Сотталғанның алдын-ала сөз байласып, қылмыстық топ құрып, жәбірленушілерді ерекше қаталдықпен өлтіргені істегі нақты дәлелдермен бекітілмейді



Дата26.04.2016
өлшемі46.94 Kb.
Сотталғанның алдын-ала сөз байласып, қылмыстық топ құрып, жәбірленушілерді ерекше қаталдықпен өлтіргені істегі нақты дәлелдермен бекітілмейді

( үзінді)
М., бұрын сотталмаған. ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «а, е, д, ж, и» тармақтарымен 17 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған.

Үкім бойынша М. төмендегі жағдайда қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін айыпталған: ол өзінің таныстары С. мен алдын-ала тергеу кезінде аты-жөні анықталмаған адаммен Ш-ның үйіне келген. Осы жерде М. аты-жөні анықталмаған адаммен алдын-ала сөз байласу арқылы топ құрып, екі немесе одан көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен, ешбір себепсіз, бұзақылық ниетпен, адамдарға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру мақсатында белгісіз атыс қаруымен қаруланып, Ш-ның үйінің ауласына кірген. Аулада отырған Ш., А., И., Қ., Д., Л., О., Ж -ларды көріп, қолындағы тергеу барысында анықталмаған мылтықпен бірнеше рет атып, аса қатыгездікпен, жақын туыстар ағалы-інілі И. мен Қ-ны бір-бірінің көздерінше жарақаттап, оларды қатты күйзеліске түсіріп қасақана өлтірген.

Апелляциялық шағымында сотталушы М. өзіне алдын-ала тергеу кезінде полиция қызметкерлері қысым көрсетіп айыбын мойындатты және олар жәбірленушілер С. мен Қ-ны да оның мылтық атқанын көргендері жөнінде жауап беруге мәжбүрледі деп жазып, үкімді бұзып, өзін ақтауды сұраған.

Сондай-ақ, ол істі апелляциялық тәртіппен қараған кезде өзін қатыстыру туралы өтініш жасаған. Бұл өтініш қанағаттандыруға жатпайды, себебі, ҚІЖК-нің 408-бабының 2-тармағындағы талаптарға сәйкес, іс бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған айыптау-шы тараптың шағымы немесе наразылығы болған жағдайда ғана оның апелляциялық сатыға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Жоғарғы Сот судьясының баяндамасын, сотталушының адвокатының апелляциялық шағымды қолдаған сөзін, прокурордың үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұраған қорытындысын тыңдап, апелляциялық шағымда келтірілген деректер мен іс материалын толық зерттеп, Жоғарғы Сот алқасы төмендегідей тоқтамға келді.

Соттың М. атыс қаруын қолданып, көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен екі адамды қасақана өлтіргені туралы тұжырымы дұрыс, басты сот талқылауында тексерілген деректерге негізделген.

Атап айтқанда, М-ның аталған қылмысты жасағаны оның алдын-ала тергеу кезінде берген жауаптарында Ш-ның ауласында қосауыз аңшы мылтығымен екі рет атқанынан Қ. мен И-дың қаза болғанын мойындауынан басқа; оқиға болған жерге бірге еріп барған У-дың осы нақты жағдайды толық қуаттап, М-ның екі рет мылтық атқанын, деген жігіттің жерге құлағанын байқағаны туралы жауабымен; жәбірленуші С-ның мылтығы бар М-ның бір-екі жігітпен арпалысып жатқанын, сосын ол А. деген жігітке қарай мылтық атып, оның санына оқ тигенін, ауланың ішінде оқ тиіп Қ-ның өліп, екінші жерде И-дың қорылдап жатқанын, оның басын С. көтеріп ұстап отырғанын көргені туралы жауабымен, сондай-ақ сотталушы М-ны жәбірленушілер А., С., Н., С және Ш-мен беттестірген кезде өзінің И.мен Қ-ны мылтықпен атып құлатқаны туралы көрсетуімен; М-ның жоғарыда атал-ған жауаптарының дұрыстығын анықтау үшін куәларды, қорғаушы-адвокатты қатыстырып оқиға болған жерде тексеріс жүргізу хаттамасымен; сот-дәрігерлік сараптаманың жәбірленушілер Қ. мен И-дың бас, өкпе, мойындарына тиген бытыралардан денсаулықтарына ауыр зиян келіп, қаза болғандары жөнінде қорытындыларымен; жәбірленушілер С., Н., А -ның денсаулықтарына жеңіл зиян келтірілгені туралы дәрігерлік сараптаманың қорытындыларымен; оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, басқа да сотта зерттелген істегі бар деректермен толық дәлелін тапқан.

Осымен қатар, бірінші сатылы соттың жәбірленушілерді алдын-ала сөз байласқан топ құрып, бұзақылық ниетпен және аса қатыгездікпен өлтіргендегі туралы тұжырымы орынсыз, іс бойынша жинақталған деректердің мәнінен туындамайды.

Істің нақты анықталған мән-жайына қарағанда, сотталушы М. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ж-ның штабының құрамында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге көмектескені және қасында оққағары ретінде жүргені үшін Ж. оған сайлау біткеннен кейін 5 мың АҚШ долларын беретін болған, онымен бірге С., Т., А. және И. деген жігіттер де жүрген. Депутаттыққа кандидат Ж. 2004 жылы 1 қыркүйек күні М.мен оның қасындағы аталған жігіттерді «Сұнақ ата» кафесіне шақырып, онда Ж. сайлау кезінде дауыс жинау үшін О-ға 2 млн. теңге бергенін, ал О. мұндай ақшаны алмағанын айтып, екеуі керіскен. О-ның тобында Ш. және А. деген жігіттер болып, олар да ешқандай ақша алған емеспіз деп Ж-мен дауласқан. Осыдан кейін 2 қыр-күйек күні М-мен бірге жүрген И. деген жігіт телефон шалып, өзін және А-ны С. мен оның жігіттері ұрып-соғып жатқанын айтып көмек сұраған. М. қасына екі жігітті ертіп, оқтаулы қосаусыз аңшы мылтығын машинаға салып алып С-ның ауласына барған. Аулаға бірінші болып кірген М-ға балағат сөздер айтып, қасына жақындаған А-ны ол қолындағы мылтығымен бетіне ұрып жерге құлатқан. Сосын ол аулада отырған адамдарды қорқыту үшін мылтығын кезеген кезде үйдің терезесінен мылтық атылып, қасындағы У-ға оқ тиген. Осыдан кейін М. қарсы келген Қ-ны және өзіне ұмтылған бейтаныс екінші жігітті мылтықпен атып құлатқан. Яғни, М-ның қылмыс жасауына депутаттыққа кандидат Ж-ның дауыс сатып алу үшін берген ақшасынан туындаған ұрыс-керіс пен бас араздық себеп болған. Мұндай жағдайда, үкімде көрсетілгендей, М. қылмысты «ешбір себепсіз бұзақылық ниетпен» жасады деуге заңды негіз жоқ.

Сондай-ақ, үкім бойынша М-ның алдын-ала сөз байласқан топ құрып, жәбірленушілерді ерекше қаталдықпен өлтіргені туралы соттың жасаған түйіні де істегі бар деректермен бекімейді. Өйткені, қандай жағдайда осы қылмыс-ты жасауға алдын-ала келісіп топ құрылғаны, топтың әр мүшесі қандай әрекет жасауға тиісті болғаны белгісіз, тергеу кезінде жеке басы анықталмаған топ мүшесінің нақты қылмыстық әрекеттері сипатталмаған және сотталушы М-ның жәбірленушілерді өлтіруге ғана емес, өлтірер алдында немесе өлтіріп жатқан кезде жандарын қинауға, олардың өлтірілуіне куә болған жақындарын күйзелтуге бағытталған тікелей ниеті болғаны анықталмаған.

Сондықтан да, М-ның қылмыстық әрекеттерінен ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж, д, и» тармақтарымен дәрежелеу белгілері шығарылып тастауға жатады.

ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «а, е» тармақтарымен М-ның әрекеттерін сот дұрыс дәрежелеген, жаза белгілегенде жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде М-ның бұрын сотталмағаны, жастығы, отбасылы екені ескерілген, сонымен қатар, қылмысының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесі, ауыр зардаптар келтіргені жауаптылығын ауырлататын жағдай деп тауып, оған ҚК-нің 52-бабында көзделген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін ұстанып, заңға сәйкес дұрыс та әділетті жаза тағайындаған.



Сотталушы М-ның апелляциялық шағымындағы тергеу кезінде оған, жәбірленушілер мен куәларға заңсыз қысым көрсетіліп, айыбын мойындауға мәжбүрлегені туралы уәждері алдын-ала тергеу барысында және басты сот талқылауында толық тексеріліп, іс бойынша нақты анықталған мән-жайлармен теріске шығарылған.

Сондықтан, ҚІЖК-нің 411-бабының 3-бөлігін басшылыққа алып, Жоғарғы Сот алқасы Оңтүстік Қазақстан облыс-тық сотының М. жөніндегі үкімін өзгертіп, үкімнен ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «д, ж, и» тармақтарымен дәрежелеу бөлігін шығарып, үкімнің басқа бөлігін өзгеріссіз қалдырды, сотталушының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет