ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»



жүктеу 1.38 Mb.
бет2/7
Дата02.04.2016
өлшемі1.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
, екінші жолы «жиырма қыз-қатынды», үшінші жолы тағы да» жиырма кісіні жесір қылып», азбандық жасай берсе, азған Қоңырқұлжалар болмаса, арлы Кененің төзетін қорлығы емес бұл. Тобырды жиып топ құратын, топты жинап қол құрайтын, қолды жиып бас болатын, бас болып ерді ерлікке қайрайтын, елді елдікке шақыратын тұлға керек-ақ болатын. Ондай тұлға бар еді және өзі емес, елі таңдап сайлап, Шеген сияқты биі алты алашқа:

«Олай болса, алты арыстың баласы, мына сөзге құлақ сал! Қазақ – қазақ болғалы басынан қилы-қилы заман кешірген. Жақсы күні бір болса, асу-асу белдерден асамын деп аса алмай, қос қанаты қайрылып, ошарылған, күңіренген күндері де болған. Басшыдан ми, қарашыдан күй кетіп, бет-бетімен тозып қайың сауып, қаңғып кеткен күйі де болған. Бірақ, соның бәрі болса да, бұрынғы ата-баба біз көргенді көрген жоқ еді. Қорлық, құлдық қазаққа қараңғы қара күндей қаптап келеді. Көрініп келген апаттан жаман болып, іштен кернеп келе жатқан дерттер бар. Соны бәрің де көріп, сезіп тұрсың. Көзі жасты, көңілі қаяу кәрің бар, жалын жұтып, іштен тынып шерменде болған жасың бар. Темір ноқта кигізіп, шөктіргелі тұрған қолы қатты қасың бар. Ақ патсаның құлысың. Уа, ұлы емес, құлысың деп тұр, міне! Соны көріп, осы қазақ баласының қара өзегін қақ жарған жалынды арман бар. Елдігің, бірлігің, жілігің кеткен заманда, етек-жеңін түрініп, екіленіп шыққан ерді көксейсің. Қиялай қиқу шыққанда қаңтарыла кететін омыраулы басшыға құштарсың. Жоқ па сондай тәуекел қып, тас жұтып жүрген қазақтың қамқоры?.. Кешегі Исатай, арысы Абылай, берісі сол Қасымның ұясынан ұшқан жез қанат балапаны мінекей. Алыстан тоят тіленіп, қасқарып ұшқан қырандарың осылар. Ел боламын, сілкінемін десеңдер, екі тізгін, бір шылбырды қолына беретін иең келді. Бұрынғы басшының барлығын байқамай қапы өткізсең, ендігі жалғыз келген осылар. Осыдан соң басшы жоқ. Алдыңғының сарқыны осы Кене. Бұдан айрылсаң, кейінгі заман бойыңды жазғызбайды. Тас түйіндей бірік те, жолына тілеуіңді қосып, осы ақ тілеудің үстінде, осы жиын, мына Кенені хан сайла. Осындағы игі жақсының байлауы сол. Не айтасың, ел?» - деп салауат жариялап, сауын айтып, сауалын қойып, сақасын таңдап, бата беріп, ақ киізге салып хан көтерді.

Бұл жай үгіт-насихат емес, тарихи шындық. Бесіктің бұзылуы емес, түзелуге бет алғаны. Демек Кенесары халықтың қарғысымен хан сайланған жоқ, алғысымен таққа отырды. Ел – ездікке емес елдікке ұмтылды. Бодандығына намыстанып, бостандығын арман етті. Бұл - тарихтың берген мүмкіндігі. Тарихи мүмкіндік. Ал жазушы үшін тағдырлар тоғысы, тағдыр тартысы, тағдыр шешімі басты аңсар.



Ендігі талқы – тек көркем талқы. Сақна соның көркем толғанысын ғана күтіп тұр. Ал басты тұлғаны шамырқандырар, шиыршық аттырар, ессіз кектендіретін, ессіз тебірендіретін сілкіністі тағдыр оқиғасы бар ма еді? Бар еді. Кенесарының бар ғұмыры тебіреністен тұратын. Абылайдан басталған арманды аңсар - қасіретті трагедияларға толы болатын. Ол оқиғалардың әр қайсысы дербес туындының желісіне толық татитын. Мысалы Машһүр Жүсіп дегдардың:

«Ташкент жұртына қарай барған кезде, Ташкент күшбегі қонаққа шақырып, алдап, Есенгелді деген інісімен, Әлжан деген баласымен, – бәрін қырық-елу шақты жолдасымен шаһит қылды. Ол уақытта Кенесары, Наурызбай Түркістан шаһарында медреседе оқып жатқан бала күні еді. Бопай ханым дейтұғын апалары барып, медреседе жатқан екі інісін алып қайтып, қайта Сарыарқаға келіп, Қуандық, Сүйіндік деген елдің шетінен жырмалап, азын-аулақ елді қолына түсіріп алды?» - деп қысқаша түйіп берген түсініктерінің астарында қыршынынан қиылған тағдырдың табы жатыр. «Қызыл сұңқар» Сәкен Сейфуллин бұл оқиғаның қанатын кеңейтіп:

«Біріншіден мен былай деп ойлаймын: кешегі қазақ тарихындағы Кенесары – Наурызбай, олардың әкесі Қасым төре, Исатай, Махамбет, Есет, Бекет батыр («Айман–Шолпандағы» Көтібардың балалары) және осылардай тарихи адамдардың аттары, қазақ елінің патша үкіметіне қарсы және патшаға сүйенген ханға қарсы қозғалыстарымен байланысты. Ал, байланысты болғанда, қазақ елінің еңбекші бұқарасы патша үкіметіне қарсы және оның қолтығының астына кірген кішкене ханға қарсы күрес қылып қозғалса, Қасым төре, оның балалары Кенесары – Наурызбайлар, Исатай–Махамбеттер, Есет, Бекет батырлар сол қозғалысты пайдаланбақ болған қазақтың ақ сүйек тобының «әлі мықтымын» деген көсемдері. Бұлар сол қозғалыстарды пайдаланып, ескі хандықты, ескі бишілдікті жандандырып хан болмақ, би болмақ болған адамдар. Ал патша үкіметі қазақ билер табының мұндайларын бір жағынан қудаласа, екінші жағынан өзіне тартып таяныш қылған. Қысқасы, қазақтың қалың еңбекші бұқарасының тілегі мен Қасым төре, оның балалары Кенесары–Наурызбай, Исатай–Махамбет, Есет, Бекет батырлардың тілектері екі басқа еді. Бірақ, ол заманда қазақтың көп жерлерінде басқа ірі көсемдер шыға қоймаған соң, шын халық көсемдері шыға қоймаған соң, қозғалған қалың еңбекші бұқараның бірсыпырасы бұларды бір кезде аз уақыт бастық қылған. Бастық қылып патша үкіметінің созған темір тырнақтарының шеңгеліне қарсы біраз шабуыл жасаған. Бұларды бастық қылғанда, патша үкіметіне бағынбауға қозғалған елге бұлардың өздері барып қосылып, әлгі айтқандай сол қозғалысты пайдаланбақ болған.

Бұларды дәлелдейтін тарихи мағұлматтар аз емес. Сол тарихи мағұлматтардың дәлелдеуінше, жаңа елдің сол заманды білетін қарияларының айтуынша Абылай хан 1871 жылы өлген соң оның Уәли деген баласы (белгілі Шоқан Уәлихановтың әкесі) патша үкіметімен байланыс жасап, патшаға бағынып хан болады.

Орта жүз қазақтары (Ақмола, Семей, Торғай қазақтары) Уәлиге бағынбай Абылайдың Ғұбайдулла деген баласын хан қылады. Ғұбайдулла патшаға бағынбай 10 шақты жылдай хан болып, өледі. Бұл өлген соң Уәли тағы патша үкіметінің күшімен хан болады. Абылайдың 30 ұлының көпшілігі Уәлимен бірге патшаның қолтығына кіреді. Көкшетауға патшаның әскерін әкеліп бекініс қалалар салдырып, бекіндіре бастайды. Көкшетау, Ақмола жерлеріндегі қалың қазақ бұған қарсы көтеріліс жасайды. Патша әскері мылтық жұмсайды. Көкшетау, Ақмоладағы Керей, Уақ деген рулар және Ақмоладағы Арғынның Алтай, Тоқа (Қарпық) деген елдері көтеріліп патша әскерімен соғысып, Көкшетау, Ақмола жерлерін тастап, Оңтүстікке, Шуға, Қаратауға қарай жөнеледі. Міне, сол қалың қазаққа Абылай ханның 30 ұлының кішісі Қасым төре балалары мен өздері келіп қосылып, бұлар да бірге кетеді. Бұл қазақтар Шу бойында, Қаратаудың теріскей жағына орнайды. Сол арада Қасым хан сайланды.

Сонда Қасым төренің қасында қыздарынан басқа 7 ұлы болады. Олар үлкен қатыннан 1. Саржан, 2. Есенгелді, 3.Ағатай, 4. Бопы, 5. Көшек, 6. Кенесары, кіші қатыннан: 7. Наурызбай. Патша шеңгеліне қарсы көтеріліп жиылған халықтың көпшілігі аздан соң Қасым ханды тастап, өз беттерімен әрекет қылып кетеді.

Кешікпей, Қасымның үлкен балалары Саржан мен Есенгелді, сол замандағы Қоқан-өзбек үкіметінің беглер бегімен сөйлесіп көмек сұрауға Түркістан қаласына барғанда беглер бегі Саржан мен Есенгелдіні өлтіреді. Содан кейін Ақымет Иассауи әулиенің басына зиярат қылам деп Түркістанға барған Қасым ханның өзін де Қоқанның ұлықтары өлтіреді. Қасымды өлтіріп, Қарнақ деген қыстақтағы Қасымханның ордасына әскер жіберіп Кенесарыны, Саржанның, Есенгелдінің қатын-балаларын тұтқынға алдырып конвоймен Ташкенге жібереді. Кенесары бір жылдай Ташкенде Қоқан ханының ұлы бегінің әмірінде зынданда жатып, Қоқанның ханы Мәдәли ханның бұйрығымен босанады. Босанғанда, қазақты Қоқан хандығына қаратам, елден алым (зекет) жинап берем деп уәде беріп, Қоқан ханынан 100 солдат (әскер жасауыл) алып Шу бойына, қазақ арасына кетеді. Сол арада әлгі Қоқанның 100 салдатын өлтіріп. Ұлытаудағы ауылдарын алып Торғай жағына көшіп барады.

Меп бұл әңгімелерді «Хан Кене» туралы белгілі тарихи мағұлматтардың шеттері шығып тұрсын деп жазып отырмын. Ал Қасым ханнан кейін оның балалары Кенесары–Наурызбайды аз уақыт бастық қылған қазақтар, әр тұстан қазақ ішіне кіріп келе жатқан патша әскерлеріне қарсы талай шабуылдар жасаған».- деп тамырлап таратты.

Иә, жоғарыдағылардың барлығы Кенесары мен Наурызбайдың жеке басының ғана тағдыры ма еді? Жоқ, одан да сорақы «астары бар екен». Сөйтсек, аға-бауырын тура мағынасында бауыздап өлтірген Ташкент, Бұқара, Хиуа хандығы хан Кененің «ағылшын агенттігіне қызмет ететін ұясы» екен-мыс. Бұл оқиғаға қырыс мінезді, қырын пікірлі бірмойын ғалым емес, мұқым бір мелекеттің идеологиясын белгілеп беріп отырған тарих истиутындағы талқы кезінде басыр «оқымыстылар»:



«Бекмаханов мәселені ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Орта Азия мен Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдайға байланыстырмай, бөлек алып қарайды. Бұл мынадан көрінеді: кітапта Кенесарының Россияға қарсы күресіне ортаазиялық хандардың (Қоқанның, Бұхараның, Хиуаның) ерекше мүдделі екендігі, ортаазиялық хандардың саясаты өз алдына Қазақстанның Россияға қосылуын кідірту сияқты негізгі міндет қойғаны, мұның өзі ағылшын отаршыларының мүдделеріне толық сәйкес келгендігі мүлдем айтылмайды.

В.И.Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында, бұдан кейінгі уақытта да, Англияның «бүкіл дүние жүзінің мастерскойының шикі материалдармен айырбас ретінде оны жабдықтап отыруға тиісті барлық елдерге фабрикаттар жеткізушінің ролін дәмеленіп талап етіп келгенін» көрсеткен болатын. Ағылшын отаршыларының дүниежүзілік үстемдікке, Шығыс халықтарын құл етуге осылай ұмтылуы Орта Азия мен Қазақстанды және оларға жапсарлас аудандарды барлаудың саяси сыпаты бар сансыз көп экспедицияларында айқын көрінді. Мәселен, 1925 жылы ағылшын шпиондары Муркрофт және Требек Бұхарда болған, 1833 жылы - Бернс, 1836 жылы – Берис, Вуд және Лич Амударияға дейін жеткен, 1842 жылы – Стоддарт және Конноли Бұхараға еніп кеткен. Осы жылдары ағылшын агенттері Хиуа мен Қоқанда аз болған жоқ.

Ағылшындар Кабулда, Гератта және Кандағарда резиденттер (өкілдер) ұстаған, олардың Орта Азия мен Қазақстанда толып жатқан шпиондық орындары болған. Ортаазиялық хандар шын мәнісінде ағылшын отаршыларының тура агенттері болды. Ағылшын отаршылары Россияға қарсы күресу үшін хандарды қару-жарақпен, оқ-дәрімен және ақшамен жабдықтап отырды. Хиуаның ханы өзін «Хорезмнің ұлы шахы» деп жариялап, Орта Азия мен Қазақстан халықтарын бағындыруға тырысты, мұның өзі оның тасасындағы Англияның пайдасы үшін істеленген еді.

Бұл кезде Кенесары не істеді? Ол Хиуадан қару-жарақ алды. Қару-жарақ, әрине, ағылшындікі. Ол Хиуаға сыйлық ретінде орыс тұтқындарын жіберіп отырды. Хиуаның базарларында оларды құлдыққа, қазақ қыздарын күңдікке сатты, еңбекші қазақ халқынан тартып алған малдарды сатты. Бұл фактілер Кенесарының Хиуа ханы жөнінде және оны жақтаған ағылшындар жөнінде көзқарасының қандай екендігін жеткілікті мөлшерде айқын көрсетеді.

Ортаазиялық хандар арқылы буржуазиялық саясатын жүзеге асырмақ болған ағылшын отаршыларына қазақ халқының көзқарасы мүлдем басқаша болды. Бұл жөнінде мынадай мысалға ғана сүйену де жеткілікті. 1840 жылы ағылшын резиденті Аббот қарулы отрядымен Адай уезінде пайда болған кезде, оның қолынан Хиуа ханы алған бұйрықта хан: адайлық қазақтар оның өз өкілі – Абботқа бағынсын - деп көрсеткен кезде, адайлық қазақтар Абботқа шабуыл жасап, оның отрядын талқандап жіберген. Бұл факті еңбекші қазақ бұқарасының Қазақстанды Россияға қосу мәселесіне, ағылшындардың Қазақстанды басып алу әрекеттеріне қалай қарағандығын сипаттамай ма? Адал ниетпен зерттеген кісілер мұндай фактілердің талайын таба алады.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдайды талдағанда ағылшындардың және олардың агенттері – ортаазиялық хандардың нағыз реакциялық басқыншылық өрескел жоспарлары қандай екендігі, ағылшын капитализмінің саясаты орта Азия мен Қазақстанның халықтарына не әкелетіндігі айқын көрінеді. Бұл талдау сол уақыттың өзінде-ақ Россия мен Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени байланыстары қаншалықты күшті және баянды екендігін, Қазақстанды Россияға қосудың тарихи маңызы қаншалақты терең прогресшіл екендігін көрсетеді. Әрине, мынадай факті тегін емес. 1846 жылы, Кенесары тонаушылық, зорлық істерін жүргізе беру үшін ұлы жүзге көшіп барып, қырғыз халқына шабуыл даярлаған кездің өзінде, Ұлы жүздің қазақтары Россияның қол астында болуды ықтыярмен қабылдаған болатын»- деп пайым жасапты.

Қайталап айтамыз, бірге туған қырықтан астам аға-бауырын бір түнде бауыздап тастаған хандыққа Кене не іздеп барады, қай намысы тасып «шпиондық етеді»? Қайта кегі қайнап, өз бармағын өзі шайнады. Оған ерген халықтың да қабақтары қатулы, ажарлары ашулы, талайы тарылыңқы, шекелері шытыныңқы, қимылдары шалт та ширақ, киімдері ықшам келді. «Кенесары өзіне қарасты рулардың арасындағы барымта мен жайылым


үшін болатын жанжалдарды мүмкіндігінше болдырмауға тырысты» (Е.Бекмаханов). Кенесары сөйтіп бая-шая болып жүріп:

«Кіші жүздің бергі шеті Бес Жаппас, төрт Шөмекеймен жау болып, Обаған, Тобылдан барып Алтыбас, Қыпшақ Балқожа, Ханқожаның елін шауып, талап, Есіл, Нұра бойында Қоңырқұлжа төремен жау болып, Қаратаудың қақ түбіндегі Созақты шауып Отыншы, Сушы деген түбі қырғыз екі бегін өлтіріп, ойда орыс, қырда қазақпен өш болып жүріп, сегіз жыл үргін-сүргін жүріспен хандық қылып, ақырында, Алатаудағы қырғыз Әтеке Жырықтың ұрпағы Жанғараш, Жантай қолында шаһитлық дәрежесін тапты» - емес пе?!.

Қағаз кемірген тарихшылардан көрі шиырыла, ызасын ішіне тарта сөйлеген дала данышпаны Мәшһүр Жүсіптің сөзі әлдеқайда ұғымға сиымды да өтімді. Ол хан Кенеге кектеніп емес, оның кеудесіндегі қыжылды сөзбен божытып жеткізіп тұр. Шындығында да бая-шая болмағанда несі қалып еді оның?

С. Сейфуллин: «Мысалы, Ырғыз, Торғай бойларына кірген, Ақмола, Баян, Қарқаралы жерлеріне кірген патша әскерлеріне қарсы шабуылдар жасаған. Сол жылдарда патша әскері бекініс қылып Ырғыз бен Торғай қалаларын салған (1845-ші жылында). Ақмола, Ақтау, Қарқаралы, Баян қалалары да сол жылдарда салынған патша әскерінің бекініс қалалары (Ақтау қаласын кейін тастап кеткен). Және көтеріліс қылып жүрген қазақтар патша әскерлері салған сол бекініс, қорғанды, орлы қалаларының бірнешесіне шабуылдар жасаған.



Мысалы, осы күнгі Қарағанды облысына қараған жерлерде сол заманда патша әскерлері салған әлгі Ақтау қаласын шапқан. Ақтау қаласының қазір орны жатыр, тас қорғаны, тастан салынған үйлері, қазған терең орлары әлі де бар. Патша заманында салынған Ақмола облысының қартасында сол Ақтау қаласының орны «бұрынғы әскер бекінісі» деп жазылатын еді. Орысша: «Быв. Актав. военное укрепление». Сонсоң Ақмола қаласына шабуыл жасаған. Бұл қаланың ішінде де соғысқан. Содан келіп қала бұрынғы орнынан көшіп 25 шақырымдай жерге барып қайтадан қала салып бекінген. Ақмоланың кәзіргі орны сол екінші орны. Бұл екінші орынға орнаған Ақмолаға тағы да шабуыл жасап, қаланың ішінде соғыс болған. Соғыста, қазақтардан Басықара деген шабымпаз батыр оққа ұшып өлген. Басықараның өлігін қазақтар қалада патша әскерінің қолында қалдырмай тартып алып шығып қаланың сыртында Көкбел деген жерге қойған. Мола соңғы жылдарға шейін де бар еді.

Сүйтіп, жаңа Көкшетауға шабуыл жасаған. Көкшетауда патша әскер бастықтарымен байланысты бірнеше төрелердің ауылдарын шапқан. Жалпы осы шабуларда, патша үкіметінің қолтығына кірген талай ірі би-байлардың (федалдардың) ауылдарына тиіп, малдарын шауып алып жүрген. Мысалы, біздің Алтай, Тоқа деген елде Балта деген ірі би-байдың ауылына тиіп, бір жарым мыңдай жылқысын алып, жылқыда жүрген байдың Шойынбек деген 15-жасар баласын найзалап түсіріп, тұтқындап алып кетіп, бір жарым айдан соң қайтарған. Бұл туралы байдың баласы Шойынбек айтқан сөздерін, Шойынбектің баласы Тәжіктен мен өзім ауызша естідім. Бір аздан соң, бұлармен де тілектері үйлеспейтінін көрген соң, көтерілген қазақтардың көпшілігі бұл бастықтарды да тастап, өз бетімен әрекет қылып кеткен.

Міне, Кенесары–Наурызбайды көрсеткенде, бізге осы тарихи шындықтармен байланыстырып көрсету керек еді. «Хан Кене» пьесесі мұны көрсете алмады. Ал, мұны көрсетпеген күйде, біздің совет театрының бүгінгі мақсатына Кенесары–Наурызбайлардың, тек өз бастарының өмір уақиғаларының керегі шамалы ғой деймін» - деген пікір білдірді.

Әрине, Сәкен Сейфуллин Кенесары көтерілісінің ұлт-азаттық сипатын, олардың қадір-қасиетін, тарихтағы орынын білді. Өзі де қалам тартты. Бірақ мына пікір білдірген тұста отыз екінші жылғы ашаршылыққа өкінген, іші өртенген, кешегі «қызыл тұлпары» көтерем «қызыл ат» болғанын күйіне жырлаған Сәкен Мұхтар екеуінің талант талқысына сына болып қағылған «Қаракөз» бен «Қилы заманның» тұсындағы пікір таласы көлеңкесін түсіргені анық еді. Әйтпесе, құдайға шүкір, басты тұлғасыз, басты тұлғаның басынан кешкен оқиғарынсыз шығарманың жазылмайтынын түйсінетіндей жете мен көркем ой қабілетіне Сәкен толық ие болатын. Сондықтан да Сәкен: Кенесары-Наурызбайды тақырып етіп алу керек пе, жоқ па - деген сұрақ қоймайды, оны мәселе етіп тілге тиек те етпейді. Нағыз көркем шығармаға лайықты тақырып. Ал Мұхтардың талант танымы оны жазбай тапты. Ал тақырыпты таңдаудың өзін жазушының тарихи шығарма жазудағы қателігі деп түсінген кексе қаламгерлер де болды. Мұндай пікірді Кенесары-Наурызбайға өмірлік оппозиционер болған Ғабит те білдірді және архив деректері анықтап отырғанындай, «Хан Кене» төңірегіндегі алғашқы идеологиялық қырағылық танытқан да осы Ғ.Мүсірепов еді. Ол:

«... Қазақ елінің патшамен күресін көрсетуді «Хан Кенеде» неміз бар? Қай дағдарыс?

Мен өз қарабасым патшаға қарсы қозғалысты «Хан Кенеге» телудің қанша орынды екенін біле алмадым. Алдымен патшаға қарсы қозғалыстың арғы дәуірін жаңғыртып Кенесарыға табынуды мақұлдамаймын. Осы тақырыпқа жазылып қалған пьеса болып, сол сөз болып жүрсе, әңгіме басқа. Қолдан соны жаз деп тілек ету де, әмір ету де керек емес. Қазақ елінің патшаға қарсы қозғалысының ең бір мағыналысын алып, оны төңкеріс қозғалысына жалғағымыз келсе (бұл өте керекті) 16-шы жылды алуымыз керек. Өйткені патша отарына қарсы қозғалыстың жоғарырақ сатысы 16-шы жыл. Осыны алып, осы тақырапқа пьеса жаздыруымыз керек. Өйткені 16-шы жылдың қозғалысы созылып келіп Октябрь төңкерісіне қол артты. Мұның төңкерістік мазмұны да күшті. Театрымызды атам заманына сүйремейді. Төңкеріс қозғалысының желісіне жалғанатын 16-шы жыл белгілі бір кезеңіміз. Кенесары Пугачев емес, бола алмайды да...

Екінші, кез-келген пьесаға тарихты түгел тықпалай беру пьесаның заңы емес, құрғақ сөздің заңы. Пьесаның сапасын, мазмұндылығын көтеру, әрі мазмұнын бұлдырлатып жіберетін жалпы сөз. Әсіресе бұл заң емес. Мына жазылып қалған «Хан Кенені» түзеуге жөн сілтемейді. «Хан Кенені» түзет дегенде түгелін түсініп, жазушының өзінің алған оқиғасындағы кемшіліктерін айтып беруіміз керек. Онсыз сын сын болғанмен түзетуге жәрдем бермейді.» - деді. Бұдан кейінгі талдауларына тек осы сыни нысананы желі етті.

Иә, Кенесары – Пугачев емес және өз мемлекетінің патшасына қарсы соғысып жүрген жоқ, өзінің елін жаулап алушыға қарсы ұлт-азаттық көтеріліс ұйымдастырып тұр ғой. Соныме қатар ол белгілі бір тұрғыдан алғанда өз елінің ішіндегі отаршылдардың итаршыларымен күрескен азаматтық соғыстың да көсемі. Тақырыпты, ондағы қамтылатын оқиғалардың уақыт мерзімін таңдауда, өмірлік шындықтарды іріктеу, жинақтау жазушының жеке шаруасы. Бұл төңірегіндегі пікірталасқа І. Жансүгіров:



«Орымбектің де, Мұқтардың да пікірлері – әр уақытта пьесенің ескі құрылысын сол күйінде қалдыруға, тек жамау-жасқау ғана қосуға бекіп алғандығы мәлім еді. Бірақ олар жақсы ойын көрсетпек болған. Пьесені қойып алып, арттан жауып қойып қайта қараған ойын күні Орымбек шымылдық алдында: «Пьесенің тарихқа келетін жағын жазушы да, театр да ойлаған жоқ, оны бізден талап ету дұрыс болмайды» деген. Пьесе туралы соңғы бір мәжілісте Мұқтар:«Сынайтын кісі пьесенің осы жазылған күйінде қалай түзетуді көрсетсін. Ал, пьесенің бойында жоқ тарихты, тарихи қозғалысты сөз қылғандар сынаған болмайды» - деген. Міне, бұл Орымбектің де, Мұқтардың да түпкі пікірі осы еді.

Бұл пікір жай қата ғана пікір емес, сарыны жат пікірге тартатын қатты қата пікір еді. Неге? – деуге: білерлік адамның бәріне белгілі көркем шығарма – өмірді танудың құралы, тарихтың тап тартысының қаруы, айнасы, образы, қорытындысы, мекенсіз, замансыз, тарихсыз шығарманың құны жоқ. Ал, Кене ханның заманы патша орталығына қарсы, онымен бірге хандыққа қарсы көпшіліктің қозғалысы қаулаған заман. Бұл сол замандағы Энгельс айтқан үлгілі жағдайы (типическое обстоятельство) еді. Орыс патшалығы барлық әдіспен қырдағы хандықты құлатып, сұлтандық саясат жүргізді. Төрелердің өз арасына от түсіп үстемдікке, билікке таласты. Разысы патшадан шен алды, наразысы орысқа қарсы болып, көпшіліктің көңілін тауып, қозғалысын пайдаланбақ болды. Сондағы арманы – қара бұқараның үстінен хандық құру еді. Міне, тарихтағы Кене хан осының анық үлгісі болатын. Энгельс айтқан «үлгілі образ» (типический образ) – осы Хан Кене. Сол тарихи «үлгілі жағдайдағы үлгілі образды» тарихтан тудырып көркем көрсету – социалдық реализм қолданатын кеңес жазушыларының әдісі. Біз «Кене ханнан» бүгін осыны талап ететін едік. Тарихтан тудырып, шындыққа бөлеп, дұрыс көрсетпесе Хан Кененің керегі шамалы. Тарихтан жалаңаш, қозғалыстан аулақ Хан Кене бізді онша қызықтырмайды. Сондықтан «Хан Кенеден» тарих дәметугс болмайды дейтін Орымбек пен Мұқтардыкі дұрысқа жатпайды. Ол үлкен уақиғаны ойынға санағандық. Тарихқа түкіргендік. Егер бір сөздерінде Санжар менен Ғабит екеуі де: «Хан Кенені» патша орталығына қарсы қозғалысқа соқпай-ақ ханның құлауын көрсетуге болады» - дегендерін жақтайтын болса, бұл жолдастар да адасады. Онда Мұқтар мен Орымбектің негізгі пікіріне қол қойған болады» - деген пікір білдіріп, Кенесарыны тарихи кейіпкер етіп алуға социалистік реализмнің мүмкіндік жасайтынын айтты.

Демек, тарихи тұлғаның сақнаға шығуы заңды. Ендігі мәселе - оның жеке басындағы қайшылықтар да еді. Ал ондай қайшылықтар Кенесарының бір басында да, жауынгерлерінде де жеткілікті болатын. Көшпелі өмір мен жаугершілік өмір қалыптастырған дала заңдары мен дәстүрлерінен келіп туындайтын қақтығыстар мен тіршілік тартысының өзі де кейде түйіліп, кейде шешіліп, кейде ушығып кетіп жататын.

Қозғалыс – олардың өмір сүру тәсілі еді. Барымта, талау деген ұғымдардың өзі де көркем шығармада кек, олжа деп жайдақталып, не түйдектеліп баяндалатын себепті желілер ғана. Өйткені, жорық жағдайында өмір сүрген жауынгерлер «қызыл қарын бала-шағаны» асырай жүріп, тіршілік тауқыметін де басынан кешті. Махаббат ғадауатына да жолықты. Бұқарбай батырдың:

«Бұл кезде біз, Кенесары батырлары күні-түні ат үстінде жүріп, Қоқанмен күресіп, Созақ, Түркістан, Ақмешіт қамалдарын қоршауға алған болатынбыз. Сырдарияның оң жақ бөлігінде, Шу өзені бойындағы қыпшақ ауылдарында жүрген кезімізде, қыпшақ байының Құраш деген сұлу қызына көзіміз түсті. Мен, Ағыбай және Наурызбай үшеуміз де қызға ғашық болып қалдық. Қыздың әкесіне: «Қызыңды кімге бересің?» - дегенімізде, ол: «Қалың малсыз ешкімге де бермеймін және де сендер бүгін мұнда, ертең анда жүретін қаңғыбассыңдар» - деді. Сонда біз ашуланып: «Оны күшпен тартып алып, малын шауып алайық» - деп Кенесарыдан рұқсат сұрадық. Кенесары бізге қарап: «Сендерге қыз керек пе, халық керек пе? Алыстағы дұшпанды жеңбей тұрып, біздің қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойладыңдар ма? Егер сендерге қалыңдық керек болса, барыңдар да Созақтан алындар, сөйтіп өзбектің қыздарына үйленіңдер, ал өзіміздің адамдарды тонауға рұқсат бермеймін» деді»- деген естелігінен қанды да шаңды жорықтың ішкі қозғалысында да өмірлік тартыстардың өтіп жатқанын аңғартады.

Мұның барлығы көркем шығармаға қажетті көркем шиыртпалар болатын. Ал Кенесарының хан Кенеге айналуы заңды әдеби таңдау болатын. Енді көркем әдебиеттің тарихи шығармаға қойылатын басты талаптарының бірі бойынша оның образын сомдау үшін Кенесарының портретін барынша дәл түсіруі тиіс, яғни, он екі мүшесінің аман-саулығы, кемдігінің бар-жоқтығы, сақал-мұрт қойған-қоймағандығы, көз жанарының аясының амандығы нақтылануы қажет. Мұндай мүмкіндік те Мұхтарда болды. Б.Салтабаевтің суреттеуінше:



«Кене-хан ашаң, орта бойлы, жуан мойынды еді. Оның жүзі қара торы, тартымды, көздері жалтылдаған бүркіттікіндей қызыл және танауы делдиіңкіреген еді. Кішірек мұрты және қалың, сына тәріздес, сарықоңыр сақалы бар. Ол аз сөйлейтін және өзін қаталдау, еркін, үлкен бір бекзаттықпен ұстайды. Ол басына құндыз терісімен көмкерілген кішігірім тері тымақ киеді. Киімдерінің үстінен түйе жүннен тоқылған сұр шекпен жамылып, оның ішінен кәмшат терісінен тігілген тон киеді. Жейдесі мен шалбары ақ матадан қолдан тоқылған екен».

Түр-тұлғасына сай өжет те батыл, шешімді, зерек, әскери қабілеті жоғары, ұйымдастыра білетін қабілетке де ие. Көз-көргендер мен әскери барлаушылардың мәліметіне сүйенген Н.Н.Середа:



«Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеуші бола білді. Оның жасағының рухының жоғарылығына европалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызғана қарайтындай еді. Шабуыл кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала дауылы сияқты, Кенесары алдында қандай кедергі болса да тоқтамайтын. Қайта қандай да бір кедергі болмасын оның еркін өрлендіре түсіп, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен барлық тосқауылдар, оның топан суындай қуатының алдында күйремейінше, оны екпіндетіп, өз ісінде өжеттендіре түсетін. Кенесарының бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары санайтын және оның серіктерінің жүректері өз қолбасшыларына шексіз, жанқиярлық сенмімен соғатын» - деп баға беруіне қарағанда қазақ елінің оны өзіне хан сайлауы да заңды тілек еді .

Сол тілектің куәсі болған «жағалбайлы – Көлібай Бұқанов:



«Кенесары мені аса ілтипатпен қабылдады, оның 40 үйден құралған ауылы бар. Бірақ оған жан-жақтан қазақтар ағылып келіп жатты, оның ішінде жаппастар, шөмекейлер, төртқаралар, шектілер бар. Қазақтар сұлтан Кенесарыны барлық рулардың ханы етіп сайлау туралы кеңес өткізді. Ордаға жиналғандардың сөзіне қарағанда, олар өзара ымыраға келіп, Кенесарыны хан сайлауға келісіп отыр екен» - деп жансыз хабар берген. Кенесарының іс-әрекетін бақылап отырған өкімет орындары өздерінің жансыздары мен билеуші сұлтандары арқылы көтерілісшілердің арасына ірікті салып, рулық араздықты қоздырып, олардың бір мемлекетке бірігуіне мүмкіндік бермеуге тырысып-ақ бақты. Соған қарамастан «қыркүйекте Кенесары хан атағын алып, Сібір мекемесіндегі қазақ болыстарына өз атынан жарлық жібере» бастаған. Шынында да, 1841 жылдың қыркүйек айында қазақ руларының өкілдері ата дәстүр салтымен Кенесарыны ақ киізге көтеріп, хан сайлады.Бұл заңды оқиға болды» - деп жазды тарихшы Е.Бекмаханов.

Хандыққа көтеру – жай ғана тарихи шындық емес, ол көркем шындық та. Ол - капиталистік қоғам мен көшпелі қоғамның, ел мен жердің, отарлау мен азаттықтың, икон мен иманның, шаһиттер мен жаһилдердің, ерлер мен ездердің, жар мен күңнің, ұл мен қыздың, көп пен дүрмектің, ар мен сатқындықтың коллизиясы. Жазушыға бұдан артық тақырып болмайды. Көркем шындық пен көркем ойдың шексіз мүмкіндігіне жол ашады. Ұлттық көркем идея деген де осы. Ендеше неге тасырқап, тосырқап, тосылып қалуы тиіс. Бұл шын жазушы қалыс қалатын тақырып емес. Ендеше:



«Барша ресейлік ұлық падиша ағзам император хазратларына!

Бұрын бүкіл қазақ халқын билеген Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлынан ғарызнама.

Сіздің ағзам хазиратларыңызға мағлұм қыламыз: чунки сіздің аталарыңыз бен біздің бабамыз хан Абылай тұсында біздің халық ортасында ешбір тынышсыздық, қайғы болған жоқ еді. Халқымыз әрқашан тыныштықта, бейбітшілікте күнелткен еді. Біздің екі патшалық арасында үздіксіз сауда-саттық болып тұрған еді. Ешкімге ешкім жәбірлік те еткен жоқ еді. Біздің халық ешбір алым-салық төлеген жоқ еді. Енді соңғы уақыттарда ахуал басқаға айналды: чүнки біздің халқымызға алым-салық төлетіп, оларды әртүрлі жәбірлікпен қыспаққа сала бастады. Сіздің қоластыңыздағы төменгі хакімдер бұрынғы татулықты бұзып,

1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет