Үшінші, қайта өңделген басылым 2012 жыл Кіріспе



бет1/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5


Махмуд Абдурразиқ


РАББЫҢ КІМ?

немесе қабірде қойылатын ең алғашқы сұрақ



Үшінші, қайта өңделген басылым

2012 жыл

Кіріспе

Бұл кітап Құранда Аллаһ уәде еткен мәңгілік бақыт пен ләззат орны – болып табылатын Жәннаттан үміті бар, сондай-ақ қабір азабы мен мәңгілік азап мекені болып табылатын Тозақтан «аман қалсам» деген әрбір кісіге арналған. Мұнда, Пайғамбарымыз сахих хадисте хабар бергеніндей, әрбір кісіге қабірде қойылатын үш сұрақтың алғашқысы - «Раббың кім?» деген сұрақтың қысқаша жауабы айтылады. Бұл кітаптың түпнұсқасы сұрақ-жауап түрінде берілмеген. Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі - есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады. Аллаһ Құранда көптеген аяттарда құлшылықты дәлелге негізделіп жасауды, кім не айтса да, дәлел талап етуді бұйырған.



«Егер сөздерің рас болса, дәлел келтіріңдер!» - де» (әл-Бақара; 111);

«Сендердің қосқан ортақтарыңнан (серіктеріңнен) қалайша қорқамын? Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаһқа ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Ибраһимнің еліне берген дәлеліміз осы» (әл-Әнғам; 81-83);

«Аллаһқа ақиқатты ғана айтуға міндеттімін. Сендерге Раббыларыңнан ашық дәлел әкелдім», - де» (әл-Әғраф; 105);

«(Әй, адамдар!) Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге (Құранға) ілесіңдер. Одан басқаны дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» (әл-Әғраф; 3).

Осы аяттарға амал етіп, әрбір сұраққа Құраннан және тек сахих хадистен дәлел келтіруге тырыстық. Дәлел дегеніміз екі ғана нәрсе: «Аллаһ айтты:...» және «Пайғамбар айтты:...». Атамыз қазақта «Жаман айтпай - жақсы жоқ!» деген ұлағатты сөз бар, өлім ешкімге рұқсат сұрап келмейді. Осындай өзін Жаратушысымен, дінімен дұрыс (Пайғамбарымыздың және оның сахабаларының Сүннетіне сай) таныстыратын кітаптарды оқып-біліп және сол білгеніне сәйкес амал жасап жүрген кісі аяқ астында өлімге душар бола қалса, қабірде сұрақ-жауап жасайтын Мункәр және Нәкир атты періштелердің сұрағына дұрыс жауап беріп, өзін жан түршігерлік азаптан сақтаудың себебін жасайды.

Құрметті мұсылман бауырлар! Ақыретті ұзақ, алыс деп, Шайтанның азғыруына еріп, немқұрайдылыққа салынудан сақтанайық. Аллаһ Тағала Құранда: «Қиямет сағаты кірпік қаққандай (жақын), тіпті одан да жақынырақ», - дейді (ән-Нәхл; 77). Пайғамбарымыз сахих хадистерде хабар беріп кеткен Қияметтің қаншама кіші белгілеріне өзіміз куә болудамыз. Міне-міне Қиямет есігі ашылғалы тұрған уақытта өмір сүріп жатқанымызды ескере отырып, Раббымызбен жолығуға үлкен дайындық жасасақ, Аллаһ қаласа, қорлықтан құтылып, бақилық бақытқа қол жеткізерміз. Аллаһ бүкіл әлемдегі мұсылмандардың ауыртпалықтарын жеңілдетіп, барша мұсылмандарға таусылмайтын басшылық, пайдалы ғылым, шынайы ықылас, адал ризық, Өзінің алдында қабыл болатын салиқалы амалдар, ізгі ұрпақ және ең қайырлы өлім нәсіп етсін! Сондай-ақ елімізді де «Егер ол өлкенің елі иман келтіріп, сақтанса, әрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік» (әл-Әғраф; 96) деген аяттағы уәдесін берген жұртынан етсін!

Аудармашыдан

1-сұрақ: Біз Раббымызды қалай танимыз?

Жауап:

Әрбір саланың зерттейтін өз ғылымы бар. Мысалы, медицина ғылымы арқылы денсаулыққа не пайдалы, не зиянды нәрселерді, аурулар мен олардың емін білеміз. Химия ғылымы арқылы әртүрлі органикалық, минералдық, сұйық, қатты, газ және тағы да басқа заттардың құрамдарын, олардың қоспаларынан не нәрсе алуға болатындығын үйренеміз. Осы тәрізді әрбір нәрсені оның зерттейтін ғылымы арқылы танимыз. Діндегі фиқх ғылымы арқылы көзге көрінетін амалдарды: намазды, оразаны, қажылықты қалай орындау керектігін, сондай-ақ халал мен харамды оқып үйренеміз. Ал Раббымыз Аллаһты біз таухид (бірқұдайшылық) ғылымы арқылы танимыз. Бұл ғылымның куәлігі (кәлимасы) - «лә иләһә илләлЛаһ» (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ) деген кәлима. «Таухид» деген сөз арабтың «жалғыз ету» деген сөзінен шыққан. Бұл термин кейіннен пайда болған сөз емес, ол Пайғамбарымыздан және оның сахабаларынан келе жатқан термин. Бұған дәлел - Абдуллаһ ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз Муаз ибн Жәбәлді, Аллаһ оған разы болсын, Йеменге жіберіп, оған: «Сенің ең бірінші шақыратын нәрсең - «лә иләһә илләЛлаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ») болсын», - деген. Ал басқа риуаятта: «Таухидке шақыр», - деген (Бухари, Муслим).

Сондай-ақ «Жындар мен адамдарды тек Өзіме ғана құлшылық етулері үшін жараттым» (әз-Зарият; 56) деген аяттағы «лияғбудун» («құлшылық етулері») деген сөзді, ұлы ғалым сахаба Абдуллаһ ибн Аббас «лиуаххидун», яғни «Өзімді жалғыз (таухид) ету үшін» деп тәпсір еткен. Демек, бұл сөз Пайғамбарымыз бен оның сахабаларынан келген сөз екен. Осы «лә иләһә илләЛлаһ» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ») деген кәлиманы оқып-үйреніп, оған иман келтіріп, сол бойынша өмір сүрумен ғана кісі мұсылман болады. Сондықтан ғылымдардың ішіндегі ең ұлы ғылым - бізді Раббымызбен таныстыратын таухид ғылымы.

2-сұрақ: Мұсылмандарға намаз, зекет, ораза, қажылық қашан парыз етілді?

Жауап:

Пайғамбарымыз 40 жасқа келгенде, оған Аллаһтан ең алғаш уахи түсіп, пайғамбарлық келді. Пайғамбарлықтың 10-шы жылы, яғни Пайғамбарымызға 50 жас толғанда, Миғраж (Исра) уақиғасында Аллаһ бұл үмметтің мойнына намазды парыз етіп жүктеді. Бұл туралы Құранда Ол: «Құлын (Мухаммадты) бір түні өзіне белгілерін көрсетуіміз үшін, Мәсжид Харамнан, біз айналасын мүбәрак еткен Мәсжид Ақсаға апарған Аллаһ барлық кемшіліктерден Пәк», - деген.

Ал «Исра» хадисі деп аталатын Миғраж уақиғасына қатысты хадистер жинағында Пайғамбарымыз денесімен сергек күйінде Бураққа мінгізіліп, Жәбрейілмен бірге Меккедегі Масжидуль Харамнан Қуддустағы (Иерусалимдегі) Масжидуль Ақсаға апарылды деп сахих түрде жеткізілген. Ол жерде ол пайғамбарларға имам болып намаз оқыды. Бурақты мешіттің есігіне байлады. Содан кейін сол түні Байтуль Мақдистен бірінші аспанға көтерілді. Жәбрейіл Пайғамбарымыз үшін аспан қақпасының ашылуын сұрады. Олар үшін қақпа ашылды. Ол жерде адамзаттың атасы Адамды көрді...

Онда тіпті шахидтердің Жәннаттағы орны болған Сидратул Мунтақада болды (Сидратун – жеміс ағашы. Кейбір ғалымдар әрбір ғалымның ілімінің шекарасын, біткен жерін сидратуль-мунтақа дейді, одан кейінгісін Аллаһ Тағаладан басқа ешкім білмейді). Аллаһ Тағала Пайғамбарымызды Өзі қалаған нығметтерімен құрметтеді және тікелей сөйлесті. Аллаһ Тағала Пайғамбарымызды бұрын ешкім көтерілмеген деңгейге көтерді. Ол кісімен Аллаһ Тағаланың Өзі жасырын сөйлесті. Жәннат және Тозақтың жағдайларын көрсетті. Уахи еткен нәрселерін түсірді. Шариғат заңдарына күнделікті бес уақыт намазды бекітті.

Хижраның 2-ші жылы зекет пен ораза парыз етілді. Ал хижраның 9-ші жылы қажылық парыз етілді.
3-cұрақ: Пайғамбарымыз намаз, зекет, ораза және қажылық парыз болғанға дейін адамдарды не нәрсеге шақырды және қанша жыл шақырды?

Жауап:

Пайғамбарымыздың өмір тарихынан белгілі болғандай, намаз парыз болғанға дейін Пайғамбарымыз таухидке, яғни «лә иләһә илләЛлаһ» калимасына шақырды. Бұл калиманың мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ» дегенді білдіреді. «Иләһ» сөзінің араб тіліндегі мағынасы: «Оған ғана құрметпен және махаббатпен құлшылық етілінетін зат» деген сөз. Сондықтан бұл сөзді «Аллаһтан басқа Жаратушы, Ризық беруші жоқ» деп, немесе «Аллаһтан басқа Құдай жоқ» деп аудару дұрыс емес. Өйткені құрайыш мүшриктері (көпқұдайшылдары) Аллаһтың бар екендігін, Жаратушы екендігін, ризық Беруші екендігін білген және осыған иман келтірген.

Пайғамбарымыз да , оның сахабалары да намаз парыз болғанға дейін елін, халқын таухидке шақырумен, яғни «лә иләһә илләЛлаһ» куәлігіне сәйкес қалай өмір сүру керектігін және оның мағынасын түсіндірумен айналысқан. Біреулер: «Пайғамбармыз таухидке 10 жыл бойы шақырды», - дейді, алайда бұл дұрыс емес, Пайғамбарымыз пайғамбарлық келгеннен бастап, дүниеден өткенге дейін таухидке шақырды. Намаз парыз болғанға дейін тек таухидке шақырса, намаз, зекет, ораза, қажылық парыз болған кезде, таухидпен қатар Исламның осы рүкіндеріне (тіректеріне) де шақырған. Тіпті Пайғамбарымыз өзінің ең соңғы сөзінде де таухидке шақырып дүниеден өтті. Бұған дәлел - Ибн Исхақтың жеткізген мына хабары: «Салих ибн Қайсан маған әз-Зуһридің Убайдуллаһ ибн Абдаллаһтың сөзінен естігенін жеткізген. Оған Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, былай депті: «Аллаһтың Елшісінің қара жейдесі бар еді, ол (ең соңғы) қатты ауырған кезде жейдесімен бүркеніп, бетін жауып, анда-санда ашып жататын. Сөйтіп жатып: «Өз пайғамбарларының қабірлерін құлшылық орындарына айналдырған халықтарды қарғыс атсын!» , - деді. Онысы өз халқын одан аулақ болуға шақырғаны еді» (Бухари, 425).
4-сұрақ: Дінге шақыруды (дағуатты) неден бастау керек?

Жауап:

Біз бүкіл ғибадат-құлшылықтарымызды Пайғамбарымыздан және оның сахабаларынан үйренеміз. Басқаларды жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару да - құлшылық (ғибадат). Демек, мұны да Пайғамбарымыздан үйренеміз. Абдуллаһ ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен хадисте, Пайғамбарымыз Муаз ибн Жәбәлді, Аллаһ оған разы болсын, Йеменге аттандыра жатып: «Сенің ең бірінші шақыратының - «лә иләһә илләЛлаһ» болсын», - деген. Ал басқа риуаятта: «Таухидке шақыр», - деген (Бухари, Муслим). Бұл хадистен дағуатты Аллаһтың бірлігіне, тек жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етуге шақырудан бастау және Аллаһтан басқа құлшылық етілетін барлық нәрседен қайтару - Сүннет екенін түсінеміз. Пайғамбарымыздың өміртарихына қарасақ, ол құрайыш мүшриктерін Исламға шақыруын: «Намаз оқыңдар, ораза ұстаңдар», - деп бастамаған, тек: - Бір Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер», - деп, таухидке (бірқұдайшылыққа) шақырудан бастаған.



5-сұрақ: Таухид (бірқұдайшылық) ғылымын оқып үйренудің артықшылығы неде?

Жауап:

Бұл жерде мұның бірнеше артықшылықтарын айта кеткен жөн:



1) Жәннатқа кіру; өйткені Жәннатқа тек бірқұдайшыл (муаххид), яғни Аллаһқа ешкімді де, еш нәрсені де ортақ етпейтін (ширк жасамайтын) адамдар ғана кіреді.

Бұған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Расында Мәриям ұлы Мәсихты Аллаһ дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсих: «Әй, Израил ұрпақтары! Аллаһқа құлшылық қылыңдар \етіңдер\. (Ол) Менің Раббым әрі сендердің Раббыларың! Өйткені кім Аллаһқа серік қосса, расында Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны - Тозақ оты. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші жоқ» (әл-Мәидә; 72).

’Итбан ибн Мәлик риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһтың Дидарын (жүзін) қалап, шын жүрегімен сеніп: «Лә иләһә илләЛлаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ)», - деп айтса, Аллаһ оған Тозақты арам етеді» (Бухари, Муслим).

2) Тозақтан құтылу.

Бұған да дәлел Аллаһ Тағаланың «Расында Мәриям ұлы Мәсихты Аллаһ дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсих: «Әй, Израил ұрпақтары! Аллаһқа құлшылық етіңдер. (Ол) Менің Раббым әрі сендердің Раббыларың! Өйткені кім Аллаһқа серік қосса, расында Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны - Тозақ оты. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші жоқ» (әл-Мәидә; 72) деген сөздері болып табылады.

Анас ибн Мәлик деген сахаба, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен ұзын хадисте Пайғамбарымыз былай деді: «Қиямет күні басталғанда адамдар қатты толқиды. Кейін барлығы жиналып, Адам Пайғамбарға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) барады да: «Раббыңның алдында бізге шапағат ет!», - деп өтінеді. Сонда Адам өзінің шапағат ете алмайтынын айтып: «Ибраһимге (оған Аллаһтың сәлемі болсын) барыңдар, расында, ол Аллаһтың халилі (сүйіктісі)», - дейді. Кейін адамдар Ибраһимге келеді, сонда ол да шапағат ете алмайтынын айтып: «Сендер Мусаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) барыңдар, ақиқатында Аллаһ онымен тікелей сөйлескен», - дейді. Муса да өз кезегінде шапағат ете алмайтынын айтып, адамдарға: «Исаға (оған Аллаһтың сәлемі болсын) барыңдар, шынында ол - Аллаһтан болған рух», - дейді. Иса да шапағат жасаудан бас тартып: «Сендер Мухаммадқа барыңдар», - деп маған жібереді. Сонда олар маған келгенде: «Мен сендерге шапағат етемін», - деп айтамын да, Аршының астына келіп, Ұлы да, Құдіретті Раббыма иіліп сәжде жасап, шапағат етуге рұқсат сұраймын. Содан соң Аллаһ Тағала мені шабыттандырып, бұрын ешкімге ашпаған, Өзіне ғана арналып айтылатын тамаша мадақ сөздерді маған ашады». Сонда маған: «Ей, Мухаммад! Көтер басыңды. Сұра, сен сұрағаныңды аласың. Шапағат етуді сұра, шапағатшы боласың!», - делінеді. Сонда мен: «Уа, Раббым! Менің үмметім! Уа, Раббым! Менің үмметім! Уа, Раббым! Менің үмметім!» - деп айтамын. Кейін маған: «Кімнің жүрегінде тарының дәніндей иманы болса, соларды Тозақтан шығар!», - делінеді. Мен барып солай істеймін. Сосын тағы да Раббыма сәжде жасап, мадақ айтамын. Сол кезде маған тағы да: «Ей, Мухаммад! Көтер басыңды. Сұра, сен сұрағаныңды аласың. Шапағат етуді сұра, шапағатшы боласың!», - дейді. Мен сол кезде: «Уа, Раббым! Менің үмметім! «Уа, Раббым! Менің үмметім! Уа, Раббым! Менің үмметім!», - деймін. Сол уақытта маған: «Кімнің жүрегінде шаңның тозаңындай иманы болса, соларды Тозақтан шығар!», - делінеді. Мен барып, тағы да солай істеймін» («Сахих» әл-Бухари).

Анас ибн Маликтің, Аллаһ оған разы болсын, басқа риуаятындағы осы хадистің жалғасында Пайғамбарымыз өз сөзін жалғастырып, былай деді: «Кейін мен тағы да Раббыма сәжде жасап, мадақ айтамын». Маған тағы да: «Ей, Мухаммад! Көтер басыңды. Сұра, сен сұрағаныңды аласың. Шапағат етуді сұра, шапағатшы боласың!», - делінеді. Мен: «Уа, Раббым! Маған «Лә иләһә илләЛлаһ» деп айтқан адамдарға шапағат етуге рұқсат бер», - дегенімде, Пәк Аллаһ Тағала былай дейді: «Өзімнің Пәктігіммен, Ұлылығыммен, ‘Азиздігіммен ант етемін! Мен «Лә иләһә илләЛлаһ» деп айтқандарды міндетті түрде Тозақтан шығарамын» («Сахих» әл-Бухари).



3) Күнәлардың кешірілуі.

Аллаһ Тағала Құранда бір күнәні ешкімге кешірмейтінін айтты, ол – ширк, яғни Аллаһқа ғана арналатын құлшылықты тағы немесе басқа біреуге арнау, мысалы, Аллаһтан басқадан немесе Аллаһпен бірге тағы біреулерден сұрап-тілеу (ұл-қыз бер, жолымды аш, денсаулық бер деген сияқты), Аллаһтан өзгеге немесе Аллаһпен бірге тағы біреуге арнап құрбан шалу, Аллаһты жақсы көргендей өзгені жақсы көру, қорқу, үміт ету және т.б.

Дәлел: «Аллаһ Өзіне ортақ (серік) қосылуды (ширкті) кешірмейді де, бұдан өзге күнәларды қалағанына кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ (серік) қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» (ән-Ниса; 48).

4) Таухидті білу және ұстану ең ұлы амал болып есептеледі.

Дәлел: «(Мухаммад) көрмейсің бе? Аллаһ қандай мысал берді: көркем сөз («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ») - тамыры мықты, бұтағы көкте болған бір көркем ағаш тәрізді» (Ибраһим; 24).

Пайғамбарымыздың хадисінде: «Бірде бір кісі келіп, Пайғамбарымыздан : «Я, Аллаһтың Елшісі, дүниедегі ең жақсы амал не?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз : «Аллаһ пен Оның елшісіне иман келтіру», - деп жауап берді». (Нәсәи 5000).

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз былай деді: «Мен және маған дейінгі Пайғамбарлар Арафа күні айтқан ең жақсы сөз әрі ең жақсы дұға: «Лә иләһә илләллаһу, уәхдәһу ләә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ъәлә кулли шәиин қодир» («Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ, барлық мүлік және барлық мақтау Оныкі және Оның құдіреті барлық нәрсеге жетеді») («Сахих әл-жәмиъ» 5585, Әс-Суюти).



5) Кім шын ықыласпен сенімді түрде: «Ләә иләһә илләЛлаһ», - деп айтса, бұл сөз оның амал таразысында ең салмақты сөз болмақ.

Құрандағы ең ұлы аят - «Аятуль-Курси». Аллаһ осы ұлы аяттың басын «Аллаһу лә иләһә иллә һуәл хайуль, қойум», - деп, таухид кәлимасымен бастаған.

Абу Саъид әл-Худри риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз былай деп айтқаны жеткізіледі: «Муса Пайғамбар: «Уа, Раббым, маған Сені еске алатын, сол арқылы Саған дұға жасайтын ең жақсы сөзді үйрет», - деп сұрады. Аллаһ оған: «Ей, Муса, «Ләә иләһә илләЛлаһ!» деп айт!», - деді. Муса: «Уа,, Раббым, мұны құлдарыңның барлығы айтады ғой», - деді. Сонда Аллаһ оған: «Егер жеті қат аспан мен жеті қат жер және оның тұрғындары таразының бір табағына қойылса, ал «Ләә иләһә илләЛлаһ» сөзі таразының екінші табағына қойылса, «ләә иләһә илләЛлаһ» басып кетеді», - деді» (Ибн Хиббан, әл-Хаким хадисті сахих деген, әз-Заһәби мұнымен келіскен).

Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен өзге бір хадисте Пайғамбарымыз былай дегені жеткізіледі: «Аллаһ Қиямет күні бүкіл адамдардың алдында менің үмметімнен болған бір кісінің 99 кітабын ашады. Әрбір кітабы көз жететін жерге дейін жететіндей ұзын болады. Сосын оған: «Сен осы кітаптардан бір нәрсені жоққа шығара аласың ба? Немесе Менің жазушы періштелерім саған зұлымдық жасады ма?», - деп айтылады. Сол кезде ол басын төмен салып: «Жоқ, уа, Раббым», - дейді. Одан: «Сенің бір сауапты амалың бар ма?», - деп сұрайды. Ол сасып, тағы да: «Жоқ», - деп жауап береді. Сонда Аллаһ: «Сенің Менің құзырымда бір сауапты ісің бар. Саған бүгін зұлымдық жасалмайды!», - деп айтады және оған бір парақ беріледі. Ол парақта «Ләә иләһә илләЛлаһ» деген калима жазылған болады. Аллаһ: «Сол парақты алып келіңдер!», - деп бұйырғанда, әлгі адам: «Осынша кітаптардың арасында бұл парақ не болады?», - дейді. Сонда Аллаһ: «Саған зұлымдық жасалмайды!», - дейді. Сол парақты таразының бір жағына, ал кітаптарды екінші жағына қойғанда, кітаптар ұшып кетеді, ал парақ ауыр басады», - делінген.

6) Аллаһ Тағала бұл дүниені таухид үшін жаратты

Дәлел: «Жындар мен адамзатты Өзіме ғана құлшылық етулері үшін жараттым» ( әз-Зарият; 56).

Біреу: «Осы аятта бұл дүние туралы емес, тек жындар мен адамдар туралы айтылған ғой», - десе, оған: «Бұл аятты мына басқа аят түсіндіріп береді: «Ол сондай Аллаһ жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Содан кейін аспанға көңіл бөліп, оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді» (әл-Бақара; 29)», - деп айтылады.

7) Аллаһ Тағала барша пайғамбарлар мен елшілерді жіберуінің себебі таухидті жеткізу болып табылады.

Дәлел: «Расында әр үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар да, тағуттардан аулақ болыңдар!», - дейтін елшілер жібердік. Олардың (үмметтердің) кейбіреулерін Аллаһ оңғарып, кейбіреулеріне адасу тиісті болды. Ал енді жер жүзін кезіңдер де, жасынға шығарушылардың соңы не болғанын көріңдер» (ән-Нәхл; 36);

«(Мухаммад) сенен бұрын бір Пайғамбар жіберсек, оған: «Күдіксіз Менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ, ендеше Маған ғана құлшылық етіңдер!» - деп қана уахи етіп жібердік» (Әнбия; 25);

«Расында Нухты еліне елші етіп жібердік. Сонда ол: «Әй, елім! Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз, мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын!», - деді» (әл-Әғраф; 59).

Осы әл-Әғраф сүресінің 65-аятында Аллаһ Тағала Һұд Пайғамбарды Ғад еліне, 73-аятында Салих Пайғамбарды Сәмуд еліне, 85-аятында Шұғайып Пайғамбарды Мәдиян еліне тура осы Нух Пайғамбарды жіберген сөзімен жібергендігін бізге баян етеді.

Сахих хадисте Пайғамбарымыздың : «Мен адамдар: «Ләә иләһә илләЛлаһ уә Мухаммад ғәбдуһу уә расулуһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ және Мухаммад - Оның құлы әрі елшісі)», - деп куәлік бергенге дейін олармен күресуге бұйырылдым», - дегені жеткізіледі (Бухари).

8) Таухид біздің амалдарымыздың Аллаһтың алдында қабыл болуының ең үлкен себебі болып табылады.

Дәлел: «Аллаһтың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа тура жолға салады. Егер олар Оған ортақ (серік) қосса (ширк жасаса) еді, әрине олардың істеген амалдары жойылып кетер еді» (әл-Әнғам; 88);

«Юнусты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып кетіп қалды да, біздің еш тарлық етпеуімізді ойлап, қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Сен Пәксің. Шын мәнінде, мен өзіне-өзі зұлымдық жасаушылардан болдым», - деп жалбарынды. Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз» (Әнбия 87-88).

9) Аллаһ муаххидтың (таухидты ұстанған бірқұдайшыл адамның) дұғасына жауап береді.

Дәлел: «Расында Аллаһ тек тақуалардан қабыл етеді» (әл-Мәида; 27).



Сахих түрде жеткен хадисте Пайғамбарымыз былай деп баяндаған: «Бірде үш кісі сапарда келе жатып, тынығу үшін бір үңгірге кіреді. Сол кезде жер сілкініп, әлгі таудағы үңгірдің аузы (таспен) бітеліп қалады. Әлгі адамдар: «Енді шынайы ниетпен және ықыласпен істеген істеріміз болса ғана, солар көмек болып, осы тұтқыннан шығуымыз мүмкін», - дейді. Сонда біреуі тұрып: «Уа, Аллаһ! Мен ата-анамды жұбайым мен бала-шағамнан да артық жақсы көруші едім. Бірде мен табыс тауып келуге шығып, үйге кеш оралдым. Ішке кірсем, олар мені күтіп, тамақтарын да жемей ұйықтап қалыпты. Мен қолыма ыдыс алып, оған сүт құйдым да, олар оянғанша ұйқыларын бұзбай, күтіп отырдым. Мен өз бала-шағама да еш нәрсе таттырғаным жоқ. Өйткені ата-анам (тамақтанбай) мені тосып отырды ғой. Таң атқан соң мен сүтті әуелі ата-анама, одан кейін балаларыма бердім. Уа, Аллаһ! Шын ықыласыммен істеген осы істеріме разы болған болсаң, бізді мұнда қалдыра көрме», - деді.

Сол кезде үңгірдің аузын бөгеп тастаған үлкен тас аздап қозғалып, үңгірдің ауызын азғантай ашты, бірақ одан шығатындай мүмкіндік болмайды.

: files -> book -> kaz -> aqida
aqida -> ЖАҢа жылдың келуін мейрамдауды харам ететін себептер
aqida -> Үш негіз және оның дәлелдері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Кіріспе
aqida -> -
aqida -> [ТҮркістанда] пайғамбардың (ОҒан аллаһТЫҢ игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары жерленген дегенді теріске шығару
aqida -> Ізгі ата-бабаларды шектен тыс қадірлеу – КӨПҚҰдайшылықҚа апарар бірінші қадам
aqida -> Көпқұдайшылық Дайындаған: Әбу Салих Қазақстани Аударған: Азамат Махыпбекұлы Екінші басылым Толықтырылып, түзелтілген нұсқасы сайтының басшылығы тексерген Каир, 2006 ж
aqida -> Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!
aqida -> -
aqida -> Ханафи ғалымдары қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу туралы
aqida -> Ханафи ғалымдары ата-бабаларды шектен тыс құрметтеу туралы Ханафи имамы Шукри әл-Алюси (1342 х/ж)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет