«Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мм «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы»



жүктеу 49.07 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі49.07 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


«Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
«Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.

  1. Ақпараттық саясат) бөлімінің басшысы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты D-О-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлімге жалпы басшылық ету. Бөлімнің Ережесі мен жұмыс жоспарын әзірлеу. Бөлім қызметшілері арасында міндеттерді бөлу, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Өңірлік БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыруға бақылау жүргізу. Мемлекеттік органдардың өңірлік БАҚ мемлекеттік органдардың қызметін жарықтандыру, журналистердің кәсіби ұйымдармен өзара іс-әрекеттестігін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-әрекеттестігін үйлестіру. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын ел халқына түсіндіру бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі және реформалары бағытындағы мемлекеттік салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысын жарықтандыру бойынша ақпараттық топтардың қызметін, мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндірмелі жұмысын ұйымдастыру. Өңірдің өзекті ішкі саяси жағдайларды жедел жарықтандыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс аудандары және Петропавл қаласының ішкі саясат басқармаларының қызметшілеріне арналған ақпараттық жұмыс мәселелері бойынша оқулар, семинар-тренингтер өткізуді ұйымдастыру. Техникалық ерекшелік, күнтізбелік жоспар және тағыда басқа құжаттар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бюджеттік өтінімді дайындауға қатысу. Өңірлік БАҚ ақпараттық саясат жүргізуге мемлекеттік тапсырысты іске асыру сапасына бақылау жүргізу. Техникалық ерекшелік, күнтізбелік жоспар және тағыда басқа құжаттар, мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік өтінімді дайындауға қатысу. Көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы, толықтылығы және уақыттылығы мәніне мемлекеттік тапсырыс бойынша жобалар мониторингіне қатысу. Көрсетілген қызметтердің сапасы, толықтылығы және уақыттылығы мәніне мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру бойынша орындалған жұмыстар актілерін тексеру және Басқарманың атына қол қою. Басқармамен мемлекеттік қызметтер ұсынудың стандарттары мен регламенттерін ендіруді, әзірлеуді және бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізу. БАҚ мәселелері жөніндегі Кеңестің және тағыда басқа консультативтік-кеңестік ұйымдар әрекетін қамтамасыз ету. Жыл сайынғы бағалау жүйесінің шеңберінде бағаланатын бөлім бейініне сәйкес келетін бағыттардың тиімділігін қамтамасыз ету. СҚО аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалуын ұйымдастыру. Бөлім жұмысының есептері бойынша ресми құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа өкілдіктерді жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар» (халықаралық қатынас, немесе филология, немесе тарих), немесе «білім» (қазақ тілі және әдебиет, немесе орыс тілі және әдебиет, шет тілі), немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық почта мекен-жайына не E-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58 үй, 405 каб. «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ немесе dvp@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152) 46-46-53, факс 8(7152) 46-31-33 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет