Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»



жүктеу 102.22 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі102.22 Kb.
түріСочинение

Республиканский конкурс среди учащихся на лучшее школьное сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм», посвященный 20-летию Дня защитника Отечества

2012 год

I тур




Жумабай Айдана, 9 сынып оқушысы

122 мектеп
Әскерилер билікті қолға алса
Түрік ағайындардан келетін хабарларға қашанда құлағымыз түрік. Әсіресе, әскерилерге қатысты хабарлар елең еткізеді. Бұл ел үшін әскерилердің орны бөлек. Сонау Ата Түрік заманында оларға айрықша мәртебе берілген. Елді жаңа биікке көтеріп, Түркия мемлекетіне әлемдік деңгейдегі орын алып берген ел көсемі – Ататүрік өсиетіне адалдық – түрік әскерилерінің басты ерекшелігі. Биліктегілер сол Ататүрік жолынан ауытқып бара жатса, әскерилердің басты ерекшелігі – билікті өз қолдарына алып, ауытқушыларды жөнге салып келген. Тағы бір ерекшелігі – әскерилер билікті қолға алғанымен, қандай да диктатуралық тәртіп орнатуды мақсат тұтпай, билікті азаматтық қоғамға қайта ұсынып отырған. Соған қарамай, соңғы кезде түрік қауымында билік пен әскерилер арасында тартыс барлығы жайында әнгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе айтарлықтай тартыс билікке әділдік және даму партиясы келгеннен кейін күшейіне түсті. Оның да саяси негізі бар. Әскерилер қашанда қадірлі.

Күмісбай Ақбөпе, 1 курс 9-11 топ білім алушысы

МКҚК №6 «кәсіптік лицей»
Отан! - деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

Таңдандырды жан-жағымды бай өлке,

Қарапайым, кең дастарқан, әдебі.


Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.

Ата-бабаларымыздың асқар өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері - елін, жерін қорғады, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиеттерді ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп кеткен. Сонау ғасырлар қойнауына көз салсаңыз, батыр бабалармыз өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң етуге төзбеген. Жауына қандай қатал болса, досына сондай адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садаққа кеудесін тосқан. Осындай найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының қалыптасуына мол әсерін тигізіп қана қоймай, мемлекттігіміздің ірге тасын қалап, ата дәстүрлеріміздің сақталуына мол әсерін тигізген. Басқаша айтсақ, әлемдік өркениетке шексіз үлес қосып, ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған.

Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар Қазақстан Республикасы еді.

Азаттық - қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың бұрылыстарында ел азаттығы үшін талай тарланымыз аянбай тер төкті. Солай ете жүріп, бүгінгі біз үшін, ұрпақ келешегі үшін қажет жігерліліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің үлгі-өнегесін қалдырды.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде менің ата-бабам туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамның кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін қазақстандық телімі болған.

Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы - қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай-ақ біледі.

Аяулы Отаным Қазақстан - ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екені әлемге аян. Халқымыз елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында ғұмыр кешкен ержүрек, ақылды да шешен азаматтарын «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» деп ұрпағына өнеге етіп отырады.

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Өзімдей өр намысты жас өркені бар елдің ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Менің санамда өшпестей орын алған қасиетті Отан ұғымы - әрқашан бәрінен де биік тұрады.

Сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылған Отанымыз - Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен елдің еңсесі биіктей бермек!

Қарсыбай Айым, 10 сынып оқушысы

119 мектеп
Отан қорғаушылар
Отан! Осынау ұлы да қасиетті сөз әр адамның жүрегіне жылы тиеді. Кім болса да «Отан» туралы ойлағанда, алдымен туған жерін, өскен мекенін ыстық көріп, ардақ тұтады. Туған жерге деген ыстық махаббат адамдардың жүрегіне балғын шағынан арнап қанатын керуге мүмкіндік беретін абзал сезім, оның өзі ең әуелде балалық кезде тұтанады да, бірте-бірте тамыры тереңдеп «Отан» деген ұлы сөзбен жалғасып кетеді. Отанымыз бізге аспандағы күн, ең қажет ауа, қайнар бұлақ тәрізді. Соңғы тынысы бітіп, өмірі үзіліп бара жатқанның өзінде батыр жауынгерлер елін ойлады.

Өмірден қыршын кеттік, кінә қоймай,

Отан үшін қан төктік, оны да ойла –

деп Отанын жырлады. Сондықтан Отанын сүю, оны көздің қарашығындай қорғау, әрдайым әзір тұру әрбір азамат үшін қасиетті борыш. Отанды қорғау үшін қуатты әскер қажет. Отан қорғаушы әрбір азаматтың міндеті абыройлы да жауапты. «Армия сені және сенің бауырластарыңды қорғайды. Оған қызмет ету – еңбекші халыққа қызмет ету деген сөз. Отанға опасыздық етсең - халықты сатқаның. Оның жауы сенің жауың. Оның жеңісі - сенің жеңісің. Ал, ол жеңілсе - сенің құрығаның. Ол сенің өзің. Өзіңе қандай қызмет көрсетсең, оған да дәл солай қызмет ет». Отанның сенімді перзенттері – жауынгерлік қасиеттері күшті, әскери шеберлігі жоғары жауынгерлердің қолында. Бауыржан Момышұлы Отан қорғау ісінде қазақ жастарын тәрбиелеуге көп еңбек сіңірген азаматтарын мақтан етеді. Қазіргі әскерлер аға ұрпақтын даңқты дәстүрлерін жалғастырып келеді. Егеменді мемлекетіміздің құрылған сәтінен бастап оның қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғау маңызды міндет болып табылады. Бұл өз әскерінсіз мүмкін емес. Қалыптасудың қиын жылдары арқылы өте отырып бүгінгі күн Қазақстандық қарулы күштеріміз елеулі нығайды. Әскери дайындықтың деңгейі мен сапасы артты, заманауи әскери техникамен жабдықталып, кәсіби офицер кадрларымен толықты.

Сайраңдап саяңда өскен, туған елім,

Көз алдымда тұр жайнап, бейнең сенің.

Саған деген махаббат мәңгі сөнбес,

Бір өзіңе арналған жыр өлеңім...



Отан
Алыстан «Алаш» десе – аттанамын,

Қазақпын,«қазақ» десе мақтанамын,

Болғанда әкем - қазақ, шешем – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!


Иә, Міржақып атамыз жырлағандай мен «қазақ» десе мақтана аламын. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді, қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным - біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. «Отан - оттан да ыстық», «Ер - ел үшін туады, ел - отан үшін өледі»,- деп түйіндеген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр «Отан үшін отқа түс - күймейсің» дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздары атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата-бабалардың ерлік дәстүрін сақтау арқылы өшпес даңқын шығарған.

Қазақ - батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.

Халқымыздың «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» - деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың өз асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан ұрпаққа дарыса деген асыл арман екен. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру- тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге бар күшін салған. Батырлық ержүректігі, жауына қатал, досына адалдығы, шыбын жанын шүберекке түйіп,күшіне сенуі, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар патшайымның ерлік істері болып табылады. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да кымбат. Сонда енді нең бар?! - деп тұрсыңдар ғой. Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді, жерімді қорғадым», - деген Тұмар патшайым осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезімімен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» - деп сеніммен арқа сүйеген, шашын төбесіне түйіп жауға шыққан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келгенін сезінсек нұр үстіне нұр болмақ. Ата- бабаларымыз қорғап, бізге табыстаған жердің тулақтайын да жатқа бермеуіміз керек деп ойлаймын. Бұл небір қиындықтар арқылы қолға жеткен байлығымыз, бақытымыз. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтын басын қосқан, халық мүддесі жолында табандылығын, тапқырлығын таныта білген хан Абылай қазақ елін аса ергелі елге айналдырды. Абылайдай атамыз үш жүздің басын Ұлытауда қоспағанда, қандай күйде болар едік. Ойласам жүрегімді қорқыныш билейді. Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін ердің ерлігін, елдің елдігін сақтап қалды. Бұлар біздің болашағымыз үшін күресті, алысты, найзаласты, шабысты. Мұстафа Ататүрік айтқандай «Шынжырларды балқытып, тәж бен тақты күйрететін күшті нұр - ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті».


Қосаева Береке, 1 курс 9-11 топ білім алушысы

МКҚК №6 «кәсіптік лицей»

Асқар тауға мұнар қонбайды

Бала кезімізде ересектердің әңгімесіне қызығып өстік. Олар туған жердің сұлулығын, халық мейірімінің жылулығын әңгімелейтін. Сосын елдің ертеңі үшін басын бәйгеге тіккен бабаларымыздың хас батырлығы жайлы сөз қозғайды.

Өзіміз көрмесек те, ұшан теңіз, шалқып жатқан даланың азаттығын қорғаған ата-бабалардың тіл жетпес ерлігін бойымызға сіңіріп өстік. Әз Жәнібек, Бөгенбай батырлардың азаттық жолында қалай күрескенін айтқанда үлкен кісілер аруақтанып кететін. Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған батырлар жайындағы ғажап әңгімелер жігерімізді жанып, намысымызды оятатын.

Біз Отанды сүю, халыққа сүйеніш болу дегенді асқан ерлік жасау, батыл болу, ел үшін жаныңды жалау ету деп ұқтық. Патриоттық әндердің өзінде шекараны қорғау, жаудан сескенбеу жайында айтылып жататын.

Мұның бәрі дұрыс та. Алайда, Қазақстан Республикасы дүниежүзі мемлекеттерінің алдында бейбітшілікті жақтайтын ел ретінде танылып отырғанда, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісінде де жаңа бағыт, жаңаша ұстаным қажет екені сөзсіз.

Мысалы мен Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының №6 кәсіптік лицейінде білім алып жатырмын. Мұнда негізінен ұн-нан өнімдері, тәтті тағамдарды әзірлеуге үйретеді. Ендеше, менің туған жерге деген сүйіспеншілігім де осы кәсіпке тікелей байланысты болуы қажет. Сондықтан да біз дайындаған нан өнімдері мен тәтті тағамдарды пайдаланған әр бір тұтынушы Қазақстан даласында өсетін алтын астықтың қадір-қасиеті жайлы ойлауы тиіс. Дастарқаннан татқан дәмнің өзінен шет елден келген қонақтар достығымыз бен ынтымағымыздың мызғымас іргесін танып, қазақ жеріне деген ыстық ықыласы туындауы қажет деп ойлаймын.

Патриот болу Отан-ананы өз анаңдай шексіз сүюден басталады. Туған жеріңе деген перзенттік махаббаттан ұлан-ғайыр даласы бар, көп ұлт өкілі мекен еткен өскен елге деген патриоттық сезім бастау алады.

Сондықтан да қандай мамандық иеленіп, елдің қай түкіпірінде жүрсең де бақытты балалық, жалынды жастық сыйлаған Отанның қамқорлығын бір сәт те ұмытуға болмайды. Оның тыныштығын сақтап, аспанына бұлт төнбеуіне бар жаныңмен қамқор болып, өз ошағыңның отын сақтағандай кеудеңмен қорғай білу қажет.

Өйткені Отан онда жасап жатқан әр азаматтың арқа сүйер тірегі, арманын биіктетер асқар тауы. Ал асқар таулардың басына ешқашанда мұнар қонбайды! Қазақстан – еркін елім, көк байрағыңдағы қырандай қалықтай бер! Ашық аспаныңнан төгілген күн нұры барлық жүректерге жылу құйып, арман қанатын көкке самғата берсін!


Приступа Артём,

группа 4-10 ГККП, ПЛ 6

Человек является, прежде всего,

сыном своей страны, гражданином

своего отечества, горячо принимающим

к сердцу его интересы

В.Г.Белинский


Я родился и живу в Казахстане. Казахстан - моя Родина, моё Отечество.

У каждого человека есть две родины: малая и большая. Малая — это город, улица, дом, где ты родился. Большая — это государство, страна, гражданином которой ты являешься.

Думая о родине, мы думаем о той великой, прекрасной стране, в которой родились, связываем понятие родины со сложной и интересной, насыщенной и иногда трагической историей родной земли. Мы чувствуем гордость оттого, что являемся частью этой страны, частью этого большого мира. Из поколения в поколение передаются рассказы о важнейших событиях, выдающихся личностях, об их подвигах и великих делах. Поэтому, думая о родине, мы думаем и о героях прошлого и настоящего, и об известных писателях, поэтах, музыкантах, художниках. Все это — наша история, все это — наша родина.

Я воспринимаю родину как общий дом, который нужно беречь и защищать.

Считаю себя ответственным за жизнь страны, за её будущее, потому что дом- это не только комфорт, это ещё и ответственность за порядок в нём.

Я считаю себя патриотом и не понимаю юношей, которые пытаются избежать военной службы, ведь армия всегда закаляла и тело, и дух. Это моё убеждение, поэтому я много внимания уделяю физической подготовке, серьёзно занимаюсь спортом.



Джон Кеннеди сказал: «Не спрашивай, что твоя родина может сделать для тебя,- спроси, что ты можешь сделать для своей родины». Исходя из этих слов, считаю, что патриотизм проявляется в способности быть верным и преданным своей стране, своему делу, своей семье, своим взглядам и идеям, своей мечте. Патриот не кричит на каждом углу о своей страстной любви к отчизне, он молча хорошо делает свое дело, остается верным своим принципам, идеалам и общечеловеческим ценностям. Тем самым он реально помогает не только своей стране, но и самому себе. Человек, который упорно учился, добывая знания, и в результате этого получил хорошую работу, стал социально активным, построил свое будущее, создал полноценную семью, честно трудится, - сделал гораздо больше для своей страны, чем тот, кто ходит с лозунгами, скандирует за патриотизм и на словах отстаивает престиж своей страны.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет