Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі



жүктеу 0.64 Mb.
бет2/3
Дата03.04.2016
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

75 жыл (1941)
Жазушы, аудармашы, драматург, телерадиожурналист, мемлекет жөне қоғам қайраткері. Сұлтан Шәріпұлы - Абай елінің төл перзенті

Қазақ университетінің филология факуьтетін 1964 жылы бітірген С.Оразалинов қызмет жолын ұлттық теледидардан бастады. Онда көптеген әдеби-драмалык хабарлар жаза жүріп, монографиялар жаза бастады. Зерттеуші кезінде «Асау арна», «Дөң асқан», «Жанартау», «Шалқар», «Айғайтас» атты хикаят-романдарын талдауда дарынды әдебиетшілік карымын көрсетті.

С.Оразалинов – көп қырлы талант иесі. Ол бертінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын зерттеуге арналған «Қиял мен өмірдің шындығы», «Тілсіз халық болмайды», «Ақиқаттың құқығы» т.б. тағылымдық кітаптар жазды. Сұлтанның төлтума туындыларының ішінде теледидар сахнасына арналып жазылған телепьесалар мен теленовелла телеинсценировканың шоқтығы биік. Ел аузындағы аңыз бойынша жазылған «Кек» теленовелласы Махамбет ақынның өлмес рухына арналған.

Оразалинов - төл классикамызды да экрандаған қаламгер М.Әуезовтің әнгімелері бойынша төл экранға шыққан «Шатқалаң», «Үйлену» телеишденировкалары соның нәтижесі. Қазақ телевизиясында істеген жылдары ол ашқан алғашқы хабарлар «Сүхбат», «Қымызхана», «Сахна», «Айтыс», «Кездесу» циклдары арқылы байыды, жаңа керкемдік-эстетикальтқ кеңістіктерге шықты.

С.Оразалиновтың каламгерлік қарымы эссе жанрында барынша ашыла түсті. Оның Ғ.Мүсірепов туралы «Алыптардың ақырғы сардары», Ғабиден Мүстафин жайлы «Сарабдал», Ілияс Есенберлин жөніндегі «Қайсар», Шыңғыс Айтматов женіндегі «Кемеңгер» деп аталатын эсселері - осы жанрдағы көрнекті дүниелер. Кезінде теледидардан айтыс хабарын ұйымдастырушылардың бірі болды.

1986 жылы республикалық өнер баспасына директор болып тағайындалды. Сол жылдары Мәдениет қызметкері, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Башқұрт А.Хакимовтың «Қос терек», «Қилы заман», Н.Еременконың «Күткен таң» шығармаларын қазақшалау арқылы ол - телепублицист, теледраматург, сыншы және аудармашы да. Ол өзінің қаламы жүйрік қаламгер екендігін мойындатқан еді. «Абай елінде» атты албом - шежіре жазып, қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарыққа шығарды.

«Тіл тағдыры - ел тағдыры» кітабында тіл саясаты жөніндегі нақты істерді, ғылыми-теориялық ойларды тұжырымдайтын, әр түрлі мақала, сұхбат-пікірлердің басын қосқан, мақалалардан тұрады. Осындай қаламгерлік көзқарас тұрғысынан сұрыпталып жазылған «Жүректің көзі ашылса» атты бір томдығы жанрлық байлығымен, мағыналы тереңдігімен окырман көңілінен шығуда.

Шет ел әдебиетінің озық үлгілерін қазақ теледидарына «жерсіндіру», қазақ жұртшылығымен табыстыру, таныстыру ісінде де Сұлтан бастаған үрдіс үміт ақтады. Ол А.Моруа әңгімесінің желісі бойынша «Райхан гүлі», «Өлім фабрикасы», Ж.Кассальдың хикаяты ізімен «Тұтқын» т.б. телепъесаларды қазақ теледидарының алтын қорына қосты.

С. Оразалы ҚР Президентінің «Алтын барыс» белгісінің иегері, ҚР Президенті сыйлығының, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының және Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты. 
Әдебиеттер:
Оразалы С. Теледидар өнері.-Алматы: Фолиант, 2011.-552 б.

Оразалы С.Шығармалар жинағы. Үш томдық.-Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2011.-

Т.1-400 б.; Т.2 - 400 б.; Т.3 - 488 б.

Оразалинов С. Тұлға.- Алматы, 2004.-410 б.

Оразалинов С. Телеэкран және саясат // Егемен Қазақстан.-2002.-20 наурыз.-4 б.

Оразалы С. Айтыс өнері кәсіп көзіне айналды // Парасат. - 2015. - № 8. - Б. 7-9

Сұлтан Оразалы: Әр ұрпақ телеэкранға өз келбетiн әкеледi /Әңг.Ұ.Ибадуллаева // Жас алаш.- 2011.-26 мамыр.

***

Қирабаев С. Телесынның сұлтаны // Қазақ әдебиеті.-2001.-27 сәуір.-7-8 6.



Кеңесбаев Т. «Алтын адам» әлем сағаттары және Сұлтан ағамыз // Ертіс өңірі.-2013.-1 мамыр.-10 б.

Шәкерім Ж. Теледидар тамшылары: (Теледидар кітабын оқығандағы ой) // Қазақ әдебиеті.-2013.-6 желтоқсан.-10 б.




1 мамыр Сазгер, ақын Арғынбек Ахметжановтың

туғанына 80 жыл (1936)

Ұстаз, ақын, журналист, сазгер Арғынбек Ахметжанов 1936 жылы 1 мамырда Абай ауданының Шыңғыстау жерінде дүниеге келді. Семей педагогика училищесiн бiтiрген соң, еңбек жолын Абай ауданының Қасқабұлақ селолық мектебiнде ән-күй пәнiнiң мұғалiмi болудан бастаған. Мамандығы - педагог - филолог, журналист. Семейдiң педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебiн бiтiрген. Абай ауданында, Семей облыстық газетi мен облыстық телерадиокомпаниясында ұстаздық, комсомол-партиялық, журналистiк қызметтердi атқара жүрiп, 40 жыл бойы қазақтың қолөнер шеберлiгi, музыкалық, ақындық, журналистiк шығармашылық еңбектерiмен шұғылданады. Ұлы Абайдың 30-дан астам өлеңiне ән-романс, Шәкәрімнің 2 өлеңіне ән шығарған, басқа ақындар мен өз өлеңдерiне әндер жазып, ел iшiне танымал болды, бiрнеше дүркiн ән байқауларының жүлдегерi атанды. Жиыны 60 ән-романсы бар. «Шыңғыстау», «Абай ұрпақтарының үнi», Абай өлеңiне жазған «Тоты құс түстi көбелек» әндерi автордың тұсау кесер шығырмалары. Әндерi «Әнiң болып төгiлемiн» (Алматы,1982), «Құлақтан кiрiп, бойды алар» (Алматы,1993), «Сағыныш» (Алматы 1995 ж.), «Сазды сапар» (1999) т.б. жинақтарға енiп, баспа беттерiне жарияланып, республикалық Қазақ радиосының «Алтын қорына» қабылданған. Арғынбек өз шығармаларын шәкiрттерiне, әншiлерге үйретiп, телерадио-хабарлар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, ұлы Абайдың рухани мұрасын насихаттап келедi.

2008 жылы Өскемен қаласында сазгердің «Рухани жол» атты 2-кітабы жарыққа шықты. Кітапта Абай және Шәкәрімнің ән, дастан мұрасын, Абай тәлімін, автордың ән романстарын қамтиды.

Абайдың көптеген өлеңдерiне ән жазды. Сазгер 1998 жылдан Семей филармониясында еңбек еттi. Ахметжановтың жас кезiнде шығарған «Шыңғыстау» әнi әлі күнге дейін жиі орындалып, көп дауыста да сахнада орындалып жүр. Сонымен қатар «Ел табалмай», «Қалқамай, мен үндемей жүремiн көп» өлендерiн Әмiре Қашаубаев атындағы әншiлер конкурсының лауреаты Санақ Әбеуов, әншілер Болатқазы Еркежанов, Гүлшат Еруова тағы басқа да семейлік талантты әншілер жиі орындайды.

1967 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының, 2002 жылдан Қазақстан авторлар қоғамының, Қазақстан Республикасы Ертіс өңірі композиторлар Одағының, 1980 жылдан Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі болды.

Әдебиеттер:

Ахметжанов А. Сазды сапар: Өмір мен өнер туралы толғаныс.-Семей, 1999.-169 б.

Ахметжанов А. Рухани жол: Шәкәрім :Ән: Дастан: Мұра.- 2-кітап.- Өскемен: «Рекламный дайджест», 2008.- 292 б. (Шәкәрім, Ахат Шәкәрімұлы, О.С.Джанияров туралы да мәліметтер берілген)

Ахметжанов А. Қажының тұлпары – «Қоңырат» // Семей таңы.- 2003.- 29 тамыз.- б.14

Ахметжанов А. Ахат аға // Семей таңы.- 2000.- 28 шілде.- б.10

Ахметжанов А. Бізге жеткен жалғыз сурет// Семей таңы.- 2003.- 11 шілде.- б.3

Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған// Семей таңы.- 1991.- 3 қазан.- б.4

***

Жанболатұлы М. Ел-жұртын әнмен әлпештеген Арғынбек: [Семейлік сазгер, әнші, қолөнер шебері А. Ахметжанов туралы.] / М. Жанболатұлы // Дидар. - 2012. - 6 ақпан. . - Б. 5.



Жанболатов М. Серілік пен шеберлік үйлесімі / М. Қартов // Мәдениет. - 2015. - №6. - Б. 50-53.


7 мамыр Ф.М.Достоевский атындағы әдеби- мемориалдық музейінің ашылғанына 45 жыл (1971)

Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіҚазақстанда Ф.М.Достоевскийге арналған жалғыз музей. Музей 1971 жылдың 7 мамыр айында ашылған болатын. Музей негізгі екі бөлімнен тұрады: жазушы тұрған мемориалдық үй және 1976 жылы салынған әдеби экспозиция. Сондай-ақ, музейде ғылыми кітапхана, көрме залы мен кинолекциялық зал бар.

Музейдің негізі 1857-1859 жылдары жазушы Ф.М.Достоевский жалдап тұрған үй. 1966 жылы осы үй Достоевский атындағы № 15 қалалық кітапхана болып бекітілді.

Музейдің негізін салушы осы кітапхананың меңгерушісі З.Г.Фурцева болды. 1968 жылы Достоевский тұрған ағаш үйге жазушының немересі А.Ф.Достоевский келген болатын, ал 1969 жылдан бастап кітапхана-музей тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс істей бастады.

Көп жылдық тарихы бар музейде 19000-нан астам экспонаттар сақтаулы тұр. Сондай-ақ, музей қорының ерекше құнды экспонаттары ретінде Ф.М.Достоевскийдің қолтаңбасы, сирек кездесетін библиографиялық басылымдар және басқа да құнды әдебиеттерді атауға болады.

Музейдің әдеби экспозициясы жазушының қиын жолдарын: оның жастық арманы, каторгалық жолдары мен солдаттық өмірден бастап, танымал болғанға дейінгі өмір жолдарын анық бейнелейді. Мұнда жазушы өзінің көпшілікке таныс «Ағайдың түсі», «Степанчиково селосы және тұрғындары», «Өлі үйдегі жандар» еңбектерін жазды.

Экспозицияға жазушының көзі тірісінде шыққан кітаптары мен оның замандастарының шығармалары қойылған. Семейде өткен жылдар Ф.Достоевский мен Ш.Уәлихановтың рухани достығының шежіресінен де сыр шертеді.

2003 жылы музейде «Достоевский және әлем мәдениеті» атты үлкен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Петербор қаласынан жазушының немере-шөбересі Алексей Достоевский, Ресейдің әр түкпірінен келген достоевскийтанушылар келген болатын. Музей жазушының Ресейдегі жеті музейімен тығыз шығармашылық байланыста. Мұражайда түрлі кітап көрмелері, әдебиет және өнер қайраткерлерімен кездесулер жиі өткізіліп тұрады.


Әдебиеттер:


Ахметұлы Т. Мұражайларымыз мерейтойлар тоғысында тұр // Семей таңы.-2001.-18 мамыр.

Иманғали М. Достоевский кімнің ықпалымен құранды зер сала оқыған? [Жазушының Семейде өткізген жылдары туралы] // Дидар. - 2010.-21 қаңтар. -7 б.

Сейсенұлы Д. Достоевский мұражайына отыз жыл // Егемен Қазақстан.-2001.-20 сәуір.-6 б.

16 маусым Қазақстанның халық әртісі,

дәстүрлі ән өнерінің ірі тұлғасы

Мәдениет Ешекеевтің туғанына 80 жыл

(1936-1997)

Ешекеев Мәдениет Сейітжанұлы 1936 жылы 16 маусымда бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданы Құрманқожа ауылында туған. 1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мөдениет колхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1955 жылы Алматы қаласында Республикалық көркемөнерпаздар байқауында ерекше көзге түсіп, әншілік дарынын танытты. 1956 жылы атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің шәкірті ретінде «Қазақконцертке» шақырылды. Сол жылдан бастап Семей облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармониясында еңбек етеді. Ешекеевтің әсем үнді, кең диапозанды, лирико-драмалық тенор дауысты. Әншінің шығармашылығында қазақтың халық әндерінен бастап Абайдың, Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, Естайдың, Әсеттің, Кеннің, Шәмшінің, Б.Сыбановтың т.б.әндері бар.

М.Ешекеев әсіресе, Абайдың музыка мұрасын кең насихаттаушы ретінде танымал әнші. Әнші «Құлақтан кіріп бойды алар» - ұлы Абайдың музыкалық мұрасынан, «Ән көңілдің ажары», «Ән өзегі» атты халық әндерімен, халық сазгерлерінің шығармаларынан тұратын концерттік бағдарламалар дайындап концерттік сапармен Қазақстанның барлық облыстарының халықтарының алдында өнер көрсетті. Сонымен қатар Ресейде, Моңғолияда да өнер керсетті. Атақты әнші Ж.Елебековтың шәкірті М.Ешекеев арқа өңірінің Біржан сал бастаған әншілік мектебінің жалғастырушы ірі тұлғасы деп айтуға болады.

Әншінің орындауындағы «Жиырма бес», «Сұржекей» тағы басқа қазақтың халық шеберлікпен орындап қазақ радиосының алтын қорына жазылды. «Абайдың барлық төл шығармалары мен Абай өлеңдеріне жазылған әндерді түгелдей дерлік орындайтын Мәдениет пен Жәнібек Кәрменов» - дейді Абай музейінің бас шырақшысы Т.Ибрагимов.

Халқымыздың біртуар таланттарының бірі Жәнібек Кәрменов кезінде былай деген еді: «...Мәдениет – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, қанына сіңген әншілік дәстүрдің жалғасы. Бұдан кейін де жалғаса жатар. Әзірше Мәдениет жалғыз...»

Қазақстан өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін М.Ешекеевке 1981 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі», 1987 жылы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтары берілді. Шын өнер иесі халқымен бірге мәңгі жасайды.
Әдебиеттер:
Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: «Өнер», 2000.- Б.269-283.

Асабаев, З. Көктен түсе қалғандай көрінетін әнші, халық әртісі Мәдениет Ешекеев туралы бір үзік сыр // Мәдениет. - 2011. - №6. - С. 32-33

Атаева М. Ауылдағы асқақтаған ән мен жыр // Семей таңы . - 2013. - 11 маусым. - Б. 6

Иманбаева, А. Сағынды елің үніңді // Мәдениет. - 2011. - №4. - Б.32-33 Кәкімұлы , Қ. Бұлбұл үнді бозторғайым: эссе // Семей таңы. - 2012.- 14 ақпан. - Б. 5

Кәкімұлы Қ. Бозторғайдың үніндей үзілдіруші еді...осы біз Мәдениетті ұмытып кеткен жоқпыз ба?: [Әнші Мәдениет Ешекеевтің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында] // Дидар . - 2012. - 20 ақпан. - Б. 5.

Кәкімұлы, Қ. Жетісудың дүлдүлі - Кененнің "Бозторғайын" алғаш орындаған кім?

// Ертіс өңірі. - 2014. - 30 сәуір. - Б. 10

Момынұлы, П. Тау жаңғыртқан талант: әнші Мәдениет Ешекеевтің туғанына 75 жыл // Семей таңы . - 2011. - 9 тамыз. - С. 3



29 шілде Өлкетанушы В.Н.Кашляктың туғанына 65 жыл (1951-2013)

Әдебиеттер:


Виктор Николаевич Кашляк 1951 жылы 29 шілде айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында туған. Білім жоғары. Жас кезінен бастап, Ертіс өңірінің Семей тарихымен әуестенген. Мәскеу, Омск, Алматы, Семей қалаларының мұрағаттарында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 70-тен астам тарихи тақырыптағы мақалалар жазды. Ол мақалалары Қазақстан Республикасы ғылыми мерзімді басылымдар бетінде жарық көрді.

2003 жылы Омск, Тюмень, Тобольск мұрағаттарындағы «Семей қаласындағы діни құрылыстарының тарихы» тақырыбындағы құжаттармен жұмыс істеді. Қала тарихы туралы ауқымды материалдар жинақтаған. Алғашқы мақаласы 1965 жылы 21 февральдағы жергілікті «Иртыш» газетінде «Өлкетану материалдарын жинақтайық» деген атпен жарық көрген. XVIII-XIX ғасырлар аралығын қызыға зерттеген.

1998 жылы И.Г.Андреевтің «Қырғыз -қайсақтардың Орта жүз жазбалары» (Алматы, Ғылым; 1998ж.) атты кітабын құрастыруға қатысқан.

«Менің қаламның тарихы» сериясы аясында Семей қаласына қатысты түрлі тарихи тақырыптарда бірнеше кітаптары баспадан шықты. 1999 жылы автордың «Семей көшелерінің шежіресі» атты кітабы шықты. 1999 жылы Семей қаласындағы «А.фон Гумбольдтың Ресейдегі жүріп өткен жолдары» атты экспедицияның жол көрсетушісі болды. Осы тақырып бойынша дайындаған мақаласы Қазақстан Республикасы ғылыми жинақтардың бірінде жарық көрді. 2001 жылы фотосуретші В.Павлунин және дизайнер И.Рябухинмен бірлесе отырып, «Семей» атты мерекелік открыткалар жинағын шығарды, сол жылы «Семейдегі Воскресенск Соборы» атты буклет баспадан шықты.

2002 жылы қала тарихына арналған «Семей. Үш ғасыр тарихы» атты өзінің мақалалар жинағын басып шығарды. 2004 жылы «Семей храмдары: өткені мен бүгіні», 2007 жылы «Семипалатинск: от бургомистра до Акима», 2008 жылы «Печать Семипалатинска 1863-1963 г.г», 2010 жылы «Семипалатинские арабески» кітабының 2 томдығы жарыққа шықты.
Әдебиеттер:

Құсайын М. Өлкетанушының құрметіне тақта орнатылды [мәтін] / М. Құсайын // Семей таңы . - 2014. - 10 маусым. - Б. 1

Путин алғыс жолдады: Ресей президенті В.Путин семейлік тарихшы-өлкетанушы Виктор Кашлякқа хат жолдап, оның "Храмы Семипалатинска прошлое и настоящее" деген кітабына пікірін білдірді. // Ертіс өңірі. - 2005. - 9 маусым. - С. 2


3 тамыз Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, әнші

Дауыл Қайроллиннің туғанына 70 жыл (1946-2002)
Дауыл (Жайлаухан) Кайроллин -1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының, Күршім ауданы Құйған ауылында туған. Еңбек жолын 1962 жылы туған жерінде жұмысшы болып бастады. Жайлаухан бала кезінен өнерге бейімділігін байқатып, көркемдік үйірмелерге белсене қатысады.

1969 жылы Семейдің М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің ән бөлімін 1973 жылы бітіріп, облыстық филармонияға әнші болып қызметке тұрады. Білімін көтеру мақсатында 1984-1990 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ән факультетінде білімін жетілдіреді. Онда өнер жұлдыздарынан көп өнеге аып,. Е.Серкебаев, Б.Төлегенова, Р.Абдуллиндермен бірге сахнаға шықты.

Алтайдың шың құздарынан нәр алып, саф ауасымен тыныстап, мөп-мөлдір бұлақтарының мұздай суын ішіп өскен, табиғат сыйлаған талантын тер төге жүріп ерінбей еңбектеніп дамытқан Дауыл консерваторияны бітіргенде мемлекеттік комиссия бірауыздан оған Абай атындағы опера және балет театрына қалуға ұсыныс жасаған болатын, бірақ әнші өзінің туған жерінде еңбек етуді қалады.

Дауылдың дауысы лирикалық баритон, толық диапозонды, әдемі тембрлі, сирек кездесетін дауыс. Ол орындаған халық әндері, халық композиторларының әндері, қазіргі әндер мен орыс және шетел сазгерлерінің классикалық шығармалары тыңдарман көңілінен шығып, жүрегінен орын алған.

Әнші бас оркестрмен, симфониялық және «Отырар сазы» оркестрлерімен, хор капелласымен ТМД елдерінің барлығын аралады, Украинада, Молдавияда, Әзербайжанда өткен республикамыздың әдебиет, мәдениет және өнер онкүндіктерінде өнер керсетті. Д.Қайроллин әншілігімен қатар, ұстаздықты алып жүріп, шәкірт тәрбиеледі.
Әдебиеттер:
Ибрагимов Т. Толқын толғау.-Алматы:Өнер, 2000.-360 б.

Қаролин Дауыл // Семейдің әнші-сазгерлері: Библиографиялық портрет.-Семей.- Семей-Печать, 2013.-52 бет

***

Иманбаева А. Ән құдіреті // Ертіс өңірі.-2010.-27 қаңтар.-17 б.



Калиакпаров Ш. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді // Ертіс өңірі.- 2012.- 18 шілде. - Б. 9

Мұхамедова Р. Өмірін әнмен өрнектеген // Арна.-2000.-14 қаңтар.

Мұхамедова Р. Дауыл да өтті-ау, дауылдатып... //Семей таңы.-2003.-28 ақпан.-12 б.

11 тамыз Рымбек Байсейітов атындағы Семей

қаржы –экономикалық колдежіне 85 жыл

(1931)
Семей қаласындағы қаржы-экономикалық колледжі сапалы кәсіби білім беретін республикамыздағы саналы оқу орындарының бірі.

1931 жылдың 11 тамызында Қазақ ССР қаржы наркоматының қаулысы бойынша Семейдегі өлкелік қаржы курстары Семей қаржы-экономикалық комбинат деп аталды. 1933 жылы бірінші рет 15 қаржы мамандығы бойынша білім алып шықты. Барлығы 1941 жылға дейін 579 маман иесі техникумды бітірді.

1941 жылдан бастап Семей қаржы экономикалық техникум деп аталды, 1944 жылдан бастап 1960 жылға дейін Семей қаржы техникумы, ал 1960 жылдан бастап Қазақ ССР қаржы министрлігінің Семей қаржы – экономикалық техникумы деп аталды.

1984 жылы техникум жаңа оқу корпусына көшті, жаңа кабинеттік жүйесі оқу процесінің ұйымдастыруын жақсартты.

1992 жылы техникум Қазақстан Республикасының Білім минситрлігіне қарады, 1993 жылдың 19 мамырынан бастап қайта Қаржы минситрлігіне қарады. 1994 жылдың 31 қаңтарында техникумға экономика саласының білгірі, ғалым, мемлекет қайраткері Р.Байсейітовтың аты берілді.

1996 жылдың наурызынан техникум қаржы экономикалық колледжі болып аталды. Қазіргі оқу бағыты нарықтық экономиканың жаңа стандарттары бойынша жүргізіледі. Колледжде студенттердің білімін көтеру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға тәрбиелеу мақсатында Байсейітов шыңын бағындырушылар мектебін ашты.

Заман талабына сай, уақыт ағымынан қалмау мақсатында коллдеж компьютермен жабдықлған. Оның ішінде бір сынып толықтай мультимедиалық-дыбыстық және ақпараттық жүйеде жұмыс істейді.

Коллдеж видеотекасындамұғалімдердің жүздеген лекцияларының, Мәскеу жоғары оқу орындарының, Қазақстан экономистерінің жинақталған видеокассеталары бар.

Кітапхан қоры өте бай, өз оқырмандарын білім нәрімен қанағаттандыра

алады. Қазіргі уақытта коллдежде Медиатеке – 2005 бағдарламасы қабылданған. Коллдеж оқушыларына сапалы білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие беріп шығарады. Коллдежді бітіргендер білімді маман ғана емес, білікті ұйымдастырушы, өмірге бейім, жинақы азамат болып шығады.


Әдебиеттер:
Әбділманова Ш. Байсейітов Рымбек Смақұлы.- Алматы: 2003.-272 б.

Ермек С. Дәрісханаға халық жазушысының аты берілді // Семей таңы.-2010.-14 қазан.-3 б.

Кәрібжанов С. Байсейітов есімімен // Семей таңы . - 2014. - 17 қазан. - Б. 7

Қасымжанұлы С. Рымбек Байсейітовке ескерткіш қойылды // Ертіс өңірі. - 2015. - 22 шілде. - Б. 4

Сәрсенғали Ә. "Мәңгілік ел"- жасампаз елдің жарқын болашағы // Семей таңы . - 2014. - 25 қараша. - Б. 1.


15 тамыз Ғалым, жазушы, журналист, абайтанушы

Тұрсын Жұртбайдың туғанына

65 жыл (1951)
Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда қасиетті топырақ – Семей өңірі Абай ауданының Шаған ауылында дүниеге келді. Абай ауданының бұрынғы Қызылту совхозындағы (қазіргі Тоқтамыс ауылы) Кеңес Одағының батыры Ж.Молдағалиев атындағы орта мектепті бітірген соң, 1974 жылы Алматыдағы Казақ Ұлттық университетінің журналистика бөлімін бітіргеннен бері қаламгерлікпен шүғылданып келеді.

Журналист. Публицист. Ақын. Сыншы. Прозашы. Ғалым. Ұстаз. Қайраткер. Ұлтын сүйетін ұлтшыл азамат. Абайтанушы.

Тұрсын өмір табалдырығын журналист болып аттағанмен, әдебиет есігін ақын болып ашқанын біреу білсе, біреу білмес. «Замандасым, сырласым» атты тырнақалды жинағынан кейін жарыққа шыққан жыр жинағы «Қоңыр қаз» (1978) бен «Жүрегімде жұмыр жер» деп аталады. Бірақ ақын өзінің айтарын өлеңге сиғыза алмасын сезді де көркемсөз саласына бет бұрды. Соның нәтижесінде «Бесқарагер» (1982) және «Жер-бесік» (1985) атты прозалық жинақтар дүниеге келді. Осы екі кітапқа кірген шығармалардың қай -қайсы да кейіпкер жан-дүниесінің толқынына, сезім-сырына, іштей психологиялық иірімге құрылған классикалық үлгідегі көркем шығармалар. Бүл көркем шығармалар арқылы қаламгер прозаға өзінің үлкен дайындықпен келгенін дөлелдеді.

Ол «Жұлдыз» журналының сын белімінде табан аудармай он жыл істеді. Ондағы сыншылдық жазу оны әуезовтануға алып келді. Ұзақ жылғы ізденістерден соң М.Әуезовті барынша толық ашқан және «Оқыған азамат», «Қаралы сүлу», «Көксерек» сияқты әңгіме-повестердің жазылу тарихын жан-жақты талдаған «Бесігіңді түзе» роман-эссе дүниеге келді. Осыдан кейін суреткердің «Қилы заман» повесін қолға алып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты архив құжаттарын пайдалана отырып, жарыққа шыққан «Бейуақ» атты тарихи еңбегі мен ұлы жазушының сол бір қудалану жылдарындағы сүреңсіз оқиғалардан сыр толғайтын «Талқы» атты зерттеу кітабы жарыққа шықты. Осы аталған үш еңбек Әуезовтің өмірі мен шығармашылығьш арқау ете отырып жазылған шоқтығы биік дүниелер.

Жазушы тәуелсіздіктің жырын жырлап, ұлт тағдыры, ел тарихы туралы проблемалық һәм танымдық мақалаларды көп жазды. Көне түркі батырлары туралы «Дулыға» атты тарихи әфсаналардан түратын екі томдық ғылыми көркем еңбек жазып шығарды, мұнда көне түрік жұртының екі мың жылдық тарихы баяндалады.

Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектері әлемнің 15 тіліне, ал ғылыми еңбектері ЮНЕСКО-ның ресми тілдеріне аударылған ғалым, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай Қазақстан Жазушылар Одағының Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Алаш» және І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың иегері. Қазіргі уақытта Астанадағы «Отырар» кітапханасының ғылыми орталығының директоры.

Әдебиеттер:
Жұртбай Т. Қиясбайдың дүниетанымы: ("Бесігіңді аяла" кітабынан үзінді) // Ертіс өңірі . - 2012. - 4 шілде. - Б. 11

Жұртбай Т. Егіліп өткен есіл өмірі: ақын Төлеужан Ысмайылов туралы сыр // Түркістан. - 2012. - 6 қыркүйек. - б. 8

Жұртбай Т. Алаш идеясы және Смағұл Сәдуақасов // Ертіс өңірі. - 2011. - 19 қаңтар. - С. 10-11

Жұртбай Т. Арын жастан сақтаған... Ғалым Қ.Мұхамедханов 95 жаста // Ертіс өңірі. - 2011. - 5 қаңтар. - С. 8

***

Жұртбай Т. Ғылым тәуелсіз болмай мемлекет мұратқа жепейді // Ертіс өңірі.-2010.-24 қараша.-10 б.



Жұртбай Т. Ар ілім - өз жүрегіңе ұйыған иманың... // Дидар. - 2011. - 21 мамыр.

Қасымжанұлы С. ұртын сүйген жазушы // Семей таңы . - 2012. - 28 қазан. - Б. 2

Қасымжанұлы С. Алаштанушы ғалым "Абай арманында" ой бөлісті // Семей таңы . - 2012. - 25 қыркүйек. - Б. 3

Омашұлы Н. «Сүре сөз»: (Ғалымның шыққан кітабы туралы) // Қазақ әдебиеті.-2006.-19 мамыр.-12 б.

Тұрсын Жұртбай - "Құрметті Профессор" // Ертіс өңірі. - 2014. - 21 мамыр.-Б. 1


29 тамыз Семей атом полигонының жабылғанына 25 жыл (1991)
Семей атом полигоны бүкіл әлем назарын аударып отыр. Бұл күндер қазақстандықтардың мәңгі есінде. 1940 жылдың соңында Семей аймағында ядролық сынақтар жүргізу үшін 18 500 шақырым жер бөлінді. Абыралы ауданы таратылып, көптеген тұрғындар ата-бабасын қызғыштай қорып келген жерін тастап басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Сөйтіп, біздің өңірде Семей атом полигоны құрылды.

1949 жылғы 29 тамызда әлемде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат жетіде 38 метр биіктікте қуаты 20 килотонналық алғашқы ядролық сынақ өткізілді. 1953 жылы 12 тамызда әлемде ең бірінші рет термоядрролық бомба сынақтан өтті, ал 1955 жылғы 22 қарашада сутегі бомбасы сыналды.

1949 –1989 жылға дейін 40 жыл ішінде Семейден 120 шақырым жердегі полигонда 458 ядролық жарылыстар, 88 әуе, 30 жер үсті, 340 жер асты жарылыстары жасалған екен. Олардың қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін жетті. Осы кезең ішінде 500 мыңнан астам адам ионды сәуле алды.

1987 жылғы 17 ақпандағы кезекті жарылыс кезінде атмосфераға улы газдар шығып кетті. Осы жарылысты тоқтатуға тиым салуға үн қосқан қайраткер, ақын О.Сүлейменов болды. Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастыруымен сол жарылыстың ауызына құм құйылды. Бүгінде «Невада-Семей» қозғалысының ұйымдастырылуы бүкіл әлемде бейбітшілікті қорғау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне Қазақстанның қосқан үлесі зор екенін, бұл әлем бойынша елеулі оқиға екенін айтуға болады. әрінен бұрын, Қазақстан өзінің ядролық қаруға қарсы мемлекет екенін сөзбен емес, іспен дәлелдей білді.


Әдебиеттер:
Бәкір, Ә. Мәскеуге ашынып, ашық хат жазған: М.Ә.Сужиков туралы бір үзік әңгіме // Семей таңы . - 2014. - 26 тамыз. - Б. 3

Құрманбай, М. "Абыралы-Дегелең" қоғамдық қоры құрылды // Семей таңы. - 2009. - 7 мамыр. - С. 4

Құсайын, М. Орамды ойлар, ортақ пікір алаңы: Невада-Семей қозғалысына 25 жыл / М. Құсайын // Семей таңы . - 2014. - 15 тамыз. - Б. 2

Құсайын, М. Жеті қарлығаш - бейбітшілік символы = Тарихқа түскен таңба : Суреттер сөйлейді = Ядролық қарусыз әлем үшін = Қазақ тапқан құрбандар тізімі // Семей таңы . - 2014. - 29 тамыз. - Б. 1-3

Мылтықбаев, Е. Т. Қазақстанның зкологиялық проблемалары: экологиялық тәрбие // География Биология Экология орта мектепте. - 2010. - №3. - Б. 19-21

Сәрсенғали, Ә. Яросыз әлем -жаһандық қауіпсіздіктің кепілі // Семей таңы . - 2014. - 2 қыркүйек. - Б. 1-2

Сәрсеке, М. Қазақ сахарасы - сынақ алаңы ["Семей қасіреті" хикаятынан үзінді] : 29 тамыз - халықаралық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні / М. Сәрсеке // Семей таңы . - 2015. - 25 тамыз. - Б. 3

29 тамыз Семей ядролық полигонының құрбандарын есте сақтау үшін

«Өлімнен де күшті» монументінің ашылғанына 15 жыл (2001)

«Өлімнен де күшті» монументі Түйемойнақ аралында 2000 жылы Қазақстан Республи­касы­ның Құрметті сәулетшісі, халық­ара­лық Абылай хан қорының пре­зиденті, Шығыс елдері сәу­ле­ті Халықаралық академиясының академигі, мемлекеттік «Тарлан» сыйлығының лауреаты Ш.Уә­ли­ханов пен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі А.Байғата­ров­тың бірлесіп жасаған жобасы бо­ла­тын. Ол 2000 жылы Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен ашыл­ды.


Әдебиеттер:
Иманғали М. Түйемойнақ - Әміренің әні талай әуелеген арал... [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. - 2009. - 26 тамыз. - Б. 5.

Сейсенұлы Д. Ядролық қауіпсіздік саласының лидері // Егемен Қазақстан.-2011.-14 қазан.




26 қыркүйек Саяси жер аударылушы, зерттеуші, ұлы Абайдың

досы Е.П.Михаэлистің туғанына 175 жыл (1841-1913)
Евгений Петрович Михаэлис 1841 жылы 26 қыркүйекте Петербург қаласында дүниеге келген. Революциялық ортада тәрбиеленген Е.П.Михаэлис әуелі гимназияда, одан соң лицейге түсіп, шәкірттердің маңдайалды болды. Аса зейінді, алғыр ойлы Михаэлис Петербург университетіне түсіп, физика-математика факультетінің жаратылыстану факультетінде оқып, студенттер арасында Чернышевский бастаған революциялық қозғалыстың жалынды күрескер жастарының алды болған.

Михаэлис революцияшыл студенттердің құпия ұйымын басқарып студенттер арасында Чернышевский идеяларын қызу насихаттап бар студент соңынан ереді. Тарихта белгілі Н.В.Шелгунов ол туралы: «Михаэлис тамаша жас, абзал азамат болып өсті. Оның ашық-жарқын жүзінен арыстандай айбат, қалың қайрат, жасымас жігер жалын атып сезіліп тұратын» -дейді.

Олардың осындай саяси көзқарастары патшаға қарсы деп танылып 200-ден астам студент тұтқындалып, 26-сы жер аударылады. Е.П.Михаэлис Тобльск губерниясының Тарту деген қаласында алты жыл азап шегіп, кейіннен Семейге жер аударылып, қызмет етуге рұқсат етіледі.

Міне, осы уақыттан бастап жалынды революционер-демократтың Семей қаласындағы өнегелі өмірі басталып, ұлы Абаймен таныстығы да осыдан жалғасады. Абай мен орыс зиялысы кітапханада кездесіп, әңгімелесіп, сырласады. Одан басқа Ресейден жер ауып келген Петрашевский, Дуров сияқты ірі адамдар болған.

Михаэлис Семейге келген соң осынау ұлан-байтақ өлкенің табиғатын, байлығын зерттеу ісіне, мәдени-ағарту ісіне қызу кірісіп кетеді.

Михаэлис 1878 жылы Семей қаласында облыстық статистика комитетін құру жұмысын ұйымдастырады. Оның басшылығымен құрылған бұл комитет Семей өлкесінің табиғатын, шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін зерттейтін тұңғыш ғылыми мекеме еді. Осы комиеттің тұңғыш секретары Е.П.Михаэлистің өзі болды. 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін ұйымдастырушы да болады. Осындай ғылыми, мәдени-ағарту мекемелерінің жұмысына өзінің досы Абай да ат салысып, белсене қатысады. Терең оқымысты ғалым Михаэлистің жүргізген ғылыми зерттеу жұмысы ұшан-теңіз. Ол Ертісте пароход жүру мәселесін зерттеп, Семейден бастап, Зайсанға дейін барып, навигация картасын жасады, қандай пароходтар жүруін анықтап, олардың моделін өз қолымен жасаған. Ол 44 жылын Семей мен Өскемен қалаларында өткізді, оның 13 жылы, яғни 1869-1882 жылдары Семейде тұрды. Е.П.Михаэлис 1913 жылы 2 желтоқсанда 72 жасында Өскемен қаласында дүниеден қайтты.


Әдебиеттер:

Ишмұхамбетов Н. Абайдың үлкен досы: (Е.П.Михаэлис) // Семей таңы.-1968.-19 апрель.-4 б.

Мұхамедханов Қ. Абайдың досы – Михаэлис // Көп томдық шығармалар жинағы. 6-том.-Алматы: «Ел шежіре», 2008.-320 б.

Сабырбаева Р. Дара да дана // Ертіс өңірі.-2005.-7 шілде.-4 б.



10 қазан Жазушы, журналист Ғазиз Сапаевтың туғанына 90 жыл (1926 - 2012)
Тарбағатайдың Ақмектебінде дүниеге келген жазушы тағдырдың жазуымен жеті жасында әке-шешесімен Қытайға өтті. 17 жасында атамекенін аңсаған жасөспірім жігіт қайтадан Қазақстанға келеді. Туған жеріне, туған өлкесіне Ғазиз Сапаев Ұлы Отан соғысының тұсында, ауыр шақта келді. Ол бірден еңбекке араласып, бір жағынан оқып орта білім алады.

Семейдегі мұғалімдер институтын бітірген болашақ жазушы он жылдан астам уақыт мектепте мұғалімдік қызмет атқарды.

1959 жылы тамыз айында облыстық «Семей таңы» газетіне қызметке ауысты. Содан табан аудармай 1981 жылға дейін істеп, зейткерлік демалысқа шықты.

Ғазиз Сапаев 1960 жылдан Журналистер, 1974 жылдан Жазушылар Одағының мүшесі. Баспадан жеті повесі мен екі драмасы жарық көрді. Екі пьесасы Семейдің Абай атындағы музыкалы драма театрында жарық көрді. «Тойым-той», «Қиын екен қыз дегенің» драмалық шығармалары мыңдаған көрерменге ұсынылды.

Жазушының жеке кітап болып шыққан «Жыл Жемісі», «Менің көгершінім», «Гүлдана», «Туған жерден алыста» ,»Сағыныш» повсетер мен әңгімелер жинақтарының авторы. Жақында ғана шыққан «Сағыныш» романы Шыңжаңда өткен он жылдық өмірін (1933-1943) шынайы баяндайды.
Әдебиеттер:
Ғазиз Сапаұлы Сапаев // Семей таңы . - 2012. - 28 қыркүйек. - Б. 7

Бапанова Ә. Семейге ең алғаш келген оралман: (Жазушыға 80 жас) // Семей таңы.-2006.-30 қараша.-5 б.

Ерсәлімов Б. Торқалы тойдың қарсаңындағы торталы ой // Семей таңы . - 2014. - 2 желтоқсан. - Б. 5.

Кемелбаева А. Ұясына қалам қондырған: («Сағыныш» атты роман туралы) // Қазақ әдебиеті.-2006.-24 қараша.-11 б.

Мағауина, З. Қазыналы қаламгер оқырмандармен жүздесті // Семей таңы . - 2011. - 29 қараша. - С. 4

Төлепберген М. Шекара бұзушы: (Атажұртқа оралған азамат өмірінен үзік сырлар! // Егемен Қазақстан.-2006.-22 наурыз.-4 б.



10 қазан Әнші, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

мәдениет қызметкері Тұрсынғазы Рахимовтың

туғанына 65 жыл (1951)
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері Тұрсынғазы Рахимов өз өнерімен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген әнші, сазгер, актер.

1951 жылы 10 қазанда Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Малтүгел бөлімшесінде дүниеге келген. Алматы қаласындағы республикалыық Ж.Елебеков атындағы эстрада колледжін, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универститетінің музыка факультетін бітірген.

Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – ақын Мұқағали Мұқатаев.

Әншінің ақиық ақын М.Мақатаевтың «Нені аңсаймын», «Дариға, домбырамды берші маған», «Дұшпаның бар ма дейсің», «Қырықта дәнеңе жоқ», «Аягөз ару», «Санаулы күн», «Ғашықпын», «Я жаратушы Аллам», «Қазағым-ай» сынды бірнеше өлеңдеріне ән жазды.

1994 жылы сазгердің «Сәби болғым келеді» деген атпен әні шықты. 2004 жылы шыққан «Нені аңсаймын» атты кітабында әр жылдарда туып, ел арасына кең тараған әндері жинақталған.

Сазгердің «Батыр баба – Қабанбай», «Ән атасы - Әміре» Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Жәнібек Кәрменовке арналған «Ақ бөкен» атты әндері әншінің шын жүрегінен туған. 100-ге тарта әннің авторы сазгер шығармышылығымен жемісті еңбек етуде.


Әдебиеттер:
Рахимов Т. Нені аңсаймын.-Өскемен: Медиа-Альянс, 2004.-180 б.

Рахимов Тұрсынғазы // Семейдің әнші-сазгерлері: Библиографиялық портрет.-Семей.- Семей-Печать, 2013.-52 бет

***

Рахимов, Т. Мұқағалидың жырларынан жаныма жылу құйылады [Текст] / Т. Рахимов // Дидар. - 2011. - 14 қазан. - С. 7



Иманбаева А. «Сәби боғым келеді»... // Мәдениет.-2010.-№ 4.-17-19 б.

Қартов, М. Ерке жирен шабысы бөлек тұлпар еді... [мәтін] / М. Қартов // Семей таңы . - 2015. - 24 шілде. - Б. 7

Құсайын, М. "Сәби болғым келеді" [мәтін] / М. Құсайын // Семей таңы . - 2014. - 17 қазан. - Б. 2

Махамбетова, А Ән - көңілдің ажары // Педагогика және өнер. - 2014. - №3.- Б.42-44

Омаров, Ж. Тұрсынғазы әндері төмендемейді [Текст] / Ж. Омаров // Ертіс өңірі . - 2012. - 4 қаңтар. - С. 9

Пірназар, С. Тұрсынғазы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 12 желтоқсан. - Б. 6.

Сабырбай , Қ. Тұрсынғазы туындыларының тарихы // Ертіс өңірі . - 2011. - 26 қазан. - Б. 10
11 қазан «Құрмет белгісі» орденінің иегері, жазушы

Роллан Сейсенбаевтың туғанына 70 жыл (1946)

Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Іскер жас жігіт облыстық комсомол комитетінде, қалалық атқару комитетінде қызметтер атқарған. М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғарғы курсты бітірген.

Қазақ жазушысын өз жұрты ғана емес, өзге жұрт та таныды. Оның «Тау басында түсйіскен жол», «Түнгі диалог», «Сағынтып жеткен жаз еді» кітаптары қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жетті. Жазушы жиырма жылдан астам уақыт Мәскеуде Жазушылар Одағы қазақ әдебиетінің өкілі болып қызмет атқарады. «Всего одна ночь», «Нсли хочешь жить», «Дни октября», «Трон сатаны» т.б. кітаптары орыс, ағылшын тілінде шықты.

Төрткүл дүниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі» ашылды.

Роллан Сейсенбаев тек проза ғана емес, драмалық шығармалар да жазды. Оның «Өзім іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы драматургтердің Бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды.
Әдебиеттер:
Сейсенбаев, Р. Бар мен жоқтың өлшемі бар өзінде // Ертіс өңірі . - 2010. - 14 сәуір. - Б. 10

Сейсенбаев, Р. "Жидебай - қазақ рухының Отаны" // Ертіс өңірі. - 2011. - 1 маусым. - Б. 8

Жұртбай Т. Елі үшін еңіреген жүрек // Қазақ әдебиеті.-2006.-20 қазан.-11 б.

Зекенұлы Қ. Жазушымен кездесу // Семей таңы.-2001.-9 ақпан.-5 б.

Кеңесбаев, Т. Асау, жүрек алқынба... [Мәтін] / Т. Кеңесбаев // Ертіс өңірі. - 2015. - 14 қаңтар. - Б. 10


15 қазан Қазақстанның Халық артисі Тұратай Иісованың туғанына

85 жыл (1931-1994)
Тұратай Иісова 1931 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракестек ауылында дүниеге келген. Актрисаның өнерге деген жолы күтпеген жерден басталды. Оның негізгі мақсаты мұғалім болатын. Тағдырдың жолымен өнер жолына қалай түсіп кеткенін өзі де байқамай қалды. 1949 жылы көркемөнер учлищесіне режиссер Асқар Тоқпановтың класына қабылданады. Оны бітіргеннен кейін Алматыдағы М.Әуезов атындағы драма тетарына қабылданып, Е.Өмірзақов, Қ.Қуанышбаев, С.Майқанова т.б.өнер майталмандарымен еңбек ете жүріп тәжірибе жинақтады.

1956 жылдан өмірінің соңына дейін Семей қазақ музыкалық драма тетарында актриса болып қызмет атқарды. Иісованың орындаған рольдері арасында Еңлік, Қарлыға, Әйгерім, Ақтоқты, Әлиман, Жәмила (Ш.Айтматовтың «Ана – Жер ана», «Жәмила»), Д.Исабековтің Әпкесін, Ә.Тәжібаевтың «Майрасындағы» Майра, «Мөлдір махаббаттағы» Бәтес тағы басқа классикалық, комедиялық, трагедиялық бейнелерді шебер сомдауда жұлдызы жарқырай түсті. Сахна шебері, Қазақстанның Халық артисі Т.Иісованың өнердегі жолы өз көрермендерінің есінде.


Әдебиеттер:
Жұманов Б. Сахна гүлі // Қазақстан әйелдері.-1961.-№ 12.-23 б.

Қамбаров Ж. Актриса жолы: (Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі Т.Иісованың шығармашылық портреті) // Семей таңы.-1982.-8 май.

Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.-Алматы, 2004.-260 б.

Мұхамеджанова Б. Жол алға асықтырады // Семей таңы.-1977.-6 май.



5 қараша Қазақстанның халық жазушысы

Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына

95 жыл (1921-2003)
Тұрсынхан Әбдірахманова Семей өңірі, Жарма ауданының Бөке руднигінде дүниеге келді. Әке-шешеден ерте қалған болашақ ақын ағасының қолында тәрбиеленді.

Ақынның еңбек жолы 1941 жылдан басталды. Бұл жылдары мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Шар аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Алғашқы өлеңдері 1950 жылдан бастап, жариялана бастады. Тұңғыш жинағы “Ән”,1959 жылы жарық көрді. Содан бері “Әннен әнге”, “Танисыз ба бұларды”, “Шырқау”, “Көгершін көңіл”,”Кілт”, “Мерей”, “Наз көңіл” атты жинақтары және “Ақын сыры”, “Қасым Аманжоловтың поэтикасы” атты монографиялары жарық көрді.

Т.Әбдірахманова аударма саласында да біраз еңбек етті. Оның аударуында Е.Юнганың “Даңқы өшпес кеме” повесі, М.Стельмахтың “Адам қаны су емес” романын, А.Маяковскаяның “В. Маяковскиийдің балалық және жастық шағы” атты әңгімесі, А.С.Макаренконың “”Коммунистік тәрбие туралы” кітабы қазақ тілінде жарық көрді.

1964 жылы “Ілияс Жансүгіровтің лирикасы” деген тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы “Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Т.Әбдірахманова көптеген орден, медальдармен марапатталды. 1984 жылы “Халық жазушысы” атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі бағаланып, 1985 жылы Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді.

Әдебиеттер:
Досанов С. Абыз ана, аңыз ана // Егемен Қазақстан. - 2011. - 29 қазан. - Б. 7

Досанов С. Үш өнердің жүгін төрге сүйреген // Ана тілі.-2011.-10-16 қараша.-10 б.

Нұршайықов Ә. Ұлтжанды ақын еді: Тағзым // Заман Қазақстан. - 2004. - 17 қыркүйек.
20 қараша Сахна саңлағы, Қазақстанның халық артисі

Бекен Имахановтың туғанына 80 жыл (1936)
Бекен Имаханов 1955 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік факультетіне, белгілі режиссер Асқар Тоқпановтың класына түседі. Қазақ сахансының белгілі тарландары С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Ш.Аймановтардың ойынын көріп, үлгі тұтқан ол оқуын бітірген жылы Ш.Аймановтың шеберханасында жүріп, М.Бегалиннің «Жерге қайтып оралу» фильмінде суретшінің бейнесін жаайды.

1959 жылы Абай атындағы Семей облыстық қазақ драма театрына жіберілген талантты актер бүгінгі күнге дейін осы шаңырақта жемісті еңбек етіп келеді. Алғашқы жасаған образдары Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясындағы - Әубәкір ақын, Т.Ахтановтың «Махаббат мұңындағы» -Нияз, Р.Сейсенбаев пен Е.Обаевтың «Өзіңді тап» пьесасындағы -Әділет ақын, Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясындағы – Ақан рольдері актердің болашақта түрлі кесек тұлғалар галереясын жасауына алтын көпір болды.

М.Әуезовтың «Абай» драмасындағы – Абай, Т.Ибрагимовтың «Жаза – наза» пьесасындағы – Құнанбай тәрізді тарихи тұлғалардың психологиялық ерекшелігін ашу жолында жан-жақты ізденді. Сонымен қатар, ол фольклорлық шығармалардағы кейіпкерлер: Қобыланды, Кебек, Есен, Көтібар, Қодар, Бекежан, Ақан, Сауран сұлтан бейнелерін сомдап, ұлттық театр өнеріне зор үлесін қосты.

Б.Имаханов – ұлттық шығармаларындағы автор ойын, режиссер тұжырымын түсіне отырып, кейіпкерлеріне өзіндік қиялмен үн қосатын актер. Актердің музыка мен драманы қатар алып жүрудегі шеберлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясында анық байқалады. Оның бекежанның бес бірдей ариясын айтудағы дауысы, озбыр характеріне сай келген.

Актер»Шәкәрімнің соңғы күзі» атты толық метражды кинофильмде Шәкәрімнің сом тұлғасын жасаса, М.Ибраевтың «Шәкәрім» пьесасындағы ағартушының сахналық-көркемдік тұлғасын үлкен шабытпен орындады.

Замандас келбетін жасауды назардан тыс қалдырмаған театр репертуарының ауыр жүгін көтеруде актердің еңбегі ерекше. О.Бөкейдің Түрксіб теміржол құрылысын негізге ала отырып, сол кездегі еңбекшілердің жанқиярлық ерлігін суреттейтін «Өз отыңды өшірме» пьесасында Таңатар ролін сомдаған Б.Имаханов кейіпкерінің мінез ерекшелігіне терең бойлап, оның ішкі жан дүниесін түсіне біледі.

Осындай түрлі мінездегі бейнелерді түрлендіріп, құбылта білген актердің тетар сахнасы мен кино эранындағы зор еңбегі бағаланып, 1969 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі», 1981 жылы «Қазақ ССР-нің Халық артисі» деген құрметті атаққа ие болады. Екі мәрте Қазақстан Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған ол «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Сахнада 50 жылдай уақыт өнер көрсетіп, 200-ден аса түрлі оюраздар мен алуан мінездерді зерделеп, зерттеген сахнагер «Театр - өмір, театр - өнер» деп өмір мен өнерді бөлмей келе жатқан театр тарланы әлі де шығармашылық сара жолдың көкжиегінде келе жатыр.


Әдебиеттер:
Имаханов Б. "Театр -рухани жан серігім" // Абай. - 2014. - №6. - Б. 62-67

Имаханов Б. Абай мен Ақан серіні қоятын режиссер қайда? // Ертіс өңірі.-2006.-22 қараша.-8 б.

Имаханов Б. // Қазақ мәдениеті.-Алматы: «Аруна»,2005.-274 б.

Имаханов Б. Сахнадағы дүниелердің барлығы өмірден алынады // Дидар.-2010.-8 ақпан.-5 б.

Исламбаева З. Семей сахнасының саңлағы // Мәдениет.-2009.-8-11 б.
27 қараша Жазушы Сәду Машақовтың туғанына

110 жыл (1906-1996)
Сәдуақас Машақов бұрынғы Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында 1906 жылы 27 қарашада дүниеге келді.

1952 жылы Семей педагогика институтының фиолология факультетін бітірді.

Көрнекті ақын, аудармашы, журналист Сәду Машақов 1906 жылы Семей облысының Жаңасемей ауданында туған. Жасынан сөз өнеріне деген сүйіспеншілігімен Семейдегі «Қазақ тілі» («Семей таңы») газетінің редакциясына жұмысқа тұрады. Қазақтың белгілі ақыны Сәбит Дөнентаевтың батасын алған қаламгер.

1932 жылы оның тырнақалды өлеңдер жинағы “Колхоз жыры», «Балға жыры», «Жылдар және жолдар», «Кезеңдер», «Жылдарым менің» және басқа да кітаптары жарық көрді. Көркем аударма саласында да С.Машақов жемісті еңбек етті. Ол орыс, татар, башқұрт, украин ақындары мен жазушыларының бірқатар шығармаларын аударды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, майдандық газеттің редакторы, соғыста саяси жағынан аға нұсқаушы болып қызметтер атқарды.

Жазушы шығармаларының да дені майдан тақырыбына арналды. Атап айтқанда, “Майданда”,”Мәншүк”,”Жауынгер сөзі”,”Шайқас”, “Екі дос”,”Бір сағат” т.б.

Жазушының басқа да шығармалары қоғам өміріндегі өзгерістер, жаңалықтар, халықтар достығы, адамгершілік т б. тақырыптарына арналды.
Әдебиеттер:
Ерсәлімов , Б.Торқалы тойдың қарсаңындағы торталы ой // Семей таңы . - 2014. - 2 желтоқсан. - Б. 5.

Мағауина З. Ақындар ағасы // Семей таңы. - 2006. - 14 желтоқсан. - Б. 2

Мұхамедханов Қ. Сәду ақын // Семей таңы. - 2006. - 7 желтоқсан. - Б. 3.

Орда Г. Машақов поэзиясының терең тамыры: сөз өнері дертпен тең // Ақиқат. - 2010. - № 12. - С. 54-57



30 қараша Әнші, Мәдениет қайраткері,

«Шапағат» медалінің иегері

Мапруза Өтеуленованың туғанына 55 жыл (1961)
Мапруза Өтеуленова 1961 жылдың 30 қарашасында Ақмола облысының Державинск қаласныда дүниеге келді. 1982 жылы Семей қаласына ауысып, содан бері семейліктерге өнерін көрсетіп келеді. Бүкілодақтық халық шығармашылығы конкурсының үш мәрте лауреаты. 1990 жылы аймақтық «Майра сұлу» конкурсының «Гран-при» иегері.

1989-1996 жылдар аралығында Жаңасемей аудандық мәдениет бөлімінің «Семейтау» ансамблінде әнші-вокалист қызметін атқарды. 2001-2002 жылдары Өскемен қаласында халықаралық «Беловодье» орыс фольклорлық фестивалінің лауреаты. 2001 жылы халықаралық «тата әндері» фестивалінің дипломанты. 2003 жылы аймақтық «Орыс әні» фестивалінің дипломанты және республикалық «Жас ұлан» конкурсының жеңімпазы атанды.

2004 жылы «Хабар» агенттігінің шақыруымен «Алматы – менің бірінші махаббатым» атты УІ ретро-фестиваліне қатысып, дипломант атанды.

2015 жылы Францияға елінде өткен фестивальге ШҚО Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы да қатысып, тыңдаушыларын тәнті етті. Онда «Кербез» фольклорлық ансамблінің әншісі Мапруза Өтеуленованың орындауында «Сәулем-ай», «Бипыл», «Дедімай-ау», «Дудар-ай» әндері шырқалды.


Әдебиеттер:
Қуанғалиева А. Семей артистері Францияда өнер көрсетті // Егемен Қазақстан.-2015.- 18 қыркүйек.- 12 б.

Нұғманбекова Р. Әнші Мапруза Өтеуленова «Дудар-айды» ай тқан сайын әжесінің тағдырын еске алады // Дидар.-2014.-4 қыркүйек.-8 б.

Өтеуленова Мапруза // Семейдің әнші-сазгерлері: Библиографиялық портрет.-Семей.- Семей-Печать, 2013.-52 бет


7 желтоқсан Этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатұлының

туғанына 80 жыл (1936)

Туған жер, ел тарихы жайындағы тарихи-танымдық шығармалардың авторы, белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасыынң журналистер одағының мүшесі Молдабек Жанболатұлы Жанболатов 1936 жылы 7 желтоқсанда Абай ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар Абай, Ақсуат, Жаңасемей аудандарында комсомол, кеңес, партия органдарында басшылық қызметтерде болған шежіреші-қаламгер еліміздің Шығыс аймағында мәдениет, әдебиет, өнер, ұлттық рух туының биікте болуына ат салысып келеді. 

«Таным. Талғам. Тағылым», «Әнет Баба», «Би ата», «Өнегелі өмір», «Наурызнама», 6 томдық «Тобықты -Шыңғыстау шежіресі» кітаптары жарыққа шығып республикамызға кеңінен танымал болып отыр. Тобықтыдан шыққан әйгілі адамдар мен елеулі есімдер өмірінің өнегелі үлгісін, Шыңғыс елінің,  Абай ауданының тарихын нақты деректермен, тарихи құжаттармен айғақтау үшін көп жылдар еңбектеніп келеді.

Әдебиеттер:

Тобықты Мамай батыр, би/ Тарихи танымдық жинақты құраст. М. Жанболатов.- Алматы, 2015.- 340 Б.

Жанболатұлы, Молдабек. Наурыздың астарлы сырлары мен мәні // Семей таңы . - 2010. - 18 наурыз. - С. 3

Жанболатұлы, М. Наурыздың дүниетанымдық, ұлттық мәні екенін ұғынатын кез келді // Дидар. - 2010. - 20 наурыз. - С. 5

Жанболатов, М. Би ата асы [Мәтін] / М. Жанболатов // Абай. - 1996. - №4. - Б. 21-25

Жанболатов, Молдабек. Ел басқару ісінде Кеңгірбай бидің үлгісін ұстанған [Текст] / М. Жанболатов, Қ Аманқосова // Аңыз адам. - 2015. - №13. - Б. 41

***


Имаханов, Ә. Өнегелі істері көз алдымда // Семей таңы. - 2013. - 29 қаңтар. - Б. 7

Оразғалиев, Б. Абзал ақсақал // Семей таңы . - 2014. - 8 сәуір. - Б. 5

Сейсенұлы, Д. Ұлтымыздың салт-дәстүрін ұлықтаған: жергілікті этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатов ақсақал туралы бір үзік сыр / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 30 наурыз.

Айы, күні белгісіз анықтамалары мен әдебиеттері берілген даталар:
Атақты би, кемеңгер ойшыл Әнет бабаның туғанына 390 жыл (1626-1723)
Өз заманында атағы алты алашқа танылған, «Билердің биі» атанып, топ бастаған көсемдігімен, ойшыл кемеңгерлігімен, әділдігімен көріне білген дана тұлға Әнет баба Кішікұлы (1626-1723), Орта жүз биі. Арғын ішінде Тобықты руынан. Бұхар ғылыми медреседе оқытылатын он екі пәннің бірі «Мұсылмандық әдет-ғұрып, заң праволары» курсын толық меңгеріп, тәмам еткен шын мағынасындағы білгірі, ғұлама атанған.

Әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасағанда кеңесші биі болған. Әнет баба қазақ хандығын нығайтуда, қалмақ-жоңғар шапқыншылықтарынан елін қорғауда ақылшы мәмлегерлігімен халық сеніміне ие болып «Әнет баба» атанған.

Жалпы «Жеті жарғы» арқылы туындаған «Жеті ата», «Жеті ғалым», «Жеті хақ» тағы басқа да эстетикалық ұғымдарджы білдіретін тұжырымдамалары Әнет баба есімімен тығыз байланысты.
Әдебиеттер:
Жанболатұлы М Әнет баба (Тарихи танымдық толғамдар, ғибратты әңгімелер мен арнаулар жинағы). – Алматы, 2011. - 365 б.

Балтақайұлы Манатай Билердің биі -Әнет баба // Ертіс өңірі.-2010.-4 тамыз.-12 б.

Бейсенбаев , Б. Әнет баба : ескерткіш ашылды / Б. Бейсенбаев // Семей таңы. - 2011. - 20 желтоқсан. - С. 5

Түңлікбаев М. Баба ескерткіші барлығымызға парыз // Семей таңы . - 2011. - 9 қыркүйек. - С. 7




Ақын Әріп Тәңірбергеновтің туғанына 160 жыл (1856- 1924)
Абай шәкірттерінің ішінде аса талантты ақынның бірі - Әріп Тәңірбергенов.

“…Мұраларының бәрінде де Абайға жақын келіп, ой-сана жағынан да, шеберлік, стиль, үлгі жағынан да ұлы ақынның реалистік дәстүріне үнемі иық сүйеп отыратындығын сездіреді” – дейді М.Әуезов.

Әріп ақын ьұрынғы Семей облысы, Жарма ауданында 1856 жылы дүниеге келген.

Ақынның ата-бабалары тарихта белгілі шешен-би, атақты ақын, болған. Байғарадан Ақтайлақ бастатқан он жеті ақын шыққан. Сондықтан, Әріптің ақындық өнеріне әсер еткен өскен ортасы, Байғара бастаған ақындар мектебі болды.

Ауызша мәліметтерге қарағанда, болашақ ақын 11-12 жасынан бастап, ауыл мектебінде сауатын ашқан соң, ары қарай білім алуды арман етеді.

Жас кезінен болашақ ақын өлеңдерін Абайға еліктеп жазған. Әсіресе, ағартушылық, сыншылдық бағыттарына жиі назар аударған.

Серікбай қажыға, Байларға, Қабдолла биге, Тәрібек болсықа т.б. өлеңдерінде Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиеті көрінеді.

Жастарды оқу, білімге шақырған “Ғылым туралы”, “Еңбек туралы”, “Шәкірттеріме” т.б. өлеңдерінде де Абайдың ағартушылық идеалары жалғасын тапқан.

Әріптің алдын көрген Шұғбан, Шәкір сияқты шәкірт ақындар ұстаз ақынның қасиетін терең түсініп, тебірене жырлайды.

Ақын өлеңдерінде Шығыс дастандарындағы ғашықтар аты және араб, парсы сөздері де көп кездеседі.

Бұл мәселе Шығыс ақындарының шығармаларын көп оқығандығын және тілді жақсы білгендігін көрсетеді.
Әдебиеттер:

Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары: өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар. - Алматы: Информ-Арна, 2006. - 520 б.

Айтұлы Н. "Ұмытпаңдар мені": Ақын туралы // Егемен Қазақстан. - 2006. - 13 маусым. - Б. 4

Байқадиұлы С. Алаштың әйгілісі - Әріп ақын // Ертіс өңірі. - 2006. - 6 қыркүйек. - Б. 4

Ердембеков Б. Ақынымызды ардақтай білейік // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 9 маусым. - Б. 12

Есім Ғ. Абайша ойлап, Абайша тебіренген: Ақын Әріп Тәңірбергеновтің туғанына 150 жыл // Семей таңы. - 2006. - 27 қыркүйек - Б. 4




Ақын Ақылбай Абайұлының туғанына 155 жыл (1861-1904)



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет