Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы



Дата02.05.2016
өлшемі24.19 Kb.

жоба


Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

1) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/219-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3312, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Дидар» газетінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 56, «Рудный Алтай» газетінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 56 сандарында жарияланды):

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларында:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жануарларды асыраудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде жануарларды асырау тәртібін айқындайды.»;

2) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3317, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Дидар» газетінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58, «Рудный Алтай» газетінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 59 сандарында жарияланды):

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;

аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендетудің осы қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін айқындайды.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы А. Уразов
Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы Г. Пинчук


Каталог: app -> webroot -> files
files -> Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының №20 сайлау округі бойынша депутаты
files -> Халық қалаулылары әкімдердің есебін тыңдап қайтты
files -> ДепутаттықҚА 100 КҮн сайлаушылардың сенімін ақтап келеді
files -> Орталық мешітте құран-хатым түсірілді
files -> Қабанбай – қазақтың хас батыры
files -> Қазақ хандығының 550 жылдығына Қабанбай қазақтың хас батыры
files -> Экология- ел тағдыры
files -> Джанкушукова Рыскан Жагипаровна, депутат №40 Урджарского избирательного округа
files -> Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылға арналған ЖҰмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет