Сот айқындауы негізінде олардың іс жүргізуі бойынша соттарға



жүктеу 49.01 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі49.01 Kb.
Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы және жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы салымшыларды/алушыларды хабардар ету
Жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі -Қорлар) “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары және жылжуы туралы мәліметтерді қосқандағы жинақталған зейнетақы қаражатының құпиялылығына кепілдік береді.

Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы зейнетақы жарналарын төлеп отырған салымшыға және жинақталған зейнетақы қаражатын алушыға ғана ашылуы мүмкін. Кез-келген үшінші тұлғаға ақпаратты ашу салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес ресімделген жазбаша келісімі болғанда ғана жасалуы мүмкін.

Жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы бар мәліметтер салымшының (алушының) келісімінсіз мына тұлғаларға берілуі мүмкін:

1) олардағы қылмысты іс бойынша алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдары бойынша қылмыстық іс жүргізген кезде;



  1. сот айқындауы негізінде олардың іс жүргізуі бойынша - соттарға;

  2. тексеруші тұлғаның салық салуға байланысты мәселелері бойынша – салық органдарына;

  3. алушының өтінішіне байланысты не жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін тексеруді жүзеге асыруға байланысты туындаған мәселелер бойынша – уәкілетті органға;

  4. онда қаралып жатқан материалдардың құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде – прокурорға;

  5. нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде - салымшы (алушы) өкілдеріне;

  6. жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайын міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымға.

Сонымен бірге Қорлар алушының жеке зейнетақы шотының болуы туралы, онда алушы қайтыс болған жағдайдағы ақша қалдығы мен жылжуы туралы анықтамаларды мүлік жөніндегі аманат қағазда көрсетілген адамдарға, соттарға, нотариат конторларына және мұрагерлік іс жүргізу жөніндегі шетелдік консульдық мекемелерге береді.

Мынаны атап көрсету керек, лауазымды тұлғалар, Қорлардың қызметкерлері және өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру барысында жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып табылатын мәліметтерге рұқсат алған тұлғалар жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясы болып табылатын мәліметтерді жариялауға құқықтары жоқ және оларды жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

Өз кезегінде Заңға сәйкес (41-бап) Қорлар жыл ішінде кем дегенде бір рет әрбір салымшыға немесе алымшыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай–күйі туралы ақпарат жіберуі міндетті. Қажет болған жағдайда мұндай ақпаратты салымшы/алушы ала алады және олар Қорға кез-келген уақытта және кез-келген күні өтініш (сұрату) беру кезінде ала алады.


Қорлардың ақпараттандыру тәртібі міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсызданыдыру туралы шартта берілген. Осындай Шарттарды жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 21.04.03ж. № 138 қаулысымен бекітілген міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсызданыдыру туралы үлгі шарттар негізінде жасайды.

Қордың жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы салымшыға/алушыға күнтізбелік жыл аяқталған соң екі ай ішінде беріп отырған жыл сайынғы міндетті ақпаратында ағымдағы жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы берілуі тиіс, оның ішінде:

1) зейнетақы жарналары және (немесе) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап өтке жыл үшін келіп түскен және айларға бөлінген және олардың нақты түскен күндері көрсетілген аударымдар сомасы;

2) зейнетақы жарналарының және (немесе) зейнетақы шарты жасалған күннен бастап өткен жыл үшін келіп түскен және айларға бөлінген және олардың нақты түскен күндері көрсетілген есептелген инвестициялық кіріс сомасы;

3) Қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

4) зейнетақы төлемдерінің және (немесе) ағымдағы жылда ұсталған табыс салығының сомасын көрсете отырып жасалған аударымдар сомасы;


Мұндай жыл сайынғы салымшыны (алушыны) хабардар ету Қордың жеке қаражаты есебінен, тәртіп бойынша шартта аталған мекен-жай бойынша почта арқылы жасалады.

Қосымша хабардар ету шығындарына келсек, осы қызмет көрсету үшін жасалатын шығындарды салымшы/алушы өзі төлейді, бірақ ол Қордың нақты шығыстарынан аспауы тиіс.


Қазіргі уақытта жекелеген Қорлар өз клиенттеріне жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратты төлем карточкаларымен, сондай-ақ байланыс құралдары (почта арқылы – барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары), электронды почтамен немесе Интернет арқылы (“ABN AMRO КаспийМұнайГаз ЖЗҚ” АҚ және тиісінше “ҰларҮміт” ЖЗҚ” АҚ ) және өзге де байланыс құралдарымен (Жұмыс беруші арқылы – барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына), бірақ салымшы/алушының жеке өтініші арқылы алуды ұсынады.

Мынаған көпшіліктің назарын аударғымыз келеді, салымшыны/алушыны жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы хабардар еткен кезде салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражаты туралы құпиялылықты сақтауды қамтамасыз ету міндетті шарт болып табылады.


Сонымен бірге жинақталған зейнетақы қаражатын басқа зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару кезінде салымшы/алушы жинақталған зейнетақы қаражатын аударып отырған қорға жинақталған зейнетақы қаражатының аударылған сомасының үзінді көшірмесін беру туралы өтініш беруге құқылы.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 24.05.04ж. №146 қаулысымен бекілген Жинақталған зейнетақы қорынан жинақталған зейнетақы қаражатына аударым жасау жасау жөніндегі Ережеге сәйкес осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер болуы тиіс:



  1. үзінді көшірме берілген күн;

  2. есептелген инвестициялық кіріс сомасы көрсетілген өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдық сомасы;

  3. нақты түсу айы мен күні көрсетілген ағымдағы күнтізбелік жылғы түскен зейнетақы жарналарының сомасы;

  4. ай сайынғы нақты есептелген күні көрсетілген ағымдағы күнтізбелік жылғы инвестициялық кіріс сомасы;

  5. басқа қорлардан жеке зейнетақы шотына нақты түсу сомасы және күні көрсетіле отырып түскен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының сомасы;

  6. қордың комиссиялық сыйақы сомасы;

  7. нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері құнсыздану деңгейін ескере отырып азайған жағдайдағы Заңға сәйкес қалпына келтірілген сомасы;

  8. нақты төлем жасалған күн және ұсталған табыс салығының сомасы көрсетіле отырып өткен жылы жасалған зейнетақы төлемдері сомасы;

  9. зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістің нақты түскен сомасы көрсетіліп аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының нақты сомасы;

  10. жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының қалдық сомасы (жинақталған зейнетақы қаражаты сақтандыру ұйымына аударылған жағдайда).

Сонымен қатар жинақталған зейнетақы қаражаты аударылған Қор не сақтандыру ұйымы салымшы/алушыны жинақталған зейнетақы қаражаты жеке зейнетақы шотына не сақтандыру ұйымының шотына аударылған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабардар етуі тиіс.


Жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы қажетті ақпарат өзекті болуы үшін, салымшы/алушы зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі шарт жасаған Қорға өзінің азаматтығы, жаңа мекен-жайы, фамилиясындағы, жеке куәлігінің/төлқұжатының деректемелеріндегі барлық өзгерістерді хабарлап отыруы міндетті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет