Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы



жүктеу 149.32 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі149.32 Kb.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2741


"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2004 ж., 13-16 915-құжат.

 Келісілген:      


Қазақстан Республикасы  
      Жоғарғы Сотының Төрағасы
      13 ақпан 2004 жыл   

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес туралы" және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңдарын ақпараттық және статистикалық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып Бұйырамын:


      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi осы бұйрықтың тиiстi орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және есепке алу жөнiндегi комитетi (Хайруллин Р.С.) белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынуы үшiн шаралар қабылдасын.
      4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркелу тiзiлiмiнде 2001 жылдың 24 сәуiрiнде N 1477 санымен тiркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылдың 5 қаңтарындағы "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiнiң есебiн бiртұтас тәртiпте жүргiзу және қолдану туралы Нұсқаулықты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алудың N 1-К нысанды статистикалық карточкасын бекiту мен iске қосу туралы" N 3 бұйрығы, (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркелу тiзiлiмiнде N 2005 санымен тiркелген, Қазақстан Республикасы Бас прокурордың 2002 жылдың 10 қыркүйегiндегi "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылдың 5 қаңтарындағы "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiнiң есебiн бiртұтас тәртiпте жүргiзу және қолдану туралы Нұсқаулықты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алудың N 1-К нысанды статистикалық карточкасын бекiту мен iске қосу туралы" N 3 санды бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" N 40 бұйрығы) күшiн жойды деп танылсын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшiлiк етуші орынбасарына жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының


      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  


"Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық   
жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған
тұлғалардың есебін жүргізу жөніндегі    
Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылдың 20 
қаңтарындағы N 4 бұйрығымен бекітілген   

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны
үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
есебін жүргізу жөніндегі
Нұсқаулық

 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебін белгілейді (әрі қарай - сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды есепке алу).

      2. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды есепке алу, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа тәртіптік күрес жағдайын, осы құбылыстардың ведомстволық үлестірілуін талдауды ақпараттық және статистикалық қамтамасыз ету мақсатында деректер банкін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (әрі қарай - Комитет) жүзеге асырылады және ол басқа мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін емес.


      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармаларында (әрі қарай - аймақтық басқармалар) жергілікті есепке алу жүргізіледі.

      3. Өз уәкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы талаптарының орындалуын және онда қаралған тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыратын Комитетке есепке алу-тіркеу құжаттарын уақытылы тапсырып отыруға міндетті.

      4. Есепке алуға, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген тұлғалар және соларға теңестірілген, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғалар жатады.

      5. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген тұлғаларға барлық лауазымды тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары, соттар және мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер жатады.

      6. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген тұлғаларға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған тұлғалар, заңмен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметкерлер, жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің жиынтық үлесі кемінде отыз бес пайызды құрайтын мемлекеттік ұйымдардың басқару міндеттерін атқаратын тұлғалар теңестіріледі.

 2. Алғашқы есепке алу актілерін жүргізу

      7. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды есепке алу үшін олармен жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық деректері және оларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы уәкілетті орган шешімдерінің бар болуы негіз болып табылады.

      8. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) ол туралы қаралған істің (материалдың) нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың N 1-К нысанды статистикалық кәртішкесін (әрі қарай - кәртішке), жазаға тарту туралы актінің көшірмесін міндетті түрде қоса беруі арқылы екі данада қояды.


      Сонымен қатар:
      1) құқық бұзушылықты тапқан және ол туралы істі (материалды) қарауға уәкілдік берілген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға), соның ішінде оның орталық құрылымдары аумақтық тиесілігіне қарай аймақтық басқармаларға кәртішкені жедел түрде қояды;
      2) құқық бұзушылықты тапқан, бірақ тұлғалардың жауаптылығын қарауға уәкілдік берілмеген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға), осы әрекет жөніндегі істі (материалды) тәртіптік жазаға тартуға уәкілдік берілген органға (лауазымды тұлғаға) жібереді. Уәкілдік берілген орган (лауазымды тұлға) шешім қабылдаған күннен бастап жедел түрде істің (материалдың) қаралу нәтижелері туралы, 5-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған туралы істің (материалдың) қаралуы жөніндегі хабарлауды (әрі қарай - хабарлау), құқық бұзушылықты тапқан органға (лауазымды тұлғаға) жазаға тарту туралы актінің көшірмесін міндетті түрде қоса беруі арқылы жібереді.
      Осы ақпараттың негізінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан орган (лауазымды тұлға) хабарлау келіп түскеннен кейін кәртішкені кідірмей аумақтық тиесілігіне қарай аймақтық басқармаларға қояды.
      Ескерту: құқық бұзушылықты тапқан істі (материалды) қарауға уәкілдік берілген құрылымның бір мемлекеттік органында бірігуінің мысалы ретінде бір облыс ауданының әкіміне қатысты осы облыстың әкімі болып табылады.
      Құқық бұзушылықты тапқан орган уәкілдігінің және осы әрекет туралы істі (материалды) қарауға құқығы бар құрылымның айырмашылығына мысал: ішкі істер органдарының қызметкері жасаған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан прокурор, осы жөніндегі істі (материалды) ішкі істер органының уәкілдік берілген басшысына жібереді, ол істің (материалдың) қаралу нәтижелері туралы прокурорға хабарлайды.

      9. Қызметі әскери прокурордың қадағалауындағы мемлекеттік орган (лауазымды тұлға), осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес әрі қарайғы қозғалысын қамтамасыз ететін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери басқармасына кәртішке жібереді.

      10. Кәртішке реквизиттері баспа әріптерімен, көк немесе қара бояумен, тазартусыз және түзетусіз толтырылады. Есепке алынатын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты бас әріппен жазылады. Оның жұмыс орны мен лауазымы, құқық бұзушылықты тапқан және істі (материалды) қараған органның (лауазымды тұлғаның) атауы қысқартусыз енгізіледі.

      11. 1-тармақта сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан органның (лауазымды тұлғаның) атауы көрсетіледі. 2-тармақ қызметі әскери прокурордың қадағалауындағы құқық бұзушылықты тапқан органмен (лауазымды тұлғамен) толтырылады. 3-тармақ құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасын қамтиды. 4-тармақ бұзушылық жасаған тұлғаның ведомстволық тиесілігін айқындайды. 5-тармақта істі (материалды) қараған органның атауы көрсетіледі. 6-тармақта материалды қараған органмен берілген Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының талаптарына сәйкес әрекет жасасқан біліктілік бейнеленеді. Маңызы бойынша қаралған материал (хаттама) 7-тармақта ескеріледі. 8-тармақта - қолданылған жаза шарасы.


      9-17-тармақтарда құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаның белгіленген мәліметтері көрсетіледі.

      12. Кәртішкеге сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан тұлға қол қоюы тиіс, ол 18, 19-тармақтарда өзінің тегін, лауазымын және кәртішкені толтыру күнін көрсетуі қажет.


      20, 21-тармақтар аймақтық басқарма қызметкерімен толтырылады, ол, 2-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды бірыңғай есепке алу журналының (әрі қарай - бірыңғай журнал) мәліметтеріне сәйкес істің (материалдың) нөмірін, тіркелу күнін, өзінің тегін көрсетіп, кәртішкеге қол қояды.

      13. Кәртішке толтырылғаннан кейін ресми ақпараттық есепке алу құжаты болып саналады. Оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтерді енгізсе, заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

      14. Аймақтық басқармалар кәртішкелерді бірыңғай есепке алу журналында тіркейді. Реквизиттерді толтырудың және толықтығының дұрыстығын тексергеннен кейін кәртішкенің бір данасы тіркелгеннен соң 5 күннен кешіктірілмей орталық деректер банкін қалыптастыру үшін Комитетке жіберіледі, екіншісі аймақтық басқармада өңделеді және сақталады.

      15. Осы Нұсқаулықпен белгіленген ережелерді бұзып немесе үлгісі белгіленбеген бланкілерде толтырылған, толық емес мәліметтерден тұратын кәртішкелер тіркелмейді және есепке алу актісін қойған органға қайтарылады.

      16. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы мәліметтер жаза салынған кезден бастап 2 жыл бойы сақталынады.

      17. Тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы заңмен белгіленген тәртіптегі шешім өзгертілген немесе жойылған жағдайда, мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) бұл жөнінде кідірмей сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан органға хабарлайды. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан орган, 4-қосымшаға сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тартылған, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімнің өзгеруі (жойылуы) жөніндегі хабарлаудың 2 данасын кідірмей аймақтық басқармаға жібереді, ол құжаттың 1 данасын Комитетке тапсырады. Хабарлау, жергілікті және орталықтандырылған есепке алу мәліметтеріне түзету енгізу үшін негіз болып табылады.


      Ескерту: тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімнің жойылуы жөніндегі хабарлау, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылық жасамаған тұлғаны мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) мойындаған жағдайда қойылады.

 3. Бірыңғай журналды жүргізу

      18. Бірыңғай журналдың 1-бағанында істің (материалдың) реттік нөмірі, кәртішкені қойған органның кодтық белгісі және тіркелу күні, 2-бағанында сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан органның аталуы, 3-бағанында істі (материалды) қараған органның аталуы, 4-бағанында кәртішкенің келіп түскен күні, кәртішкені қойған тұлғаның лауазымы, тегі және қолы көрсетіледі.
      5-7-бағандар құқық бұзушылықтың сипаттамасынан, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы мәліметтерден және іс-әрекет біліктілігінен тұрады.
      Істің (материалдың) қаралу нәтижелері мен күні 8-бағанда бейнеленеді. 9-бағанда шешімнің өзгеруі немесе бұзылуы жөніндегі мәліметтер бейнеленеді.

 4. Есепке алуға қаралудың негіздері

      19. Есепке алу бойынша тексеруге Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 3-бабындағы 3, 4-бөлімдеріне аталған барлық тұлғалар және мемлекеттік қызметке түсуге үміткер тұлғалар жатады.

      20. 3-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға өкілеттігі бар тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның атына ақпаратты талап ету (мемлекеттік қызметке түсуге үміткер тұлға) Комитетке сұраным жіберу арқылы (әрі қарай - сұраным) жүргізіледі.

      21. Сұранымды дайындау кезінде белгіленген мәліметтер тазартусыз және түзетулерсіз, баспа әріптерімен жазылады. Тексерудегі тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты атау септігінде, бас әріптермен көрсетіледі. Сұранымның тиісті реквизитінде әкесінің аты көрсетілмеген жағдайда "жоқ" сөзі жазылады. Туған күні мен туған жері толық көрсетіледі. Сұранымның 7-тармағында тексерудегі тұлғаның лауазымы немесе тексерудегі тұлға үміттенетін лауазым көрсетіледі. Сұраным мөрмен бекітіледі.

      22. Егер тексерудегі тұлға тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, сұранымда бұрынғы мәліметтері де көрсетіледі. Тегін 3 немесе одан да көп рет ауыстырған болса, бөлек сұраным құрылады.

      23. Сұраным поштамен жіберіледі немесе қолма-қол Комитеттің кеңсесіне өткізіледі. Осы ақпаратты ұсыну жедел мақсаттарға қажет болған жағдайларда, сұранымдарды электрондық поштамен жіберуге рұқсат етіледі.

      24. Аталған талаптарды бұзу арқылы дайындалған сұраным орындалусыз қайтарылады, ол жөнінде онда тиісті белгі қойылады.

      25. Сұраным Комитетке келіп түскен кезден бастап 5 жұмыс күнінің ішінде орындалады және бастамашыға поштамен жіберіледі немесе қолма-қол беріледі.

      26. Сұраным бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тексерудегі тұлғаларға қатысты Комитеттің орталықтандырылған есебінде бар мәліметтер тапсырылады.


      Тексерудегі тұлға туралы мәліметтер есепте болмаса, сұранымның келесі бетінде мөртабан қойылады: "мәліметтер жоқ", сұранымның тексерілген күні, сұранымды тексерген қызметкердің қолы. Орталықтандырылған есепке алуда тексерудегі тұлға туралы қандайда бір мәліметтер бар болса, олардың барлығы сұранымның келесі бетінде "Анықтама жүргізген қызметкер" мөртабанын қою, тексеру күнін көрсету арқылы бейнеленеді.

Қазақстан Республикасы         


 Бас Прокурорының           
2004 жылдың 20 қаңтарындағы      
 N 4 бұйрығымен бекітілген       
сыбайлас жемқорлықпен құқық      
 бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік  
 жауаптылыққа тартылған тұлғалардың 
есебін жүргізу туралы Нұсқаулыққа 
1-қосымша               

1-К нысаны. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды есепке алу кәртішкесі

      (материалды (хаттаманы) қарау нәтижелері бойынша жауапкершілігі ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңымен қаралған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан органмен құрылады)

1._________________________________________________________________
         (құқық бұзушылықты тапқан органның атауы)
2. Әскери бөлімнің нөмірі N  ______________________________________________________________

3. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың сипаттамасы (жасалған күні, тәсілі, жері көрсетілсін)


___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Жасалған: депутатпен (1), сотпен (2), мемлекеттік қызметкермен (3), Заңның 3-бабына сәйкес субъекті болып табылатын тұлғамен (4), әскери қызметшілермен (5), келесі органдардың лауазымды тұлғаларымен: әділет (6), қаржы полициясы (7), ішкі істер (8),  қорғаныс министрлігі (9), ұлттық қауіпсіздік (10), кедендік қызмет (11), шекаралық қызмет (12), прокуратура (13), салық салу қызметі (14), ТЖ (15), мемлекеттік билік (16), арнайы қызметтер (17), басқа да мемлекеттік құрылымдар (18).
5. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы) қараған органның атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның нормалары бойынша құқық бұзушылықтың біліктілігі
____________ бап ___________ бөлім ___________ тармақ
7. Маңызы бойынша қаралған материал (хаттама):
7.1. Бұйрықтың (шешімнің) N ______  "____" _______________ 20 __ ж.
8. Жаза шарасы қолданылды: лауазымынан босату (1), лауазымын төмендету (2), толық емес қызметтік сәйкестігі туралы ескерту (3), қатаң сөгіс (4), сөгіс (5), ескерту (6), басқа да жаза (7)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшін жауаптылыққа тартылған


тұлға туралы мәліметтер

--------------------------------------------------------------------


9. Тегі              | 10. Аты                | 11. Әкесінің аты
--------------------------------------------------------------------
9.1                  | 10.1                   | 11.1
___________________________________________________________________
12. Туған күні  "____" ______________ 19 ___ ж.
13. Туған жері ____________________________________________________
14. Тұрғылықты мекен-жайы (тіркелген жері) ________________________
15. Жеке басын айқындайтын құжат: төлқұжат (1), жеке куәлік (2) N
___________________________________________________________________
16. Жұмыс орны ____________________________________________________

17. Лауазымы ______________________________________________________


18. Кәртішкені толтырған тұлғаның лауазымы, тегі, қолы ____________
___________________________________________________________________
19. Толтыру күні "____" _________________ 20____ ж.
20. Аймақтық басқармадағы тіркелу күні "_____" _________ 20____ ж.
    Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) N ____________
21. Аймақтық басқарма қызметкері __________________________________
                                   (лауазымы, тегі, қолы)
      Ескерту: кәртішке толтырылғаннан кейін ресми статистикалық құжат болып саналады; оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтерді енгізсе, заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы      


 Бас Прокурорының        
2004 жылдың 20 қаңтарындағы   
N 4 бұйрығымен бекітілген    
сыбайлас жемқорлықпен құқық   
бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік 
жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
есебін жүргізу туралы Нұсқаулыққа 
2-қосымша           

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы 
есепке алу жөніндегі комитеті

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке
алудың Бірыңғай журналы

N__________________

20____ж. __________________  N____________ басталды
20____ж. __________________  N____________ аяқталды

Астана  20___ж.

___________________________________________________________________


Сыбайлас|Сыбайлас|Істі   |Кәртіш.|Құқық  |"Сыбайлас|Құқық
жемқор. |жемқор. |(мате. |кені   |бұзу.  |жемқор.  |бұзушылық
лықпен  |лықпен  |риалды)|қойған |шылық. |лыққа    |жасаған
құқық   |құқық   |қараған|тұлға. |тың    |қарсы    |тұлғалар туралы
бұзушы. |бұзушы. |мемле. |ның ла.|фабу.  |күрес    |мәліметтер
лық     |лықты   |кеттік |уазымы,|ласы   |туралы"  |(аты-жөні,
туралы  |тапқан  |орган. |аты-жө.|(жасал.|Заңның   |туған күні,
істің   |мемле.  |ның    |ні,    |ған    |және     |жылы, айы,
(мате.  |кеттік  |аталуы |қойылу |күні,  |басқа да |лауазымы, жұмыс
риалдың)|органның|       |күні   |уақыты,|заңды    |орны)
нөмірі, |(лауа.  |       |       |орны,  |актілер. |
органның|зымды   |       |       |мате.  |дің      |
коды жә.|тұлға.  |       |       |риал.  |норма.   |
не тір. |ның)    |       |       |дық за.|лары     |
келу    |аталуы  |       |       |лалдың |бойынша  |
күні    |        |       |       |көлемі |құқық    |
        |        |       |       |(теңге |бұзушы-  |
        |        |       |       |түрін. |лықтың   |
        |        |       |       |де))   |білікті. |
        |        |       |       |       |лігі     |
________|________|_______|_______|_______|_________|_______________
   1         2       3       4       5        6         7
___________________________________________________________________

      Таблицаның жалғасы

_____________________________
Істі        |Шешімнің өзгеруі|
(материалды)|(жойылуы) туралы|
қарау       |мәліметтер      |
нәтижелері  |                |
және күні   |                |
____________|________________|
    8              9         |
_____________________________|

Қазақстан Республикасы      


 Бас Прокурорының        
2004 жылдың 20 қаңтарындағы   
N 4 бұйрығымен бекітілген    
сыбайлас жемқорлықпен құқық   
бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік 
жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
есебін жүргізу туралы Нұсқаулыққа 
3-қосымша            

Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілеттігі
 бар тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның 
атына арналған (мемлекеттік қызметке
түсуге үміткер тұлға)
Сұраным

      N ______________


                               поштамен/қолма-қол алынсын
                                 (керек емесі сызылсын)
      "___" ______________ 20 __ ж.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК-не

1. Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
2. Аты  |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
3. Әкесінің аты  |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
          (егер ауыстырылған болса, бұрынғылары да көрсетілсін)
4. Туған күні "_____" _________________ 19__ ж.
5. Туған жері  ___________________________________________________
6. Мекен-жайы  ___________________________________________________
7. Тексеру себебі ________________________________________________
Мемлекеттік орган бастығы ________________________________________
                                  (тегі, қолы)
МО
Орындаушы _____________________________________________________
Жолдаушының мекен-жайы: индекс ________________________________
елді мекені ___________________________________________________
ауданы  _______________________________________________________
облысы_________________________________________________________
мемлекеттік орган______________________________________________
_______________________________________________________________
                  (қысқартусыз толық атауы)
                      (көлемі 150х210)

Қазақстан Республикасы      


 Бас Прокурорының        
2004 жылдың 20 қаңтарындағы   
N 4 бұйрығымен бекітілген    
сыбайлас жемқорлықпен құқық   
бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік 
жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
есебін жүргізу туралы Нұсқаулыққа 
4-қосымша           

ҚР Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті

      Көшірме:  ____________________ облысының аумақтық басқармасына



Хабарлама_сыбайлас_жемқорлықпен_құқық_бұзушылық_жасағаны_үшін_тәртіптік_жауаптылыққа_тартылған_мемлекеттік_қызметкерді_жауапқа_тарту_туралы'>Хабарлама
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін
тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік 
қызметкерді жауапқа тарту туралы
шешімнің өзгеруі (бұзылуы) туралы

Тегі ______________________________________________________________


Аты ________________________ Әкесінің аты ________________________,
туған күні  "____" _________________ 19 __ ж.
Қолданылған жауапқа тарту туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
    (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшін жауапқа тартудың
___________________________________________________________________
            негізі, түрі және күні көрсетілсін)
___________________________________________________________________
Қабылданған шешімнің өзгеруі (бұзылуы) туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
(жауапқа тарту туралы қабылданған шешімнің өзгеруі (жойылуы) туралы
___________________________________________________________________
       шешімнің қабылдану негізі мен күні көрсетілсін)
Шешім қабылдаған органның аталуы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      (хабарламаны жасаған тұлғаның лауазымы, тегі және қолы)
Жасалу күні "___" __________ 20 __ ж.                            МО
                             (көлемі 150х210)

Қазақстан Республикасы      


 Бас Прокурорының         
2004 жылдың 20 қаңтарындағы   
N 4 бұйрығымен бекітілген    
сыбайлас жемқорлықпен құқық   
бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік 
жауаптылыққа тартылған тұлғалардың
есебін жүргізу туралы Нұсқаулыққа 
5-қосымша           

___________________________________________________________________


      (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан орган)

Хабарлама
сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшін
 тәртіптік жауаптылыққа тарту жөніндегі
істі (материалды) қарау туралы

Анықталған құқық бұзушылықтың сипаттамасы _________________________


___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Құқықбұзушы туралы мәліметтер - Тегі_______________________________
_____________________________Аты __________________________________
___________________________Әкесінің аты ___________________________
              (егер ауысқан болса, бұрынғылары көрсетілсін)
Туған күні  "____" ________________ 19 __ ж.
Істің қаралу нәтижесі:
___________________________________________________________________
    (жазаның түрі, қаралу күні және тағы басқалар көрсетілсін)
Жаза мерзімінің аяқталуы:__________________________________________
Материалды қараған мемлекеттік органның аталуы ____________________
___________________________________________________________________
Бастығы ___________________________________________________________
                 (мемлекеттік орган бастығының тегі, қолы)
Кадр қызметінің бастығы ___________________________________________
                                (Аты-жөні, қолы)
Жасалу күні "___" _____________ 20 __ ж.                         МО
                         (көлемі 150х210)




: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> cd896222cb5c1d0f462570b70038adeb -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
$FILE -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының Заңы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет