Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі



жүктеу 154.02 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі154.02 Kb.
: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
userfiles -> Құрамы туралы мәлімет №1 учаскелік сайлау комиссиясы (Өтеген батыр, 49. №1 Кәсіптік мектеп): 466838
Шу ауданының әкімі І.Ә.Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі

Құрметті аудан тұрғындары!

Өткен жыл бүкіл Қазақстан үшін және аудан үшін тарихи оқиғалар мен айтулы жетістіктерге толы болып, есте қалып отыр.

Баршаңызға белгілі, 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясын Қазақстан халқына жолдады. Елбасымыз тағы да 20 жыл алға жоспар құрып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялап, барша Қазақстан елі үшін, әлеумет пен экономиканың барлық салалары бойынша жаңғыртудың жаңа жолдарын нақтылап берді. Әлемдік дамудың бағдарын дәл айқындап отыратын Нұрсұлтан Әбішұлы төрткүл дүниедегі: даму қарқынының еселенуі, зор демографиялық өсім, азық-түлік, ауыз су тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, индустриялық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, көзқарастар қайшылықтары мен әлемдік жаңа экономикалық дағдарыс сияқты жаһандық ауыртпалықтар мен қауіптерді басты назарға ала келе, оған еліміздің «Қазақстан-2050» жаңа саяси стратегиялық даму бағытын қарсы қойып отыр.

Осы орайда, ауданымызда өткен жылы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы бойынша бірқатар оңды өзгерістер орын алды.
Өнеркәсіп

Ауданның өнеркәсіп өндірісі саласында облыстық статистика департаментінің оперативтік мәліметі бойынша 2012 жылы 5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді. Физикалық индекс көлемі 84,4 пайыз.

«Ертай» ЖШС-де өндірілген өнім көлемі 460 млн. теңге, «ШоқпарТасАт» ЖШС-нің өнім көлемі 1,3 млн. теңге.

2012 жыл ішінде «Шатырқұл» мыс кені орнында 620,0 мың тонна мыс кені, «Жамбыл керамзит» ЖШС-де 30,0 мың тонна сланец кені өндірілді.

Биылғы жылы өнеркәсіп секторында өндірістің едәуір өсімі ҮИИДМБ жобаларын іске қосу, жұмыс істеп жатқан өндірістерді жетілдіру, өндіріс көлемін және еңбек өнімділігін жоғарылату, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске қосу есебінен қамтамасыз етіледі.

Өткен жылы өнеркәсіп саласында мемлекеттік үдемелі индустриалды–инновациялық даму бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды іске қосудың нәтижесінде Шу қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің филиалы Шу тепловоз жөндеу зауытында Қытай халық Республикасының машина жасау зауытымен бірлесе отырып, теміржолға қажетті жаңа үлгідегі маневрлік тепловозын жинастыру жобасы бастау алды. 2013 жылы осы үлгідегі тепловоздың 10 бірлігі жинастырылып, инвестиция салымы 234,0 млн. теңгені құрайды.

Тасөткел су қоймасында жылына 497,0 млн. теңгеге, 48 МВТ/сағ.-электроэнергиясын өндіретін Тасөткел су электр стансасының, Бірлік ауылында 111,0 млн. теңгеге, 250 тонна сұйық май өнімін шығаратын «Kaz Ir Aqro» ЖШС-нің цех құрылысы, сонымен қатар, «Бірлік Энерго» ЖШС-де мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт құрылысы аяқталып, биылғы жылдан бастап іске қосылатын болады.

Ауданымызда химия өндірісін дамытудың мүмкіндігінің маңыздылығын ескере келе, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоғарылату мақсатында Шу қаласының маңынан арнайы экономикалық «Тараз» Химиялық паркінің» жобасын іске асыру жоспарлануда.

Жоба бойынша жергілікті шикізаттан экспортқа бағытталған химия өнімдерін шығаратын 15 зауыт құрылысы жүргізілетін болады. Жобаға сәйкес осы өндіріске қызмет көрсететін дамыған индустриалды инфрақұрылым нысандар (қоймалар және ғимараттар, сервистік нысандар, логистикалық–көлік басқармасы және тағы басқа нысандар) құрылысы салынады. «Тараз» Химиялық паркінің» индустриалды инфрақұрылым нысандар құрылысына алдын ала есеп бойынша 24,5 млрд. теңге, оның ішінде биылғы жылға 17,1 млрд. теңге , 2014 жылы 3,7 млрд. теңге бөлінеді.

Ауылшаруашылығы

Ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 2012 жылы болжаммен 15,6 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 1,0 млрд. теңгеге артты. Физикалық индекс көлемі 97,5 пайыз, оның ішінде мал шаруашылығында 106,8 пайыз, егін шаруашылығы бойынша 89,4 пайыз.

Егін шаруашылығы өнімінің шығындарын өтеуге 2012 жылға 180,5 млн. теңге субсидия алу жоспарланған, нақты берілгені 193,5 млн. теңге, 2011 жылмен салыстырғанда 48,0 млн. теңгеге артық алынды.

Өткен жылы егіс алқаптарына ағын су жеткізетін, сот шешімімен иесіз деп танылған 67 тоған Тасөткел коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының балансына берілді. Облыстық бюджеттен 29,0 млн. теңге бөлініп, 7 тоғанға ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. 25,0 млн. теңгеге Тасөткел магистралды каналы сатып алынды.

Мал шаруашылығы бойынша мал өнімдерін өндіру көлемінің өсу үрдісі сақталуда. 2012 жылы тірідей салмақта өндірілген ет 17694,4 тонна, сауылған сүт 35691,3 тонна, қырқылған жүн 626 тонна. 2011 жылмен салыстырғанда ет өндіру-105,2 %, сауылған сүт-100,0 %, жүн -104,2 % орындалды.

Мал басын түрлі аурулардан, өте қауіпті жұқпалы аурулардан сақтаудың алдын алу шаралары үшін ветеринарлық препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдауға республикалық бюджеттен бөлінген 112,7 млн. теңге игерілді. Биылғы жылға сарып ауруына ұшыраған малдарды жою, мал иелеріне өтемақысын төлеуге жергілікті бюджеттен бөлінген 250,0 мың теңге, эпизоотиялық аурулардың алдын алуға 4,0 млн. теңге, ауылдық округтерде құрылған ветеринарлық пункттерді жарақтандыруға 7,2 млн. теңге жұмсалды.

Сатып алынған асыл тұқымды мал төлдері, мал өнімдері және селекциялық жұмысқа барлығы 30,7 млн. теңге субсидия төленді.

Асыл тұқымды мал басын өсіру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасымен «Нұрдаулет» ШҚ 8,9 млн. теңге, «Қайрат» ШҚ 16,9 млн. теңге несие алды. Аудан бойынша барлығы 34,2 млн теңге несие алынып, асыл тұқымды 8 бас бұқа, 173 аналық бас сиыр алынды.

Ауданда 12 шаруа қожалығы асыл тұқымды 33600 бас «Оңтүстік Қазақстан Меринос» қойын, «Ислам» ШҚ-ы етті-сүтті бағыттағы «Алатау» тұқымды 138 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, «Қалқа» ШҚ-ы 300 бас, «Бала-Жайсан» ШҚ-ы 400 бас қазақтың «Жабы» жылқысын өсіруде.
Кәсіпкерлік

2012 жылы тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі 8 млрд. 194,5 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 504,9 млн. теңгеге артып, 106,6 пайызға орындалды. Осының ішінде бөлшек сауда көлемі 5 млрд. 809,1 млн. теңге, салыстырмалы бағамен есептегенде физикалық нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 108,5 пайыз.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ІІ-ші бағыты бойынша ауылдық жерлерде өз ісін ашып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2012 жылы 22 кәсіпкерге 36 млн.теңге несие берілді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының І бағытымен 8 жеке кәсіпкер өз істерін кеңейтуге, жаңа жобаларын іске асыру үшін 141,5 млн. теңге 7 пайыз субсидиямен несие алды.
Құрылыс

Аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі жыл қорытындысымен 5,3 млрд. теңгені құрады.

Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Ақ бұлақ» ауыз су мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге аудандағы 35 елді мекеннің, 16 елді мекені орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған.

Осы бағдарламаға сәйкес құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталған Ақсу, Алға, Бәйдібек ауылдарының су құбырының құрылысы 2012 жылы аяқталып, пайдалануға берілді, 922,0 млн. теңге қаржы игерілді және Тасөткел ауылында да 124,9 млн. теңгеге су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды.

Шу қаласы бойынша өткен жылы «Қазақстан теміржолы» «Ұлттық Компаниясы» ақционерлік қоғамының қаржысы есебінен 31,3 млн. теңгеге Шу және Шоқпар стансаларындағы су құбырлары жөндеуден өткізілді.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтуды жалғастыру үшін республикалық бюджеттен Бірлік ауылындағы су құбыры желілері мен су шығару ғимараты құрылысына биылғы жылғы бюджеттен 180,0 млн. теңге, Далақайнар ауылының су құбыры құрылысына 135,0 млн. теңге бөлінді.

Алдағы жылдары Мойынқұм, Абай, Ақтөбе, Оразалы батыр, Қонаев және Шоқпар ауылдарының су құбыры жүйелерін дамытуға жобалық сметалық құжаттар дайындауға 85,0 млн. теңге қаралды.

Мемлекеттік «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын орындау барысында 2012 жылы аудан бойынша жалпы алаңы 31413 шаршы метр 314 жеке меншік тұрғын үй пайдалануға қабылданып, 848,2 млн. теңге игерілді, 2011 жылмен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды.

Сауытбек және Бәйдібек ауылдарындағы сметалық құны тиісінше айтқанда, 399,4 млн. теңге және 301,2 млн. теңге болатын мектеп құрылыстарының жобалық құжаттары дайындалып, 2013 жылға облыстық бюджеттен әр мектепке 100,0 млн. теңгеден, Шу қаласының «Жайсан» тұрғын үй аумағындағы 280 орындық, Төле би ауылындағы 280 орындық балабақшалар құрылысына 166,7 млн. теңгеден қаржы бөлінді.
Жолдарды жөндеу

Аудандағы елді мекендерге апаратын жергілікті мәндегі жолдар мен көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына және осы жұмыстарға жобалық сметалық құжаттар дайындауға 221,2 млн. теңге игерілді, осының ішінде 122,2 млн. теңге облыстық бюджет қаржысына жеті ауылдық елді мекенге баратын кіреберіс жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Шу қаласы, аудан орталығы Төле би ауылының жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен 99,0 млн. теңге игерілді. Биылғы жылға жолдардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 279,8 млн. теңге қаралды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауданның коммуналдық меншігіндегі «Шу-Жылу» кәсіпорнының қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 30,5 млн. теңге игерілді.

Республикалық бюджеттен 172,2 млн. облыс бюджетінен 12,0 млн. теңге бөлініп, Шу қаласының шайынды су қондырғыларына және кәріз жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарының 3-кезеңіне игерілген қаржы 165,9 млн. теңге.

Шу қаласында «Алға, Жайсан, Жетісу, Горгаз, Жанқұлиев» м/аудандарындағы көшелерге жарық, су тарату, Төле би ауылындағы кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына, Қосқұдық су құбырының 2-ші кезеңіне ЖСҚ дайындау үшін аудан бюджетінен бөлінген 14,7 млн. теңге толық игерілді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» ақционерлік қоғамының тапсырысы бойынша 3,9 млрд. теңгеге аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту үшін ұзындығы 106 шақырым, өндірістік қуаттылығы жылына 462,0 млн. текше метр жер асты газ құбыры тартылды. Қуаттылығы сағатына 80,0 мың текше метр Шу қаласында автоматтандырылған жаңа газ тарату бекеті (пункт) салынды.

Қазіргі уақытта 2015 жылға дейін жалпы тұрғын үй алаңы 1 млн. 320,5 мың шаршы метрді құрайтын, аудандағы 22 елді мекенді газбен қамту жөнінде, техника-экономикалық негіздеме (ТЭО) жобалау жұмыстарының бағасы есептелінуде.

Кондоминиум объектілерін жөндеудің екінші механизмі бойынша 8 үйдің шатырын жөндеу жұмыстарына 50,0 млн. теңге бюджеттік кредит беріліп игерілді.

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге аудандық бюджеттен 54,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Төле би ауылы мен Шу қаласының санитариясын қамтамасыз ету жұмыстарына 53,2 млн. теңге жұмсалды және 1,6 млн. теңгеге техника алынды.

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 108,5 млн. теңге жұмсалды.

2012 жылы аудан көлемінде негізгі қорға инвестициялық қаржы салу көлемі 6 млрд. 437,1 млн. теңгені құрады.
Салық түсімі

2012 жылғы салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің нақты түскені 3 млрд. 640,1 млн.теңге, 2011 жылмен салыстырғанда 126,3 пайызға орындалды, 756,9 млн. теңге артық түсті. Осының ішінде аудандық бюджеттің нақты түсімі 2 млрд. 001 млн. 866,0 мың теңгені құрады, 2011 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда 253 млн. 957,7 мың теңгеге артып, 114,5 пайызға орындалды.


Аудан бюджетінің игерілуі

2012 жылғы аудандық бюджеттің кірістер бойынша жоспары 7439156,0 мың теңге, нақты түскені 7502906,7 мың теңге орындалуы   100,9 пайыз.

Жергілікті бюджет есебінен жоспардағы 1938117 мың теңгенің орындалғаны 2001865,9 мың теңге орындалуы 103,3 пайыз немесе 63748,9 мың теңгеге артық түсті.

Салықтық түсімдер жоспары 1863727,0 мың теңге, орындалуы 103,8 пайыз, нақты түсім 1935305,7 мың теңге.

Салықтан тыс түсімдер бойынша жоспар13515,0 мың теңге, нақты түскені 20475,0 мың теңге, орындалуы 151,5 пайыз.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспары 60875,0 мың теңге, нақты түскені 46085,2 мың теңге, орындалуы 75,7 пайыз, аукциондарда жер телімдерінің толық сатылмауынан 14,8 млн. теңгеге жоспар орындалмады.

Трансферттердің түскені 5501041,0 мың теңге, жоспардың орындалуы 100 пайыз.

Аудан бюджетінің шығыс жоспары 7564283,0 мың теңге, игерілуі 7519578,1 мың теңге, немесе 99,4 пайыз. Игерілмеген қаржы 44,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 42,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 0,5 млн. теңге, аудандық бюджеттен 1,8 млн. теңге.

2013 жылға бекітілген аудан бюджетінің кірістер жоспары 7,9 млрд. теңге, шығындар жоспары 7,8 млрд. теңге.
Білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттары – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу, кадрлармен қамтамасыз ету, педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеру, білім беруді бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. 2012 жылы білім беру саласында 4 млрд. 616,6 млн. теңге игерілді, бұл жалпы бюджет шығысының 62,3 пайызы.

Мектептер мен шағын орталықтардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 26 млн. 675 мың теңге, аудандық бюджеттен 35 млн. 500 мың теңге игерілді.

1.Қонаев а. Төле би о.м. жарықтандыруға 7 млн. 630 мың теңге.

2. Абай ауылы Абай о.м. ішкі құрылыс жұмыстарына 5 млн. 461 мың теңге.

3. Еспе ауылы Еспе н.м. шатырын жаңартуға 900 мың теңге.

4.Далақайнар ауылы Әшімбаев о.м. терезелерін айырбастауға 4 млн. 801 мың теңге.

5. Мойынқұм ауылы Мойынқұм о.м. сыртқы әжетханасы мен көмір қорасына 1 млн. 048 мың теңге.

6. Ақтөбе ауылы Қ.Сәтбаев о.м. шағын орталығын ашу жөндеу жұмыстарына 2 млн.272 мың теңге.

7. Тасөткел ауылы Рысқұлов о.м. шағын орталығын ашу жөндеу жұмыстарына 4 млн. 137 мың теңге.

Барлық жұмыстар 100 пайыз орындалды.

2012- 2013 оқу жылына программалық әдебиеттермен, электрондық оқу-танымдық фильмдер, электрондық оқулықтар және 1,7,8 сыныптың оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге, республикалық трансферттен 9 млн. 401 мың теңге қаржы жұмсалды.

Шу ауданы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердегі компьютерлер саны 1120. 1 компьютерге 15 оқушыдан келеді.

Білім беру мекемелерінде тозығы жеткен, ескі модификациядағы компьютерлер саны – 348. Бүгінгі күнге осы компьютерлерді есепке алу, мектептерден тозығы жеткендігі туралы актілер алынуда. Инвентаризация жұмыстары толық аяқталысымен компьютерлерді есептен шығару жұмыстары жүргізіледі.

Электронды оқыту жүйесіне аудан бойынша: Шу қаласындағы Ы. Алтынсарин және Абай мектептері енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.

Аудан бойынша 2012 жылы оқуын бітірген 1161 оқушының 738-і тестілеуге қатысып, орташа балл көрсеткіші-69,33 болды. 5 оқушы «Алтын белгі», 8 оқушы Үздік аттестатпен аяқтады. 2011-2012 оқу жылында аудан көлемінде білім сапасы 54,2 пайыз, білім үлгерімі 100,0 пайыз.

Жалпыға бірдей оқу қорынан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 1592 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған. Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға жергілікті бюджет есебінен ыстық тамаққа 39 млн. 38 мың теңге игерілді.

1-2 сынып оқушылары 100% тегін тамақпен жергілікті бюджет есебінен қамтылған .

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту үшін «Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2009 жылы ауданымызда 15 мектепке дейінгі ұйым бар болса, 2012 жылы ол екі есе өсіп 34-ке дейін жетті. Қазіргі кезде 18 балабақшада 1800 бала, 16 шағын орталықта 680 бала, жалпы 2480 бала мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие алуда.

Шу қаласының Сәтпаев көшесіндегі 180 орындық «Қосқұдық» балабақшасына облыстық бюджеттен 199,5 млн. теңге қаржы, Төле би ауылындағы 50 орындық «Аққайың» санаториялық балабақшаға жергілікті бюджеттен 33 млн. 623 мың теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары, «Астана» балабақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Ақтөбе ауылындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте 1 топтық (25 бала) шағын орталыққа жергілікті бюджеттен 2 млн. 283 мың теңге, Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте 1 топтық (25 бала) шағын орталыққа жергілікті бюджеттен 4 млн.137 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржы толық игерілді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданып, Үкіметке балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100,0 пайызға қамту міндеттелген. Осыны ескере отырып, 2013 жылы Жаңа жол ауылында 100 орындық балабақша, Қонаев ауылында 100 орындық балабақша, Бірлікүстем ауылында 50 орындық балабақша, Шу қаласында С.Сейфуллин атындағы орта мектеп ішінен 50 орындық шағын орталық және Абай атындағы орта мектеп ішінен 50 орындық шағын орталық ашу жоспарлануда.

Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 49 мектеп, оның ішінде: 6 бастауыш мектеп, 4 негізгі мектеп, 38 орта, 1 кешкі мектеп. 18 мектепке дейінгі, 6 мектептен тыс мекемелер.

Білім бөліміне қарасты 73 мекеме бар, оның ішінде: 9 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен, 5 мекеме электр қуатымен, 57 мекеме көмірмен жылытылады.

Орталық қазандық арқылы жылытылатын мекемелерге жалпы сомасы 3,5 млн. теңгеге жылу өлшегіш құрал сатып алынып, Ғ. Мұратбаев мектебіне 2 дана, Төле би (қ) орта мектебіне – 1 дана, «Жібек жолы» мектеп- лицейіне – 1 дана, С. Сейфуллин орта мектебіне – 1 дана, Абай (қ) орта мектебіне – 1 дана, Макаренко орта мектебіне – 2 дана, Балдаурен б/б – 1 дана, Бұлбұл б/б – 1 дана орнатылды.

Қысқы от жағу маусымына 5650,0 тонна көмір сатып алу үшін жалпы сомасы 42,3 млн. теңгеге келісім жасалынды. Бүгінгі күнге білім мекемелеріне көмір толықтай 100% тасымалданды. 2011-2012 жылғы от жағу маусымынан қалған қалдық есебімен, 2012-2013 жылға көмір қажеттілігі 6078 тонна. Бүгінгі таңда жеке қазандық арқылы жылытылатын 26 мектепке 4 827,7 тонна көмір жеткізілді.

Пешпен жылытылатын мекемелерге «Сауда-Сервис» ЖШС-мен 753 тонна көмірге, 8,2 млн. теңгеге келісім жасалынып, білім мекемелерінің қойма сыйымдылығына қарай көмір толықтай тасымалданды.
Денешынықтыру және спорт

Бұқаралық спортты дамыту және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мақсатында ауданда 2012 жылдың 12 айында 89 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 24542 спорт сүйер азамат тартылды. Бұл аудандағы жалпы 95999 тұрғындардың 24 пайызын құрайды.

Аудан аумағында барлығы 197 спорт нысандары бар, оның ішінде 3 стадион, 69 спорт алаңдары, 72 алаңдар (поля), 49 спорт залдар, 2 атыс тирлері бар.

Аудандағы жеке меншік есепте спорттық құрылғылар кешені 2-еу, атап айтқанда, Шу қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешені және Шу қаласындағы Батыс мөлтек ауданындағы ауыр атлетика спорт кешені.

Аудандағы 2 кіші-футбол Шу қаласы «Батыс» шағын ауданындағы және Шу қаласындағы «Теміржолшылар» саябағындағы кіші футбол алаңдары және Шу қаласындағы «Қосқұдық» мөлтекауданындағы стадион және «Қантзауыты» мөлтекауданындағы «Пищевик» футбол алаңдары қазіргі уақытта қараусыз тұр. Бірақта спорт сүйер азаматтардың бастамасымен аталған спорттық объектілер жұмыс атқаруда. Алдағы уақытта аталған спорт алаңдарын спорт мектептерінің немесе жалпы білім беретін мекемелердің теңгеріміне беру мәселесі бойынша жұмыстар қолға алынуы тиіс.
Денсаулық қорғау

Аудан тұрғындарының денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен бала өлімін төмендету, түрлі аурулардың алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мен денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға өткен жыл ішінде облыстық бюджеттен 913,2 млн. теңге, республикалық бюджеттен 908,7 млн. барлығы 1822,0 млн. теңге қаржы игерілді. Аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына 7,5 млн. теңге, ағымдағы жөндеуіне 10,0 млн. теңге, туберкулез ауруы диспансерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,0 млн. теңге игерілді.

2012 жылы Жайсан ауылында 30,6 млн. теңгеге 10 келушіге арналған дәрігерлік пункт салынып, пайдалануға берілді.

Биылғы жылы 358,6 млн. теңгеге Далақайнар, Мойынқұм, Балуан Шолақ ауылдарында дәрігерлік амбулатория және Оразалы Батыр ауылында фельдшерлік акушерлік пункт салу жоспарлануда.


Мәдениет

Мәдениет үйлері мен клубтарда өткізілген мәдени іс-шара саны -710, кітапханаларда өткізілген іс-шаралар саны -994.

Аудандағы мәдениет ошақтарының халыққа мәдени қызмет көрсету іс-шараларына 4,5 млн. теңге игерілді. Жергілікті бюджеттен 5,0 млн. теңге бөлініп, Балуан Шолақ ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жабу, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік қорғау

«Жұмыспен қамту 2020» және әлеуметтік бағдарламалардың шараларын іске асыру барысында аз қамтамасыз етілген 420 отбасы немесе 1303 адам тіркеліп, аудан бойынша кедейшілік деңгейі 1,4 пайызды құрады.

Аз қамтылған көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге, барлығы 452 отбасындағы 1635 адамға 2663,9 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы арқылы 2012 жылы барлығы 1135 азаматқа 28224,0 (17653,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, 10574,0 мың теңге облыстық бюджеттен) мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері 2465 адам жұмыспен қамтылуға өтініш білдірген, оның ішінде 1754 адам тұрақты жұмыс орнымен, 163 адам әлеуметтік жұмыс орнымен, 309 адам «Жастар тәжірибесімен» қамтылды. Жергілікті бюджеттің есебінен қаралған жастар практикасына 20550,4 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 15989,6 мың теңге толығымен игерілді. «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнымен 56 адам қамтылып, 6780,0 мың теңге игерілсе, жастар практикасымен 83 адам қамтылып, 9478,0 мың теңге игерілді.

467 жаңа жұмыс орындары ашылды, 2050 адам уақытша және маусымдық жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмыспен 621 адам қамтылып, 90458,0 мың теңге игерілді.

Еңбек нарығына бейімдеу үшін нысаналы топқа жататын 90 адам кәсіби даярлауға және қайта даярлауға оқуға жіберілді. Қаралған сома 1869,0 мың теңге толығымен игерілді. Оқуларын аяқтаған соң 88 адам тұрақты жұмысқа тұрғызылды.

18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақыға ауыл және қала учаскелік комиссиялардан 2475 отбасындағы 6849 балаға 99461,9 мың теңге тағайындалып төленді. (2011 жылы 96479,8 мың теңге).

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 413 отбасынан құжаттар қабылданып, 1270 балаға 26005,9 мың теңге тағайындалып төленді.

Тұрғын үй көмегіне 595 отбасындағы 1717 адамға 10701,0 мың теңге тағайындалды, оның 1425,2 мың теңгесі «Шу-Жылу» еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына тұрғындардың жылу энергия мен ыстық суға қарыздарын өтеу үшін аударылды. 1300,0 мың теңгесі кондоминиум ортақ мүлкін ағымды жөндеуден өткізуге, 861,0 мың теңгесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне (ТКШ), 7114,8 теңгесі әр азаматтың өз есеп шоттарына аударылды. (2011 жылы 8500,0 мың теңге).

Әлеуметтік сала мамандарын ауылға тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сай 2012 жылы барлығы 19 маманға 46 млн. 113 мың теңге бюджеттік несие берілді.



Қоғамдық-саяси ахуал

Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мен қоғамдық келісімге барлық азаматтық қоғам институттары үлесін қосып келеді. Қазір ауданда 4 саяси партиялар мен 16 үкіметтік емес ұйымдар және 6 ұлттық-мәдени орталықтар өзара қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Сонымен қатар, былтырғы жылдың басында 31 діни бірлестік қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, 26 діни бірлестіктер қайта тіркеуден өткізілді. Оның ішінде, 23 мұсылман мешіттері бар. Олардың жұмыстарының негізі – діни шыдамдылық, қоғамдық келісім мен тұрақтылыққа бағытталған.



Ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға аудандық бюджеттен 2012 жылы бөлінген қаражаттың көлемі - 17,2 млн. теңгені құрайды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Штаттық құрылымы бойынша жұмыс орнының саны 31-ге дейін жеткізіліп, әр ауылдық округтерден жастар ісі жөніндегі инструкторлардың штаты ашылған. Сондай-ақ, материалдық-техникалық базалары толықтырылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау

2012 жылы ауданның оперативтік жағдайында жалпы қылмыстың өсу үрдісі орын алды. 2011 жылмен салыстырғанда жасалған қылмыс 51,8 пайызға артып, 592-ге жетті. Осыдан 327 қылмыс ашылды. Ауыр және өте ауыр 142 қылмыс тіркелді, тіркелген қылмыс санының өсуі 31,5 пайыз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет