Шымкент қалалық білім басқармасы



Дата03.01.2020
өлшемі18.16 Kb.
Шымкент қалалық білім басқармасы

«Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының аумағында білім беру ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


Басқарманың миссиясы : азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын , білім беру қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, қоғамның білімге және мемлекеттің білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері : өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес Шымкент қаласы білім беру жүйесінің тиімді қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
білім беру саласындағы мемлекет саясатының қағидаттары негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асыруға байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

Шымкент қаласының білім басқармасы бөлімдері:

- әкімшілік жұмыс, құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімі

- орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру бөлімі

- мектепке дейінгі білім беру бөлімі

- техникалық және кәсіптік білім беру, білім беру бөлімі

- материалдық – техникалық базаны дамыту бөлімі

- стратегиялық талдау және цифрлық технологиялар бөлімі

- ғылыми – әдістемелік орталық



- орталықтандырылған бухгалтерия

- кіші қызметкерлер құрамдары

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет