Сот жер туралы дауды шешу барысында заңды талап шеңберінен шығып кеткендіктен сот қаулысы бұзылды



жүктеу 56.7 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі56.7 Kb.
: site -> supcourtkaz.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының кітапханасы судья кітабы астана 2005 Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Германияға бару сапары туралы есеп 2007 жылғы 9-16 желтоқсан аралығында «Орта Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, қылмыстық істерді, олардың тергелуі және сотта қарастырылу нәтижелерін бірыңғай кәртішкелік есепке алу негізінде жүргізу туралы Нұсқаулықтың бекітілуі жөнінде
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Кеден заңнамасы нормаларын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау практикасынашол у о
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасы конституциялық кеңесінің Қосымша қаулысы астана қаласы 25-тамыз, 2004-жыл Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсіндіру
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қылмыстық іс алдын ала тергеу орындарына негізсіз қайтарылғандықтан сот қаулысы бұзылды
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Егемен Қазақстан №108 2008-04-12 Алимент әке болмайды, бірақ
Сот жер туралы дауды шешу барысында заңды талап шеңберінен шығып кеткендіктен сот қаулысы бұзылды

(істен үзінді)
Мақтаарал аудандық N 3-і сотының шешімімен С.Мауленованың талап-арызы қанағаттандырылып, Қызылқұм елді мекені жанынан “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-не мақта қабылдайтын сарай құрылысын салу үшін жер учаскесін бөліп беру туралы Мақтаарал аудан әкімінің қаулысы және осы серіктестік атына берілген тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі жарамсыз деп танылған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен аудандық сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Осы облыстық соттың қадағалау алқасының қаулысымен жоғарыда аталған сот қаулылары күшінде қалдырылып, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокурорының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылған.

“НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-і өзінің шағым арызында аталған сот қаулыларымен келіспейтіндігін білдіріп, оларды бұзып, С.Мауленованың талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Іс бойынша “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-нің өкілінің дәлелдемелерін тыңдап, прокурордың шағым арыздың негіздемелерімен келісетіндігін ескеріп, іс құжаттарын тексеріп, сот алқасы жауапкердің бақылау тәртібімен келтірген шағым арызы төмендегі негіздерге сай қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келеді.

АІЖК-тің 364-бабы, 1-бөлімінің 4) тармағына сай, сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе олардың дұрыс қолданылмауы негіз бола алатындығы бекітілген.

Атап айтқанда, “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-нің Жетісай мақта тазалау заводы филиалының Ережесі мен Корпорция президенті сенім хатының негізінде, оның директоры етіп П.Юсупов тағайындалған. Осы құжаттар негізінде филиал басқарушысына серіктестіктің мүддесіне байланысты келіссөздер жүргізуге және басқа да мәмілелер жасауға құқықтар берілген. Яғни, П.Юсуповтың аудан әкімінің атына жер бөлу туралы арыз беруге толық құқығы болған. Сонымен бірге, П.Юсуповтың жерді сатып алу туралы іс-әрекеттері серіктестік президентінің 21.06.2002-жылы берген бас сенім хатымен және оның осы мәмілені қолдау туралы 15.01.2003-жылғы бұйрығымен құпталғандықтары көрінеді. Мұндай жағдай АК-тің 165-бабының талаптарына сай келеді. Алайда, облыстық сот алқалары бұл жағдайларға заң тұрғысынан тиісті бағасын бермеген.

Осы себепті “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-нің директоры П.Юсупов аудан әкімінің атына жер беру туралы өтініш келтіруге және оны сатып алу жайында мәміле жасасуға құқықты емес деп санап, С.Мауленованың талап арызын қанағаттандырған сот қаулыларында көрсетілген дәлелдемелерді орынды деп санауға болмайды.

Сонымен қатар, бүгінгі күні даулы жер учаскесін жекеменшік құқығымен С.Мауленоваға бөліп беру туралы Қызылқұм селолық округ әкімінің 04.07.2002-жылғы N 30-санды шешімінің күші осы селолық округ әкімінің 14.10.2003-жылғы шешімімен жойылған.

Сондай-ақ, даулы жер учаскесін С.Мауленоваға бөліп беру туралы аудан әкімінің 04.06.2003 жылғы N 895 санды қаулысы, осы аудан әкімінің 21.10.2003 жылғы N1304 санды қаулысымен, талапкерге құрылыс объектілері үшін жер учаскелерін бөліп беру жөніндегі тәртібінің дұрыс орындалмауына орай күшін жойған. Демек, С.Мауленованың даулы жер учаскесіне ешқандай құқығы жоқ екендігі туындайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер Департаментінің тергеу бөлімінің қызметкері А.А.Абдрамановтың қаулысымен 2004-жылдың 16- шілдесінде Мақтаарал ауданы әкімінің атына жер бөлу туралы арызды С.Мауленова емес басқа адам жазып қол қойғандығы, жер туралы комиссия қорытындысына аудан әкімінің орынбасары Х.С.Ормановтың атынан басқа біреудің қол қойғандығы, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық , табиғат қорғау, экология қызмет органдарының рұқсат құжаттарында және құрылыс алаңын қарап шығу, таңдау актісінде көрсетілген жыл, ай мезгілдері өзгертіліп, олардың орындарына бұрын өтіп кеткен уақыттар көрсетілген. Бұл жағдайлардың барлығы сараптама қорытындысымен негізделген. Осы фактілерге байланысты Қылмыстық Кодекстің 325-бабының 1,3-бөлімдері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.

Сөйтіп С.Мауленоваға даулы жерді беру кезінде Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңының талаптарының сақталмағандығы байқалады. Бірақ бұл жағдайлар да сот назарынан тыс қалған.

Қызылқұм селолық округінің әкімі жерді таңдау және бөлу жөніндегі комиссиясының мүшесі ретінде, даулы жерді “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-не сатуға келісімін бермеген деген жағдай серіктестікке жерді беруге кедергі болмайды, себебі , бұл жер оларға жоғарғы лауазымды тұлғаның, яғни аудан әкімінің құзіреті шегінде берілген.

Құрылыс алаңын қарап шығу және таңдау актісінің қай күні түзілгені көрсетілмеген деген дәлелдеме де серіктестіктің заң талабын сақтамағандығын көрсетпейді. Ол актіні “НИМЭКС коропорациясы” ЖШС-не лауазымды орган қызметкерлері дайындаған. Және де осы актіге қол қойған лауазымды азаматтар осы құжаттың дұрыстығын қолдаған. Яғни, жерді таңдау актісінің заңдылығы күмән туғызбауға тиіс.

Бұл тұрғыда жауапкер өкілінің осы келтірілген дәлелдемелері көңіл аударарлық жағдайлар болып саналады.

Сот шешімінде, жерді таңдау жөніндегі комиссияның мүшелері жерді қарау және таңдау актісіне даулы жерді нақты қарап шықпай қол қойып жіберген деп көрсетілген. Алайда, сот мәжілісінде бұл жағдайларды қолдайтын дәлелдемелер келтірілмеген.

Аудандық табиғат қорғау және биоресурстар инспекторы— комиссия мүшесі Ә.Есқараев сот мәжілісінде құрылыс салатын алаңды қарауға оның баруының қажеттілігі жоқ екендігін көрсеткен.

Аудандық ӨБ-29 өрт сөндіру қызметінің Асықата бөлімшесінің бастығы Б.Файзиев “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-не берілген жердің алаңы 15000 м2 болғандықтан, өрт сөндіру қызметінің бұрынғы бастығы Б.Өмірбаевтың жерді қарау актісіне қол қойуына құқығы болмаған деп көрсеткен. Алайда, бұл мән-жайлар актінің және осы акт негізінде жерге меншік құқығын танитын басқа да құжаттарды заңсыз деп тануға негіз бола алмайды деген шағым дәлелдемесі де назар аударарлық жағдай. Себебі, ҚР “Өрт қауіпсіздігі жайлы” Заңында құрылыс объектілері салынатын алаңды қарау және таңдау, құрылыс салынатын алаңның көлеміне қарай аудандық немесе облыстық өрт сөндіру мекемесінің лауазымды тұлғаларының құзыретіне жататындығы, не жатпайтындығы туралы мәселелер қарастырылмаған. Бірақ сот бұл мән-жайларға да көңіл аудармаған.

Іс құжаттарына қарағанда “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-не жер аудан әкімінің құзіреті шегінде және жер бөлу комиссиясына қатысқан құқылы лауазымды органдардың рұқсаты негізінде бөлінген. Осы себепті жердің сату құны 230.850 теңге көлемінде анықталып, серіктестік оның бағасын толықтай төлеп, жерді меншіктік құқықта пайдалану туралы акт алған. Олардың жерге деген меншіктік құқығы облыстық жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығының есебіне алынған. Қазіргі күні бұл жерге мақта қабылдайтын сарай орнатылып, ол өз қызметін 2002-жылдан бері атқарып жатқандығы көрінеді.

С.Мауленова өзіне Қызылқұм селолық округінің әкімінің шешімімен бөлініп берілген 12000 м2 жерді даулаған. Демек, талапкердің құқығы тек қана жердің осы көлеміне ғана байланысты бұзылған деп тұжырымдауға болады. Ал жауапкер “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-не 15000 м2 жер бөлінген. Алайда, бұл мән-жайларды ескермей, сот жауапкерге көлемі 15000 м2 болатын жерді сатуға рұқсат беретін аудан әкімінің қаулысын және осы қаулы негізінде берілген мемлекеттік актіні толығымен заңсыз деп таныған. Яғни, сот осы дауды шешу барысында талап шеңберінен шығып кеткен. Демек, сот АІЖК-нің 49-бабы, 2-бөлімінің талаптарын сақтамаған.

Сонымен қатар, “НИМЭКС корпорациясы” ЖШС-гі даулы жерге оның меншік құқығын дәлелдейтін құжаттардың негізінде “Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы” РММ-нің Мақтаарал аудандық филиалынан өзінің жерге деген меншіктік құқығын тіркеуден өткізген. Ол бүгінгі күні өзінің заңды күшінде, себебі, ол сот қаулыларымен жарамсыз деп танылмаған.

Бұл тұрғыда осы іс бойынша қабылданған сот актілерін заңды және орынды деп санауға негіз жоқ, сондықтан олар бұзылуға жатады. Іс бойынша қаралған даудың мән-жайлары дұрыс анықталғанмен, бірақ оларға материалдық құқық нормалары қате қолданғандықтан, істі жаңадан қарауға жолдамай-ақ, жаңа шешім қабылдап, С.Мауленованың талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру қажеттілігі туындайды.



Жоғарғы сот алқасы АІЖК-нің 398-бабы, 4-тармағы, 5) бөлімінің талаптарын басшылыққа ала отырып, Мақтаарал аудандық N 3 сотының шешімін, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысын және осы облыстық соттың қадағалау алқасының қаулысын бұзуға, іс бойынша жаңа шешім қабылдауға, С.Мауленованың талап арызын қанағаттандырусыз қалдыруға бақылау шағымды қанағаттандыруға қаулы етті.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет