СОҒыс бұлты торламасын аспанды ұлы Жеңiске-70 жыл



жүктеу 42.87 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі42.87 Kb.
: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> zheniske-70zhyl
zheniske-70zhyl -> Он алтысында от кешкен
zheniske-70zhyl -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
zheniske-70zhyl -> Ұлы Отан соғысының ардагері, торқалы тоқсан жастың төріне қадам басқан Сәрсенбай Бақтыбаев көп сөзге жоқ, өзі жайлы айтуға сараңдау жан болып шықты. Соғыс туралы, Ұлы Жеңіске өзінің қатысы туралы тіпті сараң сөйлейді
zheniske-70zhyl -> Сталинге хат жазған бозбала
zheniske-70zhyl -> МӘҢгі өшпес ерлік иесі
zheniske-70zhyl -> Батыр бейнесі
zheniske-70zhyl -> Украина майданының сарбазы
zheniske-70zhyl -> МЫҢ тағзым сізге, майдангер!
zheniske-70zhyl -> Майдангер мырзабаев
zheniske-70zhyl -> Белоруссиядан берлинге дейін


СОҒЫС БҰЛТЫ ТОРЛАМАСЫН АСПАНДЫ
Ұлы Жеңiске-70 жыл
Әлемде жан түршiгерлiк, суық сөз болса, ол «соғыс» деген сөз деп ойлаймын. Жер бетiндегi соғыс адамзат баласына тек қана өзiнiң зардабын, ауыртпалығын әкелген. Дүниеде соғыс әсерiнен кейбiр мемлекеттер тарих сахнасынан жойылып кетiп отырған жағдайлар да аз болмаған.

Қазақ елi төл тарихында көптеген елдерден теперiш көре жүрiп, өзiнiң мемле­кет­тiлiгiн сақтап қалған бiрегей ел. Жаз жайлау, қыс қыстауға көшiп жүрiп көршiлес елдер­дiң зобалаңын көп көрдi. Қанды қыр­ындарда қазақ батырлары мен баңадүрлерiнiң басы бәйгеге тiгiлдi. Туған елдiң топырағын жат қолына өткiзбей, кеудесiнде қасық қандары қалғанша күрестi.

Қанқұйлы соғыстардың iшiнде фашистiк Германиямен болған Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшiн ең зардапты, ең шығыны көп соғыс болды десек қателеспеймiз.

9 мамыр - Жеңiс күнi ұрпақ жа­дында жаңғырып, жылма-жыл мемлекеттiк деңгейде мерекеленiп келедi. Ата-бабаларымыз бен аналарымыздың рухты жолдары, өшпес ерлiктерi, ержүректiлiктерi кейiнгi буын өкiлдерiне үлгi әрi өнеге деп бiлемiз. Алдағы 2015 жылы Жеңiстiң 70 жылдық мере­кесi кең ауқымда тойланады деп күтiлуде. Алайда, табиғаттың заңдылығына сай, ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагер­лерiнiң саны жылдан-жылға азайып, қа­зiргi кезеңде олардың саны саусақпен санарлықтай. Соғыстың тiрi куәгерлерi, Отан қорғау жолында елдiк пен ерлiктiң тiзгiнiн қатар ұстап, кеуделерiн от пен оққа төсеген батыр бабаларымыздың ор­тамызда болғаны - өскелең ұр­пақ пен жалынды жастарға рухани күш-қайрат бергендей.

«Оттан да ыстық - Отаным» деп Ұлы Отан соғысына аттанған азаматтың бiрi, кент тұрғыны -Қуанышбай Бисенбаев бүгiнде 89 жаста.

Ол Жаңажол ауылында 1925 жылы шаруа отбасы Бисенбай Кеңесбаев пен Алма Iзтайқызының жанұясында дүниеге келген. Шаңырақтағы екi баланың үлкенi.

Ата-анадан алған тәлiмдi тәрбие Қуанышбай Бисенбайұлын еңбексүйгiштiкке, көпшiлдiкке, адалдыққа, батылдыққа бастады. Ел басына түскен жоқшылық пен аштықты да көрдi. Дегенмен, жас жiгiттiң бұл ауыртпалықтар жiгерiн жасыта алмады, керiсiнше еңсе тiктеуiне, еңбекте жинақы болуына септiгiн тигiздi. Ауылдың көптеген бозбалалары секiлдi ол да қатарына қарап, жiгiттiк жасқа бой алдыра бастағанында әскер қатарына шақырылып, майданға аттанып кеттi. Артында қалып бара жатқан үйдегi әке-шешесi мен iнiсiн iштей қимаса да туған ел мен жерiн жау қолынан азат етiп, Жеңiс туын желбiретiп, өз өлкесiне жеңiспен оралу мақсатын ойдан шығарған жоқ.

1943 жылы соғыс комиссариаты қызметкерлерi өрiмдей жас Қуанышбайды Жосалы стансасынан өзi қатарлас жiгiттермен бiрге вагонға тиеп, соғысқа аттандырады. Жауынгерлер тиелген вагон темiр жолмен жүрiп отырып, Қиыр Шығыс, Байкал маңына келiп тоқтайды. Сондағы Чита қаласында 3 жыл Отан алдындағы борышын өтеп, шекара күзетiнде тұрады.

Жауынгер ағамыз өз майдандастарымен 1945 жылы 15 мамырда жапон әскерлерiн Забайкальеден қуып отырып, Қытайға дейiн барады. Кескiлескен ұрыс әрi қарай жалғасып, Қытай мемлекетi iшiнде орналасқан жапон бекiнiс­терiн бұзып өтедi. 1945 жылдың 3 қыркүйегiнде соғыс аяқталады. Сол күнi жапондықтар өздерiнiң толығымен жеңiлгендiк­терiн мойындап, қару-жарақтарын ерiктi түрде өткiзедi.

Одан кейiнгi жауынгерлiк жорық жолында, Манчежурье, Цецекарь қалаларын жапондықтардан тазартады.

Жауынгердiң одан арғы жолы портты қала - Порт Артурда жал­ғасын тауып, 4 жыл теңiзге түсетiн тiкұшағы бар құтқарушы кеме­сiнде әскери парызын өтейдi. 1950 жылы осы жерден Владивостокқа келiп, жетi жарым жыл дегенде туған елге аман-есен оралады.

Келгеннен соң 1952 жылы жас мұғалима қыз Балдама Ыбыраевамен отбасын құрып, жанұялық өмiр бастайды. Берекелi отбасында Қалдыбек, Дәуiт, Сауыт, Дүрия, Жанар, Салтанат, Мархабат, Кенжебек есiмдi ұл-қыздар өмiрге келiп, бүгiнде олардан 23 немере, 5 шө­бере тарауда. Жақын арада Қуанышбай ағаның шөпшек күтiп отырған жайы бар. Ардагер аға үшiн келiндерi Маржан, Гүлмира, Гүлнар мен күйеубалалары Жүз­бай, Оралдар туған баласындай. Балалары мен немерелерiнiң алды елiмiздiң өсiп-өркендеуiне өз үлес­терiн қосуда. әртүрлi салаларда еңбек етуде, немерелерi Азаматы мен әсиясы Ақтөбе қаласындағы медицина институтының грант иегерлерi. әлиясы қобызшы.

Халқымызда қазыналы қария деген ұлағатты ұғым бар. Қазыналы қария деп өмiрден көрген-бiлгенi бар, жүрекке түйгенi бар азаматтарды айтады. Бұл ретте Қуанышбай Бисенбайұлының жастарға айтары көп. Ардақты ақсақал мектеп оқушыларымен, жастармен болатын кездесу кештерiнiң қашан да қадiрлi қонағы.

Ардагер ата әңгiме тарқата оты­рып, өткен өмiрге көз жүгiрттi. - Соғыстың аты - соғыс. Онда аяу­шылық деген болмайды. Сен жауыңды атып түсiрмесең, ол сенi атып түсiредi. өмiр үшiн жан алып, жан берiсе­сiң. Жапондықтарды жеңгеннен кейiн тұтқынға түскен жапон жауынгерлерiн вагонмен Қызылорда қаласына әкеттi. Тұтқындағылар қаладағы үлкен көпiрдi - су тоспасын салды деп естiдiк. Есте қалған жайт, Хайдар қаласында құрамында 60-70 адамы бар бiр рота сыртымыздан атқылады. Қа­сы­мыздағы 2 жiгiт сол ұрыста оққа ұшты. Бiрiнiң аты-жөнi Нұғыман Сейiтмаханов болатын. Бозарқаштың жiгiтi едi. Соғыстан соң Хайдар қаласындағы кескiлескен шай­қаста ерлiкпен қаза тапқан Нұғыман Сейiтмаханов, әбзәли Егiзбаев, бас-аяғы 50 жауынгердiң құрметiне ескерткiш тақта қойылды. Семенов, Похолуев, Вербицкий деген рота, взвод коман­дирлерiмiз болды. әскери тәртiп қатты. Аллаңтың маған берген несiбесi шығар, ұрыс алаңдарынан жарақат алғаным жоқ. Талай күн­дердi аштықпен де өткiздiк. Ондайда жеген ботқаның дәмi таңдайыңнан кетпейдi. Бейбiт аспан астында өмiр сүре жүрiп, әскерге барғысы келмейтiн бозбалаларды құлағымыз шалып қалып жүр. Естiген құлаққа ұят. әскерден қашып жүрген балалар елдi, Отанды қалай қорғамақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара сая­сатының арқасында тыныштық заманда халқ­ымыз ғұмыр кешiп жатыр. Ұлты мен ұлысы көп мемлекетте бiрлiк пен татулықтың, ынтымақтың туы желбiрейдi. әр елдiң өз айбын-айбары болады. Ол - әскер. Бұл тұрғыда жастар тереңдеу ойланулары керек. Соғыстан кейiн де бiздiң өмiрiмiз керемет болды деп айта алмаймын. Ел соғыстың зардабынан қалжыраған, шар­шаған. Сонда да қиындыққа мойымай, алға батыл қадам басты. әрбiр қа­дам еңбеккерлiкпен жасалып, жасампаз Қазақ елiнiң рухын биiк­ке көтердi. Бiз де көппен бiрге болып, қатарға қосылып кеттiк. Көп­те­ген мемлекеттiк марапаттарға ие болдым. Сұм соғыс ешкiмге де аяушылық жасаған жоқ. Қалалар қирады, аналар жесiр, балалар жетiм қал­ды. Шаруашылық тұралады. Бiрақ осындай кедергiлердi халқымыздың жасампаздығы, ауызб­iрлiгi, еңбек­кештiгi жеңе бiлдi. Бейбiт аспанның қадiрiн ешқашан ұмытпауымыз қажет. Тәуелсiздiк алдық, егемен ел атандық. Дегенмен, дү­ниенiң төрт бұрышы дүбiрге толып жатқанда тәуелсiздiктi нық та бе­рiк ұстап тұру оңай жұмыс емес. Сондықтан да тәуелсiздiгiмiз бен мемлекеттiлiгiмiздi мәңгi­лен­дiру жолында жастарымыз шаршамай-талмай еңбек етулерi тиiс, - дейдi соғыс және еңбек ардагерi.



С.ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет