Солтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы анықтама



жүктеу 67.71 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі67.71 Kb.
: uploads -> %D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> 21.12.15 -> 7%20%D0%B2%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің жарғылықміндеттерді орындау жөніндегі жұмыстары туралыаны қ т а м а
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
7%20%D0%B2%D0%BE%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%81 -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
21.12.15 -> «казахстанский отраслевой профессиональный союз работников образования и науки»
%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%BA%D0%BE%D0%BC -> Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының
21.12.15 -> Сала ұйымдарындағы еңбекті қорғау жағдайы және еңбек қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы
21.12.15 -> Білім және ғылым ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес туралы
Солтүстік-Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы туралы

АНЫҚТАМА
Облыстық кәсіподақ ұйымы құрамында 37790 кәсіподақ мүшесі бар, оның ішінде жұмыс жасайтындар саны 29862 адамнан тұратын Петропавл қалалық және 13 аудандық комитетті, 609 бастауыш ұйымды біріктіреді.

Облыстың кәсіподақ ұйымдары қызметіндегі негізгі бағыт - кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету, әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері болып табылады. Білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін мақсатты шешіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарын тиімді реттеу үшін облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің арасында 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге қол қойылған, облыстық кәсіподақ комитетінің филиалдары мен қалалық және аудандық деңгейдегі білім органдарының арасында 14 келісім және бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттар жасалған. Облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің Қазақстандық салалық білім және қызметкерлері кәсіподағының ұсыныстары мен әлеуметтік әріптестікті ұйымдастырудағы жаңа әдістерін ескере отырып жасалғанын, педагогтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын айта кеткен жөн.

Келісімдер мен шарттарда еңбек ақы мен қаржыландыру, еңбек және әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті және денсаулықты қорғау мәселелері көрсетілген, олар арқылы педагогтардың нормативтік оқу жүктемесінің, жалақы мен еңбек демалыстарының ақысын уақытында төлеу мәселелері, оларды негізсіз төмендетуге жол бермеу шаралары және басқа да сұрақтар шешіледі.

Жыл сайын әлеуметтік әріптестік тараптарының бірлескен мәжілістерінде қабылданған міндеттемелерді орындау жөнінде мәселелер тыңдалып, талқыланады. 2015 жылы әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық келісімдердің орындалу барысы М.Жұмабаев, Уәлиханов атындағы, Ақжар және басқа аудандарда қаралды. 2015 жылғы 30-наурызда облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісінде «Облыстық білім басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының арасындағы әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары туралы келісімнің орындалу барысы туралы» мәселе қаралған болатын. Кеңес мәжілісінде сондай-ақ Тайынша, Есіл аудандары мен Петропавл қаласының білім ұйымдарында ҚР еңбек заңнамасының қадағалануы, Аққайың, Жамбыл және Тимирязев аудандарында ұйымдастырушылық-бұқаралық жұмыс жағдайы туралы мәселелер қаралды.

Облыстың барлық аудандарында заңнамаға сәйкес ауылдық мектептер мен оқу орындарындағы педагог қызметкерлердің жалақыларына 25 пайыз үстеме ақы төленетінін айта кеткен жөн.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды қамтамасыз ету үшін барлық мектептер мен білім ұйымдарында 608 қоғамдық инспектор сайланған. Облыстық кәсіподақ комитетінің Атқару комитеті мәжілістерінде Айыртау ауданының білім мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, Уәлиханов ауданында – ұжымдық шарттың талаптарын орындау жөніндегі мәселелер қаралды. Білім саласындағы кәсіподақ ұйымдары жыл сайын еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық қоғамдық байқауға қатысып, «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік қоғамдық инспектор» номинациясында бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.

Кәсіподақ ұйымдарының жұмысындағы басты бағыттардың бірі - білім қызметкерлеріне қайырымдылық көмек көрсету болып табылады. 2015 жылы облыстық кәсіподақ комитеті Шал ақын ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен білім қызметкерлерінің 5 отбасына көмектесуге, педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуге, облыстық мектеп-интернаттың түлектері, жетім балаларды құттықтауға 1 млн.теңгеден астам ақшалай қаражат бөлді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің Атқару комитеті шешімімен оқу орнының қоғамдық өміріне белсене қатысатын және үлгілі оқитын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 студентіне және колледжде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан 5 оқушының әрқайсысына 10 мың теңгеден кәсіподақ шәкіртақысын тағайындады.

Облыстың білім саласындағы барлық кәсіподақ ұйымдарында «Еңбек күніне» және «Ұстаз күніне» арналған іс-шаралар, білім саласының еңбек ардагерлерін құттықтаулар өткізілді. Көптеген кәсіподақ ұйымдарында «Лайықты еңбек және лайықты жалақы үшін» деген ұранмен жиындар өткізіліп, жалақыны көбейту, педагогтарға жағдай жасау туралы мәселелер көтерілді.

Облыстағы білім саласын дамытуға қомақты үлес қосқан мұғалімдер династиясын марапаттау жөнінде салтанатты шаралар өткізілді, олар: М.Жұмабаев ауданынан – Голенковтар, Аққайың ауданынан – Булатецкий-Дюживтер, Ғ.Мүсірепов ауданынан – Жүнісовтер және Тимирязев ауданынан – Ушаков-Чигиринскийлер отбасы. Облыстық кәсіподақ комитеті Мұғалім күніне орай педагогикалық еңбек ардагерлері үшін барлық қаражат шығындарын өз мойындарына алып, Астана қаласына туристік саяхат ұйымдастырды.

Облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының комитеті мен оның филиалдары жергілікті атқарушы билік органдарымен, білім бөлімдерімен бірге жыл сайын балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыруға қатысады. Балалар мен жасөпірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру мәселесі облыстық салалық келісімге, кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарттарына кіргізілген. 2015 жылы 217-ден астам кәсіподақ мүшесі өз денсаулықтарын Қазақстанның шипажайларында түзесе, кәсіподақ мүшелерінің 82 баласы «Солнечный» шипажайында сауықтырылып, 385-і қала сыртындағы лагерьлерде демалды.

Облыстық кәсіподақ комитеті Қазақстандық салалық Кәсіподақтың 2015 жылғы 19-қаңтардағы № 2 «Кәсіподақ оқуын ұйымдастыру және саладағы кәсіподақ оқуы жүйесіндегі сабақтарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында, негізгі мазмұны кәсіподақ активінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кәсіподақ активінің тұрақты жұмыс жасайтын облыстық мектебінің Жоспарын қабылдап, жүзеге асырады. 2014 жылы құқықтық жалпыға міндетті оқумен барлығы 1836 адам қамтылды, олар – бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен аудандық комитеттердің төрағалары, тексеру комиссияларының мүшелері, сондай-ақ аудандық кәсіподақ комитеттері төрағаларының резервіне ұсынылған үміткерлер. Облыстық кәсіподақ комитеті биылғы жылдың 17-қыркүйегінде облыстық білім басқармасымен бірге еңбек қатынастарын реттеу, еңбек заңнамасын қолдануда кәсіподақ ұйымдары мен жұмыс берушілердің өзара іс-әрекет мәселесі бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағаларымен және білім бөлімінің басшыларымен құқықтық жалпыға міндетті оқу өткізді.

Келісімдерде қабылданған міндеттемелерге сәйкес, кәсіподақ ұйымдары білім органдарымен бірге қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек мәселелерін шеше отырып, мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Облыстың білім жүйесінде барлығы 12705 педагог қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде жоғары білімді – 10709 педагог (84,3%). Білім мекемелеріндегі педагог қызметкерлердің 75 пайызының біліктілік санаттары бар. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыс республика бойынша төртінші орында. Мысалы, Қызылжар ауданының Бескөл орта мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті педагогтардың біліктіліктерін, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру жөнінде болымды жұмыстар жүргізеді. Мектепте мұғалімдердің педагогикалық қызметтерін жетілдіруге барлық жағдай жасалған, біліктілік арттыру курстары, шеберлік сабақтары, курсаралық жұмыстар, ашық есік күндері және басқа шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Мақсатты жұмыс нәтижесінде 89 педагогтың біліктілік санаты бар. 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша мектеп-гимназия облыс бойынша 3-орын алса, мектеп бітіруші 40 түлек ЖОО-на түсті, 6 оқушы республикалық байқаулар мен олимпиадаларға қатысуға өтініш берген. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 400-ден астам жас маман ауылдық мектептерге жіберіліп, оның ішінде 129-ы көтерме ақы және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» шот ашуға сертификаттар тапсырылумен баспанаға несие алды.

Дегенмен, облыстық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің анағұрлым белсенді жұмысын талап ететін шешілмеген бірқатар мәселелер де бар. ҚР «Білім туралы» Заңындағы педагог қызметкерлерге коммуналдық қызмет және отын сатып алуға шығыстарын жабуға біржолғы ақшалай өтемақыға қатысты ережелері толығымен орындалмай келеді. Облыстың бірқатар аудандарында өтемақының мөлшері аз. Мысалы, облыс еліміздің нағыз солтүстік аймағы болғанымен, Жамбыл ауданында оның мөлшері барлығы 1000 теңге болса, М.Жұмабаев ауданында – 3000 теңгеге дейін барады. Бұл мәселені кәсіподақ ұйымдары түрлі деңгейлерде облыстың атқарушы және өкілетті органдарының алдында көтеріп келеді.

Бүгінгі таңда, өкінішке орай Жамбыл, Қызылжар, Уәлиханов, Айыртау, Тайынша аудандары мен Петропавл қаласында білім қызметкерлерін міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткізуді қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ.

2014-2015 жылдары облыстық кәсіподақ комитетіне барлығы 480 арыз-шағымдар түскен болса, оның 149-ы жазбаша және 331-і ауызша. Облыстық кәсіподақ комитетімен жүргізілген арыздар мен өтініштер талдауы еңбек шарттарын жасау мен бұзу мәселелері бойынша қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктерінің, сауықтыру жәрдемақылары төленуінің, оқу жүктемесін бөлудің және т.б. бұзылу жағдайларының әлі де болса орын алып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар облыстық кәсіподақ комитетінде еңбек заңнамасының қадағалануына қоғамдық бақылаудың жүзеге асырылу тиімділігі төмен деңгейде, бұл жұмыста немқұрайдылыққа жол берілген. Мысалы, облыстық кәсіподақ комитетінің 2015 жылдың 1-жартыжылдығындағы құқықтық қызметтің жұмысы туралы есебінде (№15-нысан) 65 ұйымда қоғамдық бақылаудың жүзеге асырылғаны туралы көрсетілгенімен, бұл тексерулер барысында бірде-бір еңбек заңнамасын бұзушылық анықталған жоқ. Облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық мәселелер жөніндегі маманының лауазымдық нұсқаулығы өзіне лайықсыз міндеттермен жүктелген.

Кәсіподақ ұйымдары кәсіподаққа жаңа мүшелерді тарту жұмыстарын жеткіліксіз деңгейде атқарады, статистикалық мәліметтер бойынша облыста білім саласының 7 мыңнан астам қызметкері кәсіподақ мүшелігімен қамтылмаған.


Қазақстандық салалық



кәсіподақтың бас маманы Х.К.Сағындықов











©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет