Шілікті ауылдық округінде 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару»



жүктеу 74.88 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі74.88 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Шілікті ауылдық округінде 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы

Шілікті ауылдық округінің әкімі өз жұмысын Қазақстан Республкасының «Қазақстан Республкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» туралы 23 қаңтар 2001 жылғы №148 ІІ Заңының 35 бабында көрсетілген құзіретті шегінде Қазақстан Республикасының басқа да Заңдарын, Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясын, 2011 жылғы Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауынан туындайтын міндеттерді басшылыққа алып, оларды орындау бағытында біршама жұмыстар атқарды.

Ауылдық округке 5 елді мекен қарайды. 2719 тұрғынға 3 орта, 1 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, почта, телеком, электр желісі, дәрігерлік емхана, 4 фельдшерлік пункт, 9 дүкен, 3 наубайхана, 1 ЖҚС, 1 дәріхана,1 мұсылмандар мешіті қызмет көрсетуде.

2010 жылдың 6 айында ірі қара 12285 (2010 ж- 12400 ) басқа, қой-ешкі 32256

(2010ж-32026 ) басқа, жылқы 2617 (2010ж- 2349 ) басқа жетті. Жоспар ірі қара 99,0 %, қой-ешкі 100,7%, жылқы 111,4 % ке орындалды.

Мал басын өз төлі есебінен өсіру бойынша әр 100 сиырдан 85,3 (3532) бұзау, 85,5 (12763) қозы-лақ, 70,0 (378) құлын алынды.

Мал шаруашылығын өркендетуге С. Қаханов, Б. Тұрғынов, С. Чажаев, Р. Бекқазин, А.Құлжабаевтар зор үлес қосып келеді. Биылғы жылы 20 га арпа-бидай, 90 га картоп егілді. Бұл мәселе бойынша барлық шаруа қожалықтары басшылары мен әңгіме, жиналыстар өткізілді. Келешекте егін егу көлемін ұлғайтудың жолын қарастыру менің жұмысымның негізгі бағыттарының бірі болады. Бір сөзбен айтқанда бұл мәселе күн тәртібінен түспейді.Көктемде егін егу үшін бүгіннен бастап жұмыс ұйымдастырылатын болады.

Ауылдық округ бойынша 128090 га жер бар. Оның ішінде 125295(97,8 %) ауыл шаруашылығы жері. Оның ішінде 1954 ( 1,5%) суармалы егістік, 5223 (4,2 %) га суарылмайтын егістік, 8177 (6,5%) га шабындық, 109941 (87,7 %) га жайылымдық жерлер. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жүргізілді. Түгендеу қортындысы бойынша үш адам қайтыс болуы, бір адам өз еркімен иелігіндегі жерінен бас тартуы себепті жерлерін аудан әкімінің жер қорына қайтарып алу жөнінде ұсыныс жасалды. Ауылдық округі бойынша 94 шаруа қожалығы, олардың иелігінде 1598 га егістік 2627га шабындық, 38810 га жайылымдық, 2664 га тың жер, 361 га әр түрлі жер- жиыны 46060 га ауыл шаруашылығы жері бар.

Округ бойынша 94 шаруа қожалығының 46 шаруа қожалығы қыстаулық жерлерде орналасқан. ( 48,9 %).

Өткен қыстан сабақ алған ауыл тұрғындары үстіміздегі жылы мал азығын дайындау науқанын ұйымшылдықпен өткізуге дайындық үстінде. Мал азығын дайындау науқанына 14 МТЗ, 30 ШИ-ПУ, 7 КДП-4, 30 бір жалдық шөп шабу құралы, 25 тарақ, 25 шөп таситын көліктер қатыстырылады.

Әкімшілік бойынша 90 га картоп салды, 855 т өнім алынады. ( әр 1га 95ц)

Қысқа дайындық бойынша штаб құрылған, 7 рет отырысы өтті. Штаб отырысында мекемелердің қыстамаға дайындық барысы туралы мекеме басшыларының мәселелері қаралды. Шілікті ауылдық округі бойынша аса күрделі жұмыстарды қажет ететін нысандар жоқ. Шілікті орта мектебінің шиферін , Жалши орта мектебінің бір қазандығын ауыстыру қажет. Мектеп төбесі қаржы бөлінбеуіне байланысты жөнделген жоқ.

Ауылдық округте 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 3 фельдшерлік функт, мешіт үйі, почта, телеком бөлімшелері көмірмен жылытылады. Мәдениет үйі және дәрігерлік емхана электр қазандығымен жылытылады. Барлық жылу қазандықтары қыс маусымына дайындалған. Бүгінгі күні барлығы дайын тұр.

Азық-түлік бағасын қалыпты жағдайда ұстауға байланысты сауда дүкендері мен наубайхана иелерімен үш рет кездесу –әңгіме өткізілді. Нәтижесінде нан бағасы 45 теңгеге түсірілді. «Защита Элеваторынан» 5 тонна ұнды алынды.



18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы бойынша :

Бөлінген қаржы 3600 мың теңге: 6 айда игерілгені 1349 мың теңге.

Қалған қаржы: ІІІ- ІV тоқсанда 2251 мың теңге.



Мерзімі

Отбасы саны

Бала саны

Төленген қаржы

1

І тоқсан

62

172

774 000

2

ІІ тоқсан

45

124

575 000

3

ІІІ тоқсан










4

ІҮ тоқсан













ЖИЫНЫ:

107

296

1349 000



Атаулы әлеуметтік көмек.

Бөлінген қаржы 1200 мың теңге. 6 айда 703,3 мың теңге. ІІІ-ІV тоқсанда 496,7 мың теңге төленеді.



1

І тоқсан

18

66

340 000

2

ІІ тоқсан

18

70

575 000

3

ІІІ тоқсан










4

ІҮ тоқсан













ЖИЫНЫ:

36

136

703 300

Ауыл тазалығын қалыпты жағдайда ұстау үнемі назарда. Айлық барысында 8 рет сенбілік ұйымдастырылды. Тасбастау мектебі 800 түп, Шекарашы мектебі 500 түп, Шілікті мекетбі 500 түп, Комендатура 100 түп, Әкімшілік 200 түп жиыны 2100 түп көшет отырғызылды.

Ауыл шаруашылық малдарын жоспарлы егіп емдеуге байланысты 4697 бас ірі қара, 15502 бас қой-ешкі, 30 ит, 15 жылқы бруцеллез ауруына қарсы тексерілді. 62 бас ірі қара ( 1,3 пайыз), 7 бас қой-ешкі ( 0,04 пайыз) оң таңба берді. Оң таңба берген барлық мал жойылды. Бір мал өлексесін тастайтын орын салынған. 8500 бас ірі қара малы сырғаланып, компьютер базасына кіргізілді. Округте мал дәрігерлері жеткілікті. 6 кәсіпкер-лицензиат мал дәрігерлері жұмыс істеиді.



Баспасөзге жазылу бойынша:



Басылымдар атауы

Тапсырма

Орындауы

%

1

Егемен Қазақстан

90

90

100,0

2

Дидар

130

141

108,5

3

Рудный Алтай

15

5

33,3

4

Каз Правда

5

5

100,0

5

Достық

300

317

105,6

6

Басқа басылымдар

-

-

-




ЖИЫНЫ

540

558

103,3

Ауылдық округ әкімшілігіне 6 ай ішінде 95 құжат келіп түсті, 140 құжат шығарылды, 9 өкім, 5 шешім қабылданды, 15 өтініш түсті, барлық өтініштерге мерзімінде жауап берілді. (2 өтініш үй салу үшін 3 жер сұраған,4 өтініш жұмыс сұраған,1өтініш материалдық көмек сұраған,5 өтініш әр түрлі мәселелер бойынша). 679 әр түрлі анықтамалар, 306 адамға жеке меншік малы туралы анықтамалар берілді. 43 нотариаттық іс тіркелді, бюджетке 7800 теңге қаржы түсті.

Ауылдық октугте 40 отбасы оралмандар бар, 185 адам есепте тұрады. Туылған бала саны 28, қайтыс болған адам саны 19.Табиғи өсу 147,0 пайызға тең. Көшіп келгендер саны 4 (14), көшіп кеткендер саны 6 (30 ). Механикалық өсу 66,0 пайыз.

Ауыл мәдениеті мен спортын дамыту бағытында жоспар бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Ауылдық округтегі мәдениет үйі бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Мәдениет үйі қызметкерлері ауданда өтетін барлық мәдени көпшілік шараларға белсенді түрде қатысады.«Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Балалар қорғау күні» мерекелері өз мәнінде аталып өтілді.

Ауыл спортшылары аудандық спартакиадада І орын, мүгедектер спартакиадасында ІІ орын алды. Алдағы уақытта спорттың бұқаралығын арттыру бағытында жұмыс ұйымдастырылатын болады.

Ауылдық округке 2011жылы 10 122,0 мың теңге қаржы бөлінген, 6 айда 6 926,0 мың теңге қаржы жұмсалды оның ішінде қар басқан үйлерді қардан аршуға 1 230,0 мың, жарықтандыруға 209,0 мың, жолдарды ұстап тұруға 200,0 мың, тазалық жұмыстарына 230,0 мың, аббаттандыруға 700,0 мың теңге (қақпа орнатылды) қаржы жұмсалды.. 6 айда бөлінген қаржы толығымен игерілді. Еңбек ақы, әлеуметтік аударымдар, салықтар, басқа мекемелерге тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін берешегіміз жоқ.



Шілікті ауылдық округінің келелі мәселелері.

1. Таза сумен қамту. (Шілікті-2015жыл. Тасбастау-2017 жыл. Жоспарда тұр)

2. Телефон байланысы. Сандық байланыс жүйесі орнатылды. Сапасы шашар.

3. Жол.


4. Егін салу үшін су келетін көмейлерді жөндеу немесе су қоймасын салу керек.

5. «Баймырза» өзенінен келетін су арнасының Шілікті ауылы тұсынан 1 су өткізгіш, 1 көпір салу керек.



Ауылдық округ әкімі Б.Сепбаев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет