Шоманова ботагоз алтынбековна



жүктеу 386.64 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі386.64 Kb.
ӘОЖ 332.33:338.436.33 Қолжазба құқығында

ШОМАНОВА БОТАГОЗ АЛТЫНБЕКОВНА
Электрэнергетикалық кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын бағалау

(Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)

6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты


Кызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды


Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының кандидаты

Ж.Н.Ерниязова
Ресми оппонент экономика ғылымдарының

докторы, профессор Р.Қ.Сатова

Диссертацияны қорғау 2012 ж. ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. ( бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, № 308 дәрісхана)

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)




КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканың діңгегі - энергетика. Еліміздің әлеуметтік ахуалының жақсаруы, экономикасының дамуы - тікелей энергетикалық әлеуеттке байланысты. Қазақстан келесі жылы электр энергетикасына қаржы салуға ең ыңғайлы нарықтың бірі болады. Сондай-ақ қазір Қазақстанда энергетика саласына инвестиция тартумен қатар, қалпына келетін энергия көздерін дамыту ісіне де көп көңіл бөлініп отыр. Еліміздегі энергияның 75 пайызы көмірдің көмегімен, 12 пайыздан астамы газды-мазуттан, 9 пайызы су электр стансалары арқылы өндіріледі. Электр қуатын өндіру ісінде экологиялық жағынан таза технологиялардың үлесі артып отыруына байланысты қалпына келетін энергия көздері 2014 жылға қарай 1 миллиард киловатт сағатты құрауы қажет. Бұл энергия тұтыну көлемінің 1 пайыздан астамы. Ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 3 пайызға жетеді. Қазақстанда 2010 жылдың қорытындылары бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 82 миллиард киловатт сағатты құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард киловатт сағаттан асатын болады. Қазақстанның ұлттық электр торабы (ҰЭТ) электр энергиясының 2020 жылға дейінгі болжамдық теңгеріміне сәйкес 2015 жылы электр энергиясын тұтыну 100,5 млрд киловатт сағатты құрайды, электр энергиясын өндіру - 103,4 млрд киловатт сағат. Сондай-ақ, 2020 жылы электр энергиясын тұтыну - 116 млрд киловатт сағат, электр энергиясын өндіру - 120 млрд киловатт сағат.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әртүрлі 60-тан астам электр стансасы жүзеге асырады.

Ел басының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС – інің бірінші модульнің құрылысы басталатындығын және жеделдетіп іске асырылатындығын ерекше атап өтті [1].

Электр энергиясы кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдында қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімінің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталды және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді. Кәсіпорында қаржылық тұрақтылықты, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу, талдау жолдарын жетілдіру.

Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржылық тұрақтылық жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстанда электр энергетика саласы кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығы проблемаларын жан-жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жұмыстар баршылық. Солардың ішінде А.Кошановтың, Ұ.Ж.Шалболованың, Б.Хисаровтың, Ш.Шокинның, Э.Түркебаевтың, О.Баймұратовтың, Н.Мамыровтың, К.Дүкенбаевтың, А.Әшімовтың, Б.Жапаровтың, Б.Алияровтың, О.Егоровтың, Ә.Әлімбаевтың, А.Түкеновтың, Ж.Давильбекованың, Г.Даукеевтің, А.Жакуповтың, А.Қазыбайқызының және т.б. отандық ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Сөйте тұра, электр энергетика кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығының тиімді жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелер терең зерттелмеген. Осы проблемалардың жеткіліксіз зерттелуі және өзектілігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдап алуға, оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттудің негізгі мақсаты электр энергетика кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржылық тұрақтылығын кешенді түрде талдау негізінде оларды тиімді пайдалану бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер шешу қарастырылады:

- қаржы ресурстарының мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып «қаржылық тұрақтылық» түсінігінің тұжырымын нақтылау;

- кәсіпорында қаржылық тұрақтылықты талдаудың тиімді әдістерін зерттеу;

- Қазақстан Республикасында электр энергетика саласының қазіргі даму жағдайын зерделеу;

- электр энергетика кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайына талдау жасауды қамтамасыз ететін сатистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы келелі түйіндер жасау;

- әдістемелік негіздерді пайдалана отырып электр энергетика кәсіпорынның капиталының оңтайлы құрылымын анықтау;

- кәсіпорын табысын арттыруды перспективалық болжау;

- Қазақстан Республикасында электр энергетика саласын дамытудың басым бағыттарын айқындау.

Зерттеу нысаны ретінде Қызылорда облысының электр энергетикасы саласының кәсіпорыны алынды.

Зерттеу пәні ретінде электр энергетика кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеттілігі қарастырылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін отандық экономист-ғалымдардың электр энергетика нарығының даму мәселелері бойынша еңбектері құрады. Диссертациялық жұмыста ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы, ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттінің ресми статистикалық деректері, қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланған талдамалық материалдары, зерттеліп отырған кәсіпорынның қаржылық есеп мәліметтері пайдаланылды. Диссертациялық жұмыста логикалық, монографиялық, статистикалық–экономикалық және жүйелік әдістер және қаржылық– экономикалық талдау әдістері, экономикалық-математикалық моделдер пайдаланылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі мәселелермен анықталады:

- «қаржылық тұрақтылық» түсінігіне қатысты теориялық дәлелдеулер ұсынылған;

- кәсіпорында қаржылық тұрақтылықты талдаудың негізгі әдістері айқындалған;

- электр энергетика кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметін талдау арқылы қаржылық тұрақтылық факторлары зерттелген;

- қаржылық тұрақтылықты бағалау әдістемесі жетілдіріліп, меншікті және қарыз капиталын бағалаудың тиімді жолдары ұсынылған.

- электр энергетика кәсіпорындағы табысты болжаудың моделі ұсынылған.



Диссертацияның қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдары:

- қаржылық тұрақтылықтың мәні мен маңызы және теориялық негіздері

- қаржылық көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау әдістері;

- электр энергетикасы кәсіпорынның капиталын пайдаланудың оңтайлы жолдары;

- электр энергетикасы кәсіпорынның табыстылығын арттырудың перспективті үлгісі.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы

Зерттеу жұмысы электр энергетика кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын негіздеудің теориялық-әдістемелік негізін жасау. Бұл қаржылық талдау әдістерін оңтайлы қолдану арқылы кәсіпорын тиімділігін арттырады. Зерттеудің әдістемелік қағидалары, қорытындылар мен ұсыныстары электр энергетика кәсіпорынның қаржылық жоспарын және стратегиялық даму жоспарын құрастыруда қолданылды.



Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалған. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,0 шартты баспа табақ 3 ғылыми мақала жарияланды. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері «Қызылорда облыстық электр энергиясын тарату компаниясы» АҚ - да экономика бөлімінде есептік баяндамаларында және іс-шаралар жоспарын жасақтауда пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 95 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 22 кестеден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні мен маңызы және теориялық аспектілері.

Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын бағалау – бұл уақыттық көрсеткіштердің өзгеруінің динамикасын және тенденциясынанықтауға мүмкіндік беретін, басқарушылық, кадрлық және қаржы-экономикалық қызмет қорытындыларын мінездейтін әрекеттер кешені.

Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын бағалау келесілерді шешуді мақсат етіа санайды.

Біріншіден, банкрот болуды мойындау үшін істі озғауда алғы шарттары бар жоқтығы.

Екіншіден, кәсіпорынның меншіктік қатынастардағы міндеттерінің қаншалықты орындалғандығы, анықтырақ: бюджеттің барлық деңгейіндегі салықтарды төлеу бойынша, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдердің бар немес жоқтығы, барлық меншік түрлеріне байланысты қабылданған мемлекеттік деңгейде кәсіпорынды қалыптастырудағы шешімдердің орындалуы.

Үшіншіден, қызметті уақытылы және сапалы орындау үшін айналым құралдарын толтыру үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілік деңгейінің жеткіліктілігін анықтау.

Төртіншіден, тапсырысты өз уақытында орындау үшін, басқару шешімдерді қабылдау негізіне, бухгалтерлік есептің сапасын, толықтығын, дұрыстығын анықтау.

Бесіншіден, кәсіпорынды басқару органдарынң дайындығын, оның қаржы-экономикалық және есептік қызметін оперативті және сауатты түрде нарықтық факторларға әсер ету, бұл соңғы үш жылдың мекеменің қаржы-шаруашылық қызметінің тұрақтылық есебін қолдну арқылы жүргізіледі.

Қысқаша айтсақ, кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын бағалау процесінде нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты қызмет ету мүмкіндігі айқындалады, немес қалыптасу процесіне жататындығы, немесе кәсіпорынның динамикалық өзгеру жағдайларныда жетістіктерге жетуге дайын емсетігі айқындалады.

Тұрақтылықтың әрбір түрінің мазмұнын жеке-жеке 1- сурет бойынша қарастырайық:

- ішкі тұрақтылық - қызмет етудің жоғары нәтижелігін қамтамасыз ететін ұйым жағдайы, яғни өндіріс құрылымы мен қызмет көрсету жағдайы және олардың динамикасы немесе кәсіпорын қызметінің тұрықты жоғары табыстылығын қамтамасыз ететін ұйымның жалпы қаржылық жағдайы. Оған жету негізінде шаруашылық орта өзгерісінен белсенді әсер ету жатыр;

- сыртқы тұрақтылық - мемлекет шегінде сәйкесінше басқару жүйесімен жүзеге асырылатын, ұйым әрекет ететін экономикалық орта тұрақтылығын білдіреді;

- «мұраланған» тұрақтылық - кездейсоқтықтан және сыртқы жағымсыз, тұрақсыз факторлардың шұғыл өзгерісінен сақтап тұратын, бірнеше жылдар аралығында қалыптасқан ұйымның қаржылық тұрақтылығының белгілі бір қорларының болуының нәтижесі;

- жалпы тұрақтылық - инвестициялық жобалардың тиімділігін; материалдық-техникалық қамтамасыз етілу дәрежесін, өндіріс, еңбек, басқаруды ұйымдастыру деңгейін көрсетеді; пайда алуды қамтамасыз ететін және өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік беретін ақша ағымының қозғалысын болжайды;



сыртқы

ішкі

тұрақтылық



жалпы


қаржылық


«мұраланған»

Ескерту – Абрютина М.С. Современные подходы к оценке финансовой устойчивости и платежеспособности компании. // Финансовый менеджмент. -2006. - №6. - С. 14-17.
1сурет - Кәсіпорынның тұрақтылығының түрлері

- қаржылық тұрақтылық - табыстың шығыстан тұрақты жоғарлауын және ұйымның ақша-қаражаттарын еркін қолданылуын қамтамасыз ететін, оларды тиімді қолдану арқылы өндіріс пен өткізу, кеңею мен жаңарудың үздіксіз үрдісіне мүмкіндік беретін ресурстардың жағдайын бейнелейді. Ол меншікті және қарыз капиталының қатынасын, ағымдық, инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесінде меншікті капиталдың жинақталу қарқынын, ұйымның мобилді және иммобилді қаражаттарының қатынасын, меншікті көздермен қорлардың жеткілікті қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады.

Қаржылық талдау келесілерден тұрады:

- бастапқы талдау;

- қаржылық тұрақтылықты бағалау;

- теңдестіктің абсолютті өтімділігін талдау;

- қаржы коэффициентін талдау;

- қаржылық нәтижелерді талдау;

- табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау.

Кәсіпорынның іс - әрекетінің қаржылық нәтижелерін талдау мына бағыттарда жүргізіледі:

- пайда көрсеткіші динамикасын бағалау;

- пайданы бөлудің дәлелдігін талдау;

- пайданың өсу факторларын талдау;

- табыстылық пен іскерлік белсенділікті бағалау.


Кесте 1 – Табыстылық пен іскерлік белсенділіктің негізгі коэффициенттері

Коэффициент

атауы


Нормативтік мәні

Есептеу реті

Сипаттамасы

Автономия

0,5 –

тен артық



МК/А

Коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі артқандығын көрсетеді. Міндеттемелерді орындау кепілдігін арттырады.

Меншікт және айналмалы қаражаттарының арақатынасы

Ең көп

мәні


(МКҰН)/МАК

Коэффициенттің өсуі қарыздық капиталдың оларды жабатын меншікті көздерден артықтығын көрсетеді

Ептілігі




(МАК – А1)/МК

Коэффициент мәнінің жоғарлауы – кәсіпорынның жақсы қаржылық жағдайын көрсетеді

Запастар мен шығындарды меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілуі

1

(МАК – А1)/МК

Коэффициент мәні нормативтен төмен болуы кәсіпорынның қорлары мен қаржысының меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеуін білдіреді

Өтімділік

0,8-1

А3 / (П2-ҰН)

Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысқан жағдайда болжамдық төлемдерін көрсетеді.

Абсолюттік өтімділік

Ең аз мәні 2

ӨЖА/ (П2-ҰН)

Кәсіпорынның жуық арада қандай қысқа мерзімді қарыздарын өтей алатындығын көрсетеді

Төлем қабілеттілік

Ең аз мәні 2 ІӨК>НӨК

Іс жүзінде (А23) / (П2-ҰН), нормативтік (А23-ҰН) / (П2-ҰН)

Кәсіпорынның дебиторлармен дер кезінде есеп айырысып, дайын өнімді табысты түрде сатылған жағдайымен қоса, қажет болса, өзге де айналмалы капитал элементтерінің сату кезіндегі төлем қабілетін сипаттайды

Өндірістік маңызы бар мүліктің нақты құны

Ең аз мәні 0,5

(НК+ӨЗ+АӨ)/А

Коэффициент кәсіпорынның өндірістік маңызы бар мүлкінің нақты құндық үлесін көрсетеді.

Ескерту – Ақпарат көзі : Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы / Алматы: Экономика, 2008. – 792 бет.

Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді де сапалы энергиямен қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілерінің және қосалқы станцияларының жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:

- электр энергиясын өндіру;

- электр энергиясын беру;

- электр энергиясымен жабдықтау;

- электр энергиясын тұтыну;

- электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

Энергия объектілерінің, жекелеген энергия қондырғыларының құрылысы мен іске қосу жөніндегі қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектілері үшін мамандандырылған жөндеу қызметтерін көрсету қызметін құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсіпорындары жүзеге асырады.

Өндіру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшін жаңа тиімді энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларын енгізу проблемасын шешуімен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.

Энергия өндіретін ұйымдар да, электр желілік компаниялар мен тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуаттың көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының мүшелері болып табылады.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

- қызметі электр энергетикасы саласымен тікелей немесе өзге де түрде байланысты болатын барлық ұйымдарға қолдау көрсету;

- электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу.

Электр энергиясының нарығы екі деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бір деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.

ҚР БЭЭЖ-дің жүйелік операторы мынадай негізгі функцияларды орындайды:

- шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-і бойынша электр энергиясын беру жөніндегі жүйелік қызметтерді көрсетеді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалануға әзірлікте ұстауды қамтамасыз етеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдеріне орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;

- ҚР БЭЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді;

- электр энергиясын өндіру-тұтынуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелі қызметтер көрсетеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді жүзеге асырады;

- энергия өндіруші ұйымдар арасындағы қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерінің пайдаланылуын айқындайды;

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы мен жүйелік және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

- қосарлас жұмыс режимдерін басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара әрекет етеді;

- бірыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесін жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерін релелік қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
Кесте 2 – Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының күшті және әлсіз жақтарды, бұл сала үшін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Электр энергетикасы саласының күшті жақтарына мыналар жатады:
- арзан көмірді пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндірудің жоғары үлесі (2009 жылы жалпы өндіріс көлемінің шамамен 74%-ы)
- кернеуі 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр беру желілерінің дамыған схемасы;

- жедел диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі;

- жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетінің болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары);
- Қазақстанның БЭЭЖ-нің Орталық Азияның БЭЖ-мен және Ресейдің БЭЖ-мен қосарлас жұмыс істеуі;

- электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық база жасалды;

- электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің болуы;

- отын-энергетика ресурстарының елеулі қорының болуы.



Электр энергетикасы саласының әлсіз жақтарына:

- өндіруші жабдықтардың парктік ресурсын айтарлықтай ендіру, бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндіру мүмкіндіктерін шектейді (ұлттық маңызы бар ЖЭС қалдық парктік ресурс 18-30 % құрайды);

- гидроэлектр станцияларының өндіруші қуаттар құрылымындағы төмен үлесіне байланысты (12% жуық) ең ұшқары жүктемелерді жабу үшін маневрлі өндіруші қуаттардың тапшылығы;

- өндіруші қуаттар таралуының әркелкілігі (Қазақстанның БЭЭЖ орнатылған қуаттарының 42% Павлодар облысында шоғырланған);

- өңірлік электр желілік компаниялардың электр желілері тозуының жоғары деңгейі (~ 65-70%);

- жаңа электр станцияларын салуды қамтамасыз ететін тетіктің жоқтығы;

- Қазақстанның БЭЭЖ-нен электр байланысының жоқтығына байланысты Қазақстанның БЭЭЖ Батыс аймағының (Батыс Қазақстан, Атырау облыстары) Ресейден жеткізілетін электр энергиясына тәуелділігі жатады.


Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлер

Электр энергетикасы саласының мүмкіндіктеріне:

- Батыс аймақты КР БЭЭЖ негізгі бөлігімен біріктіру;

- елдің жекелеген өңірлерінде энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу;

- қуат нарығын іске қосу;

- Республика өңірлерін ішкі энергетикалық ресурстармен жеткілікті  қамтамасыз ету;

- елдің экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін арттыру;

- электр энергетикасы объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау.


Электр энергетикасы саласының негізгі қауіп-қатері:

- жұмыс істеп тұрған электр станцияларында иелік және қондырылған қуат арасындағы қуат алшақтығының ұлғаюы және негізгі жабдықтардың істен шығуы;

- жабылмайтын электр энергиясы тапшылығының пайда болуы;

- елдің шектес мемлекеттердің электр энергиясына тәуелділігі.




Ескерту – Автордың құрастыруы

- электр энергиясы теңгерімінің ұзақ мерзімді болжамын әзірлеуді жүзеге асырады.



2 Электрэнергетикалық кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау. «Қызылорда энерго» ЖШС – гі электроэнергетика туралы Заңға сәйкес құрылды және 2006 жылдың 5 маусымында энергожабдықтаушы мекеме заңды тұлға ретінде тіркелді.

2006 жылдың 1 қарашасынан бастап «Қызылорда энерго» ЖШС – гі Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы бойынша электр энергиясын жеткізуші болып табылады. Компанияның негізгі жұмысы - Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Серіктестіктің қызметінің негізгі бағыттары:

- электрэнергиясын өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған саудадан электр энергиясын сатып алады және оларды тұтынушыларға бөлшек бағамен сатады.

- өндіруші және тұтынушылар мүддесімен нарыққа қатысады; - Қазақстан Республикасының заңдылықтары негізінде электрэенргияның тарифін есептейді және мемлекеттік ұйымдарда осы тарифті бекітуге негіздеме жасайды.

- электр энергиясын тиімді пайдалануға байланысты жұмыстар атқарады.

- электр энергиясын өндіруші және таратушы мен тұтынушылар арасында өзара есеп айырсуларға әкімшілік қызмет көрсету міндетін атқарады.

3 кестеде «Қызылорда энерго» ЖШС – нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау берілген. Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 3000938 мың теңгеге немесе 69,5 пайызға, өткізілген өнімнің өзіндік құны 2834945 мың теңгеге немесе 78,3 пайызға, жалпы табыс 165993 мың теңгеге немесе 24,0 пайызға өсіп отыр. Ал таза табыс 2009 жылы 29012 мың теңгені, 2010 жылы 122577 мың теңгені құраса, 2011 жылы 124820 мың теңге теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 2243 мың теңгеге немесе 1,8 пайызға өсіп отыр. Кәсіпорынның 2010 және жылдары таза табысының күрт өсуінің себебі өнімді өндіру көлемі ұлғайған. Негізгі қорлардың құны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 152253 мың теңгеге немесе 6,8 пайызға, айналым қорларының құны 1028918 мың теңгеге немесе 88,4 пайызға, жұмысшылардың саны 23 адамға немесе 13,4 пайызға артып отыр. Жұмыскерлер санының артуына және орташа жалақының деңгейінің өсуіне байланысты еңбек ақы қорыда 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 18769 мың теңгеге немесе 30,0 пайызға өсіп отыр. Орташа айлық еңбек ақы көлемі есепті жылы 4335 теңгеге өскен. Дебиторлық қарыз көлеміде талданушы мерзімде өткен жылға қарағанда 798081 мың теңгеге немесе 5,6 есеге өсіп отыр, ал кредиторлық қарыз көлемі 120817 мың теңгеге немесе 90,3 пайызға кеміп отыр.

Кесте 3 - «Қызылорда энерго» ЖШС – нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлік


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Өзгерісі 2011-2010 ж.ж

+,-

%

1. Өнімді өткізуден түскен табыс

Мың тг

6160233

4313902

7314840

+3000938

169,5

2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Мың тг

5589834

3622370

6457315

+2834945

178,3

3. Жалпы табыс (зиян)

Мың тг

570399

691532

857525

+165993

124,0

4. Таза табыс (зиян)

Мың тг

29012

122577

124820

+2243

101,8

5. Негізгі қорлардың құны

Мың тг

351800

2232138

2384391

+152253

106,8

6. Айналым қорларының құны

Мың тг

1719964

1163398

2192316

+1028918

188,4

7.Жұмысшылардың орташа тізімдік саны

адам

152

171

194

+23

113,4

8. Еңбек ақы қоры

Мың тг

51854

64510

83279

+18769

130,0

9. Орташа айлық еңбек ақы

тенге

28429,0

31438,0

35773

+4335

113,8

10. Дебиторлық қарыз

Мың теңге

1066085

172103

970184

+798081

5,6 есе

11. Кредиторлық қарыз

Мың теңге

648728

133847

13030

-120817

9,7

12. Еңбек өнімділігі

Мың тг/адам

40527,8

25227,5

37705,4

+12477,9

149,4

13. Қор қайтарымдылығы

теңге

17,5

1,93

3,07

+1,14

-

14. Қор сыйымдылығы

теңге

0,06

0,52

0,32

-0,2

-

15. Қормен жарақтандыру

Мың теңге

2314,5

13053,4

12291,0

-762,4

-

16. Рентабелділік

%

0,52

3,4

1,9

-1,5

-

Ескерту – «Қызылорда энерго» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтерін пайдалана отырып автордың есептеулері

Кәсіпорынның тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің де көлемі артып отырғанын байқаймыз. Мысалы еңбек өнімділігі есепті жылы 12477,9 мың теңгеге өскен бұның өсу себебі өндіріс көлемі артып өнімді өткізуден түскен табыс артқан, үш жылдада қор қайтарымдылығы көрсеткіші қор сыйымдылығы көрсеткішінен жоғары болып отыр, бұл жақсы нәтиже, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда қордың қайтарымдылығы коэффициенті 1,14 пунктке жоғарлаған. Кәсіпорын 2009 жылы 0,52 пайыз, 2010 жылы 3,4 пайыз рентабелділікпен шықса, 2011 жылы 1,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 1,5 пайызға азайған, азаю себебі өткізілген өнімнің өзіндік құны есепті жылы жоғары болып отыр. Жалпы кәсіпорынның нарықтағы жағдайы тұрақты деп қорытынды шығаруға болады, жылдан жылға кәсіпорынның өндірістік ауқымы ұлғайып байқаймыз.

4 кестеде «Қызылорда энерго» ЖШС – нің ликвидтілік көрсеткіштеріне талдау жүргізілген. Кесте деректері бойынша талданып отырған мерзім ішінде ағымдық ликвидтілік коэффициенті 2009 жылы 2,46, 2010 жылы 1,15, 2011 жылы 2,35 пунктті құрады. Ағымдағы ликвидтілік коэффициентінің жеткілікті шамасы 2 және 2,5 аралығында біздің талдап отырған кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш жеткілікті деңгейде.

Ал қатерлі ликвидтілік коэффициенті талданып отырған мерзімде 1,54-1,12 аралығында болған, бұл көрсеткіштің мәні жеткілікті деңгейде әлде қайда жоғары. Абсолюттік ликвидтілік коэффициентінің мәні төмендеп кеткен. Жалпы бұл көрсеткішітің мәні 0,2-0,25 аралығында болуы керек, біздің талдап отырған кәсіпорында көрсеткіштің деңгейі жеткілікті мөлшерлен әлде қайда төмен болып отыр. Сонымен берілген кәсіпорында ликвидтілік деңгейін орташа деңгейде деп айта аламыз. Кәсіпорынның төлемдік қабілетін талдай отырып, оның қаржылық қиындықтарының себептерін олардың құралу жиілігі мен мерзімі өткен қарыздар ұзақтығын қысқарту қажет.


Кесте 4 - Ликвидтілік көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер


2009 ж

2010 ж

2011 ж

Өзгерісі 2011 -2010 ж.ж

1. Ағымдық активтер, мың теңге

1719964

1163398

2192316

+1028918

1.1 Материалдық запастар, мың теңге

534172

831032

1003114

+172082

1.2 Ақшалай қаражат, мың теңге

8603

38850

78439

+39589

1.3 Дебиторлық қарыз, мың теңге

1066085

172103

970184

798081

2. Ағымдық пассивтер, мың теңге

2065105

1469842

1351338

-118504

2.1 Қысқа мерзімді несие мен заемдар, мың теңге

1345282

1141950

945000

-196950

2.2 Кредиторлық қарыз, мың теңге

648728

133847

13030

-120817

2.3 Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

71095

194045

393308

+199263

3. Ликвидтілік көрсеткіштері













3.1 Ағымдық ликвидтілік коэффициенті

2,46

1,15

2,35

+1,2

3.2 Қатерлі ликвидтілік коэффициенті

1,54

0,21

1,12

+0,91

3.3 Абсолютті ликвидтілік коэффициенті

0,01

0,04

0,08

+0,04

3.6 Ағымдық активтердегі ақшалай қаражат пен қысқа мерзімдік құнды қағаздар үлесі

0,005

0,03

0,04

+0,01

Ескерту – «Қызылорда энерго» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді

Кәсіпорынның төлемдік қабілеті оның несиелік қабілетінің ұғымымен тығыз байланысты. Несиелік қабілеті – бұл несие алуға мүмкіндік беретін және оны өз уақытында қайтара алу мүмкіндігі бар кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Кәсіпорынның төлемдік қабілеті мен несиелік қабілетін бағалау барысында қатерлі ликвидтілік коэффициенті 0,5 төмен түспеу керек, ал жалпы коэффициент 1,5 төмен болмауы керек. Ағымдық ликвидтілік коэффициенті < 1 кіші болса, онда кәсіпорын 1 класқа, егер 1-1,5 болса, онда 2 класс, ал > 1,5 жоғары болса 3 класқа жатқызамыз. Егер кәсіпорын 1 класқа жатса, онда банк несиеге қабілетті емес кәсіпорынмен жұмыс жүргізіп жатыр деп есептейміз


Кесте 5 - Төлемдік қабілеті мен несиелік қабілеті белгісі бойынша топтау

Кәсіпорын


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

«Қызылорда энерго» ЖШС

Кағ>1

Кағ ғ> 1

Кағ> 1




3 класс

2 класс

3 класс

Банк бұл жағдайда тек ерекше шарттармен үлкен процентке ғана кредит бере алады. Біздің жағдайымызда «Қызылорда энерго» ЖШС – нің төлемдік қабілеті мен несиелік қабілеті 3 класқа жатқызылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсы жағдайда екенін көрсетеді.



3 Электрэнергетикалық кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығын жақсарту жолдары. Капиталдың құрылымын оңтайландыру кәсіпорынның қаржыны басқару процесіндегі ең күрделі тәртіптерінің бірі болып табылады. Ол меншікті капиталдың кірістілік нормасы мен берешек коэффициенті арасындағы ең тиімді өзара байланысты қамтамасыз ететін меншікті және қарыз капиталының арақатынасын білдіреді. Мұның өзінде кәсіпорынның нарықтық құны (бағасы) барынша өседі. Капитал құрылымын оңтайландыру процесі мына қисынды дәйектілікпен жүзеге асырылады:

1. Капиталдың бірқатар кезеңдегң (тоқсан, жыл) құрамын талдау, сондай – ақ оның құрылымының өзгеру үрдісін талдау (меншікті және тартылған көз арасындағы арақатынас бойынша). Талдау процесінде қаржы тәуелділігінің коэффициенті, берешек, қауырттылық, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттеме арасындағы арақатынас сияқты параметр қарастырылады. Бұдан кейін актив пен меншікті капиталдың айналымдылық пен кірістілік көрсеткіші зерделенеді.

2. Капиталдың құрылымын анықтайтын факторды бағалау. Аталмыш факторға:

- кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (даяр өнімнің сипаты, өндірістік және қаржы сатысының ұзақтығы, сатып алушымен және жеткізушімен жасалатын есеп айырсу нысаны және т.б);

- тауарлық және қаржы нарығындағы іскерлік ахуал;

- кәсіпорынға жүктелетін салық жүктемесі (сатудан алынатын түсімнен төленетін жанама және тікелей салық үшін - брутто);

- акционерлік капиталдың шоғырлану дәрежесі (капитал иелерінің акцияларының бақылау пакетін сақтап қалу әрекеті);

- кәсіпорынның өміршеңдік кезеңінің сатысы (өнімі бәсекеге қабілетті және жаңа технологиясы бар жас компания даму үшін қарыз капиталын көбірек тартуы мүмкін, ал жетілген компания көбінесе меншікті қаражатты пайдаланады).



Келесі 6 - кестеде 2009-2011 жылдары «Қызылорда энерго» ЖШС – нің қарыз капиталының тиімділігіне бағалау жүргізілген.
Кесте 6 - «Қызылорда энерго» ЖШС – нің қарыз капиталының тиімділігін талдау

Көрсеткіштер

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Өзгерісі 2011-2010 ж.ж

+,-

%

1. Жалпы активтер, мың теңге

2100905

3398386

4582185

+1183799

134,8

2. Қарыздық капитал, мың теңге

2071558

1708541

2728734

+1020193

159,7

3. Ұзақ мерзімді қарыздық капитал, мың теңге

6453

238699

1377396

+1138697

5,7 есе

4. Қысқа мерзімді қарыздық капитал, мың теңге

2065105

1469842

1351338

-118504

92,0

5. Меншікті капитал, мың теңге

29347

1689845

1853451

+163606

109,6

6. Кысқа мерзімді активтер, мың теңге

1719964

1163398

2192316

+1028918

85,2

7. Тауарлы – материалдық запастар, мың теңге

534172

831032

1003114

+172082

121,0

8. Өнім өткізуден түскен табыс, мың теңге

6160233

4313902

7314840

+3000938

169,5

9. Қаржы қауырттылығы коэффициенті (Кқ.қауырт)

0,99

0,50


0,59

+0,09

-

10. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз капитал арасындағы арақатынас коэффициенті (Кс)

0,003

0,16

1,02

+0,86

-

11. Қаражат тарту коэффициенті (Кқт)

1,20


1,26

0,62

-0,64

-

12. Запастың орын толтыруда қаражат тарту коэффициенті (Кқтк)

3,88

2,05

2,72

+0,65

-

13. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті (ОКфу)

0,02

0,57

0,70

+0,13

-

14. Капиталдандыру коэффициенті (Кк)

0,18

0,12

0,42

+0,30

-

15. Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті (Ксдп)

0,33

0,40

0,37

-0,03

-

Ескерту- «Қызылорда энерго» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді

6 кесте деректерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорын бойынша жалпы активтердің құны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 20067487 мың теңгеге немесе 56,6 пайызға, қарыздық капитал құны 4981613 мың теңгеге немесе 19,4 пайызға, ұзақ мерзімді қарыздық капиталы 2930874 мың теңгеге немесе 12,3 пайызға, қысқа мерзімді қарыздық капитал 2050739 мың теңгеге немесе 2,1 есеге, соңғы үш жылда кәсіпорында тауарлық материалдық запастар орын алмаған. Өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 15559079 мың теңгеге немесе 30,3 пайызға кеміген.

Келесі қарыз капиталының тиімді пайдалануын бейнелейтін тиімділік көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ қаржы қауырттылығы коэффициенті 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 0,17 пунктке, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз капитал арасындағы арақатынас коэффициенті 5,96 пунктке, қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті 0,22 пунктке, капиталдандыру коэффициенті 0,06 пунктке кеміген, ал қаражат тарту коэффициенті 0,38 пунктке, борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті 0,36 пунктке өсіп отыр. Талдау қортындысынан көріп отырғанымыздай есепті жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы төмендеген, себебі кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс көлемі кеміген.

ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау ойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері, бірқатар теориялық және тәжірибелік тұжырымдамалар мен ұсыныстар келесідей қорытындылар жасау үшін негіз болды.

1. Нарықтық экономика жағайында кәсіпорынның шаруашылық іс - әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму страегиясын құруды талап етті. Осы кешенді талдауды жоспарлау алдыңғы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады.

2. Бастапқы талдаудың қорытындысы ретінде «Қызылорда энерго» ЖШС – нің қаржылық жағдайын баға берілді және теңдестік құрылымының жарамдылығы мен төлемқабілеттілігі анықталды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы 2009 және 2010 жылдарға қарағанда 2011 жылы күрт жақсарған. Қаржылық тұрақтылық, өтімділік, қаржылық тәуелсіздік коэффициенттері жеткілікті нормада болып отыр. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері бойынша да осындай жағдайды көрсетіп отыр. Өнімді өткізуден түскен табыс 2010 жылға қарағанда 2011 жылы 69,0 пайызға өскен.

3. Кәсіпорынның қаржылық іс - әрекетін ұйымдастырудың маңызды міндеті - әр түрлі ақша қорларын қалыптастырып. Оларды тиімді пайдалану. Олар арқылы кәсіпорынның шаруашылық іс - әрекеті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірісті өркендетуді қаржыландыру, бюджетпен есеп айырысу және т.б іске асырылады.

4. Кәсіпорынның өсуі мен табысты дамуы стратегияны өндіру мен өткізумен және түзілу процесін басқару тактикасымен, жинақтау, табысты ұлғайту мен рентабельділікпен байланысты.

Кәсіпорынның барлық қызметі осымен айқындала отырып, табысты құру процесінде кәсіпорынның рентабельділігін анықтайтын төмендегі үш негізгі бағытқа бөлуге болады:

- өнім айналымын жылдамдату;

- айналым шығындары деңгейін төмендету;

- бағаны көтеру жолымен табыс мөлшерін ұлғайту (баға үстемелерін көтеру).

Бұл табыс пен рентабелділікті көтерудің негізгі бағыттары. Бірақ тәжірибеде ұзақ мерзімді табыс табу мен рентабельділік бәсекелестік жағдайды, өндіруші нарығындағы жағдайларды, нарық жағдайларын сипаттайтын факторлардың барынша көп санына байланысты (олардың саны 30 дан асады).

Электр энергетикасы саласы кәсіпорынның жұмысының тәжірибесінде табыстың өсуінің үлкен қорлары бар. Олар дәстүрлі (сипатқа ие өнім айналымының өсуі, айналым шығынының төмендеуі және т.б). Қазіргі заман жағдайында табысты ұлғайтуға тек дәстүрлі жолдарды пайдаланып қана қоймай, нарық пен жекешелендіру барысындағы жаңа жолдарды да пайдалану керек. Соның бір тәсілі кәсіпорында табысты перспективалық болжау

Перспективті талдау мақсаты алдыңғы кезеңдегі тұрақты заңдылықтар мен тенденцияларды айқындау, олардың негізінде болашаққа көрсеткіштерді болжаудың, даму альтернативаларын таңдау кәсіпорынның дамуының ең тиімді нұсқасын анықтау бойынша практикалық ұсыныстарды дайындау болып табылады. Табысты талдау үшін корреляциялы-регрессиялық әдістің тікелей экстраполяция әдісін қолданудың кейбір практикалық аспектілері қолданылады. Тікелей экстраполяция әдісі  болжамның ең қарапайым тәсілі. Оны, егер біркелкі және көлемі бойынша кең бастапқы ақпарат болса, яғни жеткілікті түрде ұзақ уақыт қатары болса қолдануға ұсынылады. Экстрополяциялық болжам алдындағы экономикалық құбылыстың (көрсеткіштің) өзгеру динамикасын зерттеуге негізделген. Әдістің жетістігі оның әмбебаптығынан, ал кемшілігі болжам сенімділігінен оның мерзімін ұлғайтумен төмендетуге әкеп соқтыратын бақылаудың үлкен санын жүргізу қажеттілігінен тұрады.

5. Электрэнергетикасы саласы кәсіпорынның қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:

- кәсіпорынның іс - әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау;

- кәсіпорынның старегиялық қаржы саясатын әзірлеу және оны іске асыру;

- кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

- кәсіпорынның мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі төмен теңдестік құрылымының орын алуына жол бермеу;

- пайданы пайдалануды оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау;

- бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай бейімдеу;

- қаржы ресурстары көздерін оңтайландыру мақсатында несие берушілер мен инвесторлармен қарым – қатынасты дамыту;

- кәсіпорын шығындарын оңтайландыру.

Кәсіпорынның іс - әрекетін кешенді түрде жан – жақты талдап, кәсіпорынның мақсатын орындауға бағдарланған бірыңғай, кешенді даму стратегиясына сәйкес кәсіпорын жұмысын ұйымдастырған жағдайда ғана жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешуі мүмкін болады.

Кәсіпорынды кешенді талдау негізінде, оның борышын орындауға бағытталған кәсіпорынның бірыңғай кешенді даму стратегиясына сәйкес оның жұмысын ұйымдастыру тек жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуді ұйымдастыру арқылы жетуге болады.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы оның өмір сүруінің шешуші факторларының біріне айналуда. Бұл әсіресе экономиканың базалық салалары үшін ерекше маңызды, Сол себепті де кәсіпорындарда экономикалық тұрақтылық механизмдерін жетілдіруді стратегиялық маңызды міндет деп есептейміз. Ал бұл міндеттің дұрыс шешілуі саланың, тіпті елдің бүкіл экономикасын тұтастай алғанда, экономикалық жағынан тиімді дамуына оң әсерін тигізеді.

Кәсіпорын үнемі жаңа рынокты, жаңа тұтынушыны, жаңа өнім түрлері мен еңбек нәтижесін қолданудың жаңа облыстарын іздеу жағдайында жүруге міндетті. Әрине, барлық мекемелерге бірдей универсалды стратегиялық басқарудың болмайтыны сияқты экономикалық тұрақтылықты көтеру стратегиясы да жоқ. Әрбір кәсіпорын өзінше бірегей. Сондықтан кәсіпорынның нарықтағы ұстанымына, олардың өндірген тауарының сипатына, экономикасының жағдайына, мәдени ортасына және толып жатқан өзге де факторларға байланысты әрбір мекеме үшін стратегия жасау процесі бірегей болып келеді. Сонда да болса қол жеткізген жағдайда кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздығын қамтамасыз ете алатын бірқатар стратегиялық мақсаттар ұсынылады. Ғылыми – тәжірибелік көзқарасы бойынша олар мынадай.

- өнімді тарату көлемі мен түскен пайданы ұлғайту;

- саудадағы өз үлесінің тұрақты кеңеюін қамтамасыз ету;

- жаңа прогрессивті ресурс жинақтаушы технологияға көшу;

- өндірістік қуатты және жұмыс уақытының календарлық қорын толық пайдалану;

- мемлекеттік бюджет пен инвесторларды тарта отырып инвестиция бағдарламасын жасау және енгізу;

- кадрлар тұрақтылығын сақтау.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ

1 Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығын бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлері// Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің 20 – жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдар жинағы, Қызылорда, 2012 жыл

2 «Қазақстан Республикасындағы электр энергетика кәсіпорындары қызметінің тиімділігін бағалау және мемлекеттік реттеу»// Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияның материалдары «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2012 жыл

Резюме
Шоманова Ботагоз Алтынбековна
Оценка финансовой устойчивости энергетических предприятий

(на материалах Кызылординской области)


на соискание академической степени магистра

экономики и бизнеса по специальности 6 М050600 - «Экономика»


Объектом исследования являются предприятия электроэнергетического сектора Кызылординской области

Предмет исследования – финансовое состояние, финансовая устойчивость, платежеспособность электроэнергетического предприятия.

Цель исследования – на основе комплексной оценки финансовых ресурсов, финансовой устойчивости электроэнергетического предприятия разработка практических рекомендации по повышению их эффективности

Теоретическими и методологическими основами исследования являются труды отечественных исследователей по проблемами развития электроэнергетического рынка. В диссертационной работе использованы программа Правительства РК по развитию электроэнергетики в Республики Казахстан на 2010 – 2014 г.г, статистические данные Агенства РК по статистике, аналитические материалы, изложенные в отечественных и зарубежных предприятиях, финансовые отчетные материалы исследуемого предприятия.

Научная новизна исследования определяется следующими фактами:

- предложенo теоретическое обоснование понятия финансовой устойчивости;

- опредлены основные методы анализа финансовой устойчивости предприятия;

- исследованы факторы финансовой устойчивости на основе анализа финансово – хозяйственной деятельности электрoэнергетического предприятия;

- усовершенствена методология оценки финансовой устойчивости, предложены эффективные методы оценки собственного и превлеченного капитала;

- предложена модель прогнозирования дохода в электроэнергетическом предприятия.



Теоретическая и методологическая значимость исследовательской работы. Исследовательская работа связана с определением теоретико – методологических основ по обоснованию финансовой устойчивости, электроэнергетического предприятия. Правильное применение предложенных методов финансового анализа повысит эффективности предприятия.
SUMMARY
Shomanova Botagoz Altynbekovna
Estimation of financial stability of the power enterprises

(on materials of Kyzylorda area)

on receiving of the academic degree of the master of Economy and business on a speciality 6М050600 - "Economy"
Objects of research are the enterprise’s of electropower sector of Kyzylorda area

Subject of research are financial condition, financial stability of the electropower enterprise.

Research objective – on the basis of complex estimation of financial resources, financial stability of the electropower enterprises working out of practical recommendations on their effective improvement.

Theoretical and methodological bases of research are works of domestic researchers on problems of development of the electropower market. In dissertational work are used Government program on electric power industry development in Republic of Kazakhstan on 2010 – 2014 г, statistical dates of Agency on statistics of Republic of Kazakhstan, analytical materials stated in the domestic and foreign enterprises, financial accounting materials of the investigated enterprise.

Scientific novelty of research is defined by following facts:

- Theoretical substantiation on concept of «Financial stability» is offered;

- the basic methods of the analysis of financial stability of the enterprise are described;

- on the basis of the financially – economic activities of the enterprises analysis Factors of financial stability are investigated;

- improved methodology of an financial stability’s estimation, effective methods of an estimation own and превлеченного the capital are offered;

- The model of forecasting of the income in electropower enterprises is offered.



The theoretical and methodological importance of research work. Research work is connected with definition of theoretical – methodological bases on a substantiation of financial stability of the electropower enterprise. Correct application of the offered methods of the financial analysis will raise efficiency of the enterprise.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет