Сот айыпкерге қатысты сотқа берілген айыптаудың шегінен шығып кеткендіктен үкім өзгертілді



Дата25.04.2016
өлшемі44.68 Kb.
Сот айыпкерге қатысты сотқа берілген айыптаудың

шегінен шығып кеткендіктен үкім өзгертілді

(істен үзінді)

Малқаров бұрын: 24.09.02 ж. ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа мәжбүрлеуге, 12.02.03 ж. ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің “б” тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп саналып, 1 жылға сынақ мерзімі белгіленіп, сотталған. Енді ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “б” тармағымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, 96-бабы 2-бөлігінің “з, к” тармақтарымен 16 жыл-ға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, 179-бабы 3-бөлігінің “г” тармағымен 9 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, жазаларды ішінара қосу арқылы 20 жылға бас бос-тандығынан айыруға, мүлкін тәркілеу-ге, бұрынғы шартты түрде жаза тағайындаған үкім күші жойылып, ҚК-нің 60-бабының 5-бөлігі негізінде жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 21 жыл-ға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.

ҚК-нің 88-бабы 1-бөлігінің “г” тармағы негізінде маскүнемдіктен еріксіз емдеу тағайындалған.

Сотталғаннан жәбірленуші Б.Пұсырмановтың пайдасына 15000 мың теңге, облыстық сот-дәрігерлік сараптама орталығының пайдасына 2641 теңге өндірілген.

Сот үкімімен Малқаров арақ ішіп мас болып, бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында үйдің әйнегін сындырып, заңсыз ішке кіріп ұрлық жасағаны үшін, ұрлығына еріксіз куәгер болған әйелді зорлап, содан кейін қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында оны өлтіргені үшін айыпталған. Ол ерлі-зайыпты Пұсырманов пен Тотаеваның үйіне түнгі сағат 23-тер шамасында терезені сындырып кіріп, бөлмелерді аралап, ұрлап алып кету үшін мүліктерді жинап жүрген кезде, сырттан үйге кірген Тотаеваның мойнынан қос қолдап бар күшімен қылқындырған, одан ақша тауып беруін талап еткен, яғни сотталғанның әрекеттері осы уақыттан бастап қарақшылыққа ұласқан. Оған қоса жәбірленушіні “өлтіремін” деп қорқытып, күш қолданып, оның еркінен тыс зорлап жыныс қатынасын жасаған. Содан кейін Малқаров өзінің қылмыстық әрекеттерін, яғни ұрлыққа түскенін, әйелді зорлағанын жасыру үшін, Тотаеваны аяусыз қылқындырып, қасақана өлтірген. Сөйтіп ол ұрлық үшін екі рет сотталған бола тұра кісі өлтірген және 15500 теңге тұратын мүлікті ұрлаған.

Сотталған Малқаров өзінің апелляциялық шағымында жәбірленушіні қасақана өлтірмегенін, онымен еркінен тыс жыныстық қатынаста болмағанын, сондықтан өзіне ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігімен, 120-бабының 2-бөлігімен тағылған айыптармен келіспейтінін айта келіп, жеке басының және отбасы жағдайын ескеріп, әділ шешім қабылдауды сұраған.

Судьяның істің мән-жайы туралы баяндамасын, мемлекеттік айыптаушының үкімді өзгеріссіз қалдыру керек деген пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, шағымда келтірілген уәждерді тексеріп, Жоғарғы Сот алқасы үкім төмендегі негіздермен өзгертілуге жатады деген тоқтамға келді.

Сот тергеуінде жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, яки куәлардың жауаптарымен, айғақ заттарды алу және іске тіркеу хаттамаларымен, сот-дәрігерлік, сот-биологиялық-криминалистикалық сараптамаларымен және де басқа дәлелдемелермен Малқаровтың қылмысын жасыру мақсатында Тотаеваны қасақана өлтіргені, одан кейінгі әрекеті тонаушылыққа ұласқаны толық дәлелденген.

Мұндай жағдайда бірінші сатыдағы сот сотталған Малқаровтың әрекеттерін ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің “з,к” тармақтарымен, 179-бабы 3-бөлігінің “г” тармағымен дұрыс дәрежелеген, әйткенмен бірінші сатыдағы сот Малқаровтың әрекетін ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “б” тармағымен дәрежелеп, теріс шешім қабылдаған.

ҚР ҚІЖК-нің 320-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі.

Іс материалдарына қарағанда, алдын-ала тергеу орны Малқаровқа ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “б” тармағымен айып тағып, ал облыстық прокурордың орынбасарының қаулысымен Малқаров сотқа ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “в” тармағымен берілген.

Сонымен қатар, Атырау облыстық сотының 25.02.04 жылғы қаулысымен осы іс сот өндірісіне қабылданғанда, сотталған Малқаров ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “в”тармағымен айыпталады деп көрсетілген.

Бірақ бірінші сатыдағы сот сотталған Малқаровқа қатысты сотқа берілген айыптаудың шегінен шығып кеткен, яғни Малқаров сотқа ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “в” тармағымен берілгенін ескермей, оның әрекетін ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “б” тармағымен негізсіз дәрежелеп, осы баппен жаза тағайындаған.

КІЖК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде пайда болған күмәндар айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, алқа сотталған Малқаровтың әрекетін ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “б” тармағынан ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежелеуге жатады деп табады.

Оның үстіне іс бойынша жинақталып зерттелген дәлелдемелерден сотталған Малқаровтың жәбірленуші Тотаеваға күш қолданып, еркінен тыс зорлап жыныстық қатынас жасағанда оны өлтіремін деп қорқытқаны анықталмайды, тек сотталғанның жәбірленушіге күш қолданып,еркінен тыс зорлағандығы анықталады.

Сотталған Малқаровтың шағымындағы жәбірленушіні “еркінен тыс зорламадым және қасақана өлтірмедім” деген уәждері жоғарыда көрсетілген дәлелдермен жоққа шығарылады және де қанағаттандыруға жатпайды.

Сонымен қатар, алдын-ала тергеу орнының Малқаров жәбірленушіні дәрменсіз күйде болғанда аса қатыгездікпен, қасақана өлтірді деген айыбын прокурор сот мәжілісінде қолдамаған. Бұл жөнінде үкімнің қарар бөлімінде сот шешім қабылдамаған.



Осыған орай, сотталған Малқаровтың айыбынан бұл айып дәрежелеу белгілері алынып тасталуға тиіс. Сондай-ақ, оған жаза белгілегенде ҚК-нің 52-бабының талаптарын ескере отырып, жасаған қылмыстарының мән-жайларын, қоғамға қауіптілігін, жеке басы мен отбасы жағдайын ескерген жөн. Сол себепті сотталғанның апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылуға жатады.

Айтылғандардың негізінде, ҚІЖК-нің 411-бабының 3-тармағын, 422, 423-баптарын басшылыққа ала отырып, Жоғар-ғы Сот алқасы Атырау облыстық сотының М.Малқаров жөніндегі үкімін өзгертіп, оның әрекеттерін ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің “б” тармағынан сол баптың 1-бөлігіне аударып дәрежелеп, оған осы баппен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, басқа баптарды өзгеріссіз қалдырып, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігі негізінде, үкім бойынша басқа баппен тағайындал-ған жазаларды ішінара қосу жолымен 17 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге, ҚК-нің 60-бабының 5-бөлігі негізінде, Қызылқоға аудандық сотының үкімімен тағайындалған жазаны осы тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы Малқаровқа түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасын белгілеуге, ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің “в, д” тармақтарын сотталғанның айыбынан алып тастауға, үкімнің басқа бөлігін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етті.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> cf86f2e571ead3d54625709b001949e5 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Салық органдарының әрекеттеріне шағымдану және салық заңнамасы нормаларын қолдануға байланысты даулар жөніндегі істер бойынша сот практикасына шолу


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет