Сот жүйесiнiң ардагерi Қабдығали Ажыров – 90 жасқа толды



Дата03.05.2016
өлшемі38.27 Kb.
«ҚАРТ ДЕГЕНIҢ–ҚАЗЫНА»
КӨргенi кӨп кӨнекӨз
Сот жүйесiнiң

ардагерi

Қабдығали Ажыров – 90 жасқа толды
Сот жүйесiнiң ең үлкен ақсақалы, Қабдығали Ажырұлы Ажыров–қос ғасырдың куәгерi. Кеңестiк құрылыстың бастапқы жылдарының қиямет қыл көпiрiнен өтiп, заманында ер етiгiмен лай кешiп, ат ауыздығымен су iшкен сұрапыл соғысты да, жеке адамға табынған үрейлi, тымырсық кезеңдi де, елдi бiр ғана саяси партия билеп-төстеген әкiмшiл-әмiршiл жүйенi де бастан кешiрген ақсақалға тағдыр сабыр мен төзiм, саулық пен ғұмыр берiп, тәуелсiз Қазақстан тұсында қариялық ғұмырдың рахаты бұйырды.

Ардагердiң өмiрбаянында кешегi Кеңес дәуiрiнiң тұтастай айшықты белгiсi жатыр. Ол 1917 жылғы 15 наурызда Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының Мақат ауданындағы Ракуша ауылында дүниеге келген.

Тағдыр Қабдығали Ажырұлын қаршадайынан ширатып тастады. Оған әкесi Тәжiмағамбеттi көрудi жазбапты. Отағасы оның алты айлығында дүниеден озып, отбасының тауқыметi бас көтереген ағасы Мұхиттың иығына түседi. Ағасын сүйенiш тұта жүрiп, анасы мен үш iнiсiне, қарындасына қамқор болып, әке кәсiбiн жалғастырған. Ақ пен қараның, бай мен кедейдiң арасына жiк салған өткен ғасыр бастауындағы аласапыран уақыт қабырғасы қатпай ауыр еңбекке араласқан кiшкене бейнетқорларға жазатайым оң қабақ танытты. Жер-жерде кедей балаларына арналған жатақханалар ашылып, бiлiмнiң шырағы маздады. Он жасынан ауылдағы мектеп жанынан ашылған осындай жатақханада өсiп, тәрбиеленген Қабдығали бiлiмiн 1933 жылы Гурьев қалбыр комбинатының жанындағы жұмысшы мамандарын оқытатын екi жылдық фабрика-завод оқуларында (ФЗУ) жалғастырады. Мамандық алып шыққаннан соң оқу орнының жолдамасымен Новолипецк балық заводына шебердiң көмекшiсi болып қызметке орналасады да, артынша Дондағы Ростов қаласының кәсiподақтар қозғалысы мектебiне жiберiледi. Сөйтiп, Кеңес өкiметiнiң жұмысшы қозғалысы белсендiлерiнiң сапына қосылған ол, оңтүстiк аудан балықшылар одағы орталық комитетiнiң ұйғарымымен Гурьев облыстық балықшылар одағының қарамағына жiберiлiп, одан Жылыой балық заводы кәсiподақ комитетiнiң төрағасы қызметiне тағайындалады.

Осылайша Қ.Ажырұлының белсендi қоғамдық қызметi басталыпты.

1938 жылдың қыркүйек айында облыстық партия комитетi Қабдығалиды Гурьев қалалық прокуратурасының тергеушiсi қызметiне жұмсайды. 1939 жылы Қызыл Армия қатарында азаматтық борышын өтеуге шақырылып, Куйбышев (қазiргi Самара) қаласындағы 547 ауыр артиллерия полкiнiң бөлiмше командирi болады.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерiнен бастап майдан шептерiнде болып, Оңтүстiк Батыс, Солтүстiк Батыс, Брянск, Далалық және екiншi Украин майдандарында қиян-кескi ұрыстарға қатысады. Қабдығали басқарған взвод үшiн жаудың Будапешт қаласының Солтүстiк Шығыс бағытындағы жау қорғанысын бұзған және 1944 жылы Дунай өзенiнен өту кезiндегi ұрыстарда алған наградалардың орны бөлек.

Жиырмадан астам қаланы немiс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысып, ұрыс қимылдары кездерiндегi ержүректiгi мен батылдығы үшiн “Қызыл Жұлдыз”, “II дәрежелi Отан соғысы” орденьдерi мен оннан астам медальдардың иегерi болды.

Майданнан оралғасын Гурьев облысының Новобогат, Есбол ауданында халық судьясы болып қызмет ете жүрiп, Ташкенттегi жоғары заң мектебiн сырттай оқып бiтiрiп, заңгерлiк мамандық алады.

Қабдығали Ажырұлы Батыс Қазақстан облысында әдiлет органдарын қалыптастырудың бастауында болды. 1951 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi бюросының шешiмiмен және республика Әдiлет Министрлiгiнiң бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылған әдiлет басқармасының бастығы болып тағайындалып, оны 1956 жылы ол тарқағанға дейiн басқарып, сол жылы Батыс Қазақстан облыстық сотының мүшесi болып сайланады.

1959–1979 жылдары жиырма жыл бедерiнде Тайпақ, Чапаев (қазiргi №2 Ақжайық (Тайпақ) және Ақжайық) аудандық соттарында халық судьясы қызметтерiн атқарып, зейнеткерлiкке шықты. Ол судьялық қызмет атқарған жылдарда Жайық жағалауындағы өңiрден қылмыстың ауылы алыстап, қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған жақсы бiр дәурен болды.

Әдiлет, сот саласында қызмет еткен жылдарында Қ.Ажыров республика Әдiлет Министрлiгiнiң 32 мәрте алғыс хатын алыпты.

1999 жылы Қазақстандағы Әдiлет iсiнiң 80 жылдығы құрметiне шығарылған “Қазақстан Юстициясына 80 жыл” деп аталатын кiтаптың Батыс Қазақстан облысына арналған тарауы юстиция ардагерi, Ұлы отан соғысына қатысушы Қ.Ажыровтың фотосуретiмен ашылса, 2002 жылы Батыс Қазақстан облыстық сотының құрылғанына 70 жыл толуы құрметiне шығарылған “Батыс Қазақстан облыстық соты: қалыптасу және даму кезеңдерi” атты кiтаптың №2 Ақжайық аудандық сотына қатысты тақырыпшасында сот ардагерiнiң фотосуретi мен қысқаша өмiрдерегi бар.

Қабдығали ақсақал қазiргi кезде құдай қосқан жұбайымен бiрге Ақжайық ауданының шалғай елдi мекенi Тайпақ ауылында қариялық ғұмырын өткерiп жатыр. Еңсегей бойлы, iрi тұлғалы, өз iсiне мығым, заманында Тайпақтың «қара соты» атанған Қ. Ажырұлы әлi сергек. «Қара сот» оның қаталдығы үшiн емес, сұсы мен мысы басып тұратын алып тұлғалы билiк өкiлiнiң бiлiктiлiгiн құрметтеп, бағалағандықтан қойған ат болса керек. Ол табиғатында байсалды, иiнi жұмсақ, алды ашық, пейiлi кең жан.

Сот жүйесi мен судьялар қауымдастығының ұйымдастыруымен сот жүйесiнде ұзақ жылдар бойы табан аудармастан жұмыс iстеп, зейнет демалысына шыққан ардагердiң тоқсан жасқа толған мерейтойы Ақжайық, Тайпақ өңiрiнде кеңiнен аталып өттi.


Аманкелдi ШАХИН,

Батыс Қазақстан облысы.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 4b0e408daf57f775462572dd0039c8df -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Сағидолла Құбашұлы бұл күндерi 80 жасқа толып отыр. Осыған орай бiз Сәкеңдi мерейтойымен құттықтай отырып, әңгiмеге тартқан едiк


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет