Силлабус пән: Жалпы психология Курс



жүктеу 1.06 Mb.
бет1/7
Дата03.05.2016
өлшемі1.06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Келісілді бекітемін
2016 -> «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі»
2016 -> «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының тізімі
2016 -> Ислам тарихи вә он дөрд мәсумларын (Ә) ҺӘЈаты тәҺгигат групу бисмиллаһир-рәһманир-рәһим
2016 -> «точка опоры»
2016 -> Қожа Ахмет Ясауидің ата-бабасы, анасы және ұрпақтары туралы
2016 -> Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары
2016 -> Перспективный план работы Общественной палаты Ногинского муниципального района Московской области на 2016 год
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Гуманитарлық факультеті

Педагогика және психология кафедрасы


«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

_______Избасарова Ф.Д.

«____»__________2015ж.



СИЛЛАБУС

Пән: Жалпы психология

Курс: 1

Мамандық: 5В050300 «Психология»

Құрастырған:

Кредит саны: 3

Семестр - 2

Семей 2015

Пән бойынша силлабус оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Құрастырған магистр, аға оқытушы Дакина Г.Т., магистр, аға оқытушы Жапарова Г.С.


Педагогика және психология кафедрасының отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама № «___ » ____________2015 ж.



Пән: «Жалпы психология»
Байланыс телефоны: 77-31-12

Кабинет № 32, ғимарат № 3, Шмидт 44


Курстың пререквизиті: Жалпы және салыстырмалы психология пәндерімен пән аралық байланысты орната отырып меңгерту.

Курстың постреквизиті: Жасерекшелік және әлеуметтік психология, тұлғаның дифференциалды психологиясы, патапсихология, арнайы психология, психология тарихы пәндерімен тығыз байланыса отырып, студенттердің өзіндік тәжірибесінде теориялық білім негіздерін қолдануға ұмтылдыра отырып, білімдерімен біліктіліктерінің негізін қалайды.

Пәннің қысқаша мазмұны: Жалпы психология өзінің даму тарихы, пәнімен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі. Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне бұл оның теориялық әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту, зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу, табиғи және жасанды жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуымен жұмысының құрылымдарын зерттеу жатады.

«Жалпы психология» курсы психологияның теориялық және практикалық түсініктерімен байланысты оның қалыптасуы мен дамуының негізгі ережелерін береді, қазіргі заманғы психологиялық ғылымның даму ерекшеліктерін ашады, жалпы психология саласының шетелдік және отандық психологиядағы жаңа инновациялық жаңалықтармен таныстырады. Сонымен бірге, бұл курс адам санасының пайда болуы және дамуының теориялық негізін меңгеруге, адамның жалпы және әртүрлі психикалық іс-әрекетін зерттеуге бағытталған.



Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдерімен зерттеу дағдылары негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: 1. Оқытылатын психолллогияяялллық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттер білімдерін жүйелендіру.

2.әр түрлі психологиялық фактілермен теорияларды жүйелі психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылармен ептіліктерді дамыту.



3. дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.
Курсты оқу барысында студенттер мыналарды меңгереді.

  • «Жалпы психология» курсының әдіснамалық негіздерін білуі;

  • Теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану

  • Оқу зерттеу іс әрекетіне деген дағдылар

  • Кәсіби қарым қатынас дағдылары

  • Отандық және шетелдік жалпы психологияға байланысты мектептермен бағыттардың теориялық негіздерін білу;

  • Психологияға қатысты білімнің қазіргі жағдайының ерекшеліктерін білуі;

  • Алынған білімді іс жүзінде қолдана алуы.





Тақырып атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Практикалық

СОЖ

СӨЖ



Психологиялық ғылымдар және практиканың пәнімен міндеттері

2

2




9



Іс-әрекетті психологиялық талдау

2

1

3

5



Психиканың пайда болуы және эволюциясы

1




3






Адам психикасының пайда болуы мен дамуы

1












Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы

2











Таным прцестерінің психологиясы. Сезімдік таным психологиясы

2

1









Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы

2

1









Қабылдау және елес

2

1




7



Ойлау психологиясы

2

1









Ес

3

1

2






Сөйлеу психологиясы

2

1









Зейін

2

1









Эмоция психологиясы

2

1

2,5

10



Мотивация және эмоция психологиясы

2

1

3






Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға құрылымы

1




2






Тұлға және даралық

2

1

2






Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде




1




10



Мінез психологиясы




1









Топ және ұжым







3






Жеке тұлға теориялары







2

9



Дж.Мореноның"Социометрия" әдісі










8,5



Жалпы психологиядағы тұлға










9

Барлығы

30

15

22,5

67,5


Пәннің мазмұны:

Дәріс сабақтары

1-тақырып. Психологиялық ғылымдар және практиканың пәнімен міндеттері -2 сағат.

Психология пәні. Жалпы психологияның методологиялық функциясы. Психологияның принциптері: бейнелеу, сана мен іс-әрекет бірлігі, психикалық құбылыстың жүйелі детерминациясы. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі айырмашылықтары мен салыстырмалы талдау. Ғылыми-психологиялық зерттеу нәтижелері, олардың теориялық және қолданбалы мәні. Психологиялық білімдердің өздеріне тән ерекшеліктері. Психика тіршілік иелерін обьективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формасы. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары.

Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері. Фундаментальды психологиялық ғылымдар: жалпы психология, әлеуметтік психология, дифференциалды психология, даму психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психологиясы және инженерлік психология, медициналық психология, коррекциялық психология, психофизиология, зоопсихология.

Психологияның әдістері. Психикалық құбылыстарды зерттеудің обьективті әдістері. Бақылау, өзін-өзі бақылау, сұрау, адам іс-әрекетінің өнімділігін талдау әдістері. Сананы зерттеудің психосемантикалық әдістері. Психодиагностикалық әдістер. Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Салыстырмалы паталогиялық әдіс.



2-тақырып. Іс-әрекетті психологиялық талдау- 2 сағат.

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің бастапқы және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлы және орындаушы іс-әрекет, индивидуалды және бірлескен, шығармашылық және шығармашылық емес. Субъект және іс-әрекет пәні. Іс-әрекеттің мотиві мен мақсаты. Іс-әрекет және психикалық процестер.

Іс-әрекеттегі психикалық бейнелеудің туындауы мен функциясы.

Әрекеттің орындалу тәсілдері (операция). Әрекеттің операцияға айналуы. Операцияның салыстырмалы дербестігі, оның бір әрекеттен екіншіге ауысуы. Ақыл-ой операциялары.

Психомоторика жайлы түсінік, әрекеттің қимыл құрамы. Кері афферентация және «әрекеттің акцепторы» туралы түсініктер (П.К. Анохин). Афферентті жүйе мен кері сигналдаудың күрделі қимыл актісін реттеудегі рөлі. Қозғалысты құру деңгейлері. Қозғалыс координациясы туралы түсінік (Н.А. Бернштейн). Қозғалыстың дамуы.

3-тақырып.Психиканың пайда болуы және эволюциясы - 1 сағат.

Психология тарихындағы психиканың критерияларын іздеу. Психикадағы субьективті және обьективті критериялар. Сезгіштік түсінігі. Іс әрекетпен психиканың даму сатылары. Инстинкт түсінігі, жануарлар интеллектісі және үйрену. Мінез құлықтың рефлекторлық теориясы. Р.Декарттың еңбектеріндегі рефлекс туралы идеялар. И.М.Сеченовтың, Ч.Шерингтонның, И.П.Павловтың, П.К.Анохиннің, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы.



4-тақырып. Адам психикасының пайда болуы мен дамуы -1 сағат.

Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Еңбек іс-әрекетінің сипаты, ұжымдық, құралдық, жемістілік (жаңа заттарды өндіру). Сананыңдамуы және пайда болуы. Саналы және ұғынылмаған психикалық процестер. Ішкі дайындық түсінігі (Д.Н.Узнадзе). Психология және философиядағы сана мәселесі. Қоғамдық және индивидуалды сана. Сананың туындау шарты, ұжымдық еңбек іс әрекеті, тіл. Іс әрекеттің және сананың бірлігі принципі.

Сананың нақты-психологиялық сипаты. Сананың құрылымы: сезімталды ұлпа, жеке бастық мағына. Жоғары психикалық функцияның қалыптасуы. Жоғары психикалық функцияның әлеуметтік, жанамалы, ерікті сипаты және олардың жүйелі құрылымы.

5-тақырып. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы - 2 сағат

Мидың психофизиологиялық қызметтері (сенсорлы, сезгіштік, вербальды логикалық, психомоторлық). Психикалық процестер сенсорлы перцептивті, ойлау, қиял, елес, ес, зейін, эмоция, ерік, мотивация. Жоғары психикалық функциялардың қалыптасуы. Психикалық күй. Психикалық күйдің түрлері. Кейбір психикалық күйдің түрлері. Кейбір психикалық күйдің сипаттамасы. Стресс, үрей, көңіл күй, аффект. Психикалық қасиет және құрылым. Интеллект, қабілеттілік. Темперамент. Мінез. Бағыттылық. Тұлға барлық психикалық құбылыстардың интеграторы. Тұлға, индивид, субьект, даралық туралы жалпы түсінік. Тұлғаның индивидуалды даму процесіндегі интериоризация және экстериоризация.



6-тақырып. Таным прцестерінің психологиясы. Сезімдік таным психологиясы -2 сағат.

Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік сананың сезімдік ұлпасы ретінде. Түйсік және стимулға қатысты мінез құлықтың бағдарлануы. Қозғалысты реттеудегі түйсіктің ролі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде. Сенсуализм және оның психология тарихындағы ролі. Түйсіктің негізгі түрлері статикалық, динамикалы, есту, көру, тактильді, кинестетикалық динамикалы, температуралы, дәмдік, иіс, вибрациялы, ауырсыну, интероцептивті түйсінулер (В.Вундт). Түйсінулердің классификациясы. Экстероцептивті, интероцептивті, проприоцептивті түйсінулер. Механикалық, химиялық түйсіну түрлері.

Анализаторлар түйсіктің анатомиялық физиологиялық механизмі. Түйсіну табалдырықтары жайлы түсініктер. Анализаторлардың шешуші қабілеті. Вебер Фехнер, Стивенс заңы. Психофизика бойынша жаңа зерттеулер.

7-тақырып. Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы -2 сағат.

Көру түйсігі және оның ми субстраты. Түстерді түйсіну сапасы жарқырау, контраст, түс, қанығу олардың жарық стимул физикалық параметрлермен тәуелділігі. Ахроматикалық және хроматикалық көру. Түстерді араластыру заңдары. Негізгі және қосымша түстер. Юнг Гельмгольц, Геринг түстерді көру теориясы. Есту түйсіну сапалары қаттылық, биіктік. Кинестезия адамның практикалық әрекетімен байланысты бұлшық буын сезімдері. Тактильді түйсіктер енжар сипап сезу. Тері сезім мүшесі ретінде. Тактильді анализатордың құрылысы. Ауырсынудың екі жақты табиғаты олар эмоция және түйсінулер. Температуралық түйсінулер орта температурасын және теріні, дененің температурасының айырмашылығына реакция. Статикалы динамикалық түйсінулердің жалпы сипаты., жылдамдату және теңесу түйсіну. Вибрациялық түйсінулер естуге жақын. Иіс сезу,дәм және интеррецептивті (оргпникалық) түйсіктер



8-тақырып. Қабылдау және елес -2 сағат.

Қабылдау сезімдік бейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы сипаттамасы обьективті және субьективті бағдарлаушы бағыттар. Қабылдау психологиясындағы гештальтпсихология, когнитивті психология, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев мектептері. Қабылдаудың қасиеттері заттық, тұтастық, категориялық, ұғынымдылық. Аппецепция. Қабылдау бейнелерін құру фазалары (Н.Н.Ланге, Б.Ф.Ломов). Адамның ортамен өзара әрекетіндегі кеңістікпен уақытты қабылдау. Кеңістікті бағдарланудағы қимыл анализаторларының ролі. Ырғақ және қозғалысты қабылдаудағы есту және кинестезия түйсінулерінің ролі. Эмоциялық күйде кеңістікпен уақытты қабылдаудағы иллюзия. Фифеномен. Автокинетикалық эффект. Елестердің сезімдік заттық сипаты. Эйдетикалық бейнелермен түс көру.Елестерде кеңістікпен уақытты бейнелеу. Тануға елестердің қатысуы. Сенсорлы және перцептивті эталондар. Қиял түрлері. Жаңа бейнелерді жасау механизмдері.



9-тақырып. Ойлау психологиясы -2 сағат.

Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлау және практикалық заттық әрекет. Ойлаудың әлемді танумен өзгертудегі ролі. Ойлауды зерттейтін ғылымдардың арақатынасы. Ойлау психологиясы жайлы жаңа түсініктер және тарихы. Вюрцбург мектебінің ашқан негізгі заңдылықтары. О.Зельцтің «Комплекстер теориясы». Гештальтпсихологиядағы ойлау жайлы түсініктер. Ойлау психологиясына психоаналитикалық ықпал. Ойлау жайлы бихевиоризм зерттеулері. Когнитивті психологияда ойлауды информациялық процесс ретінде қарастыру. Қазіргі психологияда ойлауды зерттеудің негізгі бағыттары.

Ойлауды зерттеу әдістері. Бақылау, эксперимент, іс әрекеттегі өнімдерін талдау, ойлауды зерттеудегі сұқбаттасу. Творчество өнімдерін талдау. Ойлауды клиникалық зерттеу әдістерінің мүмкіндіктері. Қалыптастырушы эксперимент және ақыл ой әрекетінің табиғатын зерттеу. Ойлаудң түрлері. Бейнелі ойлау және қиял. Теориялық және эмпирикалық ойлау ерекшеліктері. Практикалық және теориялық интеллект. Логикалық және интуитивті ойлау. Ырықты және ырықсыз ойлау. Аутистік, эгоцентрикалық, реалистік ойлау. Творчестволық және творчестволық емес ойлау. Ойлау және мотивация. Аффекті және интеллектінің бірлік принципі. Ойлаудағы эиоция функцияларының қарама қайшылығы.

10-тақырып. Ес -3 сағат.

Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Ес құбылыстары. Феноменді ес жағдайы. Ес және үйрену. Ес және зейін. Автобиографиялық ес. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Бейнелі ес. Эйдетикалық ес. Моторлы ес. Эмоциялық ес. Сөздік логикалық ес, оның сөзбен, ойлаумен байланысы. Ырықты және ырықсыз ес, ұғынылған материалды ырықты есте қалдыру. Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары. Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Жаттау тәсілінің еске, схемалар роліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Ассоцация түрлері және заңдары.Сенсорлық регистр. Иконикалық, эхойстік ес. Ес және іс әрекет. А.А.Смирновтың жұмыстарындағы ырықсыз есте қалдыру мен ырықты есте қалдырудың арақатынасы.

Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізігі факторлар. Есте қалдыруға , сақтауға материалдың сипаттамасының әсер етуі (көлемнің, біртектілік дәрежесінің материал ұғынымдылығының рөлі). Жаттығулардың рөлі. Эббингауз заңы. Үйрену және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.

Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі. Мнемикалық тапсырмаға субъектінің қатынасы. Мотивация деңгейінің үйренуге, еске әсері. Іс- әрекеттің үзілісінің еске әсері. Зейгарник эффектісі. Аффективті реакциялардың еске әсері. Суюъектінің материалды ұйымдастыруының мәні.

Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды перцептивті ұйымдастыру : жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Уақыт аралығында естің өзгеруі. Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы. ретроактивті және проактивті тежелу. Ниеттерді ұмыту. Ұйымдаспаған ұмыту және ұмыту әрекет ретінде, ұмыту теориялары.

11-тақырып. Сөйлеу психологиясы -2 сағат.

Ұғынымды ойлау мәселесі, ойлау және сөйлеу. Лингвистикалық салыстырмалы болжамы, оның психологиялық аспектілері. Ойлау мен сөйлеудің генетикалық түбірі. Сөздік ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретінде. Ойлау мен сөйлеудің сәйкес келмейтінін бекітетін арнументтер мен фактілер, олардың арасындағы қатынастардың дамуы.

Сөйлеуді психологиялық талдау. психологияда сөйлеуді зерттек ерекшелігі. Сөйлеу процесінің 4 түрі : айту, тыңдау,оқу,хат. Психолингвистикалық әдістері мен негізгі мәселелері, сөйлеу іс - әрекеті мен сөйлеу әрекет түсінігі.

Сөйлеудің түрі және функциясы. Ауызша, жазбаша, диалогты,монологты, ішкі сөйлеу. Сөйлеудің функциялары: коммуникативті, энгнификативті, экспрессивті, интеллектуалды.

Грамматикалық деңгейде сөйлеудің пайда болу теориясы. Стохастикалық модель және оны Ч.Осгудтың модификациялауы. Н.Хомскийдің трансформациялық моделі.

Сөйлеудің қабылдау теориясы: акустикалық , моторлық, синтез арқылы талдау және т.б.



12-тақырып. Зейін -2 сағат.

Зейін ұғымын анықтау. Зейін теориялары және олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Ланге, В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Басқа психикалық процесстермен,құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің псиикалық статусы мен табиғаты жайлы пікірталас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминант, ми қабығындағы қозу, екінші сигналды жүйе).

Зейіннің негізгі қасиеттері,оларды эксперименталды зерттеу. Зейіннің көлемі. Зейін көлемінің индивидуалды ерекшеліктерден , материал құрылымынан, әрекет сипатынан тәуелділігі.

Зейіннің концентрациясы,орнықтылығы, тербелісі. Зейін орнықтылығының материал сипатына, іс әрекет түріне, жеке адамның ішкі дайындалуына тәуелділігі.

Зейін аудару және бөлу : зейінді әртүрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар. Еңбек іс әрекетіндегі зейіннің пударылуы мен бөлінуі.

Зейін және іс әрекет. Іс әрекеттің құрылымы және зейін. Зейіннің іс әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі рөлі. Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде (П.Я.Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер.

Зейіннің дамуы. Зейіннің даму сатылары.Оларды анықтайтын факторлар. Зейіннің жоғары формаларының дамуы.

Зейінді зерттеудің қолданбалы аспектілірі. Зейін барлық іс әрекетің маңызды шарты ретінде. Адамның әртүрлі іс әрекетіне қолданылатын зейіннің әртүрлі қасиеттерін бағалау және ескеру. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары. Шашыраңқылық пен көңілдің аударылмауын жеңу.



13-тақырып. Эмоция психологиясы -2 сағат.

Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоциядағы биологиялық мақсатқа сәйкестік. Эмоцияның танымдық процесстерге қатынасы. Эмоцияның заттылығы. Эмоциялар және мотивациялық процесстер. Эмоциялар іс әрекеттің ішкі реттеушісі ретінде.

Эмоцияның мәні, құрылымы және функциялары. Эмоцияның сипаттамалары: модаль, интенсивтілік, валенттілік, тереңдік. Эмоцияларды интерпретациялау және негізгі тенденциялар,олардың сипаттамалары. Ч.Дарвиннің Эмоцияның көрінуі туралы түсінігі. Джемс Ланге теориясы және оның позитивті психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындағы рөлі. Эмоцияның физиологиялық теориясы. И.П.Павлов эмоция туралы. Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары.

Эмоция психологиясының негізгі мәселелері. Эмоциялық процесстің пайда болу шарты. Экспериментальды зерттеудердің мәліметтері және эмоцияның пайда болуы туралы теориялық түсініктер. Эмоцияның қажеттіліктер мен жағдайлардан шарттануы.

Түйсінудің эмоциялық тондары. Аффектілер, олардың биологиялық мәндері. Аффектілердің айрықша белгілері. Ситуативті іс әрекетті реттеуші. "табыс-табыссыздық" эмоциясы. Орнықты эмоциялық қатынастар мәселесі -сезімдер. Эмоциялық күй,оларды эксперименталды зерттеу. Г.Сельенің стресс теориясы.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет