Смағұлов Ержан Мәлікұлы Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі



жүктеу 482.5 Kb.
бет1/3
Дата24.04.2016
өлшемі482.5 Kb.
түріДиссертация
  1   2   3
: userfiles
userfiles -> Внутренний контроль производства и контролируемые испытания продукции
userfiles -> Технические правила
userfiles -> 2010 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарының орындалуы Шілде Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе Жамбыл облысының 2010 жылдың қаңтар-маусымында
userfiles -> Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты емдеу-алдын алу ұйымдары бас дәрігерлерінің жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны жариялау
userfiles -> Конкурстық құжаттаманы бекіту туралы
userfiles -> Шу ауданының әкімі І.Ә. Тортаевтың ауданның 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебі
userfiles -> Шортанова алшайым ахылбековна қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы
userfiles -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі


ӘОЖ: 393. 95(574) Қолжазба құқығында

Смағұлов Ержан Мәлікұлы
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі (XVIII–XIX ғғ. деректері бойынша)

07.00.07 – этнография, этнология және антропология

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ



Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007


Жұмыс C. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің этнология, мәдениеттану және археология кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының докторы, профессор

Ж.О. Артықбаев

Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы, профессор



У.Х. Шәлекенов
тарих ғылымдарының кандидаты

Ж.М. Сейтқұлова
Жетекші ұйым: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым

министрлігінің Р.Б. Сүлейменов атындағы

Шығыстану институты

Диссертация 2007 жылы « » күні сағат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29) тарих ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылы « » таратылды.




Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.С. Алдажұманов

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ қоғамының әлемдік тарих үрдісінің бір саласы ретінде өзінің өткенінде жүйелі ой елегіне түспеген, зерттелмеген, зерттелсе де біртекті бағасына ие бола алмаған құбылыстары мен оқиғалары көп-ақ. Соның ішіндегі маңыздыларының бірі-қазақтың өлген адамды шығарып салуға байланысты қалыптасқан жылға созылатын уақыттық-межелік ырым-жоралар жосынының аяқталу кезеңін білдіретін ­ ас беру дәстүрі.

Ас беру дәстүрінің қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси, рухани қатынастар жүйесіндегі атқаратын функционалдық қызметі әр кезеңдердегі тарихи-этнографиялық, ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет пен көркем шығармаларда көбінесе отбасылық салт-дәстүрлер мен діни ғұрыптық жоралар жосындарының ішінде ат үсті ғана қаралып, арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қаралмағаны белгілі. Көпшілік еңбектерде белгілі бір астардың көлемі, асты өткізу тәртіптері, ондағы орындалатын әртүрлі салт-дәстүрлік шаралар мен діни ғұрыптық жоралардың өткізілу (бәйге, балуан күресі, айтыс, жамбы ату, тұл аттың сойылуы, септің таратылуы, қаралы тудың сындырылуы т.б.) ретін суреттеу сияқты астың сыртқы формасын бейнелейтін деректердің тіркелуі басым. Ал астың қоғамдық қатынастарды реттеушілік әлеуметтік-саяси институционалдық рөлі жеке зерттеу тақырыбы ретінде әлі күнге дейін мүлде қаралмаған десе де боларлық.


Дәстүрлі қазақ қоғамының көп қырлы тіршілік қалыбының жоғары өркениеттілікке тән әлеуметтік-саяси ұйымдасу санаты жоғары дәрежеде болып, үйлесімді өмір сүруінің бұлжымастығын қамтамасыз ететін экономикалық-саяси, әлеуметтік және құқықтық қатынастар нормаларының жиынтығы болды. Өйткені салт-дәстүр дегеніміз адам қажеттілігін өтейтін барлық материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтардың тоғысы.

Оның ішінде әсіресе қай халықта болмасын өлген адамды соңғы сапарға шығарып салуға байланысты қалыптасқан салт-дәстүрлері–уақыт тезіне көне бермейтін, ғасырлар бойы өзгеріске ұшырай қоймайтын белгілі бір әлеуметтік-қоғамдық көзқарастардың, идеялық нормалардың ең бір консервативті түрі болып табылады.

Қазақ халқының да өлген адамға байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер тәртібі, белгілі бір табиғи-экологиялық кеңістікті игеру жолында қалыптасқан қоғамдық-әлеуметтік, саяси жүйелердің жиынтығы ретінде этнография ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі десек артық емес. Оның ішінде, әсіресе өлген адамды шығарып салуға байланысты ғұрыптық циклдің қорытынды нүктесін қоятын ас беру дәстүрінің маңызы зор. Бүгінгі күні тәуелсіз еліміздің өзіндік ұлттық-мемлекеттік идеологиялық тұғырнамасын жасау, қалыптастыру мен дамытуда сан мың жылдар белесінен бүгінгі күнге дейін мазмұнын жоғалтпай жеткен, ұлттың ұжымдық ұйтқысының негізі болған салт-дәстүр, әдет-ғұрып заңдарының танымдық, тәрбиелік және құқықтық мәні бар белгілері негіз болуы шарт.

Қазіргі уақытпен ежелгі көшпелілердің арасының алшақтығына қарамастан, ас беру дәстүрі әліде ел арасында өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тіпті жалпы көшпелі өркениеттің күйзеліске ұшыраған уақыты XVIII-XIX ғғ. да ас беру дәстүрі қоғамдық қарым-қатынастардың жойқын реттегіш мәнде болды. 1991 жылдан бері тәуелсіз Қазақстанда әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген елге сіңірген қызметі ұмыт болған қоғам қайраткерлеріне көптеген астардың берілгені белгілі. Бұл тек дәстүр жаңғырығы ғана емес, қазақ қоғамында ас беру дәстүрінің қоғамдық реттегіш қызметіне бүгінгі күні де сұраныстың жоғалмауының белгісі.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі қазақ қоғамының өмір сүру қалыбын ішінара жан-жақты сипаттауға ұмтылған салмақты зерттеу жұмыстары XVIII ғасырдың екінші жартысында басталды. Бұл зерттеулердің қазақтың көшпелілік дәстүрлі құрылымына берген бағасын дәл анықтау тарихнамалық еңбектердің басты мақсаты. Бұл салада Қазақстан ғалымдары тарапынан қол жеткен жетістік аз емес.

XVIII-XIX ғасырларда Ресейдің қазақ даласын отарлау кезеңіндегі әртүрлі шараларды іске асыруға бағытталған көптеген империялық әскери-азаматтық, дипломатиялық мекемелердің қызметі (әртүрлі мақсаттағы негізінен әскери экспедициялар, әскери-азаматтық басқару органдары) мен жекелеген чиновниктердің қағаз бетіне түсірілген жазбаларының тарихи-деректік құндылығы басым. Осы кезең зерттеушілерінің өкілдері эмпирикалық мәліметтерді көбірек жинауға ден қойды десек артық айтқандық емес. Осы зерттеушілердің қай-қайысы да қазақ өмірін, тілін жақсы білгендіктен еңбектерін ел арасынан өздері жинаған мәліметтер негізінде жазған. Олардың барлығында қазақтың ас беру дәстүрінің әдеттегі өлген адамды шығарып салуға байланысты орындалатын діни ғұрыптық салттан өзгеше қоғамдық мәні аса жоғары халықтық жиын екеніне назар аударылған.

Жалпы XIX ғасыр Қазақстан тарихнамасы үшін аса бір табысты кезең болды. Осы ғасырдың бас кезінен бастау алған қазақ даласын әртүрлі мақсаттағы зерттеу жұмысының тізімі уақыт өте келе үлкен нөпірмен көбейе түсті. XIX ғасырдың ортасы мен соңғы кезеңіне қарай қазақ даласын отарлау саясаты күшейіп, реформалардың жүргізілуі қазақ қоғамын кең көлемді, жан-жақты қамтылған зерттеу еңбектерінің дүниеге келуіне қозғау салды. Олардың ішінде Ш.Ш.Уәлихановтың қазақтың этномәдени, әлеуметтік-саяси құрылымының қалыптасу, өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты маңызды ойлары қазіргі күнге дейін өзінің ғылыми маңызын жойған жоқ. Оның пікірінше қазақ дәстүрлерінің бәрі өз бастауларын көнеден алады. Біздің тақырып бойынша зерттеушінің теңдесі жоқ еңбегі алғаш рет қырғыз халқының «Манас» жырының көлемді бір бөлігі «Көкетайдың ертегісін» жазып алып, ғылым қорына қосуы. Бұл жыр негізінен ас берудің ең ерте нұсқаларының бірі аса көркем тілмен жырланып қана қойылғанымен ғана емес, ондағы деректердің мәліметтік-танымдық құндылығымен де ерекшеленеді [1]. Осы кезеңде жарық көрген еңбектердің ішінде ғылыми құндылығы мен әдістемелік объективтілігі жоғары атақты түріктанушы В.В. Радловтың зерттеулері болып табылады. Көшпелі шаруашылық жағдайында қалыптасқан қазақ қоғамының ішкі табиғи өмір сүру ерекшелігін дәл басып, таныған ол XIX ғасырдың орта шеніне дейін басым болып келген А.И. Левшиннің пікіріне: «...оларда (қазақтарда) бізден өзгеше, бөлек, өз ішінде толық реттелген мәдени қарым қатынастар бар»-деп тойтарыс береді, әрі қазақтың отбасылық салт-дәстүрлері, оның ішінде ас беру дәстүрінің орындалу ретін Ұлы жүзде өзі қатысқан бір астың негізінде толық қағаз бетіне түсіреді [2].

Дегенмен XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде кейбір зерттеушілер ас беру дәстүрінің қазақ қоғамы, әлеуметтік-рухани құндылығы жүйесіндегі орны мен қызметін анықтауға арналған ғылыми-сараптамалық ұмтылыс жасайды.

1900 жылы «Дала уәлаяты» газетінің бетінде жарық көрген «О киргизских поминках» атты мақаласында Ә. Бөкейханов «ас көшпелі қазақ халқының ең қасиетті дәстүрі» деп атай келіп, оның мән мағынасын, қоғамдық өмірде алатын орнын ішінара талдап, ас беру дәстүрінің саны азаюының, елдегі мал басының кемуі, жалпы XIX ғасырдың соңына қарай қазақ көшпелі қоғамының тоқырауға ұшырауын экономикалық-саяси себептерімен нақты дәлелдер келтіре отырып ашып көрсетеді. Ресей империясының қазақ даласын отарлау саясатының мақсаттарына сәйкес іске асырылған жаңа әкімшілік-территориялық саяси басқару жүйесінің нәтижесінде дәстүрлі қазақ қоғамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік–саяси, рухани құндылықтар жүйесінің дағдарысқа ұшырау себептерін дәл бағамдайды [3].

Қазақ тарихы мен этнографиясының көрнекті зерттеушісі Қ. Халиди қазақтың өлікті шығарып салуға байланысты ырым-жоралары, оның ішінде ас беру дәстүріне арнайы тоқталады. Автор ас беру дәстүрінің шығу тегін бағамдауға талап қылады. Әрине, автордың сол кезеңдердегі этнография ғылымының даму дәрежесіне сай бұл күрделі мәселенің тура шешімін табуы мүмкін емес еді. Зерттеушінің қазақтарда ас беру дәстүрінің исламға дейін пайда болған құбылыс екенін айта келе, оның қазақтарға моңғолдардан келген деген пайымдауымен келісу қиын. XIX ғасырдың соңына қарай қазақтарда ас беру дәстүрінің азаю себептерін көрсетіп, оның ішінде, әсіресе, ислам діні әсерінің күшеюін негізгі факторлардың бірі деп көрсетеді [4].

Қазақ шежіресін алғаш рет қағаз бетіне түсірушілердің бірі М.Ж. Көпеев еңбектерін тарих-этнография ғылымы үшін маңызы теңдессіз деп айтуға болады. Оның астың өткізілуі реті, қоғамдық қызметі туралы жинаған ауызша тарих деректері мол мағлұматтар береді. Ас үстінде серт беру, асқа салтанатпен келу, кісі күту, бәйге дауы, балуан күресі т.б туралы құнды деректерді ғылым қорына қосады. Оның астың қоғамдық мәнін терең түсінуі 1886 жылы Абайдың әкесі Құнанбайға ас бермеуін сынап жазған мақаласынан көрінеді [5].

Жалпы Қазан төңкерісіне дейін этнографиялық зерттеулердің мазмұны негізінен эмпирикалық бағытта болып ас берудің таза сыртқы формасын-өткізілу тәртібін термелеп суреттеп жазу тұрғысында ғана болып, оның ішкі семантикалық мәніне терең талдау болмағанын көреміз. Жалпы бұл зерттеу жұмыстарының қай-қайсысын болмасын арнайы маманданған зерттеу жұмысы деуден көрі құнды дерек көздері ретінде бағалауға болады.

Қазақ халқының этнографиясының сан-салалы жан-жақты зерттелуі Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жаңа серпін алды.

Бұл ретте Алтай өңірінің көне тарихының көрнекті зерттеушісі С.И. Руденконың есімін бірінші кезекте ауызға алуымыз керек. 1927 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шілікті алқабында өткен, өзі куә болған асты жан жақты суреттеп жаза келе, оны 1896 жылы осы өлкеде өткен аспен салыстырады. Кейіннен ол Таулы Алтайдағы Пазырық обаларын зерттеп «Пазырық қорғандары сияқты аса үлкен құрылыстарды салу, қазақтардағыдай ас беру дәстүрінсіз дүниеге келуі екіталай»-деп, зерттеушілер арасынан тұңғыш рет ежелгі көшпелілер дәуірінде Алтай өлкесін мекен еткен тайпалар бірлестігінің тұрмыс-тіршілік, рухани дүниетанымдық санаттарын түсіну үшін қазақ этнографиясына мән беру керектігін тұңғыш рет атап көрсетеді, сондықтан да осы ғалым пікірінің әдістемелік мәні аса құнды болып саналуға тиісті [6].

Кеңес өкіметі кезеңіндегі ұйымдастырылған алғашқы этнографиялық экспедициясының мүшесі Ф.А. Фиельструптің қазақ, қырғыз халықтарының өлген адамды шығарып салуға байланысты ырым-жоралары жайында біршама, бірақ толық емес мағлұматтар жинап, жүйелеген ғылыми еңбегі атап айтуға тұрарлық. Зерттеуші ас беру дәстүрінің негізін құрайтын компонентерін–ақсақалдар кеңесі, сауын айту, ас өткізу мерзімдері т.б.–Қазақстанның аймақтық (рулық–Е.С.) ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге келтіруге тырысады [7]. Автордың деректерінен көрініп отырғандай ас беру дәстүрінің өткізілу тәртібінде Қазақстанның барлық аймақтарында бір-бірінен атап айтарлықтай ешқандай өзгешелігі жоқ. .

Ә.Х. Марғұланның Беғазы-Дәндібай мәдениетіне арналған іргелі жұмысының қазақтың ас беру дәстүрінің шығу тегін зерделеуде әдістемелік теориялық маңызы теңдессіз. Ондағы жерлеу кешендері, патриархалдық-рулық қоғамның неғұрлым көрнекті мүшелерінің қабірлері. Мұнда толып жатқан мал сүйіктері түрінде құрбан шалудың және ас беру дәстүрінің іздері сақталған–құрбандық шалу үстелінде көптеген қыш ыдыстар, әртүрлі керек-жарақтар да, сәндік заттар мен қару-жарақтар бірге жерленген. Ғалым Тасмола мәдениетін зерттей келе, «мұртты қорғандардың» құрбандық шалып ас беретін жерді белгілейтін ғұрыптық құрылыстар қатарына жатқызады [8].

Белгілі қазақ этнографы Х.А. Арғынбаев қазан төңкерісіне дейінгі қазақ отбасындағы отбасылық қарым-қатынастар жүйесін нақты деректер арқылы жан-жақты қарастырады. Адамның өлген күнінен бастап орындалатын діни-ғұрыптық жоралардың ерекшелігіне тоқтай келе, зерттеуші ас беру дәстүрінің шығу тегі туралы «ас беру өлген адамның о дүниеде жүрген жанының, яғни аруағының құрметіне құрмалдықтар жасау арқылы өлілердің тірілерді жебеп-желеуін, қысылғанда сүйеп қолдауын керек еткен қараңғы халық сенімінен туған ғұрып. Мұның өзі ислам дінінен әлде қайда бұрын қалыптасқан көне діни сенім–ата-бабалар «аруағының кереметіне» сенуге байланысты пайда болған»–деген тұжырым жасайды [9]. Бұл еңбектің ең басты құндылығы ондағы келтірілген деректердің молдығы, әрі ақпараттық нақтылық, ақиқаттылық дәрежесінің жоғары болуында. Ғалымның ғылыми тұжырымдамасы–ас беру дәстүрінің шығу тегі мен әлеуметтік-саяси мәнін зерттеуде ең басты әдістемелік бағыт болып табылады.

Этнограф, философ С. Ақатаевтың еңбектеріндегі ата-баба аруағына табынуға арналған тарауда автор қазақтың өлген адамды шығарып салуға байланысты ырым-жоралар мен соған қатысты наным-сенімдік көзқарастар жайын біршама көлемде талдап өтеді. Зерттеуші ас беру дәстүрінің қоғамдық мәнін: «Ру абырой атағын асыратын үлкен астар ру аралық жиын, мәжіліс қызметін де атқарған. Белгілі кісілердің асында құрылтай шақырылып, қолбасшылар, батырлар сайланған, ел қорғау жөнінде шаралар белгіленіп, ру аралық талас-тартыс мәселелері шешілген, әрі шығу тегі жағынан көне құбылыстар қатарына жатады»-деп жаза келе ежелгі дәуірлерде қазақ даласын мекен еткен тайпалар мен қазақтардың тұрмысы, дүниетанымдық көзқарасы арасындағы тарихи-мәдени ортақ белгілердің бар екенін баса айтады [10].

Белгілі қазақ этноархеологі Ә.Т. Төлеубаевтың қазақтың отбасылық ырым-жоралық салт-дәстүріне арналған көлемді монографиясында қазақтың өлген адамды о дүниеге шығарып салуға байланысты ырым-жоралар жосынына үлкен бір тарау арналған. Біздің ойымызша, аталған автор хронологиялық ауқымды, кең заманды қамтитын деректер негізінде салыстырмалы-тарихи аспекті тұрғысынан қазақ халқының отбасылық-тұрмыстық наным-сенімі мен ырым-жораларының шығу тегі, ішкі семантикалық мазмұны мен осы құбылыстардың әлеуметтік және этнологиялық түп-тамырларын дәл көрсете алған бірден-бір ғылыми еңбек жасай алды деп айта аламыз. Зерттеуші өз еңбегінде өлген адамды еске алу күндерінің (үші, жетісі, қырқы, жылы немесе ас) семантикасын тиянақты талдап анықтама береді, өлген адамды еске алу ұғымын кеңейтіп, жаңа терминологиялық түсінік ұсынады: «…устраиваемые в течение года после смерти и в честь него, было бы правильнее назвать не поминальными, а прощальными или прощально-поминальными» [11].

Көрнекті қазақ этнографы С.Е. Әжіғали монографияларында Арал-Каспий өңіріндегі жерлеу архитектурасы негізінде аталған регионның этнотарихи, географиялық-саяси жағдайына байланысты қалыптасқан спецификалық ерекшеліктерінің пайда болып, қалыптасуын және жалпы көшпелілік мәдениеті мен қазақ этномәдениетінің генезистік мәселелері көтеріледі. Мәселен, ведалық ашвамедха рәсімін типологиялық параллелдер арқылы қазақтың «ас» қырғыздың «аш» беру дәстүрлерімен байланыстыра зерттеп олардың арасындағы тарихи-мәдени сабақтастықты дәлелдейді. Ашвамедха тек патшаларға берілсе ас қазақтарда қоғамға еңбегі сіңген атақты адамдарға ғана берілген [12].

Этнолог-ғалым Ж.О. Артықбаев дәстүрлі қазақ қоғамның этноәлеуметтік, саяси және экономикалық структурасына иек арта отырып XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастар моделінің сақталып қалған және ішінара өзгерістерге ұшыраған салт-дәстүр рәсімдерін саралайды. Сонымен қатар ас беру дәстүрінің маңызын «ас қоғамдық байланыстың ең жоғары деңгейі деп есептеуге болады. Бірнеше ру, немесе ұлыс,тіпті қазақ баласы түгел бас қосқан бұл жиындарда көшпелі елдің ішкі-сыртқы қоғамдық мәселелері түгел талқыланады, өз шешімін табады. Ас иелерінің әлеуметтік статусы өсіп, немесе одан әрі бекіп ата бабаларының, рудың қоғамдық рейтингі жоғарылайды»-деп, ас беру жалпы көшпелілер қоғамының ішкі қатынастарын реттейтін саяси институттарының бірі болды деген тұжырым жасайды [13 ].

Қазақ этнология ғылымының теориялық-әдістемелік бағыт бағдары тақырыбында мазмұнды пікірлер айтып жүрген Н. Әлімбай еңбектерінің қазақ этнографиясының әртүрлі аспектілер бойынша зерттеудегі ғылыми-теориялық ұстанымның тиімді нұсқаларын қолдану мәселесін анықтауда маңызы зор. Оның пікірінше «Казахский ас не относится к разряду обычных народных праздников. Прежде всего ас мыслится как ритуал призванный поддержать этнический дух традиций, ... он в сущности представляет собой великий ритуал всеобщего самоочищения. В этом смысле ас есть превентивная мера общества, которая имеет своей целью предотвратить взращение внутри себя нежелательных явлений» [14].

Қазақ халқының рухани дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасу кезеңдері мен даму үрдістерін ғылыми тұрғыдан зерделеуде теориялық тұғырнама ретінде пайдалануға С.А. Токарев, Г.П. Снесарев, Л.Я. Штернберг, Н.А. Алексеев, Г.Н. Симаков т.б. еңбектерінің маңызы зор.

Қысқаша тарихнамалық шолуды қорытындылай келе айтарымыз, жекелей отбасылық салт-дәстүрлері аясында ас беру біршама жақсы зерттелгенмен – оның әлеуметтік-саяси институтционалдық қызметін саралау осы күнге дейін толыққанды арнайы жеке зерттеу объектісіне айналмаған, сөйтіп әлі де өз шешімін күтіп жатқан проблемалар қатарына жатады.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесінің қызмет ету үрдісіндегі ас беру дәстүрінің алатын орны мен маңызын саралап, терең ғылыми қорытынды жасау, генезисі мен семантикалық белгілерін анықтау–зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді белгіледік:



  • ас беру дәстүрінің шығу тегін зерделеу;

  • ас беру дәстүрін қазақ халқының этномәдени, этноәлеуметтік-саяси дамуы тұрғысынан зерттеу;

  • ас беру дәстүрінің атқарылу үрдісін, ғұрыптық маңызын анықтау;

  • ас беру дәстүрін символикалық іс-әрекеттер жүйесін саралау арқылы қарастыру;

  • ас беру дәстүрінің негізгі белгілерін, семиотикалық заңдылықтарын айқындау;

  • ас беру дәстүрінің саяси және әлеуметтік реттеушілік қызметін ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ас беру дәстүрінің әлеуметтік-саяси реттеушілік қызметі отандық этнографиялық-тарихи әдебиетте алғаш рет жеке зерттеу объектісіне айналды. Ас беру дәстүрінің шығу тегі, өзгеру эволюциясы, уақыт пен кеңістіктікте таралуы, қазақ өркениетіндегі этноәлеуметтік, қоғамдық-саяси қатынастардың зерттелуі диссертацияның басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Ас беру дәстүрін аталған аспект аясында қарастыру, дәстүрлі қазақ көшпелілік қоғамын нақты түсінуге, оның этнос және мемлекет есебінде өмір сүруін терең зерттеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Ас беру дәстүрінің қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесіндегі қызметін және институционалдық статусын айқындау зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні. Дәстүрлі қазақ қоғамын саяси-экономикалық, идеологиялық біртұтас организм ретінде қалыптастырған маңызды институтының бірі–ас беру дәстүрі және оның әлеуметтік-саяси реттеушілік мәні зерттеу жұмысының негізгі пәні болып табылады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі маңызы қазақ этносының қоғамдық құндылықтарын анықтау. Екіншіден, туыстас халықтардың этномәдени дәстүрлері мен тарихын және Еуразия көшпелілерінің ортақ проблемаларын шешуде, жоғарғы оқу орындары үшін арнайы курстар мен оқу құралдарын құруда т.б. қолданылады. Ең басты мақсат қазақ қоғамын жоғары дәрежеде ұйымдасқан әлеуметтік-саяси ұжым есебінде қарастыру, оның этнографиялық сипатын ашып көрсету. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды ғылыми еңбектерде, өлкетану, саясаттану, мәдениеттану, дінтану сабақтарында пайдалануға болады. Зерттеудің нәтижелері мен қағидалары қазақ халқының рухани мәдени ізденістерін, дәстүрлі дүниетанымын саралап, бір жүйеге келтіру мақсатында қолданылады.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Диссертация тақырыбының негізгі аспектілерін белгілі бір шектелген хронологиялық диапазонда алып қарау мүмкін емес. Өйткені, көшпелілік өркениеті қалыптасқан көне тарихи кезеңдерден бастап өлген адамды о дүниеге шығарып салуға байланысты қалыптасқан дүниетанымдық, ырымдық-жоралық дәстүрлер тізбегі жаңа тарихи кезеңдерге дейін келіп жеткен.

Қазақ қоғамының шаруашылық, әлеуметтік-саяси даму ерекшелігі таптық жіктелістен ада қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік қатынастарға тәуелді болуында деуге болады. Көшпелілердің рулық қоғамы–тектік негізде құрылады. Антогонистік қарым-қатынастарға негізделген таптық қарама-қайшылықтың болмауы өз негізінде қоғамдық-саяси іс-әрекет атаулының барлығы туыстық қарым-қатынастарға тәуелді болып келетін әлеуметтік өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды қалыптастырады, соған сай мәдени, рухани қажеттіліктерді туындатады. Осы аталған жайттарды басшылыққа алар болсақ, аталған тақырыбымызға байланысты тарихилық қағидасын берік ұстану, тарихи сабақтастық, себеп пен салдар, жалпылық пен жалқылық категорияларына негізделген әдістемесіне сүйену, тарихи жүйелілік, тарихи салыстырмалылық қағидасын басшылыққа алу тәрізді басым бағыттарын жетекшілікке алдық.

Қазақ қоғамының дәстүрлі мәдени өміріндегі халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің ерекше рөліне сай, ас беру дәстүрі тәрізді өзіндік ерекшелігі мол қоғамдық-саяси, әлеуметтік құбылысқа байланысты деректік табиғатының маңыздылық дәрежесін анықтау басты зерттеушілік бағыт болды. Зерттеудің методологиялық тиімділігі этнология саласында қалыптасқан тәсілдер мен танымдық принциптер, категориялар және ұғымдар жүйесін ұқсатып пайдалануға тығыз байланысты. Осыған орай зерттеу жұмысында жоғарыда айтылған тәсілдерден басқа нақтылық, сараптау және топтау, жүйелілік сияқты танымдық қарымдылығы мол ғылыми принциптер мен тәсілдер қолданылады. Бұл қазақ халқының ас беру дәстүрінің қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси реттеушілік, идеологиялық тұғырнамалық құбылыс ретіндегі табиғатын айқындауға мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ сан алуан деректерді шендестіре, нақты, әрі жүйелі талдау ғана зерттеудің жоғарыда айтылған міндетін ойдағыдай жүзеге асыруға методологиялық негіз болады.

Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы. Қазақ қоғамы этномәдени, саяси-экономикалық, идеологиялық тұрғыдан біртұтас организмді құрайды. Оған дәлел қазақ қоғамының біртұтас тарихи-дамулық келбеті, әлемдік этнологиялық әдебиеттегі қалыптасқан типологиялық жүйеде (С.П.Толстов, М.Г. Левин, Б. Андрианов, Н.Н. Чебоксаров, А. Оразов т.б) жылқылы-көшпелілер ретінде бейнеленеді. Осы біртұтастық қазақтың ас беру дәстүрінен көрініс табады. Бұл тарихи шындыққа көз жеткізу үшін зерттеу жұмысы қазақ қоғамының этнотерриториялық кеңістігін толық қамтиды.

Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. Қазақ халқындағы ас беру дәстүрінің пайда болуы, қалыптасуы әлеуметтік-саяси жүйелерінің эволюциялық даму кезеңдеріне тікелей байланысты. Біздің ойымызша алғашқы белгілері шамамен қола дәуірінен (Беғазы-Дәндібай кезеңі) бастап пайда болған ас беру дәстүрі, кейінгі қазақ қоғамы өміріндегі мәдени-рухани, әлеуметтік-саяси, идеологиялық фактор ретінде әуелгі мән-мағынасын бүгінгі күнге дейін өзгертпей жеткен дәстүр. Бұл өз кезегінде зерттеу жұмысының хронологиялық межесін осы аса кең тарихи-уақыттық диапазонда алуға мұрындық болады. Тақырыптың мәнін ашу барысында негізінен XVIII-XIX ғасырлардағы жазба деректеріне көбірек сүйенуге тура келді.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет