«Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни. 05. 2015 жылға



жүктеу 20.94 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі20.94 Kb.
«Сыбаға» бағдарламасымен
«Сыбаға» бағдарламасымен бүгінгі күнге дейін, яғни 1..05.2015 жылға аудан бойынша ақпараттық аналитикалық жүйеге тіркелген аналық сиыр саны 3979 бас болып, аудан бойынша 16,2 пайызды құрап, бұл көрсеткіш облыстың аудандары бойынша бірінші орында тұрмыз.

2011-2014 жылдарға ауданға «Сыбаға» бағдарламасымен 300 бас сиыр, 11 бас бұқа сатып алу жоспары берілсе, осы жоспарға сәйкес ауданда 484 бас аналық сиыр, 33 бас бұқа сатып алынып, 4 жылдық жоспар аналық сиыр сатып алудан 161,3 пайызға, бұқа сатып алудан 3-есеге артық орындалды.

2015 жылғы жоспар 150 бас аналық сиыр, 5 бас бұқа сатып алу жоспары берілді. Осы жоспарды орындау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

«Құлан» бағдарламасымен

«Құлан» бағдарламасымен «Арал ырысы» кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 2014 жылдың желтоқсан айында Сапақ ауылдық округінен «Сраш» шаруа қожалығы (9 млн. 300 мың теңге) 31 бас аналық 4 бас асыл тұқымды айғыр алуға және «Байдаулет» шаруа қожалығы ( 10 млн. теңге) 32 бас аналық 4 бас асыл тұқымды айғыр алуға несие алып, мал сатып алып жұмыстарын жүргізіп жатса, 2015 жылға «Арал ырысы» кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі арқылы Қарақұм ауылдық округінен «Қарашеген» шаруа қожалығы (9 млн 900 мың теңге) 29 бас аналық, 4 бас асыл тұқымды айғыр, Беларан ауылдық округінен «Айбек» шаруа қожалығы (9 млн 900 мың теңге) 33 бас аналық, 4 бас асыл тұқымды айғыр, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалынан «Ақирек» ауылдық округіндегі «Сұлтан» шаруа қожалығы (10 млн 700 мың теңге) 45 бас аналық, 5 бас асыл тұқымды айғыр, Жақсықылыш кентінен «Серік» шаруа қожалығы (4 млн 200 мың теңге) 16 бас аналық, 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алуға құжаттарын толықтай тапсырып, несие қаржысын алып мал сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы және 2015 жылдың осы кезеңіне дейін алған несие көлемі 54 млн. теңге. (Барлық сатып алынғаны 186 бас аналық 23 бас асыл тұқымды айғыр)




«Алтын асық» бағдарламасына
«Алтын асық» бағдарламасына сәйкес, аудандағы «Арал ырысы» кредиттік серіктестігі» ЖШС-гіне Октябрь ауылдық округінен Ернат шаруа қожалығы (1 млн 200 мың теңге) 45 бас қой, 2 бас асыл тұқымды қошқар алу үшін несие алуға, Сазды ауылдық округінен «Нұр» шаруа қожалығы (2 млн. 905 мың теңге) 105 бас қой, 8 бас асыл тұқымды қошқар алуға, Қамыстыбас ауылдық округінен «Жумағулов Асылбек» шаруа қожалығы (4 млн. 395 мың теңге) 163 бас қой, 8 бас асыл тұқымды қошқар алуға несие алуға 2014 жылы құжаттарын толықтай тапсырып, 2015 жылдың ақпан айында несие қаржысын алып, мал сатып алу жұмыстарын жүргізіп, жатыр.

2015 жылдың осы кезеңіне дейін алған несие көлемі 8 млн. 500 мың теңге. (Барлық сатып алынғаны 313 бас қой 18 бас асыл тұқымды қошқар)
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
2015 жылдың 4 айында 4 жас маманға 554960 теңге бір жлғы көтерме жәрдемақы берілді. Жыл аяғына дейін түскен өтініштерге сәйкес бір жолғы жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие ауданға бөлінген қаржы шегінде берілетін болады.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет