Соттылықтың қылмыстық –құқықтық салдары



жүктеу 51.95 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі51.95 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Соттылықтың қылмыстық –құқықтық салдары

(шет ел тәжірибесі)
Бахтиярқызы Альбина

2-курс студенті

Халықаралық құқық кафедрасы

Халықаралық қатынастар факультеті

әл-Фараби атындағы КазҰУ

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы Амандосұлы Бағдат
Тақырыптың өзектілігі: Шет елдердің қылмыстық құқығын Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығымен салыстыра оқытуға еліміздің заң ғылымында ерекше көңіл бөлінеді.Тіпті ҚР қылмыстық кодексі де шет ел тәжірибесіне сүйене отырып жазылғанын атап өткен жөн. Сондықтан да бұл тақырыпты шет ел тәжірибесі тұрғысынан қарастырып, отандық тәжірибемен салыстырмалы түрде зерттеген дұрыс деп есептеймін. Соттылықтың қылмыстық құқықтық салдары қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.ҚР Қылмыстық кодексінің 77-бабының 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Осы кодекске сәйкес соттылық қылмыстың қайталануын айқындау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі делінген. Байқап отырғанымыздай, соттылық тек жазаны өтеуде ғана емес, сонымен қоса жазаны өтеп біткеннен кейін де өзінің құқықтық салдарын туғызып, сотталған тұлғаның құқығы мен жеке бостандығын шектейтінін көреміз. Ал ҚР Конституциясының 12-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi және 16-бабына сәйкес әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар, 24-бабына сәйкес әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар делінген.Бірақ осылай заңда жазыла тұра, бұрын сотталған адамға бұл құқықтар мен бостандықтар толық берілмейді. Себебі сотталған адам жазасын өтеп болған соң қоғамға бірден еркін еніп кете алмайды. Мұндай сәттерде сотталған адамның,сонымен қоса оның жақын қандас туыстарының, әсіресе, балаларының құқықтары шектелетінін байқаймыз. Сондықтан да заңдағы осындай қалыптасқан қарама –қайшылықтарды жою, жазасын өтеген адамның құқықтарының, бостандықтарының жазаны өтеп болған соң қалпына келтірілуі, сотталған адамның жақын туыстарының құқықтарының шектелмеуін қамтамасыз ету қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі ретінде тақырыпқа арқау болды.

Негізгі бөлім.Қазақстан Республикасында сотта айыпталушы тұлғаға қандай да қылмысты жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалған және соттың айыптау үкімі заңдық күшіне енген уақыттан бастап сотталған деп танылады [1]. Сотталушы тұлға жазаны өтеу көзінде де және сонымен қатар жазаны өтегеннен кейін заңда белгіленген мерзім ішінде де сотталған болып есептеледі.Тұлғаны сотталған деп тану белгілі бір қылмыстық-құқықтық салдарды қамтиды. Бұл салдар тұлғаның соттылығымен байланысты. Жаңа қылмыс жасағанда тұлғаның соттылығы бар болса, қылмысты квалификациялауға әсер етеді:

1. жаңа қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан тұлғаны босатуға (заңда көзделген негізі бар болса да) кедергі жасайды;

2. қайтадан жасалған қылмыстың саралайтын белгісі ретінде қызмет етеді;

3. сот таңдаған жазаны күшейтеді;

4. тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп тануға негіз болады;

5. бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаның өтелу режимінің түрін анықтауға әсер етеді;

6. жазаны өтеудің шартты-мерзімінен бұрын босатылуына кедергі келтіреді.

Сонымен қоса соттылықтың мынадай жалпықұқықтық салдары да туындайды:белгілі бір қыметпен немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануына шек қойылады[1,41-бап], қаруды иеленуіне шек қойылады, қарулы күштерде әскери қызметпен айналысуына тыйым салынады.Ал шет елдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай құқықтық салдар кейбір елдерде өзгеше қарастырылса, кейбір елдерде тіпті мүлдем байқалмайды. Мәселен, алғашқылардың бірі ретінде Германия елін қарастырайық.140 жылдан астам тарихы бар Германияның 1871 жылы 15 мамырда қабылданған Қылмыстық кодексінде арнайы қылмыстық іс-әрекеттің салдары деген 3-тарау бар [2,аударма]. Осы тарауда қарастырылған соттылықтың салдарына келер болсақ, егер адам 1 жылдан кем емес уақытқа сотталған болса ғана белгілі бір қызметпен айналысуға, лауазымға ие болуға тек белгілі бір мерзімге ғана (5 жылға дейін) шектеледі.Ал Италияның Қылмыстық кодексіне келер болсақ, 23-бап бойынша бұрын сотталған адамдар қайтадан дәл сондай қылмысын қайталап жасағанда ғана оның соттылығы жазаны ауырлатуда ескеріледі[3,аударма], ал егер сотталған адам жазасын өтеп болған соң , басқа қылмыс жасаса, онда ол жазаны ауырлатуда ескерілмейді делінген[3,23-бап, аударма].Жалпықұқықтық соттылық салдарына келер болсақ, Испанияның бұл кодексінің 42 және 43-бабы бойынша белгілі бір лауазымды иелену, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан тек жазасын өтеуде ғана айырылады, ал сот үкімі уақыты аяқталғанда яғни жазасын өтеп болған соң мұндай құқықтық салдар туындайтыны туралы жазылмаған.Ал Жапонияның Қылмыстық кодексі бойынша бұрын сотталған адамның соттылығы жазаны өтеп болған соң белгілі бір қызметпен айналысуына не лауазымға ие болуына кедергі жасамайды [4]. Байқағанымыздай, шет елдердің көбінде соттылықтың ешқандай құқықтық салдары байқалмайды, яғни сотталған адам тек жазаны өтеу барысында ғана белгілі бір құқықтарынан шектеледі, ал жазаны өтеп болған соң ол құқықтарды қайтадан иемденеді және де сотталған адамның жақын туыстарына, балаларына белгілі бір құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруда оның соттылығы еш әсер етпейді.



Қорытынды.Жоғарыда қарастырылған мәселелерді қорыта келе, мен ҚР Қылмыстық Кодексіне мынандай өзгерістерді енгізуді ұсынамын:

  1. ҚК 41-бабында аталған белгілі бір лауазымды атқару немесе

белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды қосымша жаза ретінде қолдануды алып тастау.Себебі бір рет абайсызда,білместен қылмыс жасаған адам жазасын өтеген соң өзінің жасаған қатесін толық түсініп, енді қайталамауға тырысатын болады.Сондықтан осындай жазасын өтеп болған адамдарды құқықтық шектеудің қажеттілігі жоқ.Бұл жерде бұрын сотталған тұлғаның ҚР Конституциясының 24-бабы бойынша конституциялық құқығының бұзылатынын байқаймыз.

  1. ҚК 54-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән –жай ретінде бұрын жасаған қылмыстарды қарастырмау. Себебі ол қылмыс үшін жаза бұрын өтеледі, яғни қылмысты квалификациялау кезінде жазасы өтелген қылмыс жаңа жасалған қылмысқа әсер етпеуі керек.

  2. ҚК 54-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән –жай ретінде бір қылмысты әлденеше рет жасауды қарастырмау. Себебі ҚК 3-бабы бойынша бір қылмыс үшін ешкім де қайталанып қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды делінген. Ал 54-бапта қайталанған қылмыс жазаны ауырлататын мән –жай деп қарастырылған.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970000167_#z84 (27.03.14ж. 13:14:29)

  2. Проф.Майкл Бохлэндрдің аудармасындағы (Michael Bohlander) Германияның қылмыстық Кодексі.

http://www.gesetze-im-internet.de/englisch_stgb/englisch_stgb.html#p0180 (28.03.14ж. 09:22:29)

  1. «WIPO» дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының ресми сайты.Италияның Қылмыстық Кодексі. http://www.wipo.int/wipolex/en/details.jsp?id=2507 (28.03.14ж. 11:06:37)

  2. J.E. de Becker. «Japan. All rights reserved».Гарвард колледжінің кітапханасында сақталған Жапонияның Қылмыстық кодексінің ағылшын тіліндегі аудармасы - Йокогама қ.: Kelly & Walsh, 1938 ж.-122б. 23 Б.(29.03.14ж. 12:26:32)

Резюме:

  1. В данной статье рассматриваются уголовно-правовые последствия судимости по уголовному законодательству зарубежных стран  и проводиться сравнительный анализ с уголовным законодательством Республики Казахстан.

  2. This article discusses the penal consequences convictions under the criminal law of foreign countries and conducted a comparative analysis of the criminal laws of the Republic of Kazakhstan.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет