Сыртқы экономикалық байланысқа жататындар



жүктеу 169.81 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі169.81 Kb.
: uploads -> files -> 2013-12
files -> «абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> Ердембеков бауыржан аманкелдіұлы абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
2013-12 -> Экзаменационные вопросы по элективному курсу «Теоретические и практические основы молекулярной диагностики»
2013-12 -> Лейкозы, понятие, классификация, основные клинико-лабораторные маркеры. Лимфомы. Цитологические исследования клеток крови, костного мозга при диагностике лейкозов и лимфом
2013-12 -> Экзаменационные вопросы по дисциплине «Науки о биологическом разнообразии. Модуль


Сыртқы экономикалық байланысқа жататындар:

Сыртқы сауда шетелдік инвестициялар: біріккен кәсіпорындар, сонымен қатар акция және басқа да бағалы қағаздар арқылы заңды тұлғалардың мүлкіне үлескерлікпен қатысу.

Келісім шарт – жалгерлік меншік, республика аумағында шаруашылық немесе басқа қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік меншік объектілерін, табиғи ресурстарды пайдалануға мүліктік құқықты сатып алу.

Халықаралық қаржы – несиелік ұйымдарға мемлекеттің араласуы: бұл сыртқы экономикалық қызмет нысанымен шетелдік несие ұсыну, қарыз, халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға салынатын жарнамен байланысты.

Ғылыми, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;

Елшілік, өкілдік және шетелде басқа да персонал ұстау бойынша есеп айырысу жүргізу.

Сыртқы саудаға импортпен экспорт кіреді. Қазақстанның экспорттағы үлесі: минералды өнімдер 55%, металл мен оның өнімдері 25%, химиялық өнеркәсіп 5 %, сатуға арналған тауарлар мен шикізаттар 7%. Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық негізі болып тері, бидай, мақта қалды.

Импорттың негізгі баптары: машина, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, приборлар 41%, химиялық өнім, пластмасса, сағыз 15%, минералды өнімдер 13%, металл және оның өнімдері 11%, сатуға арналған тауарлар мен оларды дайындауға қажет шикізат 9%, басқалары 11% .

Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан жоғарылауы таза экспортқа әкеледі, бұл фактор ұлттық экономиканың, таза ұлттық өнімнің көлемінің көбеюі әсерімен байланысты қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар, бұл көбею елдің төлем баланс сальдосының оң жақтылығын тудыруы мүмкін (егер сауда балансына айтарлықтай орын берсе). Бүтіндей елдің импорты валюталық қаржылардың экспорттық түсімдерінің есебінен қаржыланады. Импорттың экспорттан артуы қысқа мерзімді жоспарда жағымсыз фактор болмайды, себебі отандық тұтынушылар, әсіресе, өз нарығындағы тапшылық жағдайында қажет заттарды көбірек алады, бірақ бұл құбылыстың ұзақ мерзімде болуы ресми валюталық резервтердің азаюына әкелуі мүмкін.

Ұзақ мерзімді тапшылық экономиканың күрделі қайта құрылуын, шектеулер мен сауда тетіктерін пайдалануды қалайды, бұл жай ұлттық валютаның девальвациясы мен елдің сыртқы қарыздарының көбеюіне алып келеді.

Республиканың экспорттық-импорттық операцияларын жүргізуде негізгі серіктері болып ТМД-дан басқа елдер табылады. Экспортта - 75%, импортта - 45% (2000 ж.) құрайды.

Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды буыны болып республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетелдер несиелерін тарту табылады. Бұл қаржылар тікелей орталықтандырылып, ұлттық шаруашылық құрылымының мәселелерін шешуге, экспорт потенциалының кеңеюі мен нарықты тұтыну игіліктері мен толтыруға кетуі керек. ұлттық валюта мен сыртқы несиелерді қамтамасыз ету үшін алтын валюталық резервтер құрылған. Несиелерді қамтамасыз ету нысаны болып экспорттық тауарлардың запастары табылады.

Инвестицияның екі түрі бар:

1) тікелей (тура);

2) портфельді.

Тура инвестициялар жеке тәуекелдік нәтижесінде пайда табу үшін басқа елдің экономикасына салынған шет ел капиталын сипаттайды.

Портфелді инвестициялар - басқа елдің заңды және жеке тұлғаларымен шығарылатын бағалы қағаздар.

Капиталға салынған қаржылар шет ел инвестициясын тарту үшін белгілі бір жағдайларды қамтамасыз етуі керек:

1) шет ел инвесторларының қызметімен байланысты әкімшілік жайларды жеңілдету: жұмысқа құқықтық рұқсат беру, ел ішінде еркін жүру, кедендік бақылаудан өту, визалардың берілуі, т.б.;

2) салықтық және басқа да жеңілдіктер ұсыну;

3) жер, жылжымайтын мүлікті пайдалану құқын қамтамасыз ету, субсидия және персоналды оқытуды ұсыну;

4) пайданы шетелге шығаруға немесе оларға жеңілдік жағдайын растайтын мемлекеттік кепілдікті ұсыну.

Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы туралы көптеген шаруашылық заңдарда қарастырылады. Мұндай қызметтің кең ауқымда дамуы экономиканың ашық типін, яғни әлемдікпен бәсекелес болатын дамушы қатынастарды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметтің негізіне сыртқы нарықта кәсіпорындардың, ұжымдардың, республика аумақтарының дербестігін күшейту жатыр. Сыртқы экономикалық кешенді басқару негізінен заңда және экономикалық қозғаушыға ауысады (салық, валюталық бағам, банктік пайыз). Сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық бағыты - валюта нарығының дамуы және ұлттық валютаның нақты жүйеленуі. Импорттың рационалдануы мен экспорттың кеңеюі үшін сыртқы экономикалық қызметті қадағалауының басты элементі болып нарықтық валютаның жекелігін кеңейту үшін нарықтық бағам бойынша еркін сату-сатып алумен ішкі валюта нарығы құрылған. Сұраныс пен ұсыныстың қатысы бойынша валюталық биржада өткен саудада қалыптасқан валюталық бағамның негізінде ұлттық банк пен валюта бағамы белгіленеді.

Валюталық және несиелік операцияларға коммерциялық банктер қатынасады, ал шаруашылық субъектілері мүлікті кепілге беру (алу) арқылы шетел несиелерін тартуға құқық алады.

Банктердің, кәсіпорындардың, фирмалардың сыртқы экономикалық тәуекел компанияларын сақтандыру жүйесі пайда бола бастады.

Сыртқы экономикалық саясаттың даму бағытына сай, ол сыртқы экономикалық қызметтің либерализациясына бағытталған.

Әлемдік конъюнктура мен шет ел бәсекесінің қолайсыз дамуынан ұлттық нарықтың қозғаушылықтарын қорғау үшін импорттық тауарларды қадағалау мақсатына сай кедендік іс қайта қарастырылады. ұлттық құқық қорғау органдары сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі мәселелерін бір шекара бірлігінде елдің экономикалық кеңістігінде жалпы қозғаушылықты қарастыруға негізделген. ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастардағы стратегиялық курс болып экономикалық одақты тәртіптендіру мен сақтау, осы елдердің кәсіпорын арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери өндіріс конверциясы, транспорт балансы, энергетика, ҒТП-і, дайындау сферасында интеграцияның күшеюі, қорғаныс, экологиялық мәселелерді шешу табылады.

Сыртқы экономикалық қызметтің орташа дамуы үшін дамыған сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Осы мақсатпен Үкі-мет құрамында Басқару органдары мен Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі, ҚР ұлттық банкі жұмыс жасайды.

Валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар коммерциялық банктер, мамандандырылған тауар биржасы, ұжымдардың дамыған делдалдық жүйелері қатысады.

Сыртқы экономикалық байланысты басқару органдарының маңызды қызметі болып валюталық қатынастарды тұрақтандыру, нормативті заң актілерін талдау мен бекіту, ақпаратты жинау, валюталық заңдылықты пайдалануын қадағалау, олардың бұзылу кезінде санкция қолдану, т.б. жатады. ҚР-да валюталық тұрақтандыру органдарына: үкімет, ұлттық банк, өз өкілеттігі шеңберінде Қаржы министрлігі жатады. Осы органдар валюталық бақылауды жүргізеді. Осындай қызметті, сонымен қатар алынған лицензияға сәйкес, валюталық заңдылықты бақылау міндеті жүктелген банктік және банктік емес ұйымдарда қарастырылған валюталық бақылау агенттері атқарады.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу және жанама тәрізді тәсілдерден тұрады.

Тура әдіске әкімшілік реттеу нысандары жатады: лицензия және квота; сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияның бекітілуі мүмкін (сыртқы саудада валюталық операцияларда, т.б.).

Тауар қорлары мен шикізат ресурстарының шектеулілігі жағдайында ішкі нарықтың тұрақтылығын, толықтығын қамтамасыз ету мақсатында импорт пен экспортты лицензиялау мен квоталау уақытша шара ретінде қолданылады.

Мемлекеттік монополия сыртқы экономикалық қызметті реттеудің рационалды емес әдісі болып табылады, бірақ экономиканың жағымсыз жағдайында экспорт пен импортты қадағалаудың арқасында төлем балансының бірқалыпты болуын, одан туған мәселені шешуге көмектеседі. Берілген әдіс белгілі бір сыртқы экономикалық операцияларды орындауға және сыртқы экономикалық байланыстарды көрсету (мысалы, импортты міндетті түрде сақтандыру, мемлекеттік сақтандыру, мемлекеттік компанияларға ерекше құқық беру) нысанында да пайдаланады. Толығырақ айтсақ, мұндай шаралар тарифтік емес реттеуге жатады. Импорт пен экспорттың бағасын реттеулі сауда келісім-шартына қатысушыларға импорттық және экспорттық субсидия ұсыну жолымен шешуге болады. Тура экспорттық субсидияларға халықаралық заңдар тыйым салғандықтан, жабық субсидияларды ұсынуға болады (жеңілдік несиелер, шикізаттың бағасын төмендету, материалдар, энергетика ресурстары, фрахтта субсидиялары).

Лицензия - тауар, ақпарат, өнімді шығаруға немесе кіргізуге мемлекеттік өкілетті органдармен берілетін рұқсат.

Квота - сыртқы экономикалық қызметке арналған жалпы өндіріс көлемінің бөлігі.

Жанама немесе экономикалық әдістерді реттеу, сыртқы экономикалық қатынастарды қарқынды дамытуға зор ықпал етеді.

Оларға салықтар, сондай-ақ валюталық бағам, әлемдік баға, сыртқы несиедегі пайыз қойылымы, облигация бағамы, басқа да төлемдер мен бағалы қағаздар, кедендік баж жатады.

Валюталық бағам немесе басқа елдің валюталық бірлігінде айқындалған ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Валюталық бағамның бір қалыпты болмауы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауар бағасын өзгертеді.

Мемлекеттің валюталық бағамының жүйесі икемді және тіркелген түрде құрылуы мүмкін.

Икемді бағам жүйесінде айырбас валютаға сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылады, ал тіркелген бағам жүйесінде (валютаның алтынға немесе басқа тұрақты валютаға қатынасы тіркеледі.

Екінші жағдайда мемлекет осы арақатынасты реттейді және, сөйтіп, елдің балансын реттеу мақсатында валюта нарығының қызметіне араласады. Шетел валютасы бағасын төмендету орны импортпен толтырылатын экспорт бағасын жоғалтуға және керісінше, валютаның импорттағы шығындары экспорт есебінен жабылады. Валюта бағамы автоматты түрде төлем балансының тапшылығы мен активтерді реттейді. Икемді бағам жүйесінде шетел валютасының төмендеуі экспортты қиындатады, тауарлар қымбат болады, ал шетел валютасының жоғарылауы экспортты өсіреді, себебі шетел нарығында арзан тауарлар пайда болады және оларды шетелдіктер ұнатып ала бастайды. Екінші жағдайда ұлттық экономиканы дамыту ынталандырады, жұмысбастылыққа, экономикалық өсуге баса көңіл бөлінеді.

Импорт кезінде (шет ел импортерлары үшін), шетел валюта бағамының төмендеуі жергілікті нарықта түрлі мүмкіндіктердің кеңеюін білдіреді және, керісінше, бұл бағамның жоғарылауы импортталған тауар бағасының өсуіне байланысты нарықтың жойылуына әкеледі. Отандық импортерлер үшін валюталық бағамның ауытқып тұруы шетел тауарларын сатып алудағы жағдайларды өзгертеді (егер өз валютасында бірдей қаражаттың болуында ғана).

Осыдан өз қатарында қаржылық құралдар - экспорт пен импортқа салынатын салықтар кедендік баждар экспорттық өндірушілерінің қаржылық жағдайы мен ресурстарына бөлу және алынған шамасынша ықпал етуі арқылы валюталық бағам экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастың басты реттеушісі болып табылады. Осы жерде әдеттегі салықтар мен кедендік баж, біріккен кәсіпорын табысына салынатын арнайы салықтар қарастырылған. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік тарифтік реттеу жүргізіледі. Кедендік кодекс - кедендік аумақ, кедендік баж, кедендік алым бірлігі негізінде кедендік іс қағидаларын орнатады.

Кедендік тариф ішкі нарықта шетел бәсекелестігін реттеу үшін жасалған. Кедендік тариф - Республиканың кедендік аумағына енгізілген және осы аумақ шегінен шығарылған тауарларға салынатын жүйеленген кедендік баж ставкаларының жиынтығы.

Кедендік баж - кедендік тарифпен қарастырылған ставка бойынша ұлттық шекара арқылы өткізілетін тауарлардан мемлекет алатын салық болып табылады. Отандық тәжірибеде кедендік баждың адвалорлық, ерекше және құрама ставкалары кеңінен таралған. Адвалорлы – тауардың кедендік құнына пайызбен есептелінеді, ерекше – тауар бірлігіне белгіленген көлемде, ал құрама ставка – салық салудың екі түрін де үйлестіру жолымен.

Сонымен қатар кедендік баждар кіргізілген, шығарылған, транзиттік, маусымдық, арнайы, антидемпингтік, компенсациялық, протекционистік деп жіктеледі.

Қазақстанда баждардың импорттық, маусымдық, арнайы, антидемпинттік, компенсациялық түрлері қолданылады. 1996 жылға дейін республика аумағында экспорттық баждар жұмыс жасады.

Экспорттық-кедендік баждар мемлекет белгілеген тізім бойынша тауарлардың жекелеген түрлеріне салынады. Экспорттық баждар тіркелу жеріне, мүлік түріне қарамастан, заңды тұлғаларға және тауар экспорттайтын жеке тұлғаларға салынады. Экспорт баждары тауарлар мен қызмет көрсетудің кедендік бағасынан көрінеді және шетел валютасында экспортерлер төлейді. Егер тауарларды шетке шығарса, оның айырбас, тауар айырбасы операциясында баж ставкасы сақталады.

Экспорттық кедендік баж көптеген мемлекетте қолданылады және сыртқы экономикалық айналымның реттеушісі болып табылады, сондай-ақ әлемдік нарықта тауар бағасына, оның бәсекелестігіне және жалпы нарықтық конъюнктурасына әсерін тигізеді.

Экспорттық кедендік баждың экономикалық мәні – абсолютті рента. Оны шетел сатып алушысы төлейді. Экспорттық кеден баждарын төмендеткенде немесе экспорттық бажды алып тастаса, абсолютті рентаны - иеленуші ішкі бағаның өсуі арқылы ішкі тұтынушылардың пайдасы негізінде төлейді. Экспорттың кеден баждарының деңгейін төмендету - әлемдік нарықта табиғи ресурстарды өткізуге, ал жоғарылату - осы рынокта ресурстарды өткізу қиыншылықтарынан өндірістің төмендеуіне әкеледі.

Сыртқы сауданы реттеу мен мемлекеттік тұрақтандыруды кетілдіру мақсатында, сондай-ақ республиканың импорттық саясатын тиімді жүргізу, сыртқы сауданы мемлекеттік тұрақтандыру, сыртқы экономикалық қызметтен мемлекеттік бюджет табыстарын көбейту секілді жұмыстарды реттеу үшін де Қазақстанда “импорттық кедендік тариф” енгізілген. Импорттық кедендік тарифтерде қарастырылған кедендік баждар импорт тауарлардың кедендік бағасынан пайызбен белгіленеді және теңгемен (ұлттық банктің бекіткен бағамымен) немесе импортердің, қалауы бойынша басқа да валютада төленуі мүмкін.

Тауардың кедендік бағасы - нақты түрде кеден шекарасын кесіп өткен кезде төленетін баға. Оған шот-фактураға сәйкес тауар бағасы, сондай-ақ келесі нақтылы шығындар, егер ол шот-фактураға енгізілген болмаса, кіреді:

- тасымалдау, тиеу, түсіру, алып өту және кедендік шекараны

кесіп өту пунктінде сақтандыру;

- комиссиондық, брокерлік және кейбір шығындар.

Әр түрлі тауарлар үшін ставканы тағайындауда дифференциалдық жағдай қарастырылған: төмен - алғашқы қажет тауарлар үшін, жоғарырақ - екінші қажет заттар үшін.

Маусымдық кедендік баж: тауарларды кіргізу мен шығаруды оперативті реттеу үшін қолданылады. Бұл баждардың қолдану мерзімі төрт айдан көп болмауы керек.

Арнайы кедендік баж - отандық кәсіпкерлерге залал келтірудің алдын алу үшін, сол елдің мүддесі бұзылған жағдайда, дискриминация немесе басқа да ел мүддесіне басқа ел тарапынан залал келтірілген жағдайларда қолданылады.

Антидемпингті баждар - егер елдің аумағына кіргізілген тауардың бағасы бәсекелестік бағадан әлдеқайда төмен болса және егер отандық өндірушілердің осындай немесе басқа тауар өндіруіне кері әсер етсе, осы баж түрі пайдаланылады.

Компенсациялық баждар келесідей жағдайда пайдаланылады:

1) егер кіргізілген тауарды ендіруге немесе экспорттауға субсидия қолданылған болса және отандық тауарларды өндірушілерге осындай немесе бәсекелес тауарлар кері әсерін тигізсе;

2) егер тауарлар елдің кеден аумағынан тыс шығарылып, оны өндіруде қандай да болмасын тура не жанама түрінде субсидия пайдаланылса және егер мұндай шығару елдің мүддесіне зиян келтіру жағдайында болса.

Қазақстан Республикасында кедендік рәсімдеуге алым алынады, яғни декларацияның сипаты мен түріне қарамастан, кедендік декларацияның қосымша беттері мен негізгі кедендік процедуралары жүргізіледі.

Сонымен қатар келесідей кедендік төлемдер төленеді:

- тауарды сақтау үшін кеден алымы;

- тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымы;

- кеңес және ақпарат үшін төлем;

- кеден органдарының лицензияны беруі үшін алымы;

- кедендік аукциондарға қатысуы үшін төлем;

- алдын ала шешім қабылдау үшін төлем;

- кедендік органдардың лицензия, басқа да қажет құжаттарды бергені үшін алым.

Кеден баждары немесе олардың орнына қолданылатын импортқа салынған салықтар еркін көтерме тауар бағасының құрамдас бөлігі болып табылады (бұдан басқа, бағаға шекараға дейін тауарды жеткізу, сатып алу шығындары, сыртқы экономикалық және басқа кәсіпорындарға берілген сыйақы кіреді). Осы жағдайда импортталған тауарларға қосымша бағаға салынатын салыққа салынады және акцизделеді. Бұл тауарларға сауда құнын қосу арқылы еркін бөлшек сату бағасы қалыптасады.

Импорттық кедендік баждар жүйесі ұлттық өндірісті шетел өнімдерін экспансиядан сақтау үшін пайдаланылады: отандық тауарлармен бәсекелеске түсетін тауарларға - жоғары импорттық баждар; импорттық баждың шығарылуына сүйенеді, - мемлекет ішінде жоқ немесе жеткіліксіз мөлшерде өндірілетін тауар мен өнімге төмен баждарда салынады. Бұл қағида мемлекет бюджетінің пайда табу бөлігін толтыруда мемлекеттің фискальды мүддесін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің, мемлекеттен тыс сектордың валюта ресурстары валюта операциялары арқылы қалыптасады және пайдаланылады.

Валюталық операциялар дегеніміз бұл валютаға жеке меншік құқығының ауысуына байланысты бағалы қағаздар, шет валютадағы төлемдік құралдары, ұлттық валютаның резидент және резидент емес тұлғалардың арасындағы мәмілелер және оны төлем әдісі ретінде пайдалану, шеттен әкелу және шығару, мемлекеттік шекара арқылы валюталық құндылықтарды қайта жіберу мәмілелері.

Олар ағымдағы операцияларға және қозғалыс капиталының байланыс операцияларына бөлінеді:

Ағымдағы операциялара жататындар:

- тауар және қызмет есептері (төлем мерзімдерін ұзартпау бойынша);

- 120 күн мерзімге экспорт-импорт мәмілелерді несиелендіру бойынша есеп айырысу;

- 120 күн мерзімге несиені беру және алу;

- пайыздарды және басқадай табыстардың депозиттері, инвестиция, ссудалық және басқадай операциялары бойынша дивиденттер алу және аудару;

- саудалық емес міндеттерді аудару: гранттар, мұра сомасы,

жалақылар, зейнетақы, алименттер және т.б.

Қозғалыс капиталына жататындар мыналар:

- инвестициялар;

- қозғалмайтын мүлікке мүліктік және басқадай құқығының

төлемі;

- 120 күн мерзімге экспорт-импорт мәмілелерді несиелендіру бойынша есеп айырысу;



- 120 күн мерзімге несиені беру және алу. Валюталық операциялар сыртқы экономикалық қызметтің барлық түрлері арқылы жасалынады: экспорт, импорт, қызмет көрсету бойынша, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық несиелер, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын валюталық резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқадай органдардың мазмұны, шетелдік іссапар, туризм, халықтың эмиграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастықтар және т.б.

Сыртқы экономикалық қызметтің осы аталған түрлерінің көпшілігі валюталық ресурстардан туындайды, сонымен қатар олардан қаржыландырылады, себебі мемлекетте пайдаланылатын валюталық ресурстардың барлығы олардың түсім көзіне ие болуы керек.

Валюталық ресурстар қаржылық ресурстардың құрамы ретінде екіге бөлінеді: орталықтандырылған (мемлекеттік);

2) орталықтандырылмаған (кәсіпорын ресурстары, ұйымдар, мекемелер).

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналар арқылы қалыптасады:

1) экспорт өнімінің, мемлекеттік, экономика секторының кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. тауарлары мен қызметін, өнімдерін экспорттаудан түскен түсімдер;

2) кеден салығы кеден шекарасы арқылы тауарлардың және жүктердің ауыспалылығын безендіру операциялары кезінде шетел валюталарымен төленетін басқадай кедендік төлемдері;

3) салықтардан, бонустардан, келісімдердің шетелдік қатысушылары төлейтін роялтиден, мәмілелерден, шарттардан және басқа экономикалық сипаттағы операциялардан түскен түсімдер;

4) шетелдік валютамен төлем төлеуде валюта заңдылығының бұзылғаны үшін айыппұлдары мен өсімдері;

5) шетел банктерінде және басқадай қаржылық ұйымдарда депозиттер орналастырудан түскен түсімдер және де шетелдік мүлік пен активтерді қолданғаны үшін табыстар;

6) шет мемлекеттердің, банктердің, халықаралық және мемлекетаралық қаржылық ұйымдардың несиелері мен займдары;

7) гранттардың түсімі мен қайтарымсыз валюталық көмектер.

Валюталық ресурстар едәуір көлемде үкімет қол астына орталықтандырылады. Жергілікті билік органдары жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігін бекітілген үлеспен басым міндеттерді немесе жалпы мемлекеттік бағдарламалардың бөліктерін орындау үшін бере алады. Бұдан басқа, жергілікті билік органдарының валюта қаражатын шетелдік несие түрінде тартуына және валютаны валюталық биржадан сатып алуына рұқсат беріледі.

Мемлекеттің өкілетті органдары және оның қаржылық агенттері биржалық валюта сатып алушылары да бола алады.

Мемлекеттің валюталық ресурстары келесі жағдайларда колданылады:

1. ұлттық Банк, “валюталық интервенцияны” жүзеге асыру үшін;

2. Қаржы министрлігі, мыналар үшін:

а) сыртқы қарыздарды өтеу;

б) халықаралық ұйымдардың мүшелігі үшін жарналар төлемдері;

в) елшіліктерді, консулдықтарды, үкіметтерді және басқа елдердегі осыған ұқсас органдардың қаржылық жұмыстары.

3. үкіметтік органдар, мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін;

4. Жергілікті басқару органдары коммуналдық шаруашылықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті инфрақұрылымды дамыту үшін және т.б.).

Барлық меншік нысанындағы компаниялардың, фирмалардың және ұйымдардың валюталық ресурстардың жалпы қайнар көзі экспорттық өнімдердің валюталық түсімі болып табылады. Бұрын кәсіпорындар валюта түсімінің бір бөлігін кедендік баждар мен салық төленгеннен кейін ұлттық банкке ол белгілеген бағам бойынша сатуы қажет болатын, ал бір бөлігі ұлттық банк белгілеген тәртіп бойынша өкілетті банктер арқылы ішкі рынокта сатылатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша, заңы белгіленген салықтар мен баж салығы төленгеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың иелігінде қалады және меншік иесінің немесе құрылтайшының қалауы бойынша жұмсалады.

Экспорттық өнім өндірмейтін және валютаны қажетсінетін шаруашылық жүргізуші субъектілер оны ұлттық валютаны айырбастау арқылы валюта нарығында сатып алады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық ресурстарын қалыптастырудың келесі қайнар көзі банктердің валюталық несиелері болып табылады.

Үлестік негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (акционерлік, біріккен, кооперативтік) валюта ресурстарын шаруашылыққа қатысушылардың қосымша валюталық салымы есебінен толтырады.

Төлем балансы - белгілі бір уақыт аралығында белгілі елдің басқа елдермен шаруашылық операциясында айқындалатын көрсеткіштер жүйесі.

Ол келесідей бөлімдерден тұрады:

- ағымдағы шот (сату балансы);

- капитал мен қаржы операциясының шоты (капиталды есеп);

- резервтік активтер;

- қате мен тыс қалу.

Ағымдағы шот - тауар операцияларын - экспорт пен импортты; қызмет көрсетуді - жүк, жолаушы тасымалдау, байланыс, туризм; техникалық көмек, қарыз пайдасы, несие, трансферт, гранттар, гуманитарлық көмектерді білдіреді Капитал және қаржы операцияларының шоты капиталдың шет елге ағуын немесе тікелей шетел инвестицияларын тартуды, портфельдік инвестицияны, мигранттар трансферттерін, коммерциялық несиелерді, қарыздарды, басқа да инвестицияларды (депозиттер, валюта) көрсетеді.

Ағымдағы операциялар мен капитал шотының тапшылығы капитал ағынымен толады.

Резервтік активтер құрамына алтын кіреді, шет ел валютасында талап ету, міндеттемелерді есептеуде басқа елдің валюталық таза резервтері құрылады. Берілген позиция екі шотты да баланстайды.

Қате мен есептен тыс қалу көлеңкелі бизнесті қоса алғандағы резидент еместің ресми есептелмеген операцияларын сипаттайды.

Төлем балансының ерекшелігі оның құрамында қаражат құрылуымен, оның кезең ішінде өзгеруімен сипатталады Мұнда ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы экспорттағы тауар мен қызметтерді көрсетеді және трансферт пен табыстың түсуін көрсетеді. Теріс тауар мен қызметтің импортын, трансферт пен табысты төлеуді көрсетеді. Капитал шотындағы оң өсу берілген елдің резидент еместердің алдында міндеттерінің өсуін және резиденттің резидент еместің алдындағы міндетінің азаюын көрсетеді, кері өсу резидент еместердің резидент алдындағы міндеттерінің төмендеуін, резиденттің резидент емеске міндетінің өсуін білдіреді.

Төлем балансы ең алдымен сауда балансының жағдайына тәуелді. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттің мақсаты факторлы және факторлы емес қызметтер мен тауар экспортын кеңейту арқыны төлем балансын сауықтыру болып табылады.



Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушы түрдегі экономикадан “өндіруші түрдегі” экономикаға қайта бағдарлау бойынша біршама күш салуды, экспорттық потенционалын тек шикізат табуда емес, өндірістің технологиялық даму саласы бойынша да арттыруды талап етеді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет