Шөже Қаржаубайұлы



жүктеу 25.8 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі25.8 Kb.
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданның жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудын салдарынан зағип болып калған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философия көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. [1] Өзінің асқан шешендігімен, суырыпсалма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді козғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шоңжарлардың екі жүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. [2]

Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды. [3]


Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.

Атым Шөже, баласы Қаржаубайдың

Үйде жарлы болсам да,түзде баймын.

Асығымнан алтынға бөлесеңде,

Дүние жүзін көрмеген сор маңдаймын,-

деуіне қарағанда, ақын – өзінің дүниені өз көзімен көрмеген соқырлығына назалы. Ол барынша батыл сөйлеп, ешкімнің бет-ажарына бақ-дәулетіне қарамай , тайсалмай,әркімнің мінін бетіне баса ашық айтқан. Шөже айтыстары өзінің өткірлігімен де, шынайлығымен де, сыншылдығымен де көзге түседі. Бізге оның Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тазбала және Қыз ақындармен айтысқан. Шөже Балта ақынмен айтысқанда оны ұрысың, соларға қосылған арам, жемқорсыңдар деп айыптайды. Бұл айыпты Балта теріске шығара алмайды. Балта арқа сүйеген парақор би болыстар қатты сыналады. Олардың ішінде Шөженің Жолшора қазы мен Алшынбай шонжарға айтқан сындары өте өткір.

Жолшора өзің қазы, әкең Анай,

Бұрып сөйлеп, параны жедің жалай.

Алдында жеті тамық, сегіз жұмақ,

Қайсысына кіруің екі талай

Қажылықпен дүниеде жедің пара,

Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай!- дейді. Балтаның «Ит соқыр» деп айыптаған дөрекі сөздеріне де ақын бұлтарыссыз батыл жауап береді. Балта елінің аға сұлтаны Құнанбайдың да соқыр екенін айтып, мықты болсаң содан құтыл дейді.

Жалғыз соқыр халқына тиышсыз болса,



Құтылсаншы мына отырған Құнанбайдан.

Шөже Балтаны жеңгенде оның парақорларды, ұры-қарыларға бет қаратпайды. Сен ұрысың, олар парақор – бәрінің пиылғымен бір деп оларды қоса айыптайды.
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет