Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «халық рецептілері»



жүктеу 63.82 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі63.82 Kb.
: assets -> files
files -> Отраслевой pr а. Таболин Особенности pr в спорте
files -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
files -> Российская Федерация Республика Хакасия
files -> Ооо сп «Абаза Телеком»
files -> Постановление «26» декабря 2013 г г. Абаза №1097 Об утверждении муниципальной программы «Развитие образования на 2014-2016 годы»
files -> Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атныдағы қазақ музыкалы драма театрының қызмет көрсету
files -> Тауарды әкелген, жұмыстың орындалу, қызмет көрсету мерзімі
files -> Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және халықпен кездесу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Шарттық негізде үй – жайлар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «халық рецептілері»
2010 жығы қазан айының ортасынан «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік ұсынысқа конкурс жарияланған болатын. Бұл конкурс Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырмасы бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық атмосферасын қалыптастыру» жобасы аясында жүргізілді.

Ұсыныстар көп түсті. Шығыс Қазақстанның барлық түкпірлерінен. Және олар сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрестің, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сезімді қалыптастырудың әр түрлі аспектілеріне қатысты. Біз оларды бағалауды мақсат етпейміз, алайда оларды Сіздермен ашық бөліскіміз келеді.



Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру туралы алуан түрлі пікірлер аса танымалдылыққа ие болды. Мысалы, қызметкерлерді мемлекеттік қызметке алуды аса қатаң (сыбайлас жемқорлық жоспарында «қауіпті топқа» жататын тұлғаларды анықтау, туыстықты жою арқылы) жүргізу, тәлімгерлік жүйесін енгізіп, сәйкесінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған жағдайда жас маман мен тәлімгердің жауапкершілігін тең ету, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру (оны елімізде жұмыс істейтін жетекші шетел компанияларының сәйкес деңгейдегі менеджерларының еңбекақысынан кем болмауы керек), қызметтік баспанамен қамтамасыз ету және т.б. Мемлекеттік қызметкерлердің дәрежесін осылай көтеру және оларға ыңғайлы өмір деңгейің қамтамасыз ету заңсыз түрде ақша табу қажеттігін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қарат, дәрежені көтеру «жалғыз қақпаға арналған ойын» болмауы керек: сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің бұзушылық жасауға деген жауапкершілігі кейіннен мемлекеттік қызметке қабылданбау құқығымен жұмыстан босатылуға дейін көтерілуі керек. Мақсат біреу – мемлекеттік органдардағы жұмысты арсыз азаматтардың және ұйымдардың құлықтары шенеуніктерді «қызықтыра алмайтындай», және де шенеуніктердің өздері де заңсыз қосымша табысты қажет етпейтіндей ету. Тұрғындардың көпшілігі өз міндеттерін шынайы және адал орындап көзге түсіп жүрген қызметкерлерге жиі ілтипат білдіру қажет екендігімен келіседі: қызметінің көтерілуі (кезектен тыс дәреже), сыйақы, грамотамен және т.б.

Мемлекеттік қызметкерінің ар-намыс кодексін орындау жайлы әңгіме қозғалғанда, ең алдымен нақты адамның өзін-өзі ұстау мәдениеті және жоғары мақсатты ұстанымдарының мәселесі тұрады. Шенеунік күн сайын Кодек орналастырылған, әдемі рәсімделген стендтің қасынан өтіп, күні бойы Кодекстегі ережені толықтай елемейтін екі жүздігін жеңу үшін - «мемлекеттік қызметкерлердің барлығын күнделікті жаңа жұмыс күні таңертең басшылықпен бірге Кодексті мантрадай қайталауды міндет ету керек» деген ұсыныс та келіп түсті. Мүмкін, бұл «психологиялық қысым» біреуге парадан бас тартуға себеп болар?

Қатысушылардың көпшілігі назарды мемлекеттік сатып алулар мен «заңдалған параны талап ету» процедураларына аударуды ұсынады – меморгандар мен мекемелерді «оларға тән емес тапсырыс беруші функциясынан айырып, мемлекеттік органдар арқылы қайырылмыдылық іс-шараларына, сондай-ақ бизнес құрылымдардан қаражат жинау тәжірибесін жою». Тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат үшін артық қызметтерден бас тарту, оларды нарық ортасына беру өкілеттігін тоқтату, төмен тұрған құрылымдық бөлімшелерге олардың құзыретінен шет шығатын функцияларды тапсырмау және оларды құқық бұзушылыққа итеретін қаржыландыруға жауапты етпеу керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған шаралар да шетте қалған жоқ, күшейту арқылы ғана емес, шаралардың тиімділігін арттыру және бір уақытта оның нақты орындалуына бақылауды күшейту арқылы. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының санынан ешқандай пайда, артықшылық алынбаған және қаражат талап етілмеген, құқық бұзушылықтың себебі абайсыздық, үлкен жүктемелік немесе құзыреттің жеткіліксіздігі болған шамалы немесе байқаусыз істелінген қылмыстарды алып тастау ұсынылған. Сондай-ақ, өз өтінімдерін ұсынғандардың көпшілігі мәселенің бәрі заңда емес – өкінішке немесе баққа орай заңды білмеушілік бізді жауапкершіліктен босатпайтынын ұмытпайды. Мәселе, Қазақстан азаматтары қаншалықты өзін жемқорлық факторынан қорғай алатындығында, яғни халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруда.

Өтінім бергендердің арасында саяси құрылымның негізін қозғайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұсынғандар да болды, дәлірек айтқанда: ҚР Конституциялық Кеңесінің, Есептік Комитетінің, Адам құқығына уәкілеттінің рөлін күшейту, тәуелсіз сот жүйесін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әкімдерін сайлауды, нақты жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуді арттыру.

Алынған ұсыныстарда мемлекеттік органдар қызметтерінің ашықтығын арттыруға бағытталған шаралардың көп екендігін айта кетейік. Тек жоғарғы мағынада ғана емес, сондай-ақ айтарлықтай жер бетілік, материалдық жағынан. Сөйтіп, қазіргі заманға сай техникалық құралдарды пайдалану жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ұсыныстардың айтарлықтай кең тарағаны болды – конкурсқа қатысушылардың көпшілігі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін мемлекеттік шенеуніктердің кабинеттеріне бақылау құралдарын және телефондарын тыңдау құрылғыларын орнату арқылы төмендетуге болады деп санайды. Бұдан басқа, конкурсқа қатысушылар бұл «олармен атқарылып отырған жұмыстың көлемін арттыра отырып, жұмыс уақытының рационалды пайдаланылуын бақылауғы және қызметкерлердің штаттық санының мақсаттылығын ескеруге» мүмкіндік береді деп санайды. Ал мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адам факторын мүлдем жою мүмкіндігі болған кезде – қағаздық мемлекеттік қызметті ұсынуды электрондыққа ауыстыру қажет. Әділдік шегінде шенеуніктер және қызметті алушылар арасындағы «өзара тиімді жанасу» нүктелерінің шешуші процедураларының санын қысқарту қажет.

Мемлекеттік құрылымдардың жемқорлық деңгейін төмендету үшін «мамандар бір үлкен бөлмеде жұмыс істеуі қажет. Бұл жемқорлық әрекеттерін жасауға бөгет болып қана қоймай, мемлекеттік қызметкерлердің сыпайы сөйлесу әдетін қалыптастырып, этиканы сақтауға себеп болар еді» деген ұсыныстар да болды.

Жемқорлықтың ары қарай таралуының прафилактикасы, қазіргі бар жемқорлық менталитетін өзгерту үшін бала бақшаларда, жалпы білім беру және жоғарғы оқу орындарында жемқорлыққа және жемқорлық көріністеріне шыдамсыздық атмосферасын қалыптастыру жөнінде тұрақты жұмыстар жүргізу ұсынылған. Ол үшін «... оқу орындарында пәндер мен материалдарды енгізу бойынша ұлттық бағдарламаны ұйымдастырып, заңды тұрде қамтамасыз ету қажет».

Әрине, осындай әдістің қажеттілігі және тиімділігі, бала бақшада балаларды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу сияқты, үлкен сенімсіздік тудырады. Алайда, сөйте тұра конкурстық қазылар мүшесінің барлығы дерлік жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойларды насихаттаудың қажеттілігімен келісті. Осы мақсатты топтың қабылдау ерекшелігін ескере отырып, бет алыста ерекше болуы керек. Жастардың назарын қалай аулау және жемқорлыққа қарсы қатынасты құру жөніндегі жарқын ұсыныстардың арасында фотоквесттер, социо-мобтар, балалардың қолданбалы шығармашылығының жәрмеңке-фестивальдары, көптеген ақпараттық акциялар болды.


Аталғандардан басқа, азаматтар қоғамды жемқорлықпен күреске кеңінен тартып, сондай-ақ қоғамдық институттардың рөлін күшейту қажет деп санайды. Ең алдымен – БАҚ. Оларға сенеді. Сондай-ақ, оқырмандардың кең бұқарасын таныстыру мақсатында осы тақырыпқа, жаңалықтық, ҚР заңнамаларының жеке баптарынан хроникалар, сын-сықақпен, дәлелдермен, пікірлермен және т.б. жемқорлық тақырыбына арналған арнайы журналдар немесе газеттер шығаруға болады.

Алынған ұсыныстардың арасында ашықтық (жария болу) да шетте қалған жоқ, өйткені кез-келген азам өз табиғаты бойынша онымен жасалған құқық бұзушылықтың және «қоғамдық сөгіс алудың» жария болуын қаламайды. Ашықтық құқықты бұзған белгілі тұлғаның айналасында қоғамдық резонанс тудырып қана қоймай, сондай-ақ ашықтықтың арқасында оның жақын ортасында, туыстарына әсер етуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштік ашық процестерді жүргізуге мүмкіндік беретін, анықталған жемқорлық құқық бұзушылықтардың фактісі бойынша жемқор азаматтардың тұлғалары мен аты-жөндерін қала баннерлерінде орналастыру (оның үстіне, осындай билбордтардың орналастырылуын, құқық бұзушының қаражатынан жүзеге асыру), аты-жөнін БАҚ-та жариялау, барлық мемлекеттік органдарда «Олар жауапкершілікке тартылған» атты стенттерін рәсімдеу және т.б. сияқты алуан түрлі шаралары азаматтар тиімді деп санайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкердің табысының мөлдірлігі институтын енгізу көзделген, яғни әр бір азаматқа, қоғамдық ұйымға, мемлекеттік органға мемлекеттік қызметкердің қызметтік дәрежесіне қарамастан еңбекақысының көлемі туралы ақпаратқа қолжетімділігі. Сөйте тұра, тұрғындардың пікірі бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің табысына көңіл ғана бөлмей, сондай-ақ олардың шығынына, декларацияда көрсетілген тікелей қолданыстағы мүліктеріне назар аудару қажет.

Парақорлықпен күрес бойынша жеке шаралар ретінде жолдарда мағыналы емес бұзушылықтардың айыппұлдардың құнын төмендетіп, «айыппұлды сол жерлерде төлеу» жүйесін енгізу ұсынылған. Автордың пікірі бойынша, бұл автожүргізушілердің МАИ барып, уақыт өткізуін болдырмай, сондай-ақ проблеманы бейресми түрде шешу қызығушылығын болдырмауға әкеледі. Азаматтардың пікірі бойынша осы салада қолдануға болатын енді бір іс-шара жолдарда жылдамдықты автоматты бақылау-өлшеу және бейне бақылау құралдарының санын көбейту болып келеді. Шешім қабылдау кезінде тағы да субъективизмнің төмендеуі...

Қатысушылардың кейбіреулері берілген тақырыпты талдауға шынайылықпен кірісіп, конкурсқа қатысуға бірнеше әр түрлі ұсыныстар жіберді. Үздік ұсынысты таңдау оңай іс болмады... Алайда жанға жағымды болды! Конкурстық комиссияның шешімі бойынша мыналар үздік атанды:

1 орын - Рахимжанов Тимур Серикұлы. Ол басты жүлде сандық фотоаппаратты иеленеді.

2 орын - Бобрышева Ольга Александровна (жүлде – қысқа толқынды пеш).



3 орынды DVD-ойнаушы сыйға алатын Нұркенов Берік Аманбайұлы иеленді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет