Шөптікөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі



жүктеу 16.87 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі16.87 Kb.
: file -> im news
im news -> Қаратомар ауылдық округі әкімінің м а. А. Кісентаевтың халық алдындағы кезекті есеп беру жөніндегі баяндамасының тезистары
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахметовтың округтің 2013 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Избастинның округтің 2015 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Баянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы
im news -> Сайлау учаскелерінің шекаралары
im news -> Баянауыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 наурыздағы
im news -> Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
im news -> Күркелі ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»
im news -> Қызылтау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
im news -> Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғыдарымен есептік кездесуіне дайындаған баяндамасы Елбасының 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарды басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Шөптікөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
Биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқандығы айтылған. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Президент Жолдауы – келешекке бағыт – бағдар жасайтын басты құжат. Бұл Жолдаудың елеміздің дамуы үшін өзіндік ерекшелігі бар. Қазақстан халқына арналған Жолдауды облыстан арнайы құрылған ақпараттық - насихаттау тобы ауыл тұрғындарына талқылап, алдағы уақытта ауданда атқарылатын іс-шараларын атап өтті.

Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты жасаған жоспарын басшылыққа ала отырып, төмендегідей атқарған жұмыстары жөнінде өзімнің жыл басынан есебімді ұсынып отырмын.

Округ құрамына 3 елді мекен кіреді ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдары. Шөптікөл ауылдық округінің жалпы жер көлемі 30532 га. Округ халқының саны 2016 жылдың 1 қаңтарына – 649 адамды құрады. 64 зейнеткер, 2 тыл ардагері, 8 алтын, 7 күміс алқа иегерлері бар. Жыл басынан округ бойынша 9 бала дүниеге келген, 3 адам қайтыс болды.

Округте 2 өндіріс мекеме, 2 мектеп, 2 балалар шағын орталығы, 3 медициналық пункт, 5 сауда дүкені, 2 кітапхана, 2 ауылдық клуб бар.

Жыл басынан ауылдық округ әкімі аппаратына 12 өтініш түсті. 12-і шешімін тапты.

2015 жылы «Санат» шаруа қожалығының аумағында балық шаруашылығының су қоймасы ашылды, балық өсірумен айналасады ( карп, лин). «Санат» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы өсіруімен айналысады.

2015 жылы Шөптікөл ауылдық округ аумағының Сұлужон ауылында тағыда бір шаруа қожалығы қосылып қарқынды жұмыс жүргізілуде. Шаруа қожалығының иесі – Даутов Хасан Аглямович.

2015 жылы «Арқалық» және «Нұрсай» шаруа қожалықтары асыл тұқымды ірі қара малға супсидия алынды.



Әл ауқаты төмен, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналар және жалғыз тұратын зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау ретінде, «Майкөбен-Вест» ЖШС-нен және «Гамма» ЖШС-нен 4 тоннадан 24 адамға тегін, жалпы 96 тонна көмір бөлінді. «Сарыкөл» кеңіші – Үшқұлын станциясы темір жол бойында мал өтетін арнайы белгі қойылды.

Аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілістерінде берілген тапсырмалар бақылауда ұсталып, олардың орындалуы барысы жөнінде ақпараттар уақытында беріледі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет