Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Избастинның округтің 2015 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері



жүктеу 30.03 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі30.03 Kb.
: file -> im news
im news -> Қаратомар ауылдық округі әкімінің м а. А. Кісентаевтың халық алдындағы кезекті есеп беру жөніндегі баяндамасының тезистары
im news -> Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Ахметовтың округтің 2013 жылы әлеуметтік дамуы туралы есептік баяндамасының тезистері
im news -> Баянауыл ауданының әкімі Е.Әйткеновтың 2012 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы
im news -> Сайлау учаскелерінің шекаралары
im news -> Баянауыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 наурыздағы
im news -> Қызылтау ауылдық округінің әкімі Руслан Рахметоллаұлының тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
im news -> Күркелі ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»
im news -> Қызылтау ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
im news -> Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғыдарымен есептік кездесуіне дайындаған баяндамасы Елбасының 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдарды басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
im news -> Құрметті ауылдастар, жиналған қауым!
Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б. Избастинның

округтің 2015 жылы әлеуметтік дамуы туралы

есептік баяндамасының тезистері
Шөптікөл ауылдық округінің жалпы жер көлемі 0,6 мың шаршы километр. Округ құрамына 3 елді мекен кіреді ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдары. Округ халқының саны 2015 жылдың 1 қаңтарына – 722 адамды құрады.

Ауыл шаруашылық

Округ бойынша 3 шаруа қожалығы, 1 мал соятын алаңы жұмыс істеуде.

Округ бойынша ірі қара мал саны - 1212 бас, соның ішінде сиырлар 527- бас, жылқы – 675 бас, қой – 756 бас, құстар - 530. Мал өнімдерін жыл бойы тұрғындар және “Пұшпақ”, “Санат” шаруа қожалықтары Екібастұз қаласындағы “Нарық” базары және де аудан әкімі орынбасарының бекітілген кестесі бойынша Павлодар қаласында, Майқайын кентінде өтетін жәрмеңкелерге қатысып, мал өнімдерін тапсыруда.

Денсаулықты сақтау

Округте 3 медициналық бөлімшелері бар. 1 арнайы жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың барлығы флюротексеруімен қамтылған. Округ бойынша есепте тұрған науқас адамдарды үзбей дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуде.



Білім беру

2014-2015 оқу жылында округ бойынша 2 орта мектеп, 2 шағын орталықтар жұмыс істейді. 123 оқушы білім алып, 55 мұғалім еңбек етуде. Аз қамтамасыз етілген балалар 100% сапалы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 2 мектеп интерактивтік құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген және кең жолақты ғаламторда жұмыс істейді.



Әлеуметтік саласы

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Жыл бойы кәсіпорындармен, ұйымдармен жұмыстар атқару нәтижесінде төмендегідей өзгерістерге қол жеткізілді. 01.01.2014 жылға 317 жұмыс істейтіндер болса, бүгінгі күні 327 адам жұмыс істейді. Жыл басында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 10 адам болса қазіргі уақытта 5 адам. Жыл бойы қоғамдық жұмыстарға 8 адам тартылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін жәрдем ақы алушылар жоқ.



Мәдениет саласы

Шөптікөл округінде 1 ауылдық клуб және Шөптікөл ауылында шағын аулдық клуб қызмет етеді. ЦЭС ауылының кітапханасының кітап қоры - 1746, оқырман саны - 110, Шөптікөл ауылдық кітапханасының кітап қоры - 1868, оқырман саны - 59. ЦЭС ауылдық клубында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.


Көріктендіру және санитарлық жұмыстары


Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтті. ЦЭС, Шөптікөл ауылдарына көше жарықтандыруға 185 мың теңге бөлінді. 486 мың теңге көлемінде «Абенов Қ.М.» ЖК қардан тазалау жұмыстары, мамыр айында «Наурызбаев» ЖК санитарлық жұмыстар 148 мың теңге көлемінде тиісті жұмыстар жүргізді. Жоғарыда аталған қаражат толығымен игерілді.

Байланыс, ақпарат

        Округте телефон байланысы жақсы жолға қойылған. 129 телефон нөмірлері іске қосылған. ЦЭС, Шөптікөл ауылдарында «Аctiv», «Belleine» ұялы байланыс қондырғылары жұмыс жасап тұр. Тұрғындар ғаламтор арқылы байланыс жасайды. 60 үйге «Отау ТВ» ұлттық спутниктік қондырғылары орнатылған.



Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2015–2018 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы:

- ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдарына су құбырын өткізу.

- Шөптікөл ауылының жағдайы (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) жөнінде жұмыс жүргізу.

-Үш ауылда орналасқан электр трансформаторларына (КТП) қоршау жұмыстарын ұйымдастыру.

-Округ бойынша қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтар тастау орындарының құжаттарын заңдастыру.

- Округте лицензиялық мал дәрігерін ветеринарлық пункт ғимаратымен қамтамасыз ету.

- Учаскелік полиция инспекторын тұрғын үймен қамтамасыз ету.

- Сұлужон ауылында тұрғындарға ауылдық клуб салу.

- ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон ауылдарын байланыстыратын жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

- Сұлужон ауылында ұялы байланысын жақсарту.

- Ауылдық округтің электр жүйелерін толығымен қалпына келтіріп, иесіз электр столбаларды балансқа алу, заңдастыру. Жарықтандыру мәселесін бақылауда ұстау.

- Шөптікөл ауылында орналасқан кітапхана мен ауыл клубының құжаттарын рәсімдеу.


Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Б.Избастин



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет