СҮннет негіздері әһлу сунна имамы Ахмад ибн Ханбал



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/3
Дата18.04.2016
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3
: books -> manhaj
books -> 100 великих спортсменов
manhaj -> -
manhaj -> Мухаммад-Султанның Жапония мұсылмандарына сыйлығы немесе МҰсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?
manhaj -> «Манхадж» деген не? Дағуатты жүргізудің шариғи шарттары бар ма?
manhaj -> Қиссашылардың (қуссас) Исламдағы үкімі, және қиссалар (қысас) негізінде діңге шақыру туралы
manhaj -> Діндегі бидғат (әл-бид’а) және оның түрлері туралы, сондай-ақ Исламда жақсы бидғат (бид’а хасана) бар ма?



СҮННЕТ НЕГІЗДЕРІ

Әһлу сунна имамы

Ахмад ибн Ханбал

Оған Аллаһтың мейірімі жаусын

Һижра бойынша 164-241 ж.ж

Дайындаған:


Әбу Мухаммад Қазақстани
Аударған:
Азамат Махыпбек ұлы
Кайр 2006 ж




Егер біреу осы кітапты оқу мақсатымен Қытайға барса, оның өзі де жеткіліксіз болар еді...

Әбу Яғлә Әл-Ханбали



АЛҒЫ СӨЗ
Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын! Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек қана мұсылман болған күйде өліңдер»1.

«Әй, адамдар, сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ, араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде Аллаһ тағала сендерді бақылаушы»2.

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады»3.

Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы-Аллаһ кітабы, ал ең жақсы жетекшілік-ол пайғамбарымыз Мұхаммедтің 4 жетекшілігі. Амалдардың ең нашары-дінге жаңалық енгізу, ал кез-келген жаңалық-адасушылық. Ал әрбір адасушылық тозақта.

Одан кейін:

Имам Ахмад ибн Ханбалдың (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), «Сүннет негіздері» деген жолдауы оны білген әрбір мұсылман ұстануы керек деген ережелерді қамтиды. Бұл негіздер өз бойында үмметіміздің әуелгі буынының сенімдерін қамтуы себепті екі дүниеде де бақытқа жетелейтін жолбасшы болып табылады. Имам Мәлик: «Әуелгі буын табысқа жеткен нәрсе арқылы болмаса, бұл үмметтің соңғы буыны басқа нәрсе арқылы табысқа жете алмайды»5-деген.

Сондай-ақ, Аллаһ тағала Құранда:

«Егер де олар сендер иман келтіргендей иман келтірсе, онда шынымен де тура жол тапқан болады. Ал егер де бет бұрып, теріс айналса, онда олар мүлдем жолдан шығып кеткен болады. Аллаһ сендерді қорғауға жеткілікті. Ол Аллаһ барлығын естуші, барлығын білуші»-деген6.

Аллаһ мейірімімен Совет үкіметі құлап, коммунизм дінсіздігінің түнерген бұлты сейілгеннен кейін Ислам жаңа қарқын тауып, КСРО-ның түкпір-түкпірінде жаңа леппен қайта бой көтере бастады.

Алайда ТМД мұсылмандары үлкен проблемаға тап болды. Біреулері мұны түсініп, мойындап жатса, енді біреулері мойындаудан бас тартуда. Бұл проблема- Исламның ТМД аумағында жаңадан дамып келе жатқан кезеңінде сол аумаққа жүздеген жылдар бойы дінімізде жиылып қалған бүлік, адасушылық, дінге жаңалық енгізу және т.б. аурулардың кіріп кету проблемасы. Қаласақ та, қаламасақ та анығына келсек, Исламның бастапқы бұлағы араб елдері болғаны сияқты адасушылық пен дінге жаңалық енгізудің де алғаш бұлағы осы елдер болып табылады. Адасушы топ жетекшілері өздерінің жалған пікірлерін араб әлемінде тарату барысында дінді таза қалпында ұстап жүрген ғұламалардан жеңіліс тауып, ендігі кезекте Еуропа мен ТМД-ға көз тігіп, ол жерлерде ғұламалар мен білімнің жоқтығын пайдаланып, жалған ойларын сонда таратуға көшкен. Олардың осындай надан әрекеттерінде ұстанған жолдары сан қилы. Араб елдерінде оқып, тәлім алып жүрген студенттерге күмән салып адастыру, орыс тіліне аударылған шығармаларды басып шығару және өздерінің жалған пікірлерін интернет арқылы тарату сияқты жолдары бар.

Осының бәрі бұл үмметтің алғашқы буыны сусындаған дініміздің таза бұлақтарына мұсылмандарды қайта қайтару ісіне, Аллаһ қалауымен өз үлесімізді қосуға итермеледі. Ұлы Аллаһ та, Оның елшісі де, сахабалар және ұлы ғұламалар да бізді осыған шақырады. Кімде-кім төменде баян етілетін сенімдерді ұстанса, онда оның иманы артсын дейміз, ал кімде-кім күмәнданса, онда Аллаһтан оның бойындағы күмәнді сейілтуін сұраймыз.

Бұл жолдау әһлу суннаның7 барлық сенім мәселелерін қамтымайды, алайда адамға шындық пен адасушылық арасын ажыратуына көмек берерлік негіздерді қамтығаны сөзсіз.

Сөзімнің соңында осы жолдауды шығаруда және оны таратуда жәрдем беріп, ат салысқан және болашақта ат салысатын жандардың бәріне де алғыс жолдағым келеді.

Әсіресе осы жұмысыма көмекші құрал болған «Сәбил әл-Жәнна» атты еңбек иесі шейхымыз Уәлид ибн Нәбих Сәйф ән-Насрға да үлкен алғыс жолдаймын.

Сонымен қатар осы жолдауды жинақтау барысында көмек пен қолдау көрсеткені үшін жұбайым Умму Ханифаға да зор алғыс білдіремін. Пайғамбарымыз : «Адамдарға алғыс білдірмеуші Аллаһқа да алғыс білдірмейді»8-деген.

Ұлы Аллаһтан Оған құлшылық етуде жәрдем етіп, Ол жақсы көріп әрі разы болған нәрсеге жол салып беруін, әрі соңымызды қайырлы етуін сұраймын. Сондай-ақ, осы жұмысымызды берекелі қылып, оны қабыл етуін және Оның ризалығы үшін атқарылған ықыласты еңбек етуін тілеймін.

Барлық мақтау мен мадақ Аллаһқа тән. Мұхаммедке, оның отбасына

және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары

мен сәлемдері болсын!



Әбу Мухаммад Қазақстани

13 мамыр, 2006 ж

Ғабдус ибн Мәлик әл-Ғаттар (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), былай дейді: «Мен Әбу Абдулла Ахмад ибн Ханбалдың, [1]  (Аллаһ оған разы болсын) [2] былай дегенін естідім [3]




[1]-Имам Әбу Абдулла Ахмад ибн Мухаммад ибн Ханбал Әш-Шәйбәни (оған Аллаһтың мейірімі жаусын)-үмметіміздің ұлы имамдарының бірі болып саналады. Ол һижра жылсанағы бойынша 164 жылы, рәбиғул әууәл айының 1 жұлдызында дүниеге келген. Имам Ахмад білім алуды он төрт жасында бастап өле-өлгенше жалғастырады. Бірде одан: «Әй, Әбу Абдулла! Сен қай уақытқа дейін білім аласың?»-деп сұраса керек. Сонда ол: «(Білім іздеу) бесіктен қабірге дейін жалғасады»-деп жауап берген екен.

Ибраһим Әл-Харби, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Менің ойымша Аллаһ әуелгілер мен кейінгілердің ілімдерінің бәрін Әбу Абдулланың бойына жинаған»-деген. 9

Имам Әл-Музәни, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) әңгімелеп: «Бірде маған имам Шафиғи: «Мен Бағдадта бір жігітті көрдім. Ол бір сөз айтса болды, адамдар: «Шындық айтты»-деп айтады»-деді. (Әл-Музәни әрі қарай әңгімелеп) Мен одан (яғни имам Шафиғиден): «Ол кім екен?»-деп сұрадым. Ол: «Ахмад ибн Ханбал»-деп жауап берді»-деді. 10

Ибн Әбу Хатим (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Бірде мен әкемнен: «Али ибн Мәдәни мен Ахмад ибн Ханбалдың қайсысы көбірек біледі?»-деп сұрадым. Сонда ол: «Ол екеуі бір-бірімен шамалас, алайда Ахмад білімдірек болатын. Егер де сен Ахмадты жақсы көретін адамды кездестірсең, онда сол адамның сүннетті берік ұстанушы екенін біл»-деп жауап берді»-деп әңгімелейді.11

Имам Ахмад, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) 241 жылы, рәбиғул әууәл айының 12-сінде о дүниеге аттанды. Ол кісінің жаназа намазына бір миллионға жуық адам қатысты деген деректер бар. Имам Ахмадтың өзі де: «Біз (әһлу сунна) бен сендердің (әһлу бидға)12 арамыздағы айырмашылық-жаназа намазы»-деп шын айтып кеткен еді.

[2]-«Аллаһ оған разы болсын» деген сөз екі жағдайда айтылады. Бірінші жағдай-дұға ретінде, ал екіншісі-бекіту, мақұлдау /тахқиқ/ ретінде.

Бекіту, мақұлдау түрі тек сахабаларға қаратылып айтылады. Ал дұға жағдайына келер болсақ, ол басқа адамдарға қатысты айтуға да болады. Бұл жерде дұға ретінде айтылған.

[3]-Имам Ахмад ибн Ханбалдың «Сүннет негіздері» /Усулу сунна/ деген жолдауы ол кісінің өз қолымен жазылмаған. Имамның шәкірттері сүннетті ұстанушылардың сенімі /ақидасы/ жайында сұраған кезде ол кісі шәкірттеріне

«Біздің түсінігіміздегі сүннет негіздері [4] ол:


Пайғамбарымыздың  сахабалары ұстанған нәрселерге шынайы берілу әрі оларға (сахабаларға) еру [5];

айтып отырып, олар жазып алған. Шәкірттері имамның айтқан жауаптарын сол қалпында жазып алып, кейін келе бұл жолдауға тақырып тағып, «Сүннет негіздері» деген атау берген.

[4]-Әуелгі буын /сәләфтар/ түсінігіндегі «Сүннет» термині дінге жаңалық енгізуге /бидғатқа/ қарама-қайшы нәрсе болып табылады. Сүннет дегеніміз-алғашқы буын мұсылмандары ұстанған сенім /ақида/ мен жолды /мәнһәжды/ білдіреді.

Мәнһәж дегеніміз-адамзаттың жаратылуындағы мақсатқа жету барысында әһлу суннаның ұстанған әдістемесі немесе жолы. Ал адамзаттың жаратылу мақсаты-жалғыз Аллаһқа құлшылық жасау. Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:



«Сендердің әрбіреулеріңе шариғат пен мәнһәж орнаттық»13-деген.

Қатада, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Барлық пайғамбарлардың діні бір, ал шариғаттары әрқилы»-деген14.

Әл-Хафиз ибн Рәжәб (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Сүннет деген жерде пайғамбар  мен сахабалардың жолы меңзеледі. Бойында ауру-сырқауы, күмәні мен сезімге берілу болмаған жол. Кейін келе сүннет сөзі астарында Аллаһқа, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға, Қиямет күніне, тағдырға деген иман мәселелері мен сахабалар қадыр-қасиеті мәселелеріндегі күмәннан таза сенім меңзеле бастады. Сөйтіп, осы тақырыптағы кітаптар «Сунна» деген атаулар ала бастаған. Бұл ілім саласы «сунна» деген атаумен ерекшеленуі-оның маңызды болуы себепті. Ал бұл кітаптар қамтыған нәрселерге қарсы келуші адам өзін өлімге ұшыратады»-деп айтқан15.

Сол үшін де біздің әділетті алдыңғы буын (сәләфтар) сенім (ақида) мен жолға (мәнһәжға) байланысты болған нәрсенің бәрін де «сүннет» деп атаған. Олардың басым бөлігі ақида мен мәнһәжға байланысты кітаптар жазған кезде мұндай кітаптарды «сунна» деп атайтын болған. Бұған Ибн Әбу Ғасымның «Суннасы», Абдулла ибн Ахмадтың «Суннасы», Мәруәзидың «Суннасы», Ибн Шәһинның «Суннасы», Хәлләлдің «Суннасы» және т.б. дәлел бола алады.

Қазіргі таңда мұсылмандар арасындағы біз көріп жүрген жік-жікке бөлінушілік себебі-алдыңғы буынның ақидалары мен мәнһәжі айтылатын осындай кітаптарды оқымауы себепті туындаған.

[5]-Бұған Аллаһ тағаланың:

…………………………………...…………………………………………………………………



«Егер де біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін (Аллаһ) елшісіне қарсы шықса, сондай-ақ, мүминдердің жолынан өзге жолға еріп кетсе, Біз оны бұрылған жағына қарай бұрып қоямыз да тозаққа саламыз»16-деген сөзі дәлел.

Сонымен қатар:



«Иман келтіруде бірінші болған муһәжирлер мен ансарларға және жақсылықта оларға ерушілерге Аллаһ разы болды. Олар да Аллаһқа разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін астыларынан өзендер ағатын, әрі олар ішінде мәңгі болатын жәннаттар әзірлеп қойды. Бұл үлкен жетістік»17-деген.

Сондай-ақ, тағы бір аятта:



«Егер де олар сендер иман келтіргендей иман келтірсе, онда анық тура жолда болады»18-деген.

Ал Аллаһ елшісінің  сүннетіне келер болсақ, Әл-Ғирбад ибн Сәриядан  жеткен хабарда, ол: «Бірде Аллаһ елшісі  бізге жүректі тебірентер әрі көзден жас келтірерліктей уағыз айтты. Сонда біз: «Иә, Аллаһ елшісі! Бұл қоштасушының айтатын уағызы сияқты ғой. Ондай болса бізге ақыл айтыңыз»-дедік. Сонда ол : «Айтарым: Ұлы Аллаһтан қорқыңдар әрі сендерді құл басқарса да оны тыңдап, оған бойұсыныңдар. Шын мәнінде араларыңнан ұзақ жасайтының көптеген келіспеушіліктер көреді. Сол үшін де менің сүннетім мен менен кейінгі әділетті, тура жолдағы халифалардың сүннетін ұстанғандарың абзал болады. Ол (сүннетті) азу тістеріңмен берік ұстап, дінге жаңалық енгізуден аулақ болыңдар. Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деді»-дейді.19

Пайғамбарымыз  құтқарылатын топ /фирқатун-нәжия/ жайында хабар беріп: «Бұл-мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанғандар»-деген.20

Атақты табиғиндердің21 бірі Мухаммад ибн Сирин, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Егер де біреу сахабалар ұстанғанды ұстанатын болса, онда ол (тура) жолда»-деп айтқан.22




- Әрі дінге жаңалық енгізуді тастау. Себебі әрбір енгізілген жаңалық-адасушылық [6];
- Сондай-ақ, дауласуды тастау әрі сезімге берілген23 адамдармен қарым қатынасты үзу [7], [8];

[6]-Ұлы Аллаһ тағала өз кітабында:



«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге ілесіңдер»-деген24. Сондай-ақ, Аллаһ елшісі : «...Әлбетте, дінге енгізілген әрбір жаңалық-адасушылық»-деп айтқан25.

Сонымен қатар, мүминдер анасы Умму Абдулла Айша  хабарлаған сахих хадисте: «Пайғамбарымыз : «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалық енгізсе, онда оның ісі қайтарылады»-деді»-деп келтірілген26.

[7]-Сезімге берілушілер /сохибул һәуә/ дегендер дінге жаңалық енгізушілер /мубтәдиғ/ болып табылады.

[8]-Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:



«Расында сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келгендіктерін және мазаққа алғандарын естісеңдер, олар бұдан басқа сөзге кіріспегенінше олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар»-деп үкім түсірді. Шексіз Аллаһ мунафиқтар мен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы»27-деп ескерткен.

Ал сүннеттен алынатын дәлелге келсек, бірде Әнас ибн Мәликке  (пайғамбар  сахабасына) бір адам келіп: «Иә, Әбу Хамза! Мен (Қиямет күніндегі) шапағат жасау мен қабір азабына сенбейтін адамдарды кездестірдім»-деп айтқанда, ол кісі: «Олар жалған сөйлеушілер. Олармен бірге отырма»-деп жауап қатқан екен28.

Фудайл ибн Ғияд, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Жаңалық енгізушілермен бірге отырма. Шын мәнінде мен саған да лағынет тиіп кете ме деп қорқамын»-деген29.


- Дінге қатысты дау-дамай мен салғыласушылықты тастау [9];
- Біздің түсінігіміздегі сүннет ол-пайғамбардан  келген нәрсе [10];
- Сүннет Құранды айқындайды, әрі Құранның түсіндірмесі болып табылады [11];

[9]-Аллаһ тағала бұл жайында өзінің қасиетті кітабы Құранда:



«Аллаһқа бойұсынған күйде Одан қорқыңдар және намазды орындаңдар. Әрі діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болған серік қосушылардан болмаңдар»-деген30.

Сондай-ақ, тағы бір аятта:



«Аллаһтың аяттарына кәпірлер ғана сөз таластырып, тартысады»-деген31. Аллаһтың елшісі : «Аллаһқа ең жеккөрінішті адам-дауласқанда ымыраға келмейтін адам (яғни сөзге тоқтамайтын адам)»-деген32.

Муғауия ибн Қурраһ, (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Діндегі тартысушылық амалдардың түгі қалмай жоқ болып кетуіне әкеп соғады»-деген33.

[10]-Аллаһ тағала бұл жайында:

«Ол өз ойынан сөйлемейді. Оның айтқаны тек көкейіне салынған уахи ғана»-деген34. Сондай-ақ, Сағд ибн Муғаз : «Аллаһ елшісінен  қандай да бір хадис естісем, бұл Аллаһтан келген шындық екенін білетінмін»-деген35.

[11]-Аллаһ тағала бұл жайында:



«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық түсіндіріп беруің үшін Зикрді (Құранды) түсірдік. Әрине олар ойланар»-деген36.

Имам Әл-Әузәғи (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) табиғиндердің бірі болған Мәкхулден жеткізген бір хабарда: «Сүннеттің Құранға мұқтаждығынан гөрі Құранның сүннетке деген мұқтаждығы артығырақ»-деген37.



- Сондай-ақ, сүннетте салыстыру /қияс/ жоқ [12];
- Оған мысал да келтірілмейді [13];
- Сонымен қатар ол ақылмен де [14], сезіммен де қамтылмайды. Шын мәнінде бұл тек соңынан еріп, сезімге берілушілікті тастау болып табылады;
Және де сүннетте міндетті болған нәрселер бар [15]; Кімде-кім солардың бір түрін тастаса, қабылдамаса немесе оған сенбесе, онда ол сүннетті ұстанушылар қатарына жатпайды. Ал бұл:

Айюб Әс-Сәхтияни (оған Аллаһтың мейірімі жаусын): «Егер де сен біреуге сүннет жайлы айтып, ол саған: «Қоя берші оны, одан да бізге Құран жайлы айтшы»-десе, онда оның адасушы екенін біл»-дейді38.

[12]-«Қияс» сөзі-«салыстыру» деген мағынаға жақын. Демек, сенім /ақида/ мәселелерінде қияс жасау дұрыс болып саналмайды. Яғни, сенім мәселелерінде ақылға сүйене отырып салыстыруға тыйым салынған. Сондай-ақ, егер Құран мен сүннетте ашық дәлел келіп тұрса, онда фиқһ мәселелерінің кейбірінде де қияс жасауға болмайды. «(Құран мен сүннеттен) мәнмәтін келіп тұрса қияс жасалмайды»-деген ереже осыған байланысты айтылса керек.

[13]-Әбу Муғауиядан (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), жеткен хабарда, бір күні ол Харун Әр-Рашид есімді халифаның жиынында отырғанында Әбу Һурайрадан  жеткен пайғамбарымыздың  хадисін айтып, Адам  мен Мұсаның  дауласып қалғаны жайлы айтқан екен. Мұны ести сала сол жиында отырған Иса ибн Жағфар есімді дінге жаңалық енгізуші бір адам тұрып: «Бұл мүмкін емес! Адам мен Мұса арасы ұзақ болған ғой»-дейді. Осы кезде Харун Әр-Рашид орнынан атып тұрып: «Ол саған Аллаһ елшісінің  сөздерін жеткізіп тұр, ал сен болсаң «Мүмкін емес»-дейсің бе?!»-деп айқай салған екен.

[14]-Али ибн Әбу Талиб : «Егер де дінді ақылмен қамту мүмкін болғанда, онда (дәрет алу барысында) аяққа мәсих тартқан кезде мәсінің үстін емес табанын сүрткен дұрысырақ болар еді. Алайда мен Аллаһ елшісінің  мәсінің үстін сүртіп, мәсих жасағанын көрдім»-деген39.

[15]-Бұл жердегі «Сүннет» сөзі астарында сенім /ақида/ мен жол /мәнһәж/ меңзелген40.



- Тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру әрі бұл жайындағы хадистерді мойындап, «Неге?» немесе «Қалай?» деген сұрақты қоймастан иман келтіру керек. Шынында бұл мәселе мойындау және оған иман келтіру арқылы болады [16];
- Кімде-кім бір хадистің мағынасын білмесе, сондай-ақ, оны қамтуға ақылы жетпесе, онда осымен шектелсін. Ол сол (хадиске) иман келтіріп, оны қабылдауы керек. Мысалы: (Бір тамшыдан жаратылу және жатырда даму жөніндегі Абдулла ибн Масғудтың  келтірген) «Содиқул Масдуқ» хадисі; Бұл хадистің дұрыстығы расталған. Сонымен қатар осыған ұқсас тағдыр мәселесіндегі хадистер. Сондай-ақ, қанша жерден құлаққа таңсық, тыңдаушыға ерсі көрінсе де, (қайта тірілген күні Аллаһ тағаланы) көру жайындағы хадистер. …………………………….


[16] – (Жәбрәйл  хадисінде айтылғандай) тағдырға иман келтіру иман тіректерінің алтыншысы болып табылады әрі мұнсыз адамның иманы дұрыс болмайды.

Бұл мәселеде тағдырдың төрт деңгейіне иман келтіру керек болады:

1) Білім /ғилм/. Яғни Аллаһ тағала барлық нәрсені білуші екеніне сену. (Қазіргі уақытта бар нәрсені, өтіп кеткенді, алда болатынды, жоқ затты, ал егер ол болғанда қалай болатынын білетіндігіне иман келтіру). Бұған Аллаһ тағаланың:



«...Аллаһ барлық нәрсені білуші»41-деген аяты дәлел.

2) Жазу /китәбә/, яғни Аллаһ тағала барлық нәрсені сақтаулы тағдыр тақтасына /лаухул махфузға/ жазып қойғанына иман келтіру. Бұл жайында Аллаһ тағала:



«Аллаһ жер мен көктегі нәрселердің бәрін білетінін білмейсің бе? Шын мәнінде бұл Кітапта жазулы. Шынында бұл Аллаһқа өте оңай»42-деген.

3) Қалау /мәшиә/, яғни Аллаһтың қалағаны орындалып, ал қаламағаны орындалмайтынына иман келтіру. Бұл жайында Аллаһ тағала Қасиетті Құранда:



«Аллаһтың қалауы болмайынша сендердің қалауларың орындалмайды. Шын мәнінде Аллаһ бәрін білуші, аса дана»43-деген.

4) Жарату /халқ/, яғни айналадағы бәлки болмыстағының бәрі де Аллаһтың жаратқан жаратылыстары екеніне иман келтіру. Аллаһ Құранда:


Ол осы және осы сияқты сенімге лайықты болған хадистерге иман келтіріп, бір әрпі болса да қарсы келмеуі керек [17];
- Ешкім де дауласып, таласпауы керек, сондай-ақ, пікірталас жүргізуді үйренуден аулақ болғаны абзал. Шын мәнінде тағдыр мәселесінде, Аллаһты көруде [18], Құранда және сүннеттің [19] басқа да сұрақтарында көп сөйлеп сөз өрбіту жеккөрінішті /мәкруһ/ әрі тыйым салынған [20]. Ал кімде-кім мұнымен айналысып жүрсе, сөздері дұрыс, сүннетке сәйкес болса да бұл әрекетін, яғни дауласуды доғарып, алдыңғы буыннан /сәләфтардан/ келген хабарға толығымен беріліп сенбегенінше ол «Әһлу суннаға» жатпайды [21];


«Аллаһ барлық затты жаратушы, әрі Ол барлығына да кепіл»44-деген.


[17] – Имам Ахмад (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) кез-келген «хадис» деп аталғанның бәріне сене беруге болмайтынын айтқысы келген. Хадистің сенімді әрі қабылдауға тұрарлық болуының белгілі шарттары бар. Ол:

1) Хадисті жеткізушілердің тізбегінің үзілмеуі /иттисалус сәнәд/;

2) Хадис жеткізушілердің адамгершілігі болуы /’адалә/;

3) Хадис жеткізушілердің есте сақтау қабілетінің жоғары болуы /дабт/;

4) Қарама-қайшылықтың жоқ болуы /’адамуш-шузуз/;

5) Кемшіліктің, ауру-сырқаудың жоқ болуы /’адаму ’иллә/;

[18] – «Аллаһты көру» деген арабша нұсқада /руятуллаһ/ деп келеді. Яғни Қиямет күні құлдардың Аллаһ тағаланы көруі45.

[19] – Бұл жердегі «сүннет» сөзінің астарында сенім /ақида/ және таухид пен мәнһәжға байланысы бар нәрселердің барлығы меңзеледі46.

[20] – Тағдыр мәселесінде көп сөз өрбітуге тыйым салынған мәнмәтіндердің бірін мысалға келтірсек, пайғамбарымыз : «Егер де тағдыр жайында айтылып жатса, онда (ол жайында сөйлеуден) тыйылыңдар»-деген47.

[21] – Яғни Құран мен сүннетке сәйкес болған пікір шариғат жолымен алынуы керек. Ал бұл жолды «Әһлу суннаның» мына бір ережесі түсіндіреді: «Алдымен дәлел келтір, содан кейін сеніміңді сол дәлелге сәйкестендір. Алайда бір сенім немесе пікірді ұстанып, одан кейін соған сәйкес дәлел іздеме».

Сондай-ақ, Уәкиғтен жеткен хабарда: «Кімде-кім өзінің басында туған ойын қуаттайтын дәлел іздесе, ол дінге жаңалық енгізушілерден екенін біл»-деген48.


- Құран-Аллаһ сөзі әрі жаратылыс болып табылмайды. «Ол жаратылыс емес»-деп айтудан қорықпа да қысылма. Шын мәнінде Аллаһтың сөзі Одан бөлек емес әрі бойында «жаратылыс» деп айтатындай еш нәрсе жоқ. Осы сұрақ төңірегінде жаңалық енгізіп, дау тудыратындардан әрі дыбыстау /лафз/ жайында сөз қозғаушылар [22] мен соларға ұқсағандардан аулақ бол [23]; Сондай-ақ: «Құран жаратылған-жаратылмағанын мен білмеймін, алайда бұл шын мәнінде Аллаһтың сөзі»-дейтіндерден де аулақ бол. Мұндай адам «Құран жаратылыс» деуші адам сияқты дінге жаңалық енгізушілер қатарына жатады. Бірақ, шын мәнінде Құран-Аллаһ сөзі әрі жаратылыс болып табылмайды [24];

[22]- Яғни «Құранды дыбыстау-жаратылыс»-деуші ағым өкілдері49. Олар өздерінің сенімдерін ашық түрде айтпайды, алайда араб тіліндегі «лафз» сөзінің астарында оқушының даусы немесе Құранның өзі меңзелуі мүмкін50.

[23]-Аллаһ елшісі : «Құранға қатысты талас-тартыс күпірлік болып табылады»-деген51.

[24]- Бұған Аллаһ тағаланың қасиетті аяттары дәлел болмақ. Аллаһ тағала:





  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет