СИҚырлы шаршылар



жүктеу 81.4 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі81.4 Kb.
: conf2009
conf2009 -> Әбдірахманова Жадыра 10 сынып Алтын қима
conf2009 -> Атанов С. К. Особенности проектирования самообучающихся нейронных сетей на базе нечетких предикатов Ахметова Б. З
conf2009 -> Теріс сандардың дамуы
conf2009 -> Сандар тарихы
conf2009 -> Ғылыми жоба тақырыбы
conf2009 -> Көздеген нәтижесіне беріктігін білдіріп отыр. Жұмыстың өзектілігі
conf2009 -> Аннотация О›ушыныЈ аты
conf2009 -> Қанша ғылым болмасын онда қанша математика болса, соншама шындық болады
conf2009 -> Әл-Фарабидің математикалық трактаттарын зерттеу
СИҚЫРЛЫ ШАРШЫЛАР

Жакенова Г.С.



7Б, Жарық орта мектебі, Жарық кенті.

жетекшісі: Тәжібай Ғ.М.

Ертедегі ғұлама ғалымдар сапалы қатынастың негізін әлем негізі деп ойлаған.Сондықтан да сандар мен олардың қарым қатынастары адамның ұлы ойын алған.

Сиқырлы квадрат- бұл әр вертикаль мен горизанталь,әр диагональ ретіндегі сандар жинақтары сәйкес келген квадрат.

Кейбір атақты матемтиктер өздерінің жұмыстарын сиқырлы квадраттарға арнаған.Бұл жұмыстардың нәтижелері топ, құрылым, латын квадраттарының және тағы басқалары математика бөлімінің дамуына әсерін тигізді.

Бұл жұмыстың мақсаты- әр түрлі сиқырлы квадраттармен танысу және оларды қолдану аймағын зерттеу.

Сиқырлы квадраттар

Қазіргі уақытқа дейін сиқырлы квадраттың толық сипаттамасы жоқ.Сиқырлы квадраттың бір ғана түрі бар, ол : 3 х 3.

3 x 3 сиқырлы квадратына 1-9 дейінгі натурал сандарды 8 түрлі тәсілмен салуға болады:

4

9

2

3

5

7

8

1

6


9+5+1

9+4+2


8+6+1

8+5+2


8+4+3

7+6+2


7+5+3

6+5+4


3 х 3 сиқырлы квадратында сиқырлы 15 саны 8 бағыттағы 3санмен тең болуы керек : 3 жолмен, 3 бағанмен және 2 диагональмен.Ортада тұрған сан 1 жолға, 1 бағанға және 2 диагональға жатқан соң, ол 8 тәсілдің 4-іне, беретін сиқырлы санға жатады.Бұл сан біреу ғана бұл 5. 3 х 3 сиқырлы квадратының ортадағы саны белгілі болды: ол 5-ке тең.

9 санын қарастырайық. Ол үштің екі еселенуіне тең.Біз оны бұрышқа қоя аламаймыз,себебі әр бұрыш торлары жолға, бағанға және диагональға жатады.Квадрат симметриясының кесірінен қай жақты таңдасақта бәрі бір,сондықтан 9 санын орталық тордағы 5санының үстіне жазамыз.9санының екі жағындағы жоғарғы жолға 2 немесе 4санын ғана жаза аламыз.Осы екі санның қайсысын жоғарғы оң және сол жақтағы бұрышқа қояды екенбіз,тағы ешқандай мағына бермейді,бір сан екінші санға айна сәулесі арқылы ауысқандықтан,қалған торлар тез толтырылады.3 х 3 сиқырлы квадратының тез әрі оңай құрылғаны оның бірлігін дәлелдейді.

Бұндай сиқырлы квадрат ежелгі қытайлықтардың үлкен мағыналы белгісі болған.Ортадағы 5 саны жер, 2 мен 7 саны оның айналасындағы қатаң бірқалыпты от,1 мен 6 саны су,3 пен 8 саны тал,4 пен 9 саны металл болып табылған.

Квадраттың көлемінінің өсуімен қатар осындай көлемдегі смқырлы квадраттар да көбеюде 4 қалыпты 880сиқырлы квадраттары және 5 қалыпты 275  305  224 сиқырлы квадраттары бар.5 х 5 квадраты орта ғасырда танымал болған.Мысалы,Мұсылмандар бұндай квадраттың ортасы 1санын жазған,себебі Алланың бірлігінің белгісі деп ойлаған.



Пифагор квадраты.

Ғұлама ғалым Пифагор, философиялық оқудың – негізін қалаушы, санаулы қарым – қатынастың негізі заттың болу-болмауы деп жариялап, адамның болу-болмауы өзінің туған күні мен жылына байланысты болуы мүмкін деп ойлаған.Сондықтан Пифагордың сиқырлы квадраты арқылы адамның мінезін, денсаулығының қаншалықты төмендеп кеткенің және оның потенциалды мүмкіндіктерін, ерекшеліктерімен кемшіліктерін, сонымен қатар осылардың алдын алу мақсаттарын білуге болады. Пифагордың сиқырлы квадраты мен оның нәтижелері қалай есептелінетінің түсіну үшін, мен өзімнің мысалым арқылы есептеп көрейін.Менің мысалым : 20.08.1986жыл.Туған күннің,жылдың,айдың сандарын қосамыз (нөл есепке алынбайды):2+8+1+9+8+6=34.Енді шыққан нәтиженің сандарын бір-біріне қосамыз:3+4=7.Одан кейін бірінші саннан туған күннің бірінші санының екі еселенгенің аламыз:34-4=30.Тағы да шыққан нәтиженің сандарын бір-біріне қосамыз:3+0=3.Енді шыққан барлық нәтижелерді қосу ғана қалды 1 мен 3; 2 мен 4: 34 + 30=64;7+3=10.

Бізде мынадай сандар табылды: 20, 08, 1986, 34, 7, 30, 64, 10.Енді сиқырлы квадрат құрастырамыз, барлық бірліктер бірінші ұяшыққа кіреді, екіліктер екінші ұяшыққа солай жалғаса береді.Нөлдерге назар аударылмайды.

Нәтижесінде мынадай квадрат шықты:




44

9

2

33

-

7

88

11

66


Біздің квадраттың ұяшықтары мынадай мағынаны білдіреді:

1 ұяшық – мақсаттылық, рух, менменшілдік.

1- әр кезде өз пайдасын іздейді.

11- менменшілдікке жақын.

111- сабырлы, өзгелермен тіл табады.

1111-өте рухты адамдар,әскери адамдар.

11111-ойына келгенді жасайды.

111111-өте қатыгез,миға сыймайтын жағдай жасауы мүмкін,басқаның әсеріне тиеді.

2 ұяшық –сезімтал,адамгершілігі мол.Екіліктердің саны биоөрістің денгейін білдіреді.Екілік жоқ – қуатын жоғалтуы.

2-атмосферадағы өзгерістерге сезімтал.

22-биоөрістің көп болуы.Бұндай адамдардан жақсы дәрігер, медбикелер, санитарлар шығады.Жанұяда стресс бола қоймайды.

222-емшілік белгісі.

3 ұяшық – нақтылық,жинақылық,тазалық,сарандық,үнемі «әділдік орнатқыш».

4 ұяшық –денсаулық.Бұл адамдарды ата-бабаларының рухы қорғайтын экрогендік қасиетпен байланысты.Төрттіктердің болмауы адамның аурушандығын білдіреді.

4-орташа денсаулық,ағзаны шынықтыру қажет.Спорт түрлерінен жүгіру мен жүзу ұсынылады.

44-мықты денсаулық.

444 және одан жоғары-денсаулығы өте мықты адамдар.

5 ұяшық –бұл адамдардың сезгіштігі,көріпкелділігі байқала бастайды. Бестіктері жоқ –ғарышпен байланыс жабық.

5-байланыс аңғары ашық.Бұл адамдар өзіне деген пайданы молынша ала алады.

55-сезгіштік өте қатты дамыған.Бұлар «түс көріп» оқиғаларды болжай алады.Бұндай адамдарға-заңгер,тергеуші болуы керек.

555-көріпкелділеу.

5555-көріпкел.

6 ұяшық –таңғажайыпқа сенбейді,сапалыққа сенімсіздікпен қарайды. Алтылықтар жоқ-бұл адамдарға қара жұмыс қажет,жұмысты жақсы көрмесе де олар көркемді талғаушылықпен

қиялшылдықпен ерекшеленген.

6-шығармашылықпен,ғылымменайналысуларына болады,бірақ қара жұмыс бұлардың тіршілігінің кепілі.

66-пендешілігі басым,қара жұмысқажақын тұрады,бірақ бұл қажет емес,ақыл-ой қажет,жұмыс істеулері керек,болмас,өнермен айналысу керек.

666-шайтан белгісі,ерекше және зұлымдылық білдіретін белгі.Бұлар өте темпераментті.Қоғамда,ортада өздеріне аударта біледі.

6666-бұлар өте еңбекқор,еңбексіз өмір сүре алмайды.Егер бұлардың квадратында тоғыздық болса,онда,ақыл-ой қажет ететін еңбекпен айналысуы керек.Тым болмаса жоғарғы білім алу керек.

7 ұяшық-жетіліктердің саны талант өлшемін білдіреді.

7-неғұрлым көп еңбек етсе, соншалықты қайтарады.

77-өте дарынды,музыкаға жақын,көркемдік талғамы жоғары деңгейде дамыған адамдар,мүсіндік өнерін дамытуларына мүмкіндігі бар адамдар.

777-бұл адамдар Жерге ұзақ мерзімге келмейді.Олар өте ақкөңіл, сабырлы, әділсіздікке көз жұмып қарай алмайды.Өте сезімтал,армандағанды жақсы көреді,ақиқатты көрмейді.

7777-Періште белгісі.Бұл белгіде адамдар үнемі «балалық шақта» өмір сүреді,өміріне әрдайым қауіп қатер төнеді.

8 ұяшық-жауапкершілік,борыш,міндет,жаза.Сегіздіктердің саны жауапкершіліктің деігейін білдіреді.

8-нақты,жауапты адамдар.

88-жауапкершілігі дамыған адамдар,олар әрдайым көмекке әзір,әсіресе осал,жалғыз-жарым,денсаулығы жоқтарға.

888-бұлар еліне қызмет ете алатын,ғұламалар.Үш сегіздігі бар басқарушылар ең жоғары нәтижелерге жетеді.

8888-бұл адамдар парапсихологиялық қабілетті,нақты мамандарға бейімделгіш.Оларға барлық жол ашық.

9 ұяшық-ақыл,ақылгөйділік.Тоғыздықтардың болмауы,ақыл-ойдың дамуы өте шектеулі екендігінің дәлелі.

9-бұл адамдар өмір бойы тыным таппай еңбек ету керек,ақыл-ойдың кемістігін толықтыру үшін.

99-бұл адамдар туғанынан ақылды.Сабаққа аса мән бере қоймайды,себебі бұл оңай беріледі.Олар қылжақпас,тәуелсіз.

999-өте ақылды.Сабаққа көп күштің қажеті жоқ.Өте жақсы әңгіме айтушы.

9999-бұл адамдарға шыңайылық ашылады.Егер бұлар сезімтал болса,әр бастамалары сәтімен аяқталады.Осының бәрі бола тұра олар өте сүйкімді.

Сонымен-сиқырлы Пифагор квадратын құрастырып және барлық цифрлардың құрамасының мағынасын біле отырып,сіздер өздеріннің табиғат-ана берген қасиеттеріне баға бере аласыздар.

Латын квадраттары.

Математиктерді көбінесе сиқырлы квадраттар қызықтырғанмен,ғылым мен техникада латын квадраттары көбіне қолданылады.

Латын квадраты деп n x n торкөз ішінде 1;2…..n деген оның үстіне әр жолда,әр бағанда осы сандар бір рет қана кездесетін квадратты атаймыз.

(3-сурет). Осындай 4 x 4 екі квадрат берілген.Бұлар өте қызықтырар ерекшелігімен қамтылған:егер бір квадратты екінші квадраттың үстіне салса,барлық сан жұптары әр түрлі болады.




1

2

3

4




1

2

3

4

2

1

4

3

3

4

1

2

3

4

1

2

4

3

2

1

4

3

2

1

2

1

4

3

Осындай латын квадратының жұптарын ортогоналды деп атайды.Латын ортогоналды квадраттарын табу есебін бірінші рет Л.Эйлер қойған,мынадай қызықты тұжырымда: «36 офицерлердің ішінде тепе-тең ұландар,драгундар,гусарлар,кирасирлер, кавалерградтар және гренадёрлар,одан басқа саны тең генералдар, майорлар,капитандар,поручиктер,подпоручиктер,әр войско барлық алты ранг офицерлерімен.Әр колоннада,әр шеренгада барлық ранг офицерлері болатындай 6 x 6 карасында осы офицерлердің бәрінсапқа тұрғызуға бола ма?Бұл есептің шешуін Эйлердің өзіде таба алмады.Бұндай шешімнің болмайтындығын 1901 жылы дәлелденген.Сонымен қатар Эйлер төртке бөлінетін жұп сандардың және барлық тақ сандарға латын квадраттарының ортогоналды жұптары бар екенін дәлелдеді.Эйлер егер n саның 4 ке бөлгенде қалдық 2 берсе,ортогоналды квадрат жоқ деген гипотезаны тұжырымдады.1959 жылы ЭВМ-ның көмегімен бірінші 10 x 10, содан кейін 14 x 14,18 x 18,22 x 22 ортогоналды квадраттар табылды.Біраз уақыттан соң,алтыдан басқа кез келген n-ға n x n ортогоналды квадраттар бар екендігі көрсетілді.

Қорыта айтқанда осы жұмыста өте көп ғұламалардың ақыл-ойың алған математика тарихының бір саласының дамуымен байланысты сиқырлы квадраттар қарастырылған.Сиқырлы квадраттар өз қолдануын ғылымда,техникада таппасада, көптеген ғалымдарды математикамен айналысуға итермеледі және математиканың басқа да салаларының дамуына себеп болды. Сиқырлы квадраттардың жақын туысқандары латын квадраттары көптеген қолдануын математикада және оның қосымшаларында эксперимент нәтижелерін сұрыптауда орын тапқан. Сонымен қатар бұл жұмыста тарихи қызығушылық білдіретін Пифагор квадраты қарастырылған. Тұлғаның психологиялық сипаттамасын жасауға өз пайдасын беруі әбден мүмкін.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет