Сынық Қанат көгершін



жүктеу 86.41 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі86.41 Kb.
: text
text -> Аденозин-5'-трифосфорная кислота, или трифосфорный эфир 9- b -d-рибофу- ранозида
text -> Газоносность и направления поисков залежей углеводородов в юрской терригенной формации восточного устюрта 25. 00. 12 Геология, поиски и разведка нефтяных и газовых месторождений
text -> Книга Псалмов (Теелим)
text -> Семейдің Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясының бірінші күні
text -> Композитор Сыдық Мұхаметжановтың туғанына – 80 жыл
text -> Принадлежность
text -> Интернет-ресурсы по круговороту азота и приземному озону
text -> Европейски парламент
text -> Ульяновская область, ульяновский район
text -> Абакумов георгий Григорьевич, 1897 г р. Житель с. Верхнеильинка Верхнеильинского с/с Омского р-на Омского окр. Западно-Сибирского края. Состав семьи: жена Прасковья, 1897 г р., сын Николай, 1923 г р
СЫНЫҚ ҚАНАТ КӨГЕРШІН.
Мейірлі жанарыңмен күліп қарап,

Кеттің-ау жүрегімді үмітке орап.

Ақ мамық жібек бұлтқа жетеледің,

Қорғансыз көгершін ем сынық қанат.


Өмір-күрес түсінбей дауыл сырын,

Өткердім қатал тағдыр ауыр сынын.

Армандаған биікке талпынам деп,

Қатпай жатып қайырылды қауырсыным.


Сор таттым ба, ойылды таңдайым көп,

Шырқырадым шындықты жалғайын деп.

Мезгілсіз қанатымды сермей бердім,

Қайтқан қаздың көшінен қалмайын деп.


Мамық жырдың тамыры тынбай қанап,

Қан иісін маса мен бүрге талап,

Жоқ нәрсеге далпылдап дәмеленіп,

Дәрмені қанатымның қалмай барад.


Күш жиып қанатымды сермегенде,

Жете алмай Ертісіме шөлдегенде.

Талыққанда тамызып таңдайға бал

Өзің болдың жанымды емдеген де.


Жалғаған үмітіңнің үзбей жібін,

Тербеген жүрегінің нәзік қылын.

Мұң тұнып мойыл көзі мөлдіреген,

Ол сенің сынық қанат көгершінің.

03.04.2011


Туған жерім –жүрегім
Анамның салтын, атамның даңқын сақтаған,

Жөргекте жатып намыстың жырын жаттаған.

Жете алмай кеткен арманы еді-ау бабамның,

Кеткенде жосып шұбырынды боп ақтабан.

Суыңдай тұнық тілегім,

Өзіңмен егіз жүрегім.

Анамдай асыл туған жер,

Мен сені сондай сүйемін.

Батырлар қанын, ғашықтар әнін қалдырған,

Жұпарлы далам жүректің жырын жандырған.

Өзеніңдей жөңкіліп өмір ағысы,

Тауларың да тарих болып жаңғырған.

Балауса қыздай, қол бұлғап тұрса бал құрақ,

Сыңғырлап күліп, сылдырап ақса тау бұлақ.

Ақ жусан шыққан- анамның аппақ үміті ол,

Қия алмай кеткен Алтайын аңсап зар жылап.

Зұлқаршын Гүлнұр

Тұманбай Молдағалиевқа

Бүгінгі күнім, басқаша тірлік, басқа арна.

Көңілде күдік, көзімнен көктем қашқан ба?

Асау жүректің толқыны тулап жарға ұрып,

Жұлдыздар жүдеп, ай күйіп барат аспанда.
Қалғып кеттім-ау, тырс еткен тамшы оятты,

Көргендей болдым аспаннан аққан жолақты.

Кең дала кеңкілдеп өксігін жатты баса алмай,

Өнер өлкесі тағы бір талантын жоғалтты.


Сағыныш өрт қой жаныма қалай жасырам,

Арманым-ау деп, алдамшы үмітке бас ұрам.

Тереземде мөп-мөлдір тамшы тұр сырғып,

Таң шолпанының көзінің аққан жасынан.


Тәрік боп қалғандай табиғат жылады уанбай,

Алатау қалды демін сыртына шығармай.

Тұман тұнған ақ шыңды жұрді айналып,

Алтайдың ұшқан ақиық құсты қия алмай.


Бұлақтар булығып мөлдір жастарын бұлады,

Шыңырау шыңнан шыңғырған дауыс шығады.

Үзілді үнсіз сезімнің нәзік бір қылы,

Махаббат бағының шынары шындап құлады.


Өлшеулі ғұмыр болмайды сірә, өнерде ,

Тамыры жырдың тербеліп жатыр тереңде.

Таңғы шықтай мөп-мөлдір моншақ сезімдер,

Күн сәулесімен таралып барат әлемге...........

17.10.2011

СЕНІ АҢСАП.......
Сағынғанда сабылдырса сағым мұң,

Самалы боп аймалайын ауылдың

Арманы көктен күтіп жүргенде,

Қалай ғана жер бетінен табылдың.


Бұратылған бұрымындай бұлақтың,

Сылдырынан сыр тыңдатсам құрақтың

Гүлі болып күліп тұрсам алдында

Бала күнгі қозы жайған қыраттың.


Алтайыңнан асқан таңның шуағын,

Сағындың ба қыран ұшқан құзарын?

Бозторғай жүр шырылдайды сені іздеп,

Дәтің берік, қандай мықты шыдамың.


Сыр ұқтырып тереңінен жанардың,

Мен еріксіз тұңғиыққа қамалдым

Алтайыңнан ауған бұлтқа ілесіп,

Сарыарқаға сағым болып жоғалдың.


Моншақ мұң боп тамшылайды мөлдір жыр,

Көңіл көлде жатыр тұнып айтар сыр,

Сенесің бе сені аңсап ауылда,

Көздің жасын құрғата алмай бір қыз жүр.


08.05.2011

МӨЛДІР МҰҢНЫҢ МОНШАҒЫ.
Елітіп бір күш өр Алтайға оралдың,

Ұйқыда едім нұрыңа балқып ояндым

Атқан таңның алауы болып аймалап,

Ақша қармен ақырын жылжып жоғалдың.


Кірпікке іліп мұнарлы мұңның моншағын,

Қиялға мүлгіп қыдырып қырды шаршадым

Даламдай дархан даралығыңа тәнті боп,

Көктем боп күлген көңіліңді сенің аңсадым.


Мөлдір сезімді жыр етіп жазып ұсынып,

Керемет ойдың кептерін кері ұшырып,

Тұңғиық ойға тұншығып жүрмін түнеріп,

Сүйемін деген сұңғыла сөзден қысылып.


Қайратым шайқап қасырет-мұңның қаймағын,

Бақытты аңсап бағымда жалғыз сайрадым,

Жүдеген сен деп жүректі түйіп шетіне

Бусанған бұлтқа орамалымды байладым.


Сәуле табылса тамұқ түннен түнерген,

Бақ жұлдызымның нұрын сезініп білем мен

Жүрегі жүдеп Естайын аңсап сағынған

Ай бетінен де Қорланның жүзін көрем мен.


Аппақ ай нұры тереземнен тұр төгіліп,

Шаршатты арман жаным жылады егіліп

Көлеңке түсіп көкжиегіне көңілдің,

Аңсата берді үміттің бұлты ілініп.


07..06 .2011



САҒЫНДЫМ АЛТАЙ
Сағындым арман Алтай асқарыңды

Аңсадым айы толған аспаныңды.

Өр Алтай мақтан етем сенде туып

Киелі топырағыңды басқанымды.


Алтайдың күні де арман,түні де арман

Мұңартып бабалардың мұңы қалған.

Аңсаған еркіндігін арман етіп,

Жаңғырып тау-тасында үні қалған,


Қарт Оспан қарлы шыңын паналаған

Қыранын қырғи қуып жаралаған.

Жер шарын жеті айналып кезсе дағы,

Алтайдай жер жанатын таба алмаған.


Әніне алтын Алтай салармысың,

Аққулар қайта көлге қонармысың.

Бабамның қаны тамған қайран Алтай,

Қор болып, қортықтарда қалармысың.


20.05.2012

АҚЫН ЖӘНЕ ТУҒАН КҮН
Мен туғанда қоңыраулы аспан күз еді

Жүдеу тартқан табиғаттың реңі

Қоңыр күздей салқын содан тағдырым

Бақытымнан сорым артық бір елі.


Сезді екен сәби жүрек мұң қандай,

Жылап тудым мен анамнан туғанда

Жапыраққа жасырынған шықтай боп

Содан бері жүр жанарым құрғамай.


Құстар қайтып ызғар соқты бір суық

Тұман мұңға тұр көкірек тұншығып

Қоңыр күздің салқын сызы қалған ба

Көңілімде тұрад әйтеу бір сынық


Бұзсам дағы сан қиындық құрсауды

Салқын тағдыр санама әкеп мұң салды

Кербез көңілім кең далаға сия алмай

Тұлпардайын тықыршимын тұсаулы

Көңілі боздап күңіренсе бір ақын

Құлақ түріп тыңдаушы еді құба түн

Ақын жүрек айлы түннен сыр ұғып

Бұла жырлар бұлқынып кеп туатын


Жаудырады ел жақсы тілек батаны,

Бірақ неге ақын жүрек қапалы.

Бергені мен алғаны үшін өмірге

Ақын жаны есеп беріп жатады.



САҒЫНЫШ.
Күй толқытад жүрегімде арман-ән,

Тамсанамын шөлім бардай қанбаған

Тек жүрегім өзі сезіп жатады,

Сағынышыңды сағым бұлттан жолдаған


Бұл өмірде мың өртеніп өштім мен,

Бағалаймын бақытымды кеш білген

Жүрегіме қан жүгіред әрдайым

Қалқам сенің дауысыңды естісем.


Өкініштен өртенгендей өзегім,

Сезімімді серпілтпейді неге мұң,

Арман аңсап мұңға толған жүректің

Бір адамға керектігін сеземін.


Сені ойласам жанарыма бақ тұнад,

Қиял арман шыңырау құздан лақтырад

Балалығым басым болып кете ме

Әйтеу саған өкпелегім кеп тұрад.


Сағыныш па әлде саған жетпеген

Үмітімді тұтандырды өрт кеудең

Жалыныңа күйіп жанып жүргенше

Құшағыңда неге өртеніп кетпегем.


Қатал тағдыр алыстатып араны,

Жүрек жүр-ау жүдеу тартып жаралы

Жанды желпіп сағыныштың самалы,

Бұл күндер де арман болып қалады.



ҚОШТАСАРДА.......
Аңсаған асылым бе ең бар арманым,

Жанымды неге сонша жараладың?

Сыңарынан айырылған аққудай,

Іздедім де сеңделіп таба алмадым.


Қайтейін бір көрініп сағым болдың,

Жаралы жанды өртеген жалын болдың.

Жүрегімнің түбіне құпиялап,

Сыбырлап үнсіз айтар әнім болдың.


Шапағына шомылып ала таңның,

Мүсініңді қиялымнан жаратамын

Сенің жүрек жылуың өтті ме екен.

Ыстық әлі сен ұстаған алақаным.


Мұң тұнып мөлдіреген жанарымда,

Сырлы бір сұрақ тұрды қабағымда.

Қоштасуға қия алмай сен аттандың,

Тіл қата алмай мен қалдым қарадым да.



Арнау

Өр Алтайдың түнығынан нәр алған,

Көз жетпейді шыңдарындай ой арман.

Қыран едің құз қиядан жетіліп,

Ұлы өнердің биігіне жол алған.
Қанға сіңген құдыреті даланың,

Жауһазын ой жаулап алған жанарын

Әр адамның көкірегіне ой салған,

Қасиетті қару етіп қаламын.


Ірке сілкіп іргелі ойдың түндігін,

Сырлы тілмен аштың өмір шындығын.

Қайратыңмен қатар ұстап келесің,

Жолы бөлек екі көштің тізгінін.


Алып ұшып асқарларға арманың,

Міне осылай ауыр жолды таңдадың.

Жұлдыз болып сәуле шашып тұрғандай,

Жер бетінен сен аңсаған арманың.


Кілкіп тұнған қара сөздің қаймағы,

Нұрландырар ақ жаңбырдай майдағы.

Шыңырауда шындағандай жаныңды,

Өнер жолы өмір-күрес майданы.


Өр Алтайдай асқақ арман жігері,

Елжіреген туған жер деп жүрегі,

Оқырманға ой салады әр сөзің,

Мұзарт таудың сүңгісіндей сүбелі.


Қатал тағдыр қайғы-мұңды сезінбей,

Өмір жайлы ой толқыған көз ілмей

Адамдық асқақтатқан пенделер,

Туған жерін тұнық сүйсе өзіңдей.



Ақтағыс бабаға арнау
Тарих болар басыңнан кеше өткен күн,

Ұран боп бүгін ұрпақтарыңа жеткен мың.

Наймандай ұлы нар кіндіктен тараған,

Армысыздар, ұрпақтары текті елдің.


Арман бар асқақ, басыңда бүгін жоқ қайғы,

Қаным cалқын ба, жүрегім жиі соқпайды ,

Елдігің барда ұрпақта ерлік болмаса,

Баһадұр өткен бабаңды кімдер жоқтайды.


Айбатыменен айдарлы жауын жасқаған ,

Ақтағыс бабам-рухыңмен мен мақтанам.

Елдігің үшін, теңдігің үшін күресіп,

Сыр бойынан Алтайға елді бастаған.


Көкірегін иіп ақ сүтін берген көк бөрі,

Жанары жасын, найзағай ма еді, от па еді?.

Бұлтсыз аспаннан төгілген нөсер сияқты,

Еңіреп ердің елім деп жасын төккені.

Қуат берді ме қүдіретті күшті құт далам,

Сұм көздерден қорғады елін сұқтанған .



Жалаңтөс батыр Тоқтағұлдай ұлдары,

Сан соғыста намыстың туын жықпаған .



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет