 парақ қор жалғастырылды, 10 нысандағы 221 карточка жасалды, 503 қор карточкасы жалғастырылды, есепке алу кітабына 77 жаңа қор енгізілді.

Есеп беру кезеңінде құпиялы құжаттарды жаңадан тізімдеме жасалынып, барлығы тізімдемеге 136 тізілім енгізілді.

Қорлар бойынша топографиялық көрсеткіштердің 479 карточкасы және стеллаж бойынша топографиялық көрсеткіштердің 113 карточкасы жасалды. «ШҚО электронды мұрағаты» автоматтандырылған басқару жүйесі модульдеріне 192 қор және 190 тізімдеме бойынша мәліметтер енгізілді. Сонымен қатар, 171 қорға құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауына көшірілгеніне байланысты өзгертулер енгізілді.




  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттары басқару құжаттамаларының 25.517 сақтау бірлігін, жеке құрам құжаттарының 20.984 сақтау бірлігін, жекетекті құжаттарының 831 сақтау бірлігін, бейне құжаттардың 51 сақтау бірлігін, фотоқұжаттардың 353 сақтау бірлігін, киноқұжаттарының 25 сақтау бірлігін қабылдады.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен басқару бойынша құжаттардың 9.550 сақтау бірлігі, (соның ішінде - 75 сақтау бірлігі ісқағазды жабық түрде жүргізетін екі мекеменің басқару бойынша құжаттары), жеке құрам бойынша 7.789 сақтау бірлігі, жекетекті құжаттарының 440 сақтау бірлігі қалпына келтірілді.

3 ұйымның қорлар құжаттарының құндылығына мақсатты сараптама жүргізілді, 477 іс қаралды, соның нәтижесінде жарамсыз қағаз (макулатура) ретінде 344 сақтау бірлігі бөлінді.

Есеп беру кезеңінде 740 ұйым бойынша құжаттама басқармасы, ведомстволық мұрағаттар қызметтері қызметкерлеріне істер номенклатурасын, ведомстволық мұрағат және сараптама комиссиясы туралы ережелерді, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды, елтаңбалық бланкілерді, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.

2013 жылы облыстың мемлекеттік мекемелері 577 ұйымның, оның 20-сы құпиялық ісқағаздарын жүргізу, 3-і «ДСП» белгілері бар істер номенклатурасын жасауға және келісуге бойынша көмек көрсетілді. Ведомстволық мұрағат және сараптама коммиссиясы жөніндегі қағидаларды, құжаттандыру ережелерін, елтаңбалық бланктерді жасауға және келісуге көмек көрсету жұмыстары жалғастырылып жатыр. 2013 жылы мемлекеттік мұрағаттармен 233 ұйымның сараптама комиссиясы жөніндегі қағидалары, ұйымдастыру-өкімші құжаттар бланкілері келісілді.

Мемлекеттік емес меншік түрінің 50 заңды тұлғасымен іс жүргізу және мұрағат істері саласындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде келісімшарттар жасалды және мерзімдері ұзартылды: Семей қаласының АҚ «Альянс банктің» филиалы, Шемонаиха қаласының «Шемавтодизель» ЖШС, «Береке» ШҚ, жеке нотариустар және т.б.

Есеп беру кезінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарында жеке текті құжаттарымен жинақтау бойынша жұмысы жалғастырылды. Қазақстан коммунистік партиясының Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бұрыңғы қызметкері К.Р. Берекполовтың жеке қорының мемлекеттік сақтауға тапсыру мәселесі бойынша оның әйелімен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша тұрақты мемлекеттік сақтауға 57 сақтау бірлігі табысталды. Сондай-ақ, жеке қорды құру мақсатымен жеке құжаттарын мемлекеттік сақтауға табыстау үшін «Рудный Алтай» газетінің бас редакторы М.А. Акаевпен, ҰОС қатысушысы Көшерхан Ахметовтың немересімен келіссөздер жүргізілді, нәтижесінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша тұрақты мемлекеттік сақтауға 6 сақтау бірлігі табысталды; Зайсан филиалына Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқасына қатысқан Нығметжан Елчиновтың, Ленинград қорғанысына қатысқан Мнафия Шалатаевтың және Ладога өткелінің қатысушысы Исабек Андырбаевтың құжаттары мемлекеттік сақтауға алынды; Риддер филиалы ҚСРО Н.Н. Колесниковпен, Лениногор қаласының Құрметті азаматы, интернационалист жауынгерлер клубының төрағасы А.В. Замятинмен, Лениногор қаласының еңбек ардагері, Кеңес одағының Ері Т. Тохтаровтың әпкесі К.Г. Ибраева-Тохтаровамен, ҚСРО және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздігі, Лениногор қаласының Құрметті азаматы З.Г. Москвина-Силаевамен, Ресей және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Риддер қаласының Құрметті азаматы К.С. Первушинмен құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру бойынша келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер нәтижесінде К.Г.Ибраева-Тохтарованың, З.Г.Москвина-Силаеваның, К.С. Первушинаның жеке қор құжаттарының 72 сақтау бірлігі қабылдау-тапсыру актісі бойынша тұрақты мемлекеттік сақтауға табысталды.

Мемлекеттік мұрағаттары «Студия «Реал-Тайм» ЖШС-мен мемлекеттік мұрағатты бейнеқұжаттармен толықтыру мәселесі бойынша ұйымдастырушылық жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 6 дискідегі мынадай 6 фильм қабылданды: «Ғасырлар байланысы», «Шығыс Қазақстан: инвестиция кеңістігі», «Өскемен Қала - Өскемен!», «Ұлт көшбасшысы», «Ұшу жолы», «Сенім жолында».

Ұйымдармен жұмыс істеу есеп карточкаларына мәліметтерді енгізу: негізгі есептегі ұйымдардың бақылаулы істері үнемі толықтыру, толымдау дереккөзі тізіміне өзгерістер, нақтылаулар мен толықтыруларды есепке алу бойынша жұмыс жүргізілді.

Есеп беру кезінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен құжаттандыру және ведомстволық сақтау мәселелері бойынша 32 семинар өткізілді. Семинар барысында құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеуі, 2011 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қаулысына сәйкес ведомстволық және жеке мұрағаттардың Ұлттық мұрағат қорын қабылдау, сақтау, есепке алу және игеру ережелеріне сәйкес істердің тізімдемесін және ғылыми ақпараттық аппарат бойынша жаңадан рәсімдеуінде енген өзгерістер бойынша мәселелер қарастырылды. Нормативті базаның өзгеруіне байланысты құжаттардың міндетті деректемелердің рәсімделуі, істер номенклатурасын жасау және рәсімдеу бойынша өзгерістер қарастырылды. Облыстың мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысының жастар мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен жалпы ісқағаз жүргізу мәселелері бойынша семинарға қатысты. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімдері жанындағы Жастар орталығының директорлары, есепшілері және әдіскерлері қатысты.

2013 жылы мемлекеттік мұрағаттар Ұлттық мұрағат қорының құрамына кіретін құжаттардың ведомстволық сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтамайтын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарымен толықтыру дереккөзі болып табылатын ұйымдармен жұмыс жүргізді. Облыстың мемлекеттік мұрағаттары ведомстволық сақтау мерзімдері өткен құжаттардың мемлекеттік сақтауға табыстау және ғылыми-техникалық өндеу жүргізудің қажеттілігі жөнінде хаттар жолдады.

Есеп беру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу бойынша енгізу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 2013 жылдың 01 желтоқсандағы жағдайы бойынша облыстың мемлекеттік мұрағаттарының толтыру көзі бола алатын ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың тізімдерін нақтылау және жасау бойынша жоспардан тыс жұмыстар жүргізілді.

Облыс мұрағатшыларымен іс-шаралардың 41 фото және бейнетүсірілімі өткізілді: мемлекеттік мұрағаттардың басшыларының облыстық жиналысы, Қазіргі Заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкерлерімен № 6 мектеп-гимназиясында өткізілген «Майдандағы семейліктер -тарихи зерде», «Ертіс жазушылары-Дмитрий Черепанов» атты сабақтары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың және Семей қаласының әкімі А.М. Кәрімовтың есептері, Халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік концерт, Қазіргі Заман тарихын құжаттандыру орталығында өткізілген Наурыз мейрамына арналған концерт, татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой, Семей қаласындағы өнер мұражайын қалаушы Ю. Невзоровтың жүз жылдық мерейтойы, «Мұражай өміріндегі жебеушіліктің рөлі» халықаралық конференциясы, «Камера объективі арқылы көрінген өмір», «Тарихи кітапхананың алғашқы директоры Н.Н. Яковлев», С. Габдуллиннің «Өмірдің оңайын таппассын» атты кітабының тұсаукесері, саяси құғын-сүргіннің құрбандарын еске алу күніне орай өткен «Мен кінәлімін мен кінәлі емес екеніне, бірақ кінәмнің бәрі осында ...», «Саяси нәубет құрбандарының рухына тағзым!» атты көрмесінің ашылуы және т.б.


3.Ақпараттық іздеу жүйесін жасау, ғылыми ақпараттарды

және құжаттарды пайдалану
2013 жылы облыстың мемлекеттік мұрағатымен филологиялық ғылымның кандидаты Э.З. Юфаның (52 сақ. бір.), журналист Т. Қызықбайдың (20 сақ. бір.), Өскемен қаласының Құрметті азаматы Б.В. Щербаковтың, натуралист жазушы, фотограф, суретші В.Н. Нетесовтың (26 сақ. бір.), геология және минералогия ғылымдарының докторы профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Алтай ғылыми-зерттеу тау-кен институты директорының орынбасары Н.Л. Бубличенконың (78 сақ.бір.) жеке бас текті құжаттарын тізімдеу бойынша жұмыс атқарылды, жазушы журналист Қ. Назырбаевтың (17 сақ. бір.), ҚССР халық ағарту ісінің үздігі К.И. Попованың (115 сақ. бір.), облыстың мемлекеттік мұрағатының директоры А.А. Аубакировтың (39 сақ. бір.), Ұлы Отан соғысының қатысушылары Б. Ахметовтың (13 сақ. бір.) және Қ. Қалмақовтың (14 сақ. бір.), мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері Кәкеевтер әулетінің Ораздың, Арыстанбектың, Кульзипаның (32 сақ. бір.), Өскемен қаласы цемент зауытының бұрынғы директоры, КССР Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты, ҚССР еңбегі сіңген өнертапқышы А.Г. Косойдың (29 сақ.бір.), профессор, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Зырян орталығының директоры, Ұлы Отан соғысының қатысушылары Шейкиндердің (14 сақ. бір.), қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Ардагерлер кеңесі мүшесінің (10 сақ. бір.) құжаттарын тізімдеу бойынша жұмыс жалғастырылды. Барлығы 1.131 сақ.бір. тізімделді.

1927-1939 жылдардағы партия құжаттары және ШҚО Қазақстан Компартиясы облыстық комитеті мен аудандық комитеттерінің номенклатуралық қызметкерлерінің жеке істерін сипаттауы бойынша жұмыстары аяқталды. Барлығы 804 сақтау бірлігі тізімделді.

Сонымен қатар, басқару құжаттамасының 9.021 сақ.бір., жеке құрамы бойынша – 7.624 сақ.бір., киноқұжаттардың – 25 сақ.бір., бейнеқұжаттардың – 49 сақ.бір., фотоқұжаттардың –353 сақ.бірл. және ҒТҚ (ғылыми-техникалық құжаттамасының) 432 сақтау бірлігі хатталған.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен «Өскемен қаласының халық соттары» және Шығыс Қазақстан облысының машина жасау зауыты қорларының (537 сақ. бір.), Глубокое ауданының мемлекеттік мұрағатымен «Ертіс полиметалдық комбинаты» ААҚ (581 сақ. бір.) корларының өңдеу жұмыстары өткізілді, жұмыс барысында парақ ретімен істер құндылығы бойынша сараптама жұмысы атқарылып, істердің тақырыптары түзетілді.

Өскемен қаласының жеке құрам бойынша филиалымен 2013 жылдың есеп беру кезеңінде қолданыста болатын құжаттардың жеке құрамы бойынша 1700 сақтау бірлігі өнделген. Өңдеу кезінде құндылық сараптамасы, кайта рәсімдеу, істер қаптамасын нөмерлеу, істер тақырыптарын түзету, жаңадан істер тізімдемелері құрастырылды.

2013 жылы облыстық мұрағаттарымен № 136п «Қазақстан Коммунистік партиясының Таврия аудандық комитеті» (44 сақ. бір.), № 600 «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы (14 сақтау бірлігі), № 676 «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы» (10 сақтау бірлігі), №345 «Аягөз ауданының прокуратурасы» (154 сақтау бірлігі), №304 «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» (458 сақтау бірлігі) тұрақты сақтау мерзімі бар қорларының, «Ертіс полиметалдық комбинаты» ААҚ (217 сақ. бір.), «Ертіс полиметалдық комбинаты» Ертіс кені (160 сақ. бір.), Ертіс полиметалдық комбинатының кәсіподақ комитеті (115 сақ. бір.) қорларының жеке құрамы бойынша тізімдемелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Өскемен қаласының әкімі», «Семей қаласының Калинин аудандық халықтық бақылау комитеті» қорлары құжаттарына каталогтауды жүргізу кезінде 1250 сақ.б. қаралды және 2329 карточка жасалынды. «Дидар» облыстық газетінің редакторы, жазушы-журналист Т. Нукаевтың, Өскемен қаласының Құрметті азаматы А.С. Куленовтың жеке текті құжаттарының каталогтауын жүргізу кезінде 170 сақ.б. қаралды, 182 карточка жасалынды. 164 сақ.б. фотоқұжаттамалар, 33 есеп бірлігінің бейне құжаттары, ҒТҚ 80 сақ. бір. каталогтауы жасалынды. Барлық карточкалар жүйеге келтіріліп, индекстелінді және каталогтарға қосылды.

«Лениногорская правда», «Риддерские вести», «Рудный Алтай», «ЛЗ-Сегодня» газеттерін тематикалық зерттеме барысында 40 карточка жасалынды.

«Атаулы каталог» деректер базасына «Қазақстан Коммунистер партиясының Шығыс Қазақстан облыстық комитеті» қоры бойынша мәліметтер енгізілді (1 қ. 3 т.) – 500 позиция, «Естелік кітабына» - Тарбағатай ауданы (936 позиция), Глубокое ауданы (690 позиция), Серебрянка қаласы (280 позиция) және Зырян қаласы (794 позициялар) бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаза тапқан және жоғалғандар туралы мәліметтер. «Бейнетека» деректер базасына (44 позиция) мәліметтер енгізілген. «Тарихта өз ізіңді қалдыр» деректер базасымен (206 позиция) жұмыс жалғастырылды. Барлығы есепті кезеңде тақырыптық деректер базасына 23.663 позиция енгізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттары есеп беру кезеңінде облыстық, қалалық және аудандық газеттерде төмендегідей 93 мақала дайындады және жариялады: «Новый детский сад в Зыряновске», «Рудный Алтай» газетінің құрылғанына 95 жыл толуына орай «Летопись края на страницах «Прииртышского коммунара», Шемонаиха ауданының 85 жыл толуына орай «01.01.1940 жылғы жағдайдағы Шемонаиха ауданының төлқұжаты», ҚР Жазушылар одағының мүшесі, журналист, абайтанушы, аудармашы, атақты ақын М.Р.Сұлтанбековтың 75-жылдығына орай «Сын города на Иртыше», «Сохранить память о ветеранах» мақалалары, К.Назырбаевтың жеке қоры туралы мақаласы, «Қазақ Географиялық қоғамы Өскемен филиалының жазба хаттары» ғылыми журналында жарияланған «Орыс Императорлық Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей кіші бөлімінің Шығыс Қазақстанды зерделеуіне қосқан үлесі» мақаласы, «Мұрағатқа – 50 жыл», «Хранители истории», «Сохранить память о ветеранах», «Жеңіс күні», «Жеңіс Туын желбіреткендер», «Болашаққа жол сілтейтін шамшырақ», «Мұрағаттану ісінің үздігі туралы сыр», «Астанаға – 15 жыл», «Мектепке жол», «Зыряндағы балабақша», «Хранительницы нашего времени», «Қаһарлы күндердің өшпес мұрасы», «Майдангермен кездесу», «Бар жақсылық – балаларға», «Его мужество и героизм отмечены высшей солдатской наградой - орденом Славы трех степеней, по праву приравненных к Красной Звезде Героя Советского Союза», «70 лет со дня рождения Марины Францевны Петрачковой», «Юбилейный год», «Фронт и тыл» және т.б.

«Қазақстан мұрағаттары» журналына Семей оқыту семинарының құрылғанына 110-жылдығына орай «Имени Его Величества», жазушы, ақын, философ Шәкәрім Құдайбергеновтың 155-жылдығына және Жеңіс күнін мерекелеуіне орай «Шығысқа бағыт алған эшелондар», «Әкелі-балалы қос тұлға Шәкәрім мен Ахаттың мұрағат қорындағы құжаттары жайлы» 4 мақала жолданды.

Облыстық мұрағатпен «Қазақстан Республикасы «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамына «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттары электрондық түрге көшіріледі» бағдарламасын дайындау үшін көмек көрсетілді. «Қазақстан-Өскемен» телеарнасына Магадан облысындағы мұрағаттарында анықталған құжаттар бойынша 20-50-жылдардағы саяси озбырлық құрбандары туралы сұхбат берілді, Зырян филиалымен «Алма ТВ» теледидарына «Совет Одағының батырлары және Ұлы Отан соғысының ардагерлері» атты жиынтығынан құжаттары берілді, «Алма ТВ» теледидарымен Зырян филиалының 50-жылдық мерейтойына арналған мұрағатшылар туралы бағдарлама дайындалды.

Мүдделі мекемелерге мұрағатшылар естелік және мерейтойлық атаулы күндеріне 15 бастамалы-ақпараттық құжат дайындалып, жіберілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен № 31 мектебіне (Өскемен қаласы), 3 сабақ және экскурсия, Р.Марсеков атындағы мектебіне (Қ.Қайсенов кенті) Қазақстан Республикасы астанасының 15-жылдығына орай «Астана- болашақ қаласы» атты сабақ өткізілді; Өскемен қаласының мұражайлары, кітапханалары, оқу мекемелеріне саяси құғын-сүргіннің құрбандарын еске алу күніне орай өткен «Мен кінәлімін мен кінәлі емес екеніне, бірақ кінәмнің бәрі осында ...», «Саяси нәубет құрбандарының рухына тағзым!» көрменің тұсаукесері өтті; Магадан облысындағы мұрағаттарында анықталған құжаттар бойынша 20-50-жылдардағы саяси озбырлық құрбандары туралы «Люди! Постойте, почтите, не допустите, не повторите…» іс-шара өткізілді; «Біліп, жадыда сақтау: XX ғасырдың 20-50 жылдарындағы тоталтиарлық билік және халық» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, С.Е. Черныхтың туғанына 80 жыл толуына орай Өлкетану оқулары өтті, «Мұрағаттар: тарих, қазіргі күн және келешегі» атты Ашық есік күні өткізілді.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығымен Семей қаласының өлкетану мұражайының 130-жылдығы, М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің 110-жылдығына, татар диаспорасы және оның аймақты дамытудағы рөліне арналған ҚЗТҚО сақталған құжаттар құрамы туралы ақпараттық хаттар мүдделі ұйымдар мен мекемелерге жолданды.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен 29 фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды. Олар: Жеңіс күніне арналған «Ерлік – халық мұрасы, болашақ әнұраны», Саяси қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күніне орай, көрнекті ғалым, ғылыми абайтанудың негізін салушы, мәтінгер, М. Әуезовтің серіктесі, 1940 жылдан бері КССР Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драмашы, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін салушы (1940 ж.), Қазақ КСР алғашқы мемлекеттік әнұран мәтіннің авторларының біріне арналған «Қаюм Мұхамедханов: жан тазалығы мен ардың адалдығы», «Жаңа технологиялар ғасыры», «Мен кінәлімін мен кінәлі емес екеніне, бірақ кінәмнің бәрі осында...», өткен ғасырдың 1920-1940-жылдардағы әйелдер қозғалысы туралы «Семей әйелдер қозғалысы тарихынан», Шемонаиха ауданының 85-жылдығына «Туған жердің кешкен тағдыры», отандық футболдың 100-жылдығына «Отандық футболдың деректері мен оқиғалары», ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 155-жылдығына «Ұрпақтарыма өлеңдерімді аманат етемін ...» («Шәкәрім мұрасы – асыл қазына») және тағы басқалар. ҚЗТҚО қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсанында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты тұрақты көрмені дайындады.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен № 31 мектебінің (Өскемен қаласы) 5 сынып оқушыларына 3 сабақ және экскурсия, Р.Марсеков атындағы мектептің (Қ.Қайсенов кенті) 5-сынып оқушыларына «Астана- болашақ қаласы» атты 3 сабақ өткізілді. П.Матросов атындағы пионер лагерінде және «Алтайские Альпы» демалыс базасында демалатын балалар үшін «След на Иртышской земле» (мұрағат тарихы, көрнекті тұлғалар – А. Волковтың, С.Аманжоловтың, О. Бөкейдің және т. б, жеке текті құжаттары) көрме элементтерімен 8 сабақ өткізілді.

Аягөз филиалымен № 6 мектебінің 7 сынып оқушыларына «Ұлы Жеңіс күні» тақырыбында 6 сабақ және мұрағат бойынша 4 экскурсия өткізілді.

Зайсан филиалымен Мұстафин атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысына қатысқан Бексейітов және Жылқайдаров туралы сабақ, қорды сақатаушылар үшін экскурсия өткізілді.

Зырян филиалымен Құрылыс және транпорт колледжінің оқушыларына, № 6 мектебінің, Шірікқайың және Средигорное мектептерінің оқушыларына «Зырян қаласының тарихы» және «Соғыс кезіндегі Зырян» тақырыптарындағы 8 дәріс сабағы және «Мұрағат дегеніміз не?», «зырян мемлекеттік мұрағаты» атты 3 экскурсия, Ұлы Отан соғысының ардагері А.И.Егоровпен және Зырян қаласының Құрметті азаматы В.П. Ивенкомен кездесу ұйымдастырылды, сондай-ақ мұрағат құжаттардың негізінде «Көше күні» жалпықалалық акциясы аясында Кеңес Одағының Батырлары туралы ақпарат дайындалды.

Риддер филиалымен № 3 мектебі 9-сынып оқушыларына «қазақстан халқының бірлігі мен бауырластығы» мектеп сабағы және «Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?» викторинасы, сондай-ақ, «Синегорье» сауықтыру лагерінде Риддер қаласының негізін қалауына 225-жылдына арналған «Өткен ге экскурс жасау» виртуалды көрме бойынша экскурсия өткізілді.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы № 6 мектеп-гимназиясында көп жылдары Семей қаласында тұрған журналист, жазушы Д.Ф.Черепановтың 105-жылдығына арналған тақырыптық сабақ өткізді. Семей қаласының көлік колледжінде Қазақстандағы «Ярыш» футбол командасының құруына орай және оның капитаны Юнус Нигматуллинге арналған сабақ өткізді. Семей қаласындағы 2013 жылы 295-жылдық мерейтойын аталатын № 5 мектеп-гимназиясының жанында құрылған жазғы лагерінде туған қала көшелерінің тарихы туралы баяндаған мұрағатшылармен кездесу сабағы өткізілді. Сондай-ақ, №36 мектебінде «Семей полигонының қасіреті», Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебінде «Шәкәрім туралы естеліктер» тақырыбында, сервис колледжі студенттеріне арналған «Мұрағаттық құжаттарды сақтау тәртібі мен техникасы» тақырыбында мектеп сабақтары өткізілді.

Глубокое ауданының мемлекеттік мұрағаты «Ерлерді ел ешқашан ұмытпас» тақырыбында мектеп сабағын және оқушылар үшін туған өлке туралы экскурсия өткізді.

Сонымен бірге есеп беру кезінде облыс мұрағатшылары жаздық сауықтыру лагерьлерінде көрмелер ұйымдастырып, өткізді, туған өлке тарихы және облыстың атақты тұлғалары туралы дәрістер оқыды.

Барлығы облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен 42 мектеп сабағы, 22 экскурсия өткізілді.

СТР телеарнасында ҚЗТҚО мамандарының қатысуымен қазақ тілінің даму мәселелеріне, Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар басшыларының жиналысына, 30-жылдардағы аштық және саяси құрғын-сүргін жылдарына арналған «Ой түйін» бағдарламасы, Қазақ КСР әнұранының авторы, аудармашы Қ.Мұхамедханов туралы «Ой талқы» бағдарламасы, ТВК-6 телеарнасында «Спектр ұсынады» жобасында ҚЗТҚО-ның директоры Г.Т. Қасымованың және ғылыми-ақпараттық анықтама және құжаттаманы пайдалану бөлімінің басшысы Т.У. Тусунбаеваның қатысуымен «Мұрағаттық анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындау туралы бағдарлама өткізілді. ТВК-6 арнасының тікелей эфирінде «Атқан таңға ақ тілек» бағдарламасында «Тұңғыш Президент» тақырыбында ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысы Л.К. Қадірованың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан - Семей» арнасында ҚЗТҚО сақтаудағы егемендік кезеңіндегі құжаттары жөнінде баяндайтын бағдарлама өткізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағатында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» бағдарламасын іске асыру аясында «Мұрағаттар: тарих, қазіргі күн және келешегі» атты Ашық есік күні өткізілді.

Алматы Экономика және статистика академиясының жанындағы Технико-экономикалық колледжінің студенттеріне арналған мемлекеттік мұрағат бойынша экскурсия,  «ШҚО мемлекеттік мұрағаты» сайтының тұсаукесері, «Менің елім, менің Президентім» көрмесінің тұсаукесері, «Шығыс игілік істеріңізді ұмытпас…», «Потанин Григорий Николаевич», «Мәңгі есте қалайық …» құжаттар жиынтығының тұсаукесері өткізілді.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттары мұрағатшылары «Өлкетану оқулары» шығармашылық кештерге қатысты. Олар: «Тарихи кітапхананың алғашқы директоры (Н.Н.Яковлев)» баяндамасы мен мультимедиялық презентациясымен және «Камера объективі арқылы көрінген өмір» (М.В.Гороховтың жеке қоры), «Гребенщиков оқулары» («Г.Д. Гребенщиковтың жеке текті қоры» баяндамасы және мультимедиялық презентациясымен), «Газет жолдарындағы заман» («Алғашқы Өскемен газеттері» баяндамасы және мультимедиялық презентациясымен), «Қазіргі замандағы мұрағаттар рөлі» («Адам құрметіне бас ием» баяндамасы және мультимедиялық презентациясымен), «Мұрағат қорларының жеке текті құжаттармен қалыптастырудағы С.Е.Черныхтың рөлі» ғылыми-практикалық конференциялар, сонымен бірге, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу («Майданнан келген хаттар…» баяндамасы және мультимедиялық презентациясымен).

Зайсан филиалы Ұлы Отан соғысының қатысушысы Н.Т. Гуляевпен кездесу өткізді.

Облыстың мемлекеттік мұрағатымен 13 мультимедиялық презентация: «Мемлекеттік мұрағат» КММ директорының 2012 жылдың ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының есебі», «Камера объективі арқылы көрінген өмір» (М.В. Гороховтың жеке қоры), «Тарихи кітапхананың алғашқы директоры (Н.Н. Яковлев)», А.А. Аубакировтың «Соңғы монолог» /«Последний монолог» кітабының тұсаукесері, «Алғашқы Өскемен газеттері», «Майданнан келген хаттар…», «Астана сабақтары», «Адам құрметіне бас ием», «Мен кінәлімін мен кінәлі емес екеніне, бірақ кінәмнің бәрі осында...», «Облыстың мемлекеттік мұрағатының 2013 жылғы 1-жарты жылдығының есебі», «Люди! Постойте, почтите, не допустите, не повторите…», «Облыстың мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарының 2013 жылғы 9 айының есебі», «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты – тәжірибелік енгізу» дайындалып, ұсынылды.

ҚЗТҚО қызметкерлері 2013 жылдың 29 қарашасында Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің конференц-залында жаңа басылымдардың жариялауы «Ұлттық мұрағаттық қоры және мұрағаттары туралы» ҚР Заңының қабылдауына 15 жыл толуына орайластырылған «Шығыс Қазақстандағы азаматтық соғыс, 1917-1922 жж.» құжаттар жиынтығының, «Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей кіші бөлімінің жазбалары» көшірмелік басылымның, «Семейдің көне заманы» брошюрасының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер рәсіміне қатысқан мәдениет мекемелерінің өкілдері, тарихшы ғалымдар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, магистранттар ҚЗТҚО қызметінің отандық тарихты насихаттау бағытына жоғары баға берді.

ШҚО ҚЗТҚО М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің 110-жылдық мерейтойын мерекелеуіне байланысты колледж тарихы бойынша құжаттарды анықтау жұмысы жүргізілді. Анықталған құжаттардың тізілімі құрылып, мерейтой іс-шараларын өткізу барысында қолдану үшін ксерокөшірмелері тапсырылды. Семей театрларының (Абай атындағы қазақ музыка-драма театры және Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры) құру тарихы бойынша құжаттардың анықталуы жүргізілді.

ҚР Ұлттық мұрағатының тапсырысымен Семей облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қорында отандық футбол тарихы бойынша құжаттар анықталды.

Зайсан филиалымен Сталинград шайқасына қатысқан майдангерлер туралы құжаттарды іздестіру бойынша жұмыстар өткізілді. Осыған орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері аудандық қоғамына хаттар жолданып, Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Подольск қаласындағы мұрағатымен байланыс жүзеге асырылды. Шығыс Қазақстан облысының құрылуына 80-жылдығына орай және оның құрамындағы Зайсан ауданына арналған көрменің аудандық тарихи-өлкетану мұражайы мен мектеп мұражайларымен бірлесіп, ұйымдастырылуына байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстық мемлекеттік мұрағаты Зайсан филиалының 50-жылдығына орай өткізілетін фотоқұжаттық көрмеге құжаттарды мұрағат құжаттарының негізінде іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жеңістің 68-жылдығына арналған фотоқұжаттық көрме толықтырылып, жаңартылды.

ШҚО ҚЗТҚО «1917-1920 жылдардағы Шығыс Қазақстандағы азаматтық соғыс» құжаттар жиынтығы басылып шықты.

ҚЗТҚО және Семей қаласының өлкетану мұражайында сақталуда тұрған үлгілер негізінде «Записок Семпалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Ипмераторского русского географического общества» / «Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей кіші бөлімінің жазбалары» атты 5 факсимильді басылымы жасалды. Қалған 10 басылым 2014 жылдың ішінде жарық көреді.

Семей қаласының 295-жылдығының мерекелеу қарсанында ШҚО ҚЗТҚО белгілі семейлік өлкетанушы В.Н. Кашляктың жеке қорының материалдары енген «Семипалатинская старина» / «Семейдің көне заманы» брошюрасын басылымға дайындады.

Отаны Семей қаласы болып табылатын қазақстандық футболдың 100-жылдығын мерекелеуіне дайындығы көптеген қонақтардың қатысуымен салтанатты іс-шаралармен ұласты. Қонақтар қатарында «Ярыш» алғаш қазақстандық футбол командасы ойыншыларының туысқандары, өткен жылдардың атаққа ие болған футбол командаларының ардагерлері, шетел қонақтары болды.

Мерекелік іс-шаралар аясында ҚЗТҚО «Ярыш» командасының атағы шыққан ойыншысы М.О. Әуезовтің ұрпағы М. Әуезовпен ере жүріп, қаланың көрнекті жерлерін аралады және мерейтой шараларына қатысты. ҚЗТҚО мамандары ең қызықты мерекелік оқиғалар жайлы бейне және фототүсірілімдер жасады.

Ғылыми-ақпараттық анықтама және құжаттаманы пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадірова «Ономастиканың Семей өңірінде қалыптасуы» тақырыбындағы баяндамамен Семей өңіріндегі ономастика комиссиясының жұмысына арналған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің көшпелі семинарына қатысты.

ҚЗТҚО қызметкерлерімен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқы Жеңісінің 70-жылдығына орай 1941-1945 жылдар аралығындағы «Прииртышская правда» және «Екпін» газеттерінің негізінде «Живая память времени» мектеп сабағы, № 6 мектеп-гимназиясында кіші буынды сыныптар оқушыларына Семей қаласына көшірілінген И. Франко атындағы Киев академиялық театрының шығармашылық қызметіне арналған сабақ өткізілді. Глубокое ауданының мұрағатшыларымен «Родина их никогда не забудет» / «Олар мәңгілік есте қалады» тақырыбында сабақ өткізілді.

ҚЗТҚО мамандары Семей қаласының транспорт колледжінде Жеңіс күніне арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері колледж түлектерімен, қалалық Ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен мұрағатшылар, колледж студенттері мен оқытушыларымен ұйымдастырылған кездесуді өткізді. Кездесу барысында Семей теледидарының ардагері И.Г. Бурлактың жеке қорында сақталған 1941 жылғы колледж түлектері өзінің туысқандарының майдан хаттары ҚЗТҚО алдағы құжаттық көрмелерді өткізу, мақалалар, дәрістер, мектеп сабақтарында пайдалану үшін мемлекеттік сақтауға тапсырылды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қаюм Мұхамедхановқа арналған стеланың алдында митинг өткізілді. Оған қалалық әкімдігінің қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚЗТҚО, қаланың кітапханалары мен мұражайлары қызметкерлері қатысты. Аталған іс-шараға «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ аса көрнекті ғалым, ғылыми абайтанудың негізін салушы, мәтінгер, М. Әуезовтің серіктесі, 1940 жылдан бері КССР Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драмашы, аудармашы, педагог, Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін салушы (1940 ж.), Қазақ КСР алғашқы мемлекеттік әнұран мәтіннің авторына арналған «Қаюм Мұхамедханов: жан тазалығы мен ар адалдығы» көрмесін дайындады.

Халықаралық ескерткіштер қорғау күніне орай Абайдың мемлекеттік мұражай-қорығында «Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға қала мұражайларының қызметкерлері, ҚЗТҚО мамандары, сондай-ақ, Семей қаласының оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты және ҚЗТҚО мұрағатшысы «Мұрағат құжаттары - өлкенің тарихын айғақтайтын асыл қазына» тақырыбында баяндама оқыды. Абайдың мұражай-қорығында өткен ғылыми-практикалық конференцияда ҚЗТҚО археографы «Халық қасіреті – ұрпақ жүрегінде» тақырыбында баяндама оқыды.

Ғылыми-практикалық конференциясы барысында Абайдың мемлекеттік мұражай-қорығында археограф Л.В. Қадірова Алаш-Орда мүшелерінің қызметі туралы «Алаш қайраткерлері» тақырыбында баяндама оқыды.

Абайдың мемлекеттік мұражай-қорығында 2013 жылғы 22 мамырында өткен «Халық қасіреті–ұрпақ жүрегінде» ғылыми-практикалық конференциясында археограф Л.В. Қадірова баяндама оқыды.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «ҚЗТҚО» КММ, «Мемлекеттік мұрағат» КММ директорлары «Ұлттық мұрағаттық қоры және мұрағаттары туралы» ҚР Заңының қабылдауына 15 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының мұрағат ісі: өткен жол кезеңдері (1998-2013 жж.)» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына «ҚР ҰМҚ құжаттарының пайдалануын құқықтық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» баяндамасымен қатысты.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен «2013 жылға арналған Шығыс Қазақстанның мереке және айтулы күндер тізбесі» дайындалды. Басылым мақсаты: облыстың саяси, қоғамдық, ғылыми және мәдени өміріндегі оқиғалар, атақты жерлестердің өмірі және қызметіне байланысты атаулы күндер туралы ақпараттандыру.

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен Өскемен кәсіби дайындық және сервис колледжі 2 курс студенттеріне «Ісқағаз жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша (18 адам), С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 3 курс студенттеріне «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша (6 адам) оқу-мұрағат тәжірибесі өткізілді. «История архивного дела», «Понятие о классификации документной информации и о каталогах», «Фонды личного происхождения», «Правила работы в читальном зале», «Исполнение запросов социально-правового характера», «Информационные технологии в архивных учреждениях Восточно-Казахстанской области» тақырыбында дәрістер оқылды, экскурсиялар жүргізілді, студенттер мұрағат құжаттардың сканерлеуімен, өшіп бара жатқан мәтіндерді қайта қалпына келтіру, каталогтаумен және т.б. айналысты.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 1.067 зерттеуші жұмыс істеді, 1.097 келуші тіркелді. Олар оқытушылар, студенттер, мұражай қызметкерлері, жеке тұлғалар. Зерттеу тақырыбы әртүрлі болды, олар: өлкетану, елді мекендердің, көшелердің тарихы, ШҚО әлеуметтік-экономикалық дамуы, жеке үй салуға жер бөлу туралы шешімдер және т.б.

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен «Мұрағат анықтмаларын беру» мемлекеттік қызметі көрсетілді.

Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарға жататын елдi мекендерiнде кемiнде 5 жыл тұрған азаматтардың зейнетақы төлемдерінің тағайындалуы қарастырылған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының шығуына байланысты Семей облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңасемей аудандарында тұратынын растайтын әлеуметтік-құқықтық сұраныстар жолдаған азаматтар легі құрт өсті (ұлғайды). Барлығы есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағаттарына АЖО, ХҚКО және Е-Акимат арқылы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 62.911 сұраныс түсті, оның 65.465 орындалды (Қазақстан азаматтарынан –56.136, ТМД елдерінен – 9.329), оның ішінде 58.729 оң жауаппен орындалды. ҚР СІМ тарапынан 41 сұраныс түсті.

2013 жылы 1.224 тақырыптық сұраныс түсіп, оқ жауаппен орындалды. Бұл жерлерді жеке пайдалануға беру, ұйымдардың қайта атаулары, шағын, жеке фирмалардың, кәсіпорындардың жойылуы, ғимараттарды сату-сатып алу және т.б. туралы қалалық және аудандық әкімшілігі, әкімдігі шешімдерінің көшірмелерін берумен байланысты сұраныстар.


4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы
Облыстың мемлекеттік мұрағаттарының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы тындалып, талқыланды.

Есеп беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мұрағат мекемелерінде құқықтық және өндірістік сабақтар жүргізілді. Өндірістік оқу жөніндегі сабақтар жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1583 қаулысымен бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары», Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелері» жөніндегі тақырыптар енгізіліп, қарастырылды.

Облыстың мұрағат мекемелері 2013 жылы ішінде облыстың мұрағат қызметкерлерінің кезекті аттестаттауды және жұмысқа жаңадан қабылданғандардың аттестаттауын өткізді.

Кәсіби білім алу жоспарында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты мұрағатшылары «Мұрағаттану және ісқағаз жүргізу», «Тарих және мұрағаттану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша жоғары және орта арнайы оқу орындарында білім алады. Облыстың мемлекеттік мұрағаты «Электрондық құжаттармен жұмыс және оларды мұрағаттық сақтауға табыстауға дайындығы бойынша нұсқаулық» жобасының шығуына байланысты осы жоба бойынша ұсыныстарын жолдады. Сондай-ақ, сақтау мерзімдерін көрсете отырып, үлгілік құжаттардың тізбесі жобасы мен ведомстволық сақтаудағы құжаттардың мемлекеттік есепке алу жөніндегі нұсқаулық жобасына ұсыныстар дайындалды.

ҚЗТҚО маманы Ақпарат және мұрағат комитетінің кинофотоқұжаттар және дауыс жазу Орталық Мемлекеттік мұрағатында арнайы тасығыштардағы жинақтау және құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеу саласында кәсіби біліктілік деңгейін көтеру мақсатымен тағылымдамадан өтті.

Облыстың мемлекеттік мұрағаты 2012 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің № 167 бұйрығымен бекітілген басшылар мен мамандардың лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде «Мемлекеттік мұрағаттар басшылары мен мамандарының лауазымдарына біліктілік сипаттамалары» әзірленді.

Мұрағатшылар «Қазақстандағы ісқағаз жүргізу», «Отандық мұрағаттар» журналдардың өзекті мақалалары бойынша үнемі шолу жасайды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылуда. 11 мұрағатшы қазақ тілінің бастауыш деңгейіндегі курсына, 4 мұрағатшы ағылшын тілі курсына облыстық лингвистикалық орталығында қатысып, сертификат алды.

Облыстың мұрағат мекемелерінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, 9 мамыр Жеңіс күні, Астана күні, Конституция күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.

Басқарма және облыстың мұрағат мекемелерінің қызметкерлері «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында мемлекеттік қызметшілер арасындағы көркем өнерпаз байқауына қатысты. Байқауға қатысқан мұрағатшылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Есеп беру кезеңінде облыстың мұрағат мекемелері қажеттілігі шегінде компьютерлер мен ұйымдастыру техникасын сатып алды, компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету және жөндеу, локальды есептеу желілерін реттеу, вирусқа қарсы бағдарламалар орнату, қажетті драйверлер орнату, «Тұлғалардың үндеулерін бірыңғай есепке алу» (ТҮБЕ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде, «Е-акимат» АЖ іске қосу және жаңарту жұмыстары жүргізілді.



Шығыс Қазақстан облысы мәдениет,

мұрағаттар және құжатттама басқармасы

басшысының міндетін атқарушы Н. Ахметжанов

Орынд.: А. Шаитова



тел.: 8 /7271/ 25-40-45


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет