Сүйімбаева, A. M



жүктеу 88.89 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі88.89 Kb.
: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Оспанов К. Н. Последствия закрытия убыточных шахт Карагандинского угольного бассейна в целях экологической и техни­ческой безопасности / К. Н. Оспанов // Охрана труда Казахстана. – 2006. – №6(6). – С. 38-41
Files -> Сарыарқа өзендерінің орогидрографиялық жағдайы және табиғи-антропогендік үрдістері. (Сарысу өзені мысалында) [Текст] / К. М. Ақпамбетова, ж әбдірахманова // Экологическое образование в Казахстане. 2008.№1. С. 8-9
Files -> Досмахов, С. М. Өнеркәсіпті өңірдегі экологиялық ахуал және оның географиялық аспектілері [Текст] / С. М. Досмахов // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Биология. Медицина. География сер.= Вестник КарГУ. Сер биология №3. С. 78-82 б
Files -> Айтымов, А. К. Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі [Текст] / А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> В статье излагаются материалы по определению месячных и годовых
Files -> Нұржанова, Г. К
Files -> Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш алабындағы табиғи компоненттердің ластаушы көздері / Э. Өмірсерікқызы // География в школе. – 2007. №2. – 8-9 б. –
Files -> Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға
Files -> Балқаш бар байлықтың бастауы/Сүйіндік Жанысбай // Орталық Қазақстан. 2001. 16 мамыр
Сүйімбаева, A.M.

Нұра өзені алабы ландшафтарының техногендік ластануы / А.М. Сүйімбаева, Ж.А. Қанафин // Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының, аспиранттар, магистранттар және студенттерінің XXIX ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы. – 2006. – 47-52 б.
Әрбір ландшафт табиғи қалпында нақты құрылыммен анықталып, өзі қалпына келетін жүйені құрайды. Техногендік әрекет нәтижесінде қалыптасатын өзгерістер географиялық жүйенің құрылымын өзгертеді де, бұл өзгерістерді жоюға немесе қайта құруға бағытталған реакция тудырады. Осылардың салдарынан ландшафтардың техногендік модификациясы қалыптасады.

Бүкіл Қазақстан өмірінің күре тамырындай болып отырған Нұра өзені осы аймақтың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан Нұра макрогеожүйесі ландшафтарының антропогендік, геохимиялық ластануы, қазіргі кезде, Орталық Қазақстан аймағының орталық экологиялық мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде мұнда табиғи кешендердің қуаңшылыққа ұшырауының әр түрлі деңгейде болу себебі табиғи факторлармен қатар техногендік факторлардың әсерінен деп түсіну қажет. Антропогендік үрдістерге динамикалық орнықтылығы нашар Нұра өзенінің табиғи ландшафтыларының техногендік ластануы мұнда пайдаланылған өнеркәсіп қалдықтардың таралуынан, лас суларды өзенге қайта ағызу, ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың себілуінен туындайды. Сондықтан да осы ғылыми жұыстың негізгі мақсаты - Нұра өзені алабына әсер ететін антропогендік факторларға талдау жасап, тиімді пайдалану, қорғау шараларына ғылыми дұрыс баға беру.

Нұра өзені алабының табиғи кешендері мен тірі ағзаларының дамуына кері әсер тигізетін ластандырушы көздерге өнеркәсіп орындары, тау-кен өндірісі және суармалы егін шаруашылығы мен ірі мал шаруашылық кешендері бар ауыл шаруашылығы жатады. Ірі өнеркәсіп орындарының жұмыс процесі барысында атмосфераға көптеген газдар мен зиянды заттар шығарылады, суды пайдаланып, қалдық суларды өзенге ағызу, өндіру процесі кезінде химиялық қосылыстарды қолдану, өндіріс қалдықтарын жинау жұмыстары жүргізілетіні анық.

Нұра макрогеожүйесіндегі техногендік ластану орталықтары болып табылатын кәсіпорындар аумақ бойынша және жекелеген компоненттерінде бірдей емес. Негізгі ластандыру көзі болып табылатын ірі кәсіпорындардың басым бөлігі Қарағанды - Теміртау өндіріс аймағында орналасқан, олар Теміртау химия-металлургия комбинаты, Ақтау көлік және құрылыс комбинаты, Қушоқы көмір карьері, Қарағанды урбоөнеркәсібі, Теміртау «Миттал-Стил Теміртау» ААҚ, «АБС-Энерго», «КарГРЭС-1», «Алаш» ЖАҚ, Шахтинск химия тау-кен, Саран химия тау-кен және Абай энерго-тау-кен шахталары, Оңтүстік Құлайғыр көлікті карьері, т.б. Бұл аймақта топырақ жамылғысындағы қорғасынмен ластану аумақтың 70% қамтиды, сынап - 60%, мыс пен мырыш - 40%, хром – 30%, марганец - 80%, ал никель - 10% [1]. Қарағанды - Теміртау өнеркәсіптік торабының ауасында ылғи да 100-ден астам токсикалық қоспалар бар, оның бесеуі атмосфера ластануының геохимиялық индексін анықтауға алынған шаң-тозаң, азоттың қос тотығы, фенол, бензолиден, формальдегид және т.б. зиянды химиялық заттарболып табылады.

Зерттеліп отырған ауданда кәсіпорындар қалдықтарының салыстырмалы көлемі: негізгі ластау көзі - «Миттал Стил» ААҚ - 53%, Карэнерго-20%, авто көлік 10%, Қарағанды цемент АҚ-6%, Қарағанды көмір, Госхолдинг-4%, Карбид АҚ-2%.

1 - к есте



Қарағанды - Теміртау қалаларынын атмосфералық ластануы


Примечание: *- атмосфераның ластану интеграциясы. ** - шектеулі рауалы концентрациясы.
Нұра өзенінің СЛИ (судың ластану индексі) - 1,95 (орташа ластанған сулар). «Миттал Стил Теміртау» ААҚ және «Теміртау химия-металлур­гиялық заводы» ЖШС қалдық суларындағы зиянды заттардың концентрациясы 9 мг/дм3, құрғақ қалдық бойынша минералдануы - 962 мг/дм3, ерітілген оттегінің беткі-белсенді заттардың, мыстың, мырыштың, қорғасынның, хромның, мышьяктың, цианидтердің, роданидтердің орташа саны ШРК нормасының деңгейінде. Жыл бойы ШРК-тан асулар темір бойынша - 1,5 ШРК-қа дейін (0,15 мг/дм3), сынап бойынша - 2,8 ШРК-қа дейін (0,00028 мг/дм3), марганец бойынша - 9,5 ШРК-қа дейін (0,095 мг/дм3), амонийлік азот бойынша - 1,1 ШРК (0,41 мг/дм3), т.б. байқалған. Басқа ластаушы ингредиенттердің концентрациясы ШРК-дан аспайды, СЛИ 2,34 (Орташа ластанған сулар) 2002 жылғыдай [2].

Аквальды жүйелерде сынаптың, кадмий және т.б. элементтердің пайыздық мөлшері жоғары. Техногендік лайдың қалыңдығы - 2-3,5м. Ластаушы компоненттердің ең қауіптісі - сынап. 2004 жылы Нұра өзенінің токсикалық заттармен, соның ішінде сынаппен ластануын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сынап Нұра бойындағы тығыз қоныстанған елді-мекендерінің жер беті және жер асты суларын, ауыл шаруашылық дақылдарын, су ағзаларын, малды, топырақты және ауаны ластайды. Өзеннің сынап жинап

алған тұнбалары судың қайта ластаушы көзіне айналады. Самарқанд су қоймасынан бастап сульфат, калий және натрий иондары құрамының артуы, ал сынап кұрамының 3,6-3,4 ШРК көлемінде болуы байқалады. «Карбид» АҚ ацельдегид өндірісінің жұмыс жасаған жылдар ішінде 140-150 т астам сынап жиналған, ағын сулардың қосылған жерлерінде сынаптың орташа мөлшері техногенді тұнбаларда фондық шамадан (0,08 мг/кг орнына) өте жоғары болып 560 мг/кг құрайды [1]. Ең қауіптісі сынаптың көп мөлшері белсенді формада, сондықтан биота бойына жинауға қолайлы. Жер беті суларында сынаптың көбеюі оның су тасқындары кездерінде бөген, кәріз жүйелері арқылы қосымша элементтердің жиналуы әкеліп соғады. Ал сынап жер бетінің сулары сіңуі арқылы жер асты суларын да ластайды. Сондықтан, Қарағанды облысының маңызды проблемаларының бірі - Нұра өзенінің тұнбаларын сынаптан тазарту.
2 - к е с т е

Нұра өзеніндегі сынаптың орташа құрамы

2004 жылы Нұра өзені жалпы деңгейінің сынаппен ластануы: негізгі ластаушы ағындар тұскенге дейінгі өзен бастауында - 0,3%; Ынтымақ су қоймасына дейін өзеннің орта ағысында - 76%; төменгі ағысында - 0,41%. Негізгі гидрохимиялық посттарда сынап құрамы 0,001-0,007 мкг/дм3 (ШРК-0,1 мкг/дм3). Теміртау каласы, бірлескен шығыннан 1 км төмен гидропостта сынап мөлшері 4,24 ШРК, сульфат - 1,64 ШРК; ал Теміртау қаласы, бірлескен шығыннан 5,7 км темен гидропостта сынап - 5,92 ШРК, сульфат - 2,23 ШРК. Ростовка селосының гидропостында сынап құрамы 4 ШРК мөлшерінде қалады, Ынтымақ су қоймасының жоғары бьефінде ластану деңгейіне 0,044 мкг/км мөлшеріне дейін төмендейді. Осы аймақта сынаппен ластанудың үлесі судың жалпы ластануының 46%-ын құрайды. Көктемгі жайылмада Нұра өзенінің жоғары ағысының сынаппен ластануы - 0,35%, орта ағысында - 50%, ал төменгі ағысында - 0,5%. Жалпы Нұра өзенінің жоғарғы және төменгі ағысында сынап жоқ деп айтуға болады. Жазғы кезеңде сынаппен ластану: орта ағыста - 39,4%, Ынтымақ су қоймасының жоғарғы бьефінде - 3,66%, төменгі ағыста сынаппен ластану байқалмайды. Күзгі кезеңде өзеннің жалпы ластануы сол деңгейде, су сапасының класы сол күйде, ластаушы заттардың концентрациясы шамалы өзгереді [3].

Жоғарыда келтірілген сызба-нұсқадан Нұра өзені суының Ертіс- Қарағанды каналынан бастап ластанатынын көруге болады, одан әрі қарай Қарағанды - Теміртау урбоөнеркәсібінен түсетін қалдықтардан артады. Одан кейін Шерубай өзенінен келетін ағыстан Нұра өзенінің ластануы ұлғая түседі. Ынтымақ бөгеніне дейін (Самарка селосы) өзен суы күшті ластанған. Өзен арнасындағы лайлы топырақта сынаптың шоғырлануына байланысты ШРК деңгейінен артады. Ынтымақ су қоймасынан кейін біртіндеп ластаушы заттар концентрациясының біртіндеп төмендеуі байқалады, бұл судың табиғи жолмен өзін-өзі тазалауымен байланысты. Дегенмен де, сынап және т.б. химиялық қосылыстар байқалып отырады.

Тағы бір ескеретін жағдай, Нұра өзені алабында орналасқан ластаушы көздерден осы алабқа жел бағыттары арқылы зиянды химиялық заттектердің таралуы байқалады. Өзен алабында орналасқан метеостанциялардың мәліметтеріне сүйеніп, аймақта соғатын желдердің жыл мезгілдеріне сәйкес жылдық орташа жел бағыттарын анықтап, мерзімдік динамикасының нұсқасын жасаған едік. Осы бақылау нәтижелері негізінде Нұра өзені алабының жел арқылы ластану процесі анықталды. Яғни, қыс айларында жел 12-15 м/сек жылдамдықпен соғып, көктемге қарай қарқыны бәсеңдейді де, жазда және күзде 2-3 м/сек жылдамдықпен соғады. Бұл дегеніміз - ластаушы көздерден атмосфераға түсетін қалдықтар қыста алысқа жеткізіліп, көктем, жаз, күз айларында қашықтығы бойынша біртіндеп азаяды.

Желдің жылдамдығымен қатар, оның бағыты да зерттелетін нысанаға тікелей қатысты. Нұра өзені алабындағы метеостанциялардың әртүрлі қашықтықта орналасуын ескере отырып, олардан алынған статистикалық мәліметтерге сүйеніп, жыл он екі ай бойынша желдің бағыттарын анықтадық. Яғни, қыста жел солтүстікке қарай басым соқса, жаз айларында оның бағыты оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай ауысады. Бұдан шығатын қорытынды - ластаушы көздерден шығатын қалдықтар қыс мезгілінде солтүстікке бағытталса, жазда оңтүстік-шығыс аймақтарға таралады.

Нұра өзені су режимі және балансының гидрохимиялық құрамының өзгеруіне келесі факторлар әсер етеді:

Өзен алабындағы гидротехникалық құрылыстар;

Жер суару және өндірістік қажеттіліктер үшін салынған су бөгеттері;

Өзен суының ластанған бөлігінің қайта құрылуы;

Өзен ағысын алаб аралығында қайта бөлу, сонымен бірге алаб гидрографиясының жоспарлы реконструкциясы [5].

Өзеннің гидрологиялық және гидрохимиялық режимі тек оның маңындағы өнеркәсіптің қалдық суларының болуымен ғана емес, салаларында су қоймаларының, бөгендердің көп болуымен де анықталады. Жалпы алғанда Нұра макрогеожүйесі төңірегінде 25-ке жуық бөгендер бар. Cy қоймаларының жалпы көлемі 1 км3 шамасында, жалпы пайдалы ауданы - 450 млн. м3 [4].

1973 жылдан бастап Ертіс - Қарағанды каналы Нұра өзенінің су режиміне елеулі әсер етуде. Нұра өзені алабындағы судың жалпы мөлшерінің 15% ауыз су мен тұрмыстық қажеттілікке, 35% өнеркәсіп пен энергетикаға, ал 50% егістікті суару үшін пайдаланылады. Өзенге түскен ақаба судың мөлшері 250 млн. м3, оның тек 45%-ға жуығы ғана биологиялық жолмен тазартылады, қалған су мөлшері тазартқыш қондырғылардың жетіспеушілігінен сол күйінде ағызылады [1]. 1м3 тұрмыстық және өндірістік мақсатта вания воды:

пайдаланылған ағыс 10м3 дейін, суару мақсатынан қалған сулар Зм3 суды ластайды деген болжам бар [6]. Егер осы бағалауды Нұра өзені көлеміне пайдалансақ, ластаушы табиғи су көлемі 780 млн.м3 жетеді.

Сонымен, жоғарыда айтылған мәтінді қорытындылайтын болсақ, антропогенездің құрамдас бөлігі ретінде негізгі техногенез қарқындылығы Нұра өзені алабының орта ағысында, яғни Қарағанды - Теміртау өндіріс аймағында басымырақ байқалады, сәйкесінше оның әсері Нұра өзенінің төменгі ағысына да таралады. Қазіргі кезде Нұра макрогеожүйесі су ландшафтарының құрылымы мен қызметі техногенез әсерінен зардап шегуде. Техногендік факторлардың кеңістік бойынша таралуы тек ластандыру орталықтарының шоғырлану көзіне ғана емес, сонымен қатар жақсарту, тиімді пайдалану шараларына да байланысты болмақ.
Список литературы

1. Мұқашева Ж., Шынкенеева C. Нұра өзені алабына әсер етуші антропогендік факторлар. - А.: География және табиғат, 2004. - 4-9с.

2. Қарағанды «Экоцентр» мәліметтерінен. - Қарағанды, 2003

3. Акпамбетова К., Александрова H. Экомониторинг долины реки Нуры. - А.: Экологическое образование PK, 2005. - 12-13с.

4. Акпамбетова К. Гидрографическая сеть Центрального Казахстана в условиях аридизации климата. - А.: География в школах и вузах Казахстана, 2006. - 10- 12с.

5. Мухамеджанов О. Антропогенное воздействие на геосистемы бассейна реки Нуры. - А.: КазНУ им. Аль-Фараби, 1997.



6. Лосев К. Социально-экономические и экологические последствия использования воды: возможные пути развития - Изв. АН СССР, сер. Геогр., 1988. 146-148с.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет