Сырым аудандық окж бойынша «Бір ел бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімелерін насихаттауға арналған «Дарынды талант иесі» «Оралхан Бөкейдің



жүктеу 68.77 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі68.77 Kb.
: zkolib -> kaz -> novost bibl
kaz -> Бюллетень новых поступлений библиографический указатель, отражающий информацию о текущих поступлениях за 4-ый квартал 2012 года
kaz -> Шакимов М. Ғұмырымдағы көрікті бір күндерім
kaz -> Жұмағалиев Б. Шырағдан жырлар
kaz -> Қуатов Б. Ұмытылмас ұлағатты тұлға
novost bibl -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Тасқала аудандық окж жәнібек, Жаңақала аудандарымен On-Iine конференциясы өткізілді. «толығырақ »
kaz -> Молдағалиева София Жазушының жары едім
Сырым аудандық ОКЖ бойынша «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкеевтің әңгімелерін насихаттауға арналған «Дарынды талант иесі» «Оралхан Бөкейдің көркем әлемі» «Оралхан шығармалары - шеберлік пен шешендіктің сырлы әлемі» «Оралхан Бөкейдің әдеби әлемі» «Оралхан Бөкеевпен бір күн» «Бір ел – бір кітап. Оралхан Бөкей» тақырыптарында әдеби кештер мен дөңгелек үстел өткізілді.
«Оқуға құштар Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізінде елімізде жыл сайын республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Акцияның мақсаты – оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру, ғасырлар қойнауынан қалып, қазірге жеткен тарихи-мәдени мұраларымызды көздің қарашығындай етіп сақтау. «Бір ел – бір кітап» акциясында ұлттық гуманизм идеяларын, тарихи-мәдени дәстүрлерді, тарихи тамырластық пен осы заманғы еліміздің дамуын бейнелейтін, әрі пікір сайыстыруға сай келетін көркем туындылар қаралады. Акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімімен биылғы жылы жазушы О. Бөкеевтің әңгімелерін оқыту белгіленді. Қазақстандықтар акция барысында Оралхан Бөкеевтің шығармашылығымен танысып, прозалық туындыларын оқи алады. Жазушының шығармаларын оқытуда барлық кітапханаға әдістемелік –библиографиялық бөлім Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы дайындаған «Алтайдың ақиық ұлы» атты әдістемелік құралды таратты.

Осыған орай барлық кітапханада оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру, Оралхан Бөкейдің шығармаларын насихаттау мақсатымен тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік оқырмандар тобымен көрмеге шолу жасалды. Кітап көрмесінен оқырмандар жазушының өміріне қатысты деректермен, шығармаларымен таныс болды. Наурыз айында барлық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Бір ел – бір кітап: Оралхан Бөкей» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әлемдік әдебиетте ешкімге ұқсамайтын асқақ ой толғауларымен, өзіндік бояуымен, айшықты тілімен ерекшеленетін жазушы О.Бөкейдің әңгімелерін оқыту мақсатында наурыз айында барлық кітапханада жасөспірімдер тобымен «Дарынды талант иесі» әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында кітапханашы қалың оқырманды артында мол әдеби мұра қалдырған тамаша суреткер, драматург, дарынды қаламгердің шығармаларымен таныстырып, туған әдебиетімізді байыта түскен «Қамшыгер», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Бәрі де майдан», «Өліара», «Құм мінез», «Қар қызы», «Сайтан көпір» сынды әңгіме-повестері туралы баяндады.

Еліміздің оқу мәдениетін дамыту, жастардың бойына патриоттық сезімді баулу, ұлттық идеологияны дамыту, жастарды қазақ жазушыларының шығармаларын оқуға баулу мақсатындағы «Бір ел - бір кітап» акциясы – керемет жаңалық, жаңа үрдіс болып қалыптасты. Осы орайда сәуір айының 16 жұлдызы Бұлдырты, Аралтөбе ауылдық кітапханаларында белгілі жазушы, дарынды драматург Оралхан Бөкейдің туған жерге деген сүйіспеншілікке баулитын повестері мен әңгімелерін оқытуға арналған «Ойы ұшқыр, қаламы жүйрік жазушы» атты ауызша журнал өтті.

Правда ауылдық кітапханасында 19 сәуір күні Оралхан Бөкейдің проза саласындағы үздік туындыларының бірі «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесіне әдеби талқы ұйымдастырылды.

24 сәуір күні аудандық кітапханада көпшілік оқырманның, ауылдық кітапхана кітапханашыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған «Оралхан Бөкейдің көркем әлемі» әдеби кеш оздырылды. Кештің мақсаты - төл әдебиетімізде өміршең өрнек қалдырған талантты қаламгердің шығармаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, өнерін үлгі ету. Әдеби кеште жазушының өмірі мен шығармашылық қызметі туралы баяндалып, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесінің аудиокітабы мен «Қайдасың, қасқа құлыным» әңгімелер мен повестер жинағының электронды нұсқасы таныстырылды. Оқырмандар «Тортай мінер ақ боз ат», «Апамның астауы» атты әңгімелеріне тоқталып өтті. ОКЖ библиографы «Оралхан шығармалары - шеберлік пен шешендіктің сырлы әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кешке 30 оқырман қатысты.

«Бір ел – бір кітап» акциясының беделін көтеру, қазақ әдебиетін жандандыру, небір жауһар туындыларын қалдырып кеткен Оралхан Бөкей шығармашылығын жаңа бір қырынан тану мақсатымен Бұлан ауылдық кітапханасында 22 маусым күні жастар тобымен «Оралхан шығармалары - шеберлік пен шешендіктің сырлы әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында қаламгердің әр түрлі жанрдағы, алуан тақырыптағы туындылары баяндалып, талқыланды.

2 тамызда Алғабас ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау, қазақ әдебиетін жандандыру, оқуды насихаттау, акция арқылы жастардың бойында отаншылдық, өнегелілік тәрбие қалыптастыру, көптеген жауһар туындыларын қалдырып кеткен Оралхан Бөкей шығармашылығын жаңа бір қырынан таныту мақсатында 7-8 сынып оқушыларымен «Оралхан Бөкейдің әдеби әлемі» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында қаламгердің туған жеріне деген сағынышы, оның сұлу табиғатына деген сүйіспеншілігі туралы баяндалған туындылары әңгімеленіп, талданды. 6 тамыз Бұлан ауылдық кітапханасында Оралхан Бөкейдің шығармаларын кеңінен насихаттауда «Қайдасың, қасқа құлыным» кітабын оқыту, қаламгердің өшпес туындылары негізінде жастардың бойында өз елі мен халқына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатымен 6-7 сынып оқушыларымен «Зерделі сөздің зергері» әдеби кеш өтті. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянымен таныстырып, әр жылдары басылып, жарық көрген әдебиеттеріне шолу жасады. Оқырмандар Оралханның туған жерге деген жылылық сезімінен туған, өлкесінің табиғатын мақтаныш ету бағытында, отансүйгіштік тақырыбында жазылған «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Кісі киік», «Шайтан көпір» повестерінің мазмұнын баяндап, талдады. Сондай-ақ көпшіліктің назарына жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Еркіндігін аңсаған кербұғы» атты аудио-тұсаукесер ұсынылды. 10 тамыз Жаңаөңір ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Сұлулық пен сыршылдыққа құштар» әдеби кеш өтті. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ әдебиетінің ең үздік туындысын оқыту, бүкіл ел болып оқитын кітапты насихаттау, автор туралы жан-жақты ақпарат беру, қаламгердің туындылары негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 6-8 сынып оқушыларымен әдеби кеш өткізілді. Кеште Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармалары туралы баяндалып, оқырмандар жазушының «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбоз ат», «Күлпәштің ұршығы» әңгімелерін оқып, талдады.

20 тамызда Жосалы ауылдық кітапханасында қазақ қаламгерлерінің шығармашылығы жайлы оқырмандар білімін кеңейту, жастардың әдебиетке деген ынта-ықыласын ояту әрі өскелең ұрпақтың рухани жетілуіне жол ашу, көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің отансүйгіштік қасиеттерге баулитын повестері мен әңгімелерін оқыту мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен «Бір ел – бір кітап. Оралхан Бөкей» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында жазушының қандай шығармасы болсын, үлкен романы немесе әңгіме-повестерінде адамшылықты ұлықтайтын ізгілік бар екендігі жөнінде әңгімеленіп, шығармаларының негізгі өзегі - халқымыздың бейнетті тірлігі, өміріндегі трагедия, табиғат пен адамдардың арасындағы байланыс туралы баяндалды. Сонымен бірге «Алтайдың ақиық ұлы» атты кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандар көрме сөрелерінен жазушының шығармаларымен қатар, ол туралы жазылған кітаптармен, мерзімді басылымдармен және анықтамалық әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алды.

21 тамызда Жамбыл ауылдық кітапханасында «Оралхан Бөкейдің әдеби әлемі» викториналық кеш ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Оралхан Бөкейдің өмірімен, шығармашылық қызметімен таныстыру, қаламгердің аса бай әдеби мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, балалардың танымдық қабілетін дамыту, оқығанын түйсіне білуге жаттықтыру, рухани және интеллектуалды дамытудың негізгі көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты арттыру. Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген кеш барысында кітапханашы Оралханның өмірінен деректер келтіріп, шығармаларына шолу жасаса, оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін көрсетті. Нәтижесінде көп ұпай жинаған оқырман жеңімпаз атанды. Кеште тақырыпқа орай ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

6 қыркүйекте Алғабас ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясына орай «Дара туған тұлға» дауыстап оқу өтті. Балалар тобымен өткізілген кеш барысында кітапханашы Оралханның өмірінен деректер келтіріп, шығармаларына шолу жасаса, оқырмандар жазушының әңгімелерін дауыстап оқып, өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Кеште оқырмандар назарына тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды.

10 қыркүйекте Шағырлыой ауылдық кітапханасында «Оралхан Бөкеевпен бір күн» тақырыптық кеш өтті. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылығы жайлы оқырмандар білімін кеңейту, көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларын насихаттау, елжандылыққа тәрбиелейтін туындыларын оқыту, жастардың әдебиетке деген ынта-ықыласын ояту әрі өскелең ұрпақтың рухани жетілуіне жол ашу мақсатында жастар тобымен тақырыптық кеш өтті. Шара барысында жазушының адамшылықты, ізгілікті ұлықтайтын шығармалары жөнінде әңгімеленіп, шығармаларының негізгі өзегі - халқымыздың бейнетті тірлігі, өміріндегі трагедия, табиғат пен адамдардың арасындағы байланыс туралы баяндалды. Сонымен бірге «Алтайдың ақиық ұлы» атты кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандар көрме сөрелерінен жазушының шығармаларымен қатар, ол туралы жазылған кітаптармен, мерзімді басылымдармен және анықтамалық әдебиеттермен танысуға мүмкіндік алды.



17 қыркүйекте Аралтөбе ауылдық кітапханасында Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» әңгімесіне эссе-конкурс өтті. Оқуды қолдау, «кітап» атты рухани дүниенің мәртебесін арттырып, жұртқа жақындату, кітап әлемін қайтадан биікке көтеру, «Бір ел–бір кітап» акциясына орай О.Бөкейдің шығармашылығын насихаттау, «Қайдасың, қасқа құлыным» жинағынан «Кербұғы» әңгімесін оқыту, жастарды оқуға тарту, оқығанын түйсіне білуге, сыни көзқарасын қалыптастыруға, өз ойын құрап, жазбаша жеткізе білуге жаттықтыру мақсатында 8-11сынып оқушыларымен эссе-конкурс ұйымдастырылды. Кеш: 1.Кіріспе; 2.Мәтінді оқып, талдау; 3.Эссе жазу; 4.Қорытынды - деп аталатын 4 бөлімнен болды. Кеште жүргізуші қаламгердің «Кербұғы» әңгімесін оқып, мәтіннен 5-6 түйінді сөз жазды. Мәтін оқылымынан кейін оқырмандар шығарманы талдап, тақырып бойынша ойларын тұжырымдап, 15 минуттық эссе жазды. Кештің қорытындысында үздік деп танылған оқырмандар марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет