СӨж тақырыбы: Нормативтік құжатқа сәйкес астық сапасына қойылатын талаптар (жарма)



Дата22.03.2020
өлшемі29.16 Kb.
Қазақстан Республикалық Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті






СӨЖ

Тақырыбы:Нормативтік құжатқа сәйкес астық сапасына қойылатын талаптар (жарма)

Орындаған:Бекжанова Д.Б

Тобы:ТП - 801

Тексерген:Кулуштаева Б.М

Семей-2020
1. Осы Талаптарда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


      өтiнiш - астық сапасын сараптау жөнiндегi зертханаға берiлетiн, соның негiзiнде астық сапасын сараптау жүргiзiлетiн, белгiленген үлгiдегi құжат;
      өтiнiш берушi - астық сапасын сараптауды жүргiзуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      сынау - белгiленген процедураға сәйкес астықтың бiр немесе бiрнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
      астық сапасын сараптау жөнiндегi зертхана - астық сапасын сараптауды жүргiзу және сапа паспортын беру құқығына белгiленген тәртiппен тiркелген астық сапасын сараптау жөнiндегi сынау зертханасы;
      тiркеу аймағы - тiркеген кезде орындауға құқықтық алынған астық сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi жұмыстар тiзбесi;
      астық партиясы - сапасы туралы бiр құжатпен ресiмделген бiр жылғы астықтың сапасы бойынша бiртектi көлемi;
      сынау хаттамасы - сынау нәтижелерi және сынауға жататын басқа да ақпараты бар құжат;
      астық сапасының паспорты - астықтың нақты сапа көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына және (немесе) келiсiм-шарттың шарттарына сәйкестiгiн растайтын құжат;
      астық сапасының сараптамасы - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтауға және бекiтуге бағытталған, өзiне көлiк құралдарын (қойманы) зерттеудi, сынақты алу мен сынауды, астық сапасының паспортын ресiмдеудi қосатын шаралар кешенi.

  2. Жалпы қағидалар


      2. Астық сапасының сараптамасын астық сапасының сараптамасын жүргiзу құқығына тіркеу жөніндегі орган белгiленген тәртiппен тiркеген зертханалар жүзеге асырады.
    3. Тiркелген астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалар жүзеге асыратын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi жұмыстардың түрi тiркеу аймағымен айқындалады және тіркеу жөніндегі орган берген тiркеу аттестатымен расталады.
       4. Астық сапасының сараптамасын астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханалардың белгiленген тәртiппен аттестатталған мамандары жүргiзедi.

5. Астық сапасының паспорты бiр мекен-жайға, көлiк құралының (автомобиль, вагон, кеме) бiр түрiне тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған астықтың әрбiр бiртектi партиясына берiледi.

      6. Астық сапасының паспорты сынау хаттамасы негiзiнде берiледi.

  3. Астық сапасының сараптамасын жүргiзу


тәртiбiне қойылатын талаптар

      7. Астық сапасының сараптамасына:


      1) көлiк құралын (қойманы) зерттеу;
      2) сынамалар алу;
      3) сынаулар жүргiзу;
      4) астық сапасының паспортын ресiмдеу енедi.

      8. Астық сапасының сараптамасы астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхана мен өтiнiш берушi арасында астық сапасының сараптамасын жүргiзуге жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiлуi тиiс.

      9. Өтiнiш берушi астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханаға осы талаптардың 1-қосымшасына сәйкес астық сапасына сараптама өткізуге өтініш беруi тиiс. Ол тiркеледi және оны астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi қарайды.

10. Астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың меңгерушiсi астық сапасының сараптамасын жүргiзу жөнiндегi маманды айқындауы тиiс. Оған тапсырма мен өтiнiштiң көшiрмесi берiледi.

      11. Астықты тиеу сәтiне дейiн көлiк құралы бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иiстiң болмауы және зиянкестермен залалдануы мәнiне мұқият зерттелуге жатады.

12. Осы Талаптардың 11-тармағында көрсетілген жағдайлардың біреуі белгілі болғанда осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес көлік құралын жарамсыз деп тану актісі жасалуы керек. Жарамсыз деп тану актiне астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiш берушiнiң өкiлдерi қол қояды.

13. Қоймада сақтаулы астықтың сапасын сараптау кезiнде қойманың зиянкестермен залалданбағанына, ластанбағанына зерттеу жүргiзiлуi тиiс. Астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы зиянкестермен залалданбағанын және ластанбағанын айқындау үшiн қойманың, технологиялық жабдықтың толтырылмаған бөлiгiнен астықтың шашылған, сыпырылған қалдықтарын алады.
      Қойманың залалданғаны, ластанғаны белгiлi болған жағдайда астық сапасының сараптамасы тоқтатылуы және акт жасалуы тиiс. Оған астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiш берушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      14. Сынамалар алу астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң қатысуымен өтiнiште көрсетiлген сынамалар алу әдiстемесiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Сынамалар алу сынамалар алу актiмен осы Талаптардың 4-қосымшасына сәйкес ресiмделуi тиiс. Сынамалар N 1 нысандағы журналда осы Талаптардың 5-қосымшасына сәйкес тiркелуi тиiс.


       15. Сынаулар астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертханада өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнде көрсетiлген сапа көрсеткiштерi мен сынау әдiстерi бойынша жүргiзiлуi тиiс. Сынаулар сынамалар алу сәтiнен бастап үш сағаттан кешiкпей басталуы тиiс.

      16. Тiркеу аймағына енбейтiн сапа көрсеткiштерiн айқындау қажет болған жағдайда қосалқы мердiгер шартымен басқа астық сапасының сараптамасы жөніндегі тiркелген зертхананың нәтижелерi қабылдана алады.

17. Сынау нәтижелері осы Талаптардың 8-қосымшасына сәйкес екі данада сынау хаттамасымен рәсімделуі және осы Талаптардың 9-қосымшасына сәйкес N 2 нысандағы журналға тіркелуі тиіс. Сынау хаттамасының бір данасы өтініш берушіге беріледі, екіншісі астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада қалады.

18. Астық сапасының сараптамасының өтiнiш берушiнiң талаптарын қанағаттандыратын нәтижелерiн алған жағдайда астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы астық сапасының паспортын осы талаптардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресiмдеуi және беруi тиiс. Астық сапасының паспортының түпнұсқасы мен телнұсқасы өтiнiш берушiге берiлуi тиiс. Астық сапасының паспортының көшiрмесi астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада қалады және үш жыл сақталады.


      Астық сапасының паспорты әр ыдыс-орын бойынша сынау жүргiзiлгеннен кейiн үш сағаттан кешiкпей берiлуi тиiс.
      19. N 1, 2 нысандағы журналдар жiпке тiгiлуi, нөмiрленуi және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлуi тиiс.

      20. Салынған және астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың маманы мен өтiнiш берушi мөрлеген сынама астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертханада мына мерзiм iшiнде:


  тиеп жөнелтiлген және сақтаулы партияларға - сапа паспортының күшi мерзiмi iшiнде;
      сапасы бойынша түсiнiспеушiлiктер болған жағдайда - түсiнiспеушiлiктердi қарастырудың толық аяқталғанына дейiн сақталуы тиiс.

21. Астық сапасының паспорты күшiнiң мерзiмiн астық сапасының сараптамасы жөніндегі зертхана белгiлейдi, бiрақ ол 30 күнтiзбелiк күннен аса алмайды.


  4. Астық сапасының паспортын ресiмдеу


тәртiбiне қойылатын талаптар

      22. Астық сапасының паспорты дәндi, дәндi-бұршақты, майлы дақылдарға ресiмделедi.


      Астық сапасының паспортында:
      код ТН СЭҚ;
      берiлген күнi, айы, жылы - айы жазбаша көрсетiледi;
      күшi мерзiмi;
      жiберушi - жiберушiнiң атауы қойылуы тиiс;
      жiберу пунктi - жiберу станцияның атауы қойылуы тиiс;
      астық қабылдау кәсiпорнының атауы;
      көлiк (склад) N - автокөлiктiң, вагонның, кеменiң құралының немесе қойманың нөмiрi қойылуы тиiс;
      салмағы - партияның салмағын килограммен көрсету керек;
      орын саны - ыдысқа салынған жүктер үшiн немесе "үюлi түрде" - ыдыссыз жүктер үшiн көрсетiледi;
      қабылдаушы - алушының атауы және елi қойылуы тиiс;
      жеткiзу пунктi - жеткiзу станцияның атауы қойылуы тиiс.
      Басқа бағандар мынадай түрде толтырылуы тиiс:
      "Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарт" - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың нөмiрiн және (немесе) келiсiм-шарттың нөмiрi мен күнiн көрсету керек;
      "Дақылдың атауы" - астықтың көрсетiлген түрiне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша дақылдың атауын көрсету керек, жүгерiге "астықта" немесе "собықта" деген сөздердi қосады, астық қоспасында қоспаның құрамын пайызбен көрсетедi.
      "Түрі" - стандарт бойынша түрдің нөмірі рим санымен қойылуы тиіс. Түрлердің қоспасына нөмірлерді және олардың құрамын көптігіне қарай қою керек.
      "Түр-түрлері" - түр-түрлерінің нөмірі араб санымен қойылуы тиіс. Түр-түрлерінің араласқанын көптігіне қарай түр тармақтарының нөмірлері мен олардың құрамы көрсетеді.
      "Сынып" - сынып нөмiрi стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес араб санымен қойылуы тиiс. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша төменгi сыныптың нормаларын қанағаттандырмайтын астықты сыныпсыздық белгiсiн көрсету арқылы "сыныпсыз" деп айқындайды. Жарма дақылдарының астығына "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды" немесе егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына сай болмаса "стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарсыз" деп көрсету керек.
      "Түсi" - түсiнiң сипаттамасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес берiлуi тиiс. Түссiз бидай түссiздену дәрежесiмен сипатталады, мысалы: "II дәрежеде түссiзденген", қарайған астық "қарайған " деп айқындалады; ұнды дәндер қоспасы есебiнен түсi бойынша ауытқымалар бар қатты бидай "түсi бойынша сай емес" деп айқындалады.
      "Иiсi" - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес көрсетiлуi тиiс. Егер өтiнiштiң талаптарында басқа иiстiң болуына жол берiлсе иiстiң атауы көрсетiлуi тиiс.
      "Залалдануы" - астық кенесiмен және астық қорының зиянкестерiмен бүлiнудiң барлығын және бүлiнудiң дәрежесiн көрсету керек. Бүлiну болмаған жағдайда "айқындалған жоқ" деп көрсету керек.
      "Табиғаты" - 1 граммға дейiн дәлдiкте граммен қойылуы тиiс.
      "Ылғалдылығы" - 0,1 %-ға дейiнгi туралықпен ылғалдың нақты көлемi көрсетiлуi тиiс. Жүгерi собықта болған жағдайда астықтың ылғалдылығы бөлшекпен көрсетiледi, бұл жерде бөлiндiде астықтың ылғалдылығы, бөлгiште - сабақтың ылғалдылығы көрсетiледi.
      "Жылтырлығы" - 1 пайызға дейiн дәлдiкте бидай мен күрiшке қойылуы тиiс.
      "Дән маңызының салмақтық үлесi" - бидай астығына шикi дән маңызының саны 1 пайызға дейiн дәлдiкте қойылуы тиiс, жуылмайтын дән маңызы бар бидайға - "жуылмайтын" деп жазу керек.
      "Дән маңызының сапасы" - (бүтiн) шартты тiрлiктердiң саны көрсетiлуi тиiс.
      "Тобы" - жазбаша жазылуы тиiс (бiрiншi, екiншi, үшiншi), "жуылмайтында" - бағанда сызықша қойылады.
      "Арамшөптiк араласпалар" - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте арамшөптiк араласпалар фракция сомасы қойылуы тиiс, соның iшiнде мiндеттi түрде 0,01 пайызда дәлдiкте:
      минералды - сипаты (қиыршық тас, топырақ, құм және т.б.) және саны;
      бүлiнген - бүлiнген дән саны;
      зиянды - қоспалық бөлек әр түрi немесе қосындысы мен бойынша аты саны;
      бидай, сұлы, арпадағы фузариозды және қызғылт түстi дәндер;
      саны стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен және (немесе) келiсiм-шартпен (шартпен) шектелген қиын бөлiнетiн және улы қоспалар фракциялар көрсетiледi.
      "Дәндiк (майлы) араласпалар" - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте дәндiк (майлы) араласпалар фракциясының сомасы қойылуы тиiс, соның iшiнде мiндеттi түрде 0,01 пайызда дәлдiкте сының астық (майлы) қоспа фракциялары көрсетiледi:
      дәндiк (майлы) араласпаларға жататын екпе өсiмдiктер дәнiнiң болуы;
      стандарпен және (немесе) келiсiм-шарт (шартпен) көрсетiлген соғылған, желiнген, мыжылған, солғын, өнiп кеткен және басқадай фракциялар;
      кендiр тұқымына - үпiлмәлiк тұқымының болуы немесе болмауы көрсетiлуi тиiс.
      Егер де арамшөптiк араласпалар немесе дәндiк (майлы) араласпалар бары анықталмаған жағдайда, "0,0 пайызден" көрсетiлуi тиiс, қоспа 0,05 пайыздан кем болған жағдайда нақты саны қойылады, мысалы: "0,04 пайыз" немесе "0,01 пайыз".
      "Құлау саны" - секундына құлау саны көрсеткiшi мен сынау әдiсi көрсетiлуi тиiс.
      "Ақуыз" - сынау әдiсiн көрсетуi арқылы абсолюттi кебу затына ақуыздың (протеиннiң) маңызы көрсетiлуi тиiс.
      "Ерекше белгiлер" - көрсетiлуi тиiс:
      егер астық кептiрiлген болса - "кептiрiлген"
      газдау және газсыздандыру күндерi, фумиганттың аты (eгep астық газдалған болса);
      жемдiк мақсатта жеткiзiлетiн астықта бүлiнген және жарақаттанған дәндер саны 1 пайыздан жоғары болса, оның жемдiкке жарамды екенi туралы ветеринар қызметi анықтамасының нөмiрi мен күнi көрсетiледi;
      астықта металмагниттi қоспа табылған жағдайда оның салмағы 1 кг астықта 1 мг дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      бидай тасбақаша-кенемен зақымданған жағдайда, осы зиянкеспен зақымданған дәннiң саны 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      бидай, тарыда қаштауыш дән қоспалары болса - олардың саны 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      ақаулық дәрежесi (ашыған, зең көгерген, шiрiген көгерген иiсi бар астыққа).
      "Қосымша көрсеткiштер" - көрсетiлуi тиiс:
      1) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен көзделмеген, бiрақ келiсiм-шартта (шартта) жазылған сапа көрсеткiштерi, оларды сынау әдiстемесi және осы сынау әдiстемесiнде көзделген дәлдiктегi нәтижелер;
      2) сапа паспортының бланкiнде бағандары жоқ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен көзделген сапа көрсеткiштерi;
      ашытқы және спирт өндiрiсiне жеткiзiлетiн сыра қайнататын арпа және басқа дәндi дақылдар - өну қабiлетi (5-шi күнi) немесе 1 пайызға дейiн дәлдiкте өмiрге қабiлеттiктi (сыра қайнататын арпа);
      қарамық, тары, күрiш және жармалық сұлы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте қауыздығы көрсетiледi;
      жарма өндiруге жөнелтiлетiн сұлы, тары және қарамық - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте ядросының маңызы көрсетiледi;
      кендiр және зығыр майтұқымы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте тазалығы көрсетiледi;
      жасымық, асбұршақ, бұршақ дән қоңызымен және жапырақ ширатқыш көбелекпен зақымдануы - 0,01 пайызға дейiн дәлдiкте көрсетiледi;
      дайындалатын және жемдiк сұлы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына қарай жиынтық бойынша немесе бөлек түрде екпе өсiмдiктердiң тұқымы мен дәнiнiң маңызы, сонымен қатар, жемдiк сұлыға - металмагниттi қоспаның көлемi 1 киллограммдағы миллиграммға дейiн дәлдiкте және бөлшектердiң көлемi көрсетiледi;
      собықтағы жүгерi - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте дән шығымы қойылады;
      күрiш - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте қызыл, сарғайған және глютинозды дәндер бөлек көрсетiледi;
      қарамық және жармалық сұлы - астық запастарының өлi зиянкестерiнiң саны көрсетiледi;
      тары - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте гүл қабыршақтары қоңыр, қара қоңыр және қара түстес дәндердiң көлемi көрсетiледi;
      балалар тамағына арналған тары, сұлы және қарамық - сәйкестiк паспортының нөмiрi көрсетiледi;
      күнбағыс тұқымы - 0,1 мг КОН дәлдiкте майдың қышқылдық саны көрсетiледi;
      азықтық бөрiбұршақ - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте бөрiбұршақтың алколоидты тұқымының көлемi көрсетiледi;
      жармалық сұлы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте бидайдың, полбаның, қара бидайдың және арпаның соммалық маңызы көрсетiледi;
      балалар тамағына арналған дайындалатын және жармалық сұлы, қарамық, күрiш - 1 градусқа дейiн дәлдiкте қышқылдығы көрсетiледi;
      мақта тұқымы - 0,1 пайызға дейiн дәлдiкте тұқымның толық түктенуi көрсетiледi.
      "Астық сапасының паспортын берген зертхананың атауы" - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың толық атауы көрсетiледi.
      "Аттестаттың N" - астық сапасының caраптамасы жөнiндегi зертхананың тiркеу аттестатының нөмiрi көрсетiледi.
      "Қолы" - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхана маманының қолы қойылуы тиiс.
      "М.П." - астық сапасының сараптамасы жөнiндегi зертхананың мөрi қойылуы тиiс.
       23. Егер де стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен және (немесе) келiсiм-шартпен түрлерi, түр-түрлерi, сыныбы немесе жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер көзделмесе, онда тиiстi бағанда сызықша қойылады.

      24. Астық сапасының паспорты, телнұсқасы және көшiрмесi анық және түзетiлмеген күйiнде толтырылуы тиiс.


Жарма сапасына қойылатын талаптар


Жармада органолептикалық әдіспен түсін, иісін және дәмін анықтайды. Лабораториялық әдіспен ылғалдылығын, қоспа мөлшерін, ядролардың ірілігі мен тегістілігін, күлділігін, зиянкестермен зақымдануын анықтайды.

Жарма түсі біртекті, жарма түрінің түсіне сай болу керек. Түстің өзгеруі (қараюы, түссізденуі) өнім сапасының төмендегенін білдіреді.

Жарма дәмі сәл тәттілеу. Бөтен дәмнің болуы балғын емес екенін білдіреді және ол жармада тотығу немесе гидролитикалық процесстер жүргеннен немесе өзіндік иісті қоспалар болуынан немесе конденсацияланбаған дән қолданғаннан пайда болуы мүмкін. Майға бай жармалар сәл ащы болуы (тары, сұлы) рұқсат етіледі.

Әр жарманың өзіне тән иісі болу керек. Бөтен иіс бөтен дәмнің пайда болу себептерінен туындайды. Сонымен катар жармаға тән емес иіс оларды өткір иісті өнімдермен бірге (дәмдеуіштер, балық жөне т.б.) сақтағанда пайда болады.



Ылғалдылық сақтау кезінде жармада жүретін процесстердің активтілігімен тығыз байланысты. Жарма ылғалдылығы 13-15%. Ылғалдылығы жоғарылап кетсе, процесстердің активтілігі жоғарылайды және жарманың ашуы, көгеруі, түйірленуі, өзін-өзі жылыту қаупі туындайды. 13%-дан төмен ылғалдылықта жарманың кебуі байқалады. Стандарт бойынша жарманың шекті ылғалдылығы 13-17%.

Қоспа мөлшері және олардың сипаты стандарттармен нормаланады. Бөгде қоспалардын, бұзылған ядролардың, қауыздалмаған ядролардың, ұнтақтардың массалық үлесі шектеледі Нормадан артық қоспа мөлшері бар жарманы төменірек сортқа жатқызады немесе стандартты емес деп есептейді.

Сапалы ядро мөлшері жарма тазалығының негізгі көрсеткіші болып табылады. Оны пайызбен өрнектейді және 100%-дан қоспа пайызының суммасын айырады. Жармада сапалы ядро мөлшері 98-99% (түрі мен сортына байланысты) болу керек.

Күлділік ұнтақ жарма және жүгері жарма үшін және сұлы үлпектері үшін сапалы көрсеткіштердің бірі болып табылады. Неғұрлым күлділігі төмен болса, соғұрлым дән толық қабықша мен ұрықтан ажыратылған.

Жармалардың ірілігі және тегістілік дәрежесі өлшемі бойынша нөмірлерге бөлінетін жармалар үшін анықтайды. Әрбір жарма түрі үшін елек (ұяшық) өлшемін бекітеді және олардан жармалардың өтуі және қалып қалуы стандартпен бекітіледі. Ажарланған жармалардың (арпа, тары, жүгері) 80%-ы тегістелуі керек, ал ұнтақталған (арпа) жармалар 75%-ға тегістелу керек.

Металлмагнитті қоспалар мөлшері 1 кг жармаға шаққанда Змг аспау керек. Жеке бөлшектердің өлшемі О,Змг аспау керек, ал руда және қалдықтардың жеке бөлшектерінің массасы 0,4мг аспау керек.

Жармалардың зиянкестермен зақымдануы рұқсат етілмейді.



Стандарттармен қарастырылған көрсеткіштерден басқа жарма сапасын пісу уақыты, көлемінің ұлғаюы, сонымен қатар пісірілген өнімнің дәмі, иісі және консистенциясы сипаттайды. Бұл жармалардың аспаздық ерекшеліктерінің керсеткіші болып табылады.


   

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет