«Сүйіспеншілікпен Kotex®!» Жарнамалық акциясын өткізудің ережелері мен оған қатысу шарттары (әрі қарай –



жүктеу 174.92 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі174.92 Kb.
: assets -> user
assets -> «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру»
assets -> Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атныдағы қазақ музыкалы драма театрының қызмет көрсету
assets -> Тауарды әкелген, жұмыстың орындалу, қызмет көрсету мерзімі
assets -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Ветеринариялық анықтама беру»
assets -> Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және халықпен кездесу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
user -> Правила проведения и условия участия в рекламной акции «Kotex ® c любовью!» (далее
user -> Олимпиада пгу «юные таланты прикамья»
user -> Задания, представленные для выполнения на заочном
user -> «Өз-өзіңді еркелет!» Жарнамалық акциясын өткізу ережелері мен қатысу шарттары «Өз-өзіңді еркелет!»
«Сүйіспеншілікпен Kotex®ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫН

ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ОҒАН ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

(әрі қарай «Ережелер»)


  1. «Сүйіспеншілікпен Kotex®» жарнамалық акциясы (әрі қарай – Акция) Қазақстан Республикасы аумағында Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Семей, Өскемен, Қостанай, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Жезқазған, Павлодар, Талдықорған қалаларында 2015 жылдың 6 қарашасынан бастап 19 желтоқсанына дейін қоса өткізіледі. Бұл ретте Акция Ұйымдастырушысы Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімімен Акцияны өткізу кезеңін өзгертуі мүмкін.




  1. Акцияның Ұйымдастырушысы және орындаушысы «Pro Triniti» ЖШС (әрі қарай – Ұйымдастырушы) болып табылады. Акция «Кимберли-Кларк Қазақстан» ЖШС (әрі қарай – Тапсырыс беруші) тапсырысы бойынша өткізіледі. Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерге және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өткізілуі үшін кез келген үшінші тұлғалардың алдында, соның ішінде, Акция Қатысушыларының алдында жауап береді. Акция Ұйымдастырушысы, Акция Қатысушыларына Сыйлықтарды берумен байланысты төленуі тиіс болатын, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын төлейді.

  2. Акцияға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының азаматтары – жеке тұлғалар (әрі қарай – Қатысушылар) қатыса алады. Кәмелет жасқа толмаған, әрекет ету қабілеті шектеулі, әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың Акцияға қатысуы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте, олардың заңды өкілдері арқылы жүзеге асырылады.




  1. Акцияға қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді:

    1. осы Ережелердің 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар;

    2. Акция Ұйымдастырушысының және Тапсырыс берушісінің, олармен үлестес тұлғалардың жұмыскерлері мен өкілдері және олардың отбасы мүшелері, Акцияны дайындаумен, ұйымдастырумен және өткізумен байланысты Акция Ұйымдастырушысымен және Тапсырыс берушісімен шартқа отырған үшінші тұлғалардың жұмыскерлері мен өкілдері.




  1. Акция Қатысушысының келесі құқықтары бар:

    1. Акцияны өткізу шарттарын Промоорталықтардағы промоқызметкерлерден, www.mykotex.kz сайтынан, 8 800 070 8910 жедел желі (Акцияны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде тәулік бойы) телефоны арқылы білу;

5.2. осы Ережелермен белгіленген тәртіпте Акцияға қатысу;

5.3. Акцияны өткізу шарттарына сәйкес Акция Сыйлықтарының берілуін талап ету;

5.4. Акцияны өткізуге қатысты кез келген сұрақтарымен, ескертулерімен және пікірлерімен Акция Ұйымдастырушысына келесі деректемелер бойынша хабарласу:

Ирина Осипова

BTL Manager

«Pro Triniti» ЖШС

e-mail: ossipova.i@triniti.kz

Мекен-жайы: Алматы қ., Гоголь көшесі, 84а, 401-кеңсе

Ұялы тел.: 7 777 548 86 27

Жұмыс тел.: 7 (727) 2503239, 2506905, 2663950 (ішкі 115)




  1. Акция Қатысушысы Ережелерді сақтауы тиіс, соның ішінде, осы Ережелермен белгіленген мерзімде Акцияға қатысумен және Сыйлықтарды алумен байланысты барлық әрекеттерді орындауы тиіс.




  1. Қатысушылар осы Ережелерде баяндалған Акцияны өткізу шарттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды иемденеді және өзге міндеттерді мойнына алады.




  1. Ұйымдастырушының келесі міндеттері бар:

8.1. Акцияны адал ниетпен және тиісті жолмен, осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай өткізу;

8.2. Жеңімпаз деп танылған Қатысушыларға осы Ережелерге сәйкес тиісті Сыйлықтарды беру;

8.3. Акцияны өткізу тоқтатылған жағдайда, осы Ережелермен белгіленген тәртіпте бұл туралы тиісті ақпаратты орналастыру;

8.4. Ережелердің шарттарына қайшы келмейтін Тапсырыс берушінің нұсқаулықтарын орындау;

8.5. Акция Қатысушыларының жүгінулерін қарау және оларға орай дер кезінде, адал ниетпен, осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрекет ету, осындай жүгінулер мен оларға орай әрекет ету жағдайлары туралы Тапсырыс берушіге 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлау;

8.6. Тапсырыс берушінің іскерлік беделіне, Kotex® сауда белгісінің және/немесе Kotex® сауда белгісі бар өнімдердің бедел келбетіне зиян келтіруі мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасамау (әрекет ету немесе әрекетсіздік таныту). Ұйымдастырушы қызметкерлердің және/немесе Акцияны өткізуге тартылған өзге үшінші тұлғалардың осы міндеттемені орындауы үшін жауап береді;

8.7. осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді мойнына алу.


  1. Ұйымдастырушының келесі құқықтары бар:

9.1. Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімімен осы Ережелерге өзертулер және/немесе толықтырулар енгізу, Ережелермен қарастырылған тәртіпте, Ережелерге енгізілген өзгертулер және/немесе толықтырулар туралы Қатысушыларға хабарлау;

9.2. Ережелердің шарттарын орындамағаны анықталған жағдайда Қатысушыға Сыйлықты беруден бас тарту;

9.3. егер Акцияны өткізу кезеңінде (Акция мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда ескерту кезеңінде) Қатысушы Сыйлықты алмаған болса немесе Сыйлықты алудан бас тартқан болса, Қатысушының Сыйлықты алмаумен байланысты кінәрат-талаптарын қараудан бас тарту;

9.4. осы Ережелерде қарастырылған тәртіпте тиісті ақпаратты орналастыра отырып, Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімімен, себептерін түсіндірместен өз қарауы бойынша Акцияны мерзімінен бұрын тоқтату.


  1. Егер Акцияны өткізу барысында Ұйымдастырушы, Акцияның өткізілуіне тиісінше бақылау жасау мақсатында және Тапсырыс берушінің тұтынушыларының деректер базасын қалыптастыру мақсатында, я болмаса өзге мақсаттарда, өз бастамасымен немесе Тапсырыс берушінің бастамасымен Акция Қатысушыларының жеке деректерін жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын болса, ол Қазақстан Республикасының жеке деректер туралы заңнамасы талаптарының орындалуын, Акция Қатысушыларының жеке деректерін жинауға және өңдеуге қатысты олардың тиісінше рәсімделген жазбаша келісімдерінің болуын қамтамасыз етуге міндеттеледі, соның ішінде, жеке деректерді Тапсырыс берушіге табыстау құқығын қоса есептегенде. Осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қодланыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Акция Ұйымдастырушысы Акция Қатысушысы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға Акцияны өткізумен байланысы жоқ мақсаттарда ұсынуға құқылы емес.




  1. Акцияға қатысу шарттары.

Акция Қатысушысы болу үшін, Акция Сыйлығының (Сыйлықтарының) иегері болу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін, осы Ережелердің 3- және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлға келесілерді жасауы тиіс:

11.1. Акцияны өткізу кезеңі ішінде скретч-жолағы бар Kotex® тауар белгісінің акциялық өнімін (қаптамасында бір «жүрек» промостикері бар Kotex® өнімі акциялық өнім болып есептеледі) бір немесе бірнеше қаптама мөлшерінде сатып алу;



    1. скретч-жолақтың қорғаныс қабатын алып тастап, «Сыйлық» деген жазуы бар стикерді табу (әрі қарай – Жүлделі промостикер);

    2. жұмыс істейтін уақытында Акцияның Промоорталығына келіп, промоутерге Жүлделі промостикері бар қаптаманы немесе Жүлделі промостикері бар Kotex® өнімінің бос қаптамасын ұсыну.

1-кесте. Промоорталықтардың тізімі және жұмыс кестесі:


Қала

Орынның атауы

Мекен-жайы

Жұмыс күндері

Жұмыс уақыты

Алматы

«Magnum»

Бедный көшесі, 3, 2-кеңсе

жм–сб

16:00–20:00

«Magnum»

Жетісу-3 ықшамауданы, 1г үй

жм–сб

16:00–20:00

«Тоймарт»

Розыбакиев көшесі, 4

жм–сб

16:00–20:00

«Чайка»

Ақан Сері көшесі, 17

жм–сб

16:00–20:00

«Huseinoff»

Сүйінбай даңғылы, 419а

жм–сб

16:00–20:00

Астана

«Кен Mart»

Астана – Қарағанды тас жолы

жм–сб

16:00–20:00

«Астықжан»

Бейсекова көшесі, 3

жм–сб

16:00–20:00

«Алма»

Қабанбай батыр даңғылы, 21, «Азия Парк» СОСО

жм–сб

16:00–20:00

Шымкент

«Баян Сұлу»

Темірлан тас жолы, н/сіз

жм–сб

16:00–20:00

«Фиркан Сити»

Тәуке хан даңғылы, Сайрам көшесінің қиылысы

жм–сб

15:00–19:00

Тараз

«Small»

Тәуке хан даңғылы, 1д

жм–сб

16:00–20:00

«Арзан»

Ниетқалиев көшесі, 70а

жм–сб

16:00–20:00

Ақтөбе

«Дина»

Әлия Молдағұлова даңғылы, 53а

жм–сб

16:00–20:00

«Анвар»

Маметова көшесі, 4, «Mega» СОСО

жм–сб

16:00–20:00

Қарағанды

«Раху»

Мұқанов көшесі, 9

жм–сб

16:00–20:00

«Норма»

Гүлдер көшесі 1, 3/1-ғимарат

жм–сб

16:00–20:00

Атырау

«Атаба»

Авангард-3 ықшамауданы, 40-үй

жм–сб

16:00–20:00

Ақтау

«Атаба – Бәйтерек»

27-ықшамаудан

жм–сб

16:00–20:00

Семей

«Адал»

72-квартал

жм–сб

16:00–20:00

Өскемен

«Колос»

Әуезов даңғылы, 15

жм–сб

16:00–20:00

Қостанай

«Астықжан»

Абай даңғылы, 1б

жм–сб

16:00–20:00

Петропавл

«Семейный»

Мира көшесі, 252

жм–сб

16:00–20:00

Орал

«Дина»

Зелёновский ауданы, Мичуринское ауылы, Придорожная көшесі, 65/2-ғимарат

жм–сб

16:00–20:00

Қызылорда

«Small»

Жібек Жолы көшесі, 20

жм–сб

16:00–20:00

Көкшетау

«Рио»

Осипенко көшесі, 1а

жм–сб

16:00–20:00

Жезқазған

«Траст»

Сейфуллин көшесі, 65

жм, жс

жм 15:00–19:00; жс 13:00–17:00

Павлодар

«Гринвич»

Камзин көшесі, 67/1, «Атриум» СОСО

жм–сб

16:00–20:00

Талдықорған

«Золушка»

Біржан Сал көшесі, 66

жм–сб

13:30–17:30




  1. Осы Ережелердің 11-тармағында баяндалған әрекеттердің барлығын орындағаннан кейін және 11-тармақта көрсетілген шарттардың барлығына сай келгеннен кейін, Қатысушы Акцияның Жеңімпазы болады және Промоорталықта Қатысушы келген сәтте бар болған Сыйлықтардың арасынан №2 Кестеге сәйкес қалағанын таңдап алады.




  1. Сыйлықтарды Промоорталықтардың жұмыс уақытында алуға болады, Промоорталықтардың жұмыс уақыты мен толық тізімі лифлетте көрсетілген, мұндай лифлетті еліміздегі кез келген Промоорталықтан және www.mykotex.kz интернет-сайтынан алуға болады, сондай-ақ мұндай ақпаратты 8 800 070 8910 жедел желі телефоны арқылы алуға болады (Акцияның бүкіл өткізу мерзімінің ішінде тәулік бойы).




  1. Сыйлықтар Акция Қатысушыларына Промоорталықтағы кезектілік тәртібімен беріледі. Акция Қатысушысы Сыйлықты алған кезде, Промоорталықтан кетпестен Сыйлықтың болжалды ақаулықтарын, соның ішінде, жасырын ақаулықтарын тексеруі тиіс. Егер Сыйлықты қабылдау сәтінде Акция Қатысушысы ақаулықтарды анықтайтын болса, ол мұндай Сыйлықты өз қарауы бойынша Промоорталықтағы осыған ұқсас немесе басқа Сыйлыққа айырбастауға құқылы. Акция Қатысушысы Сыйлықтарды алғаннан кейін Акцияның Ұйымдастырушысы мен Тапсырыс берушісі олардың сапасы үшін жауап бермейді және жоғарыда сипатталғанға қатысты ешқандай кінәрат-талаптарды қабылдамайды.




  1. Акцияның Сыйлықтар қоры.

    1. Акцияның Сыйлықтар қоры Акция Ұйымдастырушысының есебінен қалыптасады. Бұл ретте Ұйымдастырушы Акцияның Сыйлықтар қорын – Акцияны өткізу кезеңі басталғанға дейін қалыптастырады.

    2. Сыйлықтардың саны шектеулі – 15 000 дана.

2-кесте. Сыйлықтардың тізімі мен саны:





Мойынорауыш / орамал

Айна

Шаш қыстырғыш (металл)

Шаш қыстырғыш (пластик)

Барлығы

Алматы

500

800

300

400

2000

Жезқазған

125

200

75

100

500

Қарағанды

250

400

150

200

1000

Талдықорған

125

200

75

100

500

Шымкент

600

800

200

400

2000

Тараз

150

200

50

100

500

Қызылорда

75

120

45

60

300

Ақтөбе

125

200

75

100

500

Ақтау

125

200

75

100

500

Атырау

125

200

75

100

500

Орал

100

160

60

80

400

Петропавл

125

200

75

100

500

Көкшетау

125

200

75

100

500

Астана

575

800

225

400

2000

Павлодар

250

400

150

200

1000

Қостанай

125

200

75

100

500

Семей

100

160

60

80

400

Өскемен

100

160

60

80

400

NKA

300

400

100

200

1000

Барлығы

4000

6000

2000

3000

15000




  1. Акция Қатысушыларына Акцияның Ережелері туралы хабарлау тәртібі.

    1. Акцияның толық шарттарымен Қатысушылар www.mykotex.kz интернет-сайты және Қазақстанның барлық аймақтары үшін тегін 8 800 070 8910 «жедел желі» телефоны арқылы таныса алады (Акцияны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде тәулік бойы), сондай-ақ мұндай ақпаратты Қатысушылар Акцияның Промоорталықтарындағы промоқызметкерлерден ала алады.

    2. Акция туралы ішінара ақпаратты орналастырылатын жарнамалық-ақпарат материалдарынан алуға болады, Акция Ұйымдастырушысы оларды қаптамада, лифлетте, дүкендерде және теледидарда орналастыруы мүмкін.

    3. Акцияның өткізілуін тоқтату туралы, соның ішінде мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпарат – тоқтатылу күніне дейін кемінде 1 (бір) апта бұрын www.mykotex.kz интернет-сайтында алдын-ала орналастырылады. Акция мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Акция Қатысушылары хабарламада көрсетілген кезеңнің ішінде Сыйлықтарды дер кезінде алу бойынша әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс. Егер Акция мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Акция Ұйымдастырушысы хабарламада көрсетілген кезеңнің ішінде Сыйлықтарын дер кезінде алу бойынша әрекеттерді жүзеге асырмаған Қатысушыларға Сыйлықтардың берілуі үшін жауап бермейді.




  1. Өзге шарттар.

    1. Акцияны өткізумен байланысты барлық мәселелер бойынша Акция Ұйымдастырушысының шешімдері ақырғы болып есептеледі. Акцияның дер кезінде өткізілуіне немесе оның кезеңдеріне әсерін тигізуі мүмкін жағдайлар туындайтын болса, Акцияны өткізу шарттары Ұйымдастырушы мен оның қызметкерлері немесе Акцияны өткізу үшін тартылған үшінші тұлғалар тарапынан, Акция Қатысушылары тарапынан бұзылған жағдайда, сондай-ақ Тапсырыс берушінің іскерлік беделіне, Kotex® сауда белгісінің және/немесе Kotex® сауда белгісі бар өнімнің бедел келбетіне зиян келтіруі мүмкін өзге жағдайлар туындайтын болса, Ұйымдастырушы бұл туралы Тапсырыс берушіге дереу хабарлауға міндеттеледі.

    2. Ұйымдастырушы келесілер үшін жауап бермейді:

      1. Акция Қатысушыларының осы Ережелермен танысу мүмкіндігінің болмағаны үшін;

      2. осы Ережелермен қарастырылған міндеттемелерін Акция Қатысушыларының орындамағаны немесе дер кезінде орындамағаны үшін;

      3. Акцияны өткізу кезеңінде (Акцияны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда хабарлау кезеңінде) Қатысушылар Сыйлықтарды талап етпеген жағдайда немесе олардан бас тартқан жағдайда, Акция Қатысушыларының Акция Сыйлықтарын алмағаны үшін;

      4. Акция Ұйымдастырушысына бағынбайтын жағдайлармен Акция Қатысушыларының өміріне, денсаулығына зиян келтірілгені үшін және моральдік залал келтірілгені үшін, Акцияның басқа Қатысушыларының немесе Акцияны өткізумен байланысы жоқ кез келген үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін және/немесе Акция Ұйымдастырушысының кінәсінен туындамаған жағдайлар үшін.

Тапсырыс беруші де осы Ережелердің 15.2. тармағында сипатталған міндеттемелер бойынша жауап бермейді.

    1. Осы Ережелер қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Осы Ережелердің екі тілдегі нұсқаларының арасында алшақтықтар туындаған жағдайда, осы Ережелердің орыс тіліндегі мәтіні басым күшке ие.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет