Сот үкімі заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделуі тиіс



жүктеу 198.51 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі198.51 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> dee5bd8dd1bba8c74625728a001c7caf -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
$FILE -> Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
$FILE -> Жeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қарау жөніндегі сот практикасын
Сот үкімі заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделуі тиіс

( үзінді)

Алматы облыстық сотының 2005 жылғы 1 тамыздағы үкімімен бұрын сотталмаған С., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің “а,д,ж,и” тармақтарымен тағылған айыбы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған. Бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот залынан қамаудан босатылған.

Бұрын сотталмаған Р., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің “а,д,ж,и” тармақтарымен тағылған айыбы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған. Бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот залынан қамаудан босатылған.

Бұрын сотталмаған А.Т., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің “а, д,ж,и” тармақтарымен тағылған айыбы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған. Бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот залынан қамаудан босатылған.

Бұрын сотталмаған А.Б., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің “а, д, ж, и” тармақтарымен тағылған айыбы бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен ақталған. Бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот залынан қамаудан босатылған.

С., А.Б., А.Т. және Р. өздерінің адамдарды өлтіруге бағытталған қылмыстық ойларын жүзеге асыру мақсатымен А.Б.-ға Гвардия көшесіндегі № 8 үйінен екі ас пышағын және жәбірленушілердің аяқ-қолдарын байлау үшін шпагат жібін алдыртқан. Сол арада С. дүкенге арақ алуға, ал Р. үйіне жылы киім киіп, пышақ алып келуге кеткен. Олар жәбірленуші Б.-ның үйінің жанында кездесетіні туралы келіскен.

Жол бойы С., Б.-ның үйіне бұрылып кімдер бар екеніне көз жеткізеді. Ал Р. келіп оны күтіп тұрады. А.Б. үйінен алған пышақтың біреуін әкесі А.Т.-ға береді.

Б.-ның үйінің жанында олар С.-ның 1(бір) шөлмек арағын ішіп, алдын-ала келісім бойынша Б.-ның үйіне жақындағанда, С. есіктің алдында байлаулы тұрған итті босатып, үйдің есігін ұрады. Есікті Б. ашқан кезде С. “қарызымды қайтарып бер”— дейді Б. қазір өзінде ақша жоқ екендігін айтқанында, А.Т. жәбірленуші Б.-ның С.-ға нақты ақша қарыз екеніне көзі жетпей тұрса да, С.-ның Б. “маған ақша қарыз” деген болымсыз сөзін желеу етіп, бұзақылық ниетпен, алдын-ала келісім бойынша Б.-ның мойынынан қолымен ұстап, үнін шығармай үйдің ішіне — ас бөлмеге кіргізген, оның артынан үйге А.Б. жүгіріп кіріп, қонақ бөлмедегі столдың үстінде істеп тұрған магнитофонның дауысын қатты шығарған, оның артынан С. мен Р. кіріп, алдын - ала жоспарлағандай, ас бөлмеде А.Т. пышақты Б.-ның мойнына тақап оның қарсылығын басып, С.-ның көмегімен жерге жығып, басынан, денесінен жұдырығымен ұрып, Б.-ны есінен тандырған соң, сол жерден тауып алған көрпенің ақ тысын бөлшектеп жыртып, қиындысымен оның қолын және айқайлаған дауысын басу үшін ауызын байлаған. Осыдан кейін, алдын-ала сөз байласқан адамдар тобымен бұзақылық ниетпен кісі өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана өлтіру мақсатымен аса қатыгездікпен, яғни өзінің қылмыстық әрекетін Б.-ның жасөспірім балалары Ч.М. мен Ч.Т. көріп тұрғанын және оларға аса қатты жан күйзелісі келетіндігін біле тұра, жәбірленуші Б.-ның жүрегінің тұсынан бірнеше рет пышақпен ұрған, адам өлтіруге бағытталған ниетін аяғына дейін жеткізу мақсатымен Б.-ны бауыздап, оның өліміне тікелей себеп болатын денсаулығына “ауыр” зиян келтіріп, оны өлтірген.

Осы кезде қонақ бөлмедегі жасы кәмелетке толмаған Ч. М. шешесіне көмектеспек болып ұмтылғанда, Р. оны пышақпен қорқытып жібермей тұрған. Ч.М. оған қарсылық көрсеткен кезде, артынан жақындап келген С., Р.-дің қолындағы пышақты алып, Ч.М.-ның арқасына бірнеше жерден пышақ салып, Р.-дің көмегімен оның аузын, екі қолын артына қайырып байлап, кеудесінің бірнеше жерінен пышақ салған. Содан соң А.Б.-ның көмегімен оның аяғын байлап, аса қатыгездікпен, қарындасы Ч.Т.-ның көз алдында оны қинап, жүрегінің тұсына бірнеше рет пышақ тығып, бауыздап, оның өліміне тікелей себеп болатын денсаулығына “ауыр” зиян келтіріп, оны қасақана өлтірген.

Осы кезде А.Б., алдын-ала сөз байласқан өзара келісім бойынша бұзақылық ниетпен еш себепсіз, терезенің жанында жасы кәмелетке толмаған Ч.Т.-ны ұстап алып, жерге жығып, оны өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана өлтіру мақсатымен оған күш қолданып, Р.-дің көмегімен оның ауызын басып, аяғын байлап, аса қатыгездікпен, яғни аса қатты жан күйзелісін келтіріп, жүрегі мен оң жақ өкпесін зақымдап, кеудесіне бойлап шаншылып-кесіліп кірген жарақаттар, мойнының күре тамырларын зақымдаған шаншылып-кесіліп және кесіп кірген жарақаттар салып, пышағын үш рет жүрегінің тұсына сұғып, бауыздап өлтірген.

Жәбірленушілердің заңды өкілі апелляциялық шағымында сот үкімінің күшін жойып, істі соттың қайта қарауына жіберуді сұраған, іс бойынша жинал-ған құжаттармен айыпкерлердің қылмысы дәлелденген, олар тергеу барысында жасаған қылмыстарын толық мойындап, қылмысты оқиға болған жерде қалай жасағандарын көрсеткен бейне таспадағы жауаптармен, оқиға болған жерді өз еріктерімен көрсетіп тұрған бейне суреттермен, жәбірленуші Б.-ның тырнағының астынан алынған талшықтармен, іс бойынша өткізілген сот-дәрігерлік, криминалистикалық сараптамалармен, сотта сұралған куә Г.-ның оларды оқиға болған жерде көргенін айтқан жауаптарымен дәлелденгеніне қарамастан сот оларды заңсыз ақтағандықтан үкімнің күшін жойып, істі соттың қайта қарауына жіберуді сұраған.

Прокурор наразылығында Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының С., Р., А.Т. және А.Б. жөнінде шығарылған ақтау үкімі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңын дұрыс қолданбағандықтан, сондай-ақ, үкімде баяндалған сот қорытындысы істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуіне байланысты үкім заңсыз болғандықтан оның күшін жойып, істі соттың басқа құрамында қайта қарауға жіберуді сұраған. Наразылықта сот осы істі бір жақты қарағанын, істегі айыпкерлердің қылмысын мойындап, қылмысты мастықтың салдарынан қалай жасағандарын айтып бейне таспаға жазылған, олардың ал-ғашқы жауаптарына түсіндірме берген психиатр мен психологтардың қорытындысы мен жауаптарына дұрыс баға бермегендігін, іс бойынша жүргізілген сот-дәрігерлік, криминалистік сараптамалар қорытындыларының бұрмаланғанын, А.-ның мүддесін қорғаған қорғаушылардың тергеу органымен олар тарапына заңсыз әрекеттердің, дұрыс жауап алынбағандығы жөнінде шағым түсірілмегеніне қарамай, олардың жауаптарын заңға қайшы алынған деп қателесетінін, жәбірленуші Б. сотталушы С. арасында болған бас араздықтан, яғни жәбірлеуші Б.-ның С.-ның ырқына көнбеуінің салдарынан туған бұзақылық ниет қылмыс жасаудың негізі бол-ғанын, яғни С. қалған сотталушылар-ға арақ ішкізіп, жәбірленуші өзіне ақша қарыз деген сылтаумен алдап, олар мастықпен С.-ға еліктеп қылмысқа барған деп және сотталушылардың жасаған қылмыстарын дәлелдейтін дәлелдемелерді бұрмалаған деп көрсеткен.

Жоғарғы Сот судьясының іс бойынша баяндамасын, жәбірленушілердің заңды өкілінің апелляциялық шағымын қолдаған түсініктемесін, прокурордың наразылықты толық қолдап сот үкімінің күшін жойып, апелляциялық шағымды қанағаттандыруды сұраған пікірін, А.Т. және А.Б.-ның сот үкімін күшінде қалдыруды сұраған пікірлерін тыңдап, іс құжаттарымен толық танысып, зерттеп сот алқасы Алматы облыстық сотының А.Т. және А.Б. жөніндегі үкімнің күшін төмендегі негіздермен жойып, істі соттың қайта қарауына жіберді.

ҚІЖК-нің 24-бабының талаптарына сәйкес, сот істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті түрде зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.

Сонымен қатар, сот объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптау және қорғау тараптарына олардың істің мән-жайларын жан-жақты толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызады. Сот тараптардың пікірімен байланысты емес және өз бастамашылығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті шаралар қолдануға құқылы екені көрсетілген.

Алайда сот заңның бұл талаптарын толық орындамаған, яғни іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті заңды шараларды толық қолданбаған, онда тек Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының істегі алдын-ала тергеуде жіберген кемшіліктерді көрсеткен, сотталушылардың уәждерін тексергенде істегі басқа дәлелдемелермен салыстырмалы түрде тексеріп баға беру туралы қаулысын толық орындамай, істі тек бір жақты қараған.

Бірінші сатыдағы сот өзінің ақтау үкімінде сотталушылар С., А.Т., А.Б. және Р.-дің сот отырысында өздерін қорғап, заң алдында бой тасалап кету мақсатында берген жауаптарын басшылыққа алған.

Ал сотталушылардың алдын-ала тергеу барысында берген жауаптарына және басқа да іс бойынша жиналған фактілерге мән бермей, сот тергеуін біржақты жүргізген.

Сот сотталушылардың ұрып- соқты деген тұжырымдарын негізге алып, оларды куәландырып, денесінде дене жарақаттары жоқ екендігіне айғақ болған дәрігердің анықтамасына тиісті баға беріп, оны теріске шығаратын дәлелдемелерді сот үкімінде көрсетпеген.

Бірінші сатыдағы сот куәлардың жауаптарын теріске шығаратын дәлелдемелер келтірмей, олардың жауаптарын дәлелдемелер ретінде негізге алмаған.

Сондай ақ, сот 2004 жылғы 4 нау-рызда сезікті ретінде жауап алынған Р.-дің өзінің қолымен жазып, “қылмысын мойындап” берген ең бірінші жауа-бының хаттамасында, бір біріне қайшы келетін екі түрлі сиямен екі түрлі жауап жазылған, оның біреуінде С., Алматыдан ақпан айының 27 жұлдызында келді десе, ал екінші жауабында 28-де келді деген соңғы жауабы жалған деп қандай негізде алып отырғаны түсініксіз.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңында хаттаманы екі түрлі сиямен жазу заңсыз болып табылатын нормалар сот үкімінде көрсетілмеген.

Сонымен қатар, жоғарыда аталғандай, облыс прокурорының орынбасары бұлтартпау шарасын белгілеу кезінде Р.-дің істің мән-жайын толық айтып, мойындап берген жауаптарын қандай негізде теріске шығарып отырғанын, сот ақтау үкімінде көрсетпеген.

Соттың ақтау үкімінің басты дәлелінің бірі - қылмыстың себеп-салдары (мотиві) жоқ делінген, алайда іс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты тексерілмеген. Онда сотталушы С. өзі жеке басты сері болғандықтан, жесір жүрген Б.-ға бірнеше рет сөз салып, оған жақын-қатынасқа түсуге ұсыныс жасап жүргендігі, алайда соңғының оған көнбегені іс құжаттарымен бекітілетіні толық тексеріліп мән берілмеген.

Бұл туралы іс бойынша негізгі куә Г., өзінің жауабында, С., Б.-ға тиісіп, жақын қарым қатынасқа түспекші болып дәмеленіп жүргенін, 2004 жылдың қаңтар айында С. оның үйіне келіп жыныстық қатынасқа түспекші бол-ғанда, соңғысы үйінде тұрған мылтықпен қорқытқанын, содан С. қашамын деп үйдің жанындағы жыраға түсіп кеткені туралы тірі кезінде Б.-ның өзіне айтып бергенін көрсеткен, яғни жәбірленуші Б.-мен сотталушы С.-ның арасында болған бас араздықтан, Б.-ның, С.-ның әрекетіне көнбеуінің салдарынан туған бұзақылық ниет қылмыс жасаудың негізі (мотиві) болу мүмкіндігін сот жан-жақты тексермеген, оған тиісті баға бермеген.

Сондай-ақ, бірінші сатыдағы сот, сотталушылардың мастықтың салдарынан қылмыс жасаған кездегі әрқайсысының қандай әрекет жасағандықтарын анық айту мүмкіндігін толық, жан-жақты тексермеген, осы тұрғыда өткізілген сот сараптама қорытындыларын қандай негізде теріске шығаратын дәлелдемелердің бар екенін сот үкімінде көрсетпеген.

Осы орайда, Сараптау орталығының 2005 жылдың 7 ақпаны күнгі № 600 қорытындысымен, наркология бөлімінің меңгерушісі М.-ның, 2004 жылдың 24 қарашасындағы № 02-01-26 комиссиялық сараптама қорытындысымен танысып, сотта берген жауабында - А.Т., А.Б., С., Р.-дің алдын-ала жауап алу кезінде берген жауаптары және оқиға болған жерді тексеру кезінде берген жауаптары жәбірленушілердің денелері-не жарақаттар салыну жағдайларына сәйкес келетіні, сол жарақаттарды олардың өздері немесе осы қылмысқа қатысушылардың біреулері келтіруі мүмкін екендігі және олардың қатты мас болғандықтан болған оқиғаны шатастыру мүмкіндігі айтылған жауаптарына мән берілмей заңды тұрғыдан баға берілмегені іс құжаттарынан көрініп тұр.

Сонымен қатар, тергеу басталған кезде сезікті С.-ға 2004 жылғы 2 нау-рыздағы шарт бойынша заңды қорғау-шы Е. тағайындалғанымен, бірінші сатыдағы сот тергеу органдары ҚР ҚІЖК-нің 72-бабының талаптарын өрескел түрде бұзып, 2004 жылғы 4 наурызда сезікті С.-дан қорғаушы қатыстырылмай жауап алған деп көрсеткен, С. кінәсін мойындамаған соң, оны Көксу АІІБ-нің уақытша қамау изоляторына апарып, заңда көрсетілген 5-тәулік өтпей, ҚР ҚІЖК-нің 72-бабының 3-тармағының талаптарын өрескел түрде бұзып, заңсыз басқа адвокат ұсынып, С.-дан жауап алып, кінәсін мойындаттырған деп, ҚР ҚІЖК-нің 116-бабының қандай бөлігінің қай тармағының бұзылғанын көрсетпей, оны жалпылама қолданып, ақтау үкімінің негізіне алып, С.-ның жауабының мазмұны заңсыз деп таныған. Алайда, соттың осы негіздеуі дұрыс емес. Себебі, С.-дан жауап алғанда қорғаушы ретінде адвокат Е. қатыстырылған, оған С.-ның өзі жазып берген арызы негіз болған.

ҚР ҚІЖК-нің 72-бабына сәйкес сезікті, айыпталушы өзінің қорғауына бірнеше қорғаушы шақыруына, қорғау-шыларын ауыстыруға құқығы бар делінген. Демек, С. қорғаушы адвокат Е.-нің қатысуымен қылмысты қалай жасағаны туралы берген тиянақты жауабын (бейнетаспаға түсірілген) заңсыз деп, жан-жақты тексермеген, өйткені адвокат заңды ордерін іске тіркеп, процесске қатысқан.

Соттың ақтау үкімінде С.-ның уәждері жан-жақты тексерілген деуге болмайды.

Бірінші сатыдағы сот ақтау үкімінің негізіне С.-ның уәждерін растайды деп куә Ш.-ның жауабын алған, онда ол қызы А. екеуі 2004 жылы ақпан айының 27-нен 28-не қараған түні сағат 2.00 шамасында ол вокзалға, Алматы қаласының базарына бару үшін темір жол бекетіне келе жатып көпірдің тұсында көршілері С. мен Р.-ды көргенін, содан кейін С. қол чемоданын вокзал ішіне қойып, өзі далада темекі тартып тұрғанын, содан поезд келген кезде ол қызы екеуі оған отырып Алматыға кеткені, оның нақты поездға отырғанын көрмей, тек С.-ның поездың алдыңғы жағына қарай жүгіріп кеткенін айтып көрсеткен. Сондай-ақ, қызы А.-ны Алматыға бірге алып кететін болған соң, сенбі күнгі, яғни 2005 жылғы 28 ақпанда болатын сабақтарынан сынып жетекшісінен сұрап алып кеткенін айтқан.

Тергеу барысында және сот мәжілісінде анықталғандай, 2004 жыл-ғы 28 ақпанда куә Ш.-ның қызы А. ешқайда да кетпегені куәлардың жауаптарымен және сынып журналымен анықталғандығына қарамастан ақтау үкімінің негізіне алынған.

Сондай-ақ, С-ның уәждерін құрған кезде куә К.-ның жауабын теріске шығаратын іске тіркелген анықтама сотта тексерілмеген, осы жауаптарды соттың ақтау үкімінің негізіне алғанын дұрыс деп тануға болмайды.

Ал сезікті ретінде жауап берген А.Т. мен А.Б. алғашқы жауаптарында Б.-ның үйіне кіргенде қыз бала пеш тұрған бөлмеде болды және магнитофон дөңгелек стол үстінде тұрды деп көрсеткен. Олардың жауаптарында бұрын Б.-ның үйінде болмағаны айтылған. Олай болса олар пәтер ішіндегі заттардың қайда тұрғанын, қайсы бөлмеде пеш болғанын қайдан білетіндері соттың назарынан тыс қалған.

Тергеу әрекеттері барысында қолданылған бейнежазулар бойынша жүргізілген психолого-криминалистикалық сараптама қорытындысына сәйкес айыпкерлер С., А.Т. және Р.-дің интеллектуалды еріктілік жағдайлары тергеу әрекеттері барысында өзгермеген. Оларға сырттай психологиялық қысым болғаны туралы белгілер жоқ, айыпкерлер (сотталушылар) оқиға болған жерді көрсету арқылы тексеру кезінде берген жауаптарының толық шындыққа ұласады деген, алайда ақтау үкімінде сот осы ғылыми тұрғыда берілген қорытындыны теріске шығаратын негіздерді көрсетіп теріске шығармаған.

Р. мен А.-дан алынған пышақтардан және айыпкерлердің киімдерінде жәбірленушілердің қандары табылмаған. Осы бойынша маман ретінде сұралған сарапшы-биолог С. былай деп жауап берген: “жаңа қан дақтарын мұқият, ұзақ уақыт аққан суға жуған кезде және киімдердегі жаңа қан дақтарын суға салып қойып жібітіп, кір жуғыш зат қосып жуғанда кетіп қалуы мүмкін“ деген жауабын теріске шығаратын негіздер не дәлелдемелер сот үкімінде келтірілмеген.

Сонымен қатар, қылмыстық іс құжаттарына тіркелген сотталушылардың “қылмысын толық мойындап” берген жауаптары қылмыстық оқиға желісіне де сәйкес келмейтіндігі, көп жағдайда қарама-қайшы келетіндігі, сотталушылардың “қылмыстық іске қатысымыз жоқ, жауапты тергеу орындарының айтуымен берген едік ” деген жауаптары бойынша айыпкерлердің жауаптарындағы кейбір қарама-қайшылықтардың себебін анықтау үшін маман ретінде жауап алынған көп жылғы тәжірибесі бар врач-нарколог М. қосымша былай деген: “арақтың салдарынан еске сақтау қабілетінің өзгеруі әр түрде болады. Бір белгісі алкогольді палимпсестер, ол жағдайда адам, болған оқиғаның кейбір сәттерін есіне түсіре алмайды, екінші белгісі - мас болудың соңғы сатысы амнезия болу, яғни адам мас болудың алғаш-қы сәтін есінде сақтап, соңына таман еске сақтау қабілетін жоғалтады“.

Сондай-ақ сотта куә ретінде облыстық сот қаулысының негізінде сұрал-ған дәрігерлік-криминалистикалық сараптама жүргізген сарапшы П. 2004 жылғы 24 қарашадағы № 02-01-26 сараптама қорытындысы бойынша төмендегідей жауап берген: “қаулыда көрсетілген сұрақтарға жауаптар қылмыстық іс құжаттарына, яғни оқиға болған жерді қарау хаттамасына, оның сызбасына, бейнетаспаға түскен жазуларға, А., Р., С. жауаптарына, олардың жауаптарын оқиға болған жерде тексеру арқылы көрсету кезінде берген жауаптарына, осы кездегі бейнетаспадағы жазулар арқылы жүргізілген дәрігерлік және дәрігерлік-криминалистикалық қорытындылар негізінде жүргізілді, ал айыпкерлердің психо-физиологиялық ерекшеліктері ескерілмеді, өйткені осы ерекшеліктер туралы мәселені шешу Алматы облыстық сотының қаулысында сарапшының шешуіне берілмеген. Айыпкерлердің жауаптарына баға беру жәбірленушілердің денелеріндегі жарақаттардың пайда болуына, жәбірленушілердің оқиға болған жердің қай тұсында жатқандарын негізге алу арқылы берілгендігін айтқан” жауаптарын ғылыми түрде теріске шығаратын негіздерді сот үкімінде көрсетпеген, ол мамандардың жауаптарын теріске шығармаған, яғни олардың қорытындылары тексерусіз қалған.

Сотта куә ретінде сұралған басқа сарапшылар О. және Р. осы мазмұндас жауаптар берген, олардың да жауаптары ескерусіз қалған.

ҚР Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19 “Сот үкімі туралы” нормативтік қаулысының 2-бөлігіне сәйкес заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға беріл-ген дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады. Жоғарыда айтылған жағдайларға қарағанда бірінші сатыдағы соттың тұжырымы осы заң талаптарына сәйкес келмейтініне байланысты соттың ақтау үкімін заңды деу-ге негіз жоқ деп табады.

Істі сотта қарау барысында, осы іс бойынша бірнеше рет сұралған куә Г.-ның жауаптарын жан-жақты ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес тексеріп, істегі жиналған басқада дәлелдемелермен салыстыру жолымен объективті түрде, іс барысында қандай жағдайда қалай жауап бергеніне талдау жасап, істің анық қанығына қаншалықты қатыстылығын анықтап, іс бойынша жүргізілген криминалистикалық, биологиялық, физика-техникалық, және басқа да сот сараптамалары қорытындыларын, айғақты заттарды алу, қарау және оларды тексеру ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес жүргізілгендігін тексеру қажет.

Сонымен қатар, іс бойынша жалған атпен сұралған куәлардан алынған жау-аптардың қаншалықты заң талаптарына сәйкес алынғанын тексеріп, істің анық-қанығына жетуге жеткіліктілігін жан-жақты тексеріп, баға беру қажет.

Сондай-ақ, куәлардың қылмысты оқиғадан кейінгі жәй-күйі қандай бол-ғаны жөнінде және сондай жағдайда адамның есте сақтау, еске түсіру қабі-летінің мүмкіншілігін зерттемеген, ал істегі психолог пен психиатрдың қылмыстық іс бойынша берген қорытындысын бірінші сатыдағы сот жан-жақты тексермеген, оның қаншалықты ғылыми тұрғыда негізделгендігіне баға бермеген, ал оған күмән келтірген жағдайда қандай ғылыми негізде теріске шығаратынын үкімде көрсетпеген.

Істі сотта қайта қарағанда ҚІЖК-нің 24-бабының талабына сәйкес, істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолданып, бейтараптылықты сақтай отырып, айыпкерлердің қылмысын мойнына қоятын куәлардың өз жауаптарын өзгерту себептерін, олардың заң талаптарына сәйкес алынғанын, істегі бейнетаспадағы бейнекөріністерді заңды түрде тексеріп, талқылап, тиісті баға беру қажет, айыптау және қорғау тараптарын істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызып, айыпталушыларды әшкерелейтін, ақтайтын мән-жайларды, сонымен қоса іс бойынша туындаған, туындайтын қарама-қайшылықтарды, наразылықта және шағымдарда келтірілген және істің заңды шешілуіне ықпал ететін басқа да тиісті мән-жайларды толық анықтап, іс бойынша заңды шешім қабылдау қажет.



Жоғарыдағы мән-жайлардың негізінде ҚІЖК-нің 411-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, алқа Алматы облыстық сотының С., Р., А.Т., және А.Б. жөніндегі ақтау үкімін бұзып істі сол соттың басқа құрамында қайта қарауға жіберіп, жәбірленуші Ч.М.-ның апелляциялық шағымы мен прокурордың наразылығын қанағаттандырды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет