Созылмалы вирустық гепатит бойынша дөҢгелек үстелді жүргізу тәртібі басталуы



жүктеу 22.64 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі22.64 Kb.
СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТ БОЙЫНША

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

Басталуы: сағат 14.30 12 шілде 2013ж.

Өтетін орны: ҚДСБ кіші залы

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар!

Дөңгелек үстелде қаралауға тиіс мәселелер өзекті әрі барлық мамандықтар үшін тәжірибелік қызығушылық туғызады. Дөңгелек үстелге ҚДСБ бас мамандары, РММ бас дәрігерлері, инфекциялық ауруханалардың, СПИД орталығының, қан орталығының бас дәрігерлері, гепатокабинет дәрігерлері, Қазақ Ұлттық медициналық университеті және Алматы Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты, ҚазҰТВАЗИ жетекші кафедраларының басшылары мен қызметкерлері және «AGEP C» ҚҚ директоры қатысады:





  • Досқожаева Сәуле Темірболатқызы, АМДБЖИ инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі

  • Дүйсенова Аманкүл Қуандыққызы, ҚазҰМУ инфекциялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор

  • Алдашева Жанна Ахметқызы, АМДБЖИ гастроэнтерология кафедрасының доценті (демалыста)

  • Нерсесов Александр Витальевич, гастроэнтерология, гепатология кафедрасының меңгерушісі, профессор

  • Құрманова Күләш Байсейіхқызы, АМДБЖИ, м.ғ.д., профессор

Біз нормативтік құжаттарға сәйкес созылмалы вирустық гепатит, диаогностика және тағайындау критерийлері және вирусқа қарсы терапия мониторингін талқылау үшін дөңгелек үстел өткізбекпіз.

Қазіргі уақытта қалада гепатокабинет бар, мұнда ВҚТ күту парағында (ВҚТ) көрсетілген вирусқа қарсы терапия тағайындаулары бойынша комиссия қарауына жіберу үшін науқастарға кеңес беруді қамтамасыз етеді. Гепатокабинет дәрігері вирусқа қарсы препараттарды береді, сонымен қатар АМДБЖИ инфекциялық аурулар кафедрасының доценті З.И. Сүлейменовамен бірге диагностикасы күрделі пациенттерге және қарсы көрсетілімдері бар науқастарға әрі қарай жүргізу тактикасын дайындау үшін

кеңестер береді.

СВГ бойынша күрделі жағдайлдардың негізгі себебі ВҚТ мұқтаж барлық жандарды қамту болып табылады. Мынаны баса айту қажет, жыл сайын ВҚТ алған СВГ бар науқастардың саны артуда. Қазіргі уақытта ВҚТ 155 науқас алады, жыл аяғына дейін 400 пациентке дейін жетеді, ВҚТ пациенттерін максималды қамтуға мүмкіндік береді.

Жан-жақты қолдауды талап ететін ерекше маңызды мәселе - СВГ, ЦИРОЗ пациенттерін жан-жақты зертханалық және клиникалық зерттейтін қалалық гепатоорталық ұйымдастыру мәселесі.

№5 ҚЕ жанынан гепатоорталық ашу жоспарлануда, ҚР ДСМ жыл аяғына дейін фиброзды диагностикалау үшін фиброскан қойылған.



ОФ «AGEP C» ҚҚ алдында, біздің серіктес ретінде СВГ бар науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру бойынша серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылауды ұсынып отырмыз.

Бүгін біз осы мәселелерді талқылап, бұдан әрі жоспарды құруымыз қажет.



Осы мәселе бойынша біздің жетекші ғалым-мамандар, институт профессорлары сөз сөйлейді



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет