«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру»



жүктеу 117.65 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі117.65 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) стандартын әзірлейтін мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2. Мемлекеттiк қызметті «ҚазАгрЭкс» акционерлiк қоғамы және оның филиалдары (бұдан әрi – сараптамалық ұйым) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:

шиттi мақта сапасы куәлiгiн (бұдан әрі – куәлік) беру – бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезінде кезек күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: қағаз түрінде.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз тасығыштағы куәлiк болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет ақысыз түрде көрсетiледi.

8. Құжаттарды қабылдау почта арқылы немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы мыналарды:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжатты;

дара кәсiпкер үшiн – дара кәсiпкерлікті мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi;

заңды тұлға үшін – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiкті* немесе анықтаманы;

уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш берген кезде өкілдікетуге куәландыратын құжатты ұсынады.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының өтiнiмiн тiркегеннен кейiн сараптамалық ұйымның маманы көрсетілетін қызметті алушының не оның өкiлiнiң және мақта өндеу ұйымы өкiлiнiң қатысуымен шиттi мақта сынамаларын iрiктеудi жүргiзедi. Сынамаларды iрiктеу нысанын сараптамалық ұйым бекiтетiн сынамаларды iрiктеу актiсiмен ресiмделедi.


      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiм бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурстарынан немесе сараптамалық ұйымның кеңселерiнде осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша алуға болады.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiм осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан сараптамалық ұйымның кеңселерiне тапсырылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға:

өтiнiмдi қабылдау нөмiрiн және күнiн;

сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;

қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;

мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;

көрсетілетін қызметті алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, өтiнiмдi қабылдау туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлеттiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде берiледi.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiздер жоқ.

3. Мемлекеттік қызметке шағымдану тәртібі
11. Сараптамалық ұйымның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларда орналасқан сараптамалық ұйымның заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген немесе сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті сараптамалық ұйым басшысының атына көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:



  1. осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша сараптамалық ұйымның кеңсесіне;

  2. осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті сараптамалық ұйымның интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Шағым шағымда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына беріледі.



Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш білдіру себептері және талаптары көрсетіледі.

13. Шағым сараптамалық ұйымның кеңсесіне берілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру – шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті сараптамалық ұйымның кеңсесіндегі лауазымды тұлғалардан алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қол жетімді болады.



Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

4. Өзге талаптар
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурстарында орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефондары бойынша алуға болады.

15. Көрсетілетін қызметті алушы қосымша ақпаратты сараптамалық ұйымның кеңсесінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz және сараптамалық ұйымның www.kazagrex.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру»


мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша

«ҚазАгрЭкс» акционерлiк қоғамының және оның филиалдарының мекенжайлары


Рет№

Сараптамалық ұйымның атауы

Орналасқан жерінің мекенжайы, жұмыс кестесі

Байланыс деректері

Интернет- ресурс

1

2

3

4

5

1.

«ҚазАгрЭкс» акционерлiк қоғамы

Астана қаласы, Республика даңғылы, 64/3

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7172) 397647

электрондық пошта:

kazagrexastana@ rambler.ru


www.kazagrex.kz

2.

Алматы облыстық филиалы

Талдықорған қаласы, Балпық би көшесi, 84

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7282) 270185

электрондық пошта:

kaealmata@ mail.ru






3.

Актөбе облыстық филиалы

Ақтөбе қаласы, Заводская көшесi, 21

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7132) 213613

электрондық пошта:

aktubagreks@ mail.ru






4.

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Өскемен қаласы, Ушанов көшесi, 27

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7232) 260891

электрондық пошта:

vostokagrex@ mail.kz






5.

Жамбыл облыстық филиалы

Тараз қаласы, Абай көшесi, 164

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7262) 462662

электрондық пошта:

tarazagr@ mail.ru






6.

Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Орал қаласы, Толстой көшесi, 48

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7112) 505629

электрондық пошта:

Kazagrex_Oral@mail.kz






7.

Қарағанды облыстық филиалы

Қарағанды қаласы, Резник көшесi, 14а

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7212) 512051

электрондық пошта:

kazagr_krg@ mail.ru






8.

Қостанай облыстық филиалы

Қостанай қаласы, Дулатов көшесi, 68а

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7142) 540769

электрондық пошта:

ExpertK@ mail.ru






9.

Қызылорда облыстық филиалы

Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесi, 42-32

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7242) 271712

электрондық пошта:

kzilorda_intern@mail.ru






10.

Павлодар облыстық филиалы

Павлодар қаласы, Победа алаңы, 17

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7182) 321794

электрондық пошта:

kazagrex@ yandex.ru






11.

Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

Петропавловск қаласы, Ульянов көшесi, 59

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7152) 531666

электрондық пошта:

SKF_KazAgr@ mail.kz






12.

Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

Шымкент қаласы, Майлы қожа көшесi, 203

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері



телефон:

8 (7252) 577741

электрондық пошта:

Nadya91@ mail.ru





____________________________


«Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру»


мемлекеттiк қызмет стандартына 
2-қосымша

20___ жылғы «___» ________________



Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзуге
№ _____ өтiнiм

____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Мекенжайы __________________________________________________________


Телефон, факс _______________________________________________________
__________________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтауда тұрған

               (атауы)

____________________________________________________________ арналған

                    (мақсаты көрсетiледi)

массасы _______________________________________________________ тонна

                       (жазбаша түрде)

шиттi мақта партиясының сапасына сараптама жүргiзудi сұраймын.

Сынақтар мынадай сынақ көрсеткiштерi мен әдiстерi бойынша


жүргiзiледi:

___________________  ______________________________  ________________

(көрсеткiш атауы)   (стандарттың нөмiрi және күнi)       (норма)
___________________     _____________________________________________
       (қолы)                             (Т.А.Ә.)
М.О. (заңды тұлға үшiн)
Сараптамалық ұйымның _______________________________________________
_____________________________________ маманына орындау үшiн жолданды.
             (Т.А.Ә.)

Орындалуы туралы белгi: _____________________________________________



__________________________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет