Спабек Ақжайық фат- 812 б қарым-қатынастың коммуникативті жағы



Дата26.04.2020
өлшемі33.47 Kb.
Спабек Ақжайық ФАТ- 812 Б
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

Қарым-қатынас адамдар өмірінде негізгі орын алады.Қарым-қатынас процесі соның ішінде іскерлік қарым-қатынас бұл комуникация, сонымен қатар мәлімет алмасу, пікір алмасу, көңіл-күй тілектерін бөлісу.Қарым-қатынастың нәтежиесі мына факторларға байланысты; комуникациялық құралдарды дұрыс қолдану, комуникациялық қабілет, білік- дағдыны қолдана білу.Қарым-қатынастың негізгі құрадарына вербальды, вербальды емес құралдар жатады. Вербальды емес құрадарға сезім мен эмоцияның мимика жест арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынаста бейнеленуі. Қарым-қатынас адамның өмір сүру мәнін және сынилылығын білдіреді. Адамның өзіне тән ерекшелігі қарым-қатынаста көрініп отырады.Сонымен қатар қарым-қатынас ұжымдық әрекет және адамдар арасындағы комуникативті байланыстырушы рол атқарады. Қарым-қатынас адамның тіршілік етуі мен дамуын қанағаттандыратын маңызды өмірлік қажеттілік.

Сонымен қатар қарым-қатынас сөздік немесе бейсөздік деп бөледі. Біріншісінде қарым –қатынас сөз арқылы болса, екіншісінде мимика, жест, дыбыс, пауза, иіс, кеңістікте орналасу, жұғысу т.б арқылы .

Қарым–қатынас өте күрделі процесс. Оны құрылымдауда бірнеше ыңғай қалыптасқан, олар үш өзара байланыс жағын анықтайды: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.(сурет-1)

Қарым – қатынас барысында ақпарат бір адамнан екінші адамға алмасады. Сондықтан қарым – қатынастағы ақпарат алмасу – тікелей ары – бері ауысу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау.

Коммуникативті әрекеттің екі типі анықталынды: авторитарлы, диалогтық.

Бұлардың коммуникатордың реципиентке деген қатынасынан пайда болған

психологиялық құрылымынан айыруға болады.

Авторитарлы және диалогты қарым-қатынастың салыстырмалы сипаттамасы төмендегідей кестеде көрсетілген.

Қарым-қатынас үрдісінің параметрлері


Авторитарлы қарым-қатынас


Диалогты қарым-қатынас


1.коммуникатордың психологияық


«жоғарыдан – төменге»


«тепе - тең»


2. мәтін мінездемесі


А) жалпылама сөздер

Б)тыңдаушылардың ерекшеліктерін есептемеу

В)сезімдерді жасыру

Г)аксимотикалық мазмұны

А) өз атынан сөйлеу

Б) тыңдаушылардың тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу.

В) өзінің сезімін ашық көрсету.

Г)пікірталастық сипаттағы мазмұн

3. Қарым-қатынасформасы


Монофония


Полифония


4.Қарым-қатынасты ұйымдастыру тәсілдері


Коммуникатор


Коммуникатор


5. Бейсөздік қарым – қатынас сипаттамасы


Жабық жесттер мен позициялар.


Ашық жестілік, яғни бір кеңестіктік деңгей.


2.Өзінің формасымен түріне қарай қарым-қатынас әртүрлі.Қарым-қатынаста мыналарды бөліп қарауға болады;мазмұнын, мақсатын, құралдарын, функцияларын, формаларын.Мазмұнына қарай қарым-қатынас;

Материалдық-субектілердің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы болатын іс-әрекеттің заттары мен өнімдерімен алмасу.

Когнитивтік-біліммен алмасу.

Іс-әрекетік-әрекетермее, операциялармен, іскерлік дағдылармен алмасу.

Кондинционалдық-психикалық және физиологиялық жағдайлармен алмасу.

Мотивациалық,мақсатымен,қызығушылығымен,себептермен,қажеттіліктермен алмасу.

Қарым-қатынастың мақсаты-бұл адамның сол әрекеттегі белсенділігінің пайда болу жағдайы.Мақсатына қарай қарым-қатынас биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Биологиялық-бұл ағзаны қолдауға, сақтауға, дамытуға, қажет қарым-қатынас.

Әлеуметтік- тұлғааралық байланыстың нығаюын, кеңейуін және индивидтің тұлғалық өсуі.

Бағытымен тәсілдеріне қарай динамикалық қарым-қатынас адамның қызметімен олардың жағдайларына қарай жалпы қарым-қатынас құрамына бөлінеді. Қарым-қатынас формаларымен, байланыспен, шығармашылықпен қажеттілікпен ретке келтіріледі.

3.Қарым-қатынастың негізгі 4 түрлі қызметі бар.

Инструментальдық қызмет- ақпаратты беру және басқарудың әлеуметтік механизмі.

Интегративті қызмет-қарым-қатынапсты адамдарды біріктіру құралы ретінде анықталады.

Өзін-өзі көрсету –психологиялық контекстті өзара түсіну формасы ретінде анқыталады.

Трансляциялық қызмет-іс-әрекеттің нақты әдісін, бағасын беру ретінде болады.

Әлеуметтену өзара қарым-қатынастағы дағдылардың қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелермен сай қалыптасуы.

Формаларына қарай қарым-қатынас--тікелей-( вербалды және вербалды емес ақпарат құралы арқылы « бетпе-бет» табиғи байланыс) және жанама ( қарым-қатынас процесіне « қосымша» қатысушы арқылы ақпарат тасымалданады)

- тікелей ( табиғи мүшелер көмегімен ( қол, кеуде, бас) және тікелей емес ( арнайы құралдардың көмегімен толық емес психологиялық байланыс)

-массалық ( көпшілік таныс емес адамдардың тікелей байланысы) және тұлғааралық ( топтағы немесе жұптағы адамдардың тікелей байланысы, серіктестердің психологиялық жақындылығын білдіреді)

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.

Коммуникативті карым-қатынас құралы вербалды және вербалды емес деп бөлінеді. Вербалды емес мінез-құлыққа адамның психикалық күйін көрсетеді.

Кинесикалық-басқа адамның іс-әрекетін көру арқылы қабылдау.

Такесикалық- тактильді әсер.

Проксемикалық- кеңістікте бағытталу.

Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғыларарасындағыалмасуданөзгешеболады,оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербалды-сөз жүзіндегі, вербалды емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: 1. жеке адамаралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші – коммуникатор, оны қабылдаушы – реципиент деп аталады.


Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды.
Бұл міндетті орындауда ерекше механизм – кері байланыс іске қосылады, ол рецепиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдал, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әртүрлі жолдармен іске асырылады. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: “сенің пікірің маған ұнамайды”, “не айтып тұрғаның маған түсініксіз”, т.б. және де әртүрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады.
Жанама кері байланыс — психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсіну әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсінісу қиынырақ болады.
Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет.Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туьшдайды. Біріншіден, мәліметоң формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке-даралық ерекшелігі, рецепиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты. Екіншіден. оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшелікгеріне, көзқарасы, шкірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласыныкіне ашулануы мүмкін).Мәліметті әртүрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы-коммуникативтік барьердің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол – коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері, әлеуметгік – мәдени барьер, қарым-қатынас барьерлері болуы мұмкін.
Түсініспеушілік барьерінің бірнеше түрлері болады: 1) фонетикалық барьер жатады. Әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тіддегікемістік(немеседикция),тілдіңграмматикалық құрылымының өзгеруі. Өте тез сөйлеу, сөзді анық айтпау, қосымша дыбыстардың болуы да осыған себеп болады. 2) Семантикалық барьер сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. Әртүрлі ортаның өзіне тән”мини-тілі”болады.Өздерініңқалжыңдары,тілінің оралымдары,т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.
3) Стилистикалық барьер – коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенде немесе рецепиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді.
Мысалы, балаларға берілген мәлімет қызықты түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білуі керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезініп, саған байланысты өзгерістер енгізуі қажет.
4) Логикалық барьер, коммуникатордың ұсынган логикалық тұжрымдарыөтекүрделіболғандатуындайды.””Ерлер логикасы”,”әйелдер логикасы”,”балаларлогикасы”,т.б. логикалар туралы айтуға болады.
Қарым – қатынастағы әлеуметтік – мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербалды, вербалды емес.
Вербалды (сөз арқылы) деңгейінде (негізгі) – тіл пайдаланылады. Сонымен қатар вербалды емес жүйелер де пайдаланылады: оларға оптикалық – кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады. Оптикалық-кинестезиялық жүйеге адамның сыртқы түрі жөне әсерлі қимыл-қозғалыстары, ым-ишараттары, мимикасы, отырыс – тррысы, жүрісі, т.б. жатады. Бүл жүйенің маңызды түріне көздік контакт жатады. Адамның сезімдері негізінен осылар арқылы беріледі. Партнердің сөзіне сенбегенде осыларға көңіл аударамыз.
Акустикалық жүйеге сонымен бірге коммуникатордың дауысының сапасын (тембрі, биіктігі, қаттылығы), интонация, сөйлеу темпі, дауыс екпіні және әртүрлі сөз арасындағы үзілістер (пауза), жөтелістер, күлкілері, т.б. жатқызады.
Және де коммуникативті процестің кеңістікте, уақытта ұйымдастырылуы да маңызды. Қарама-қарсы отыру – дұрыс контакт, сыртынан айқайлау, керісінше бұрыс контакт болып есептелінеді.

Коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі. Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады.


Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі. Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен байланысты.
Кері байланыс дегенміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды» , «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады. Жанама кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда камуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсіну қиынырақ болады.

Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.

Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:
1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.

2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.


3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады. Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады.
2. Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес коммуникативтік процестің классификациясын құрастыруға болады. Коммуникацияны вербальды және вербальды емес деп екі топқа бөлуге болады.

Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады. Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді: кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады. Сондықтан коммуникация процесін 5 түрге бөлеміз

3. Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацмяның психологиялық компоненті ретінде енгізген болатын. әлеуметтік психологияда сөздік ықпалдың тиімділігін арттырудың тәсілдері мен шарттарын анықтауға көптеген эксперименталдық зерттеулер болды. Осыған бағытталған жұмыстардың жиынтығы “дәлелдеуші коммуникация ” атауын алды. Осы коммуникацияның моделін американ зерттеушісі Г.Ласуэлл ұсынды. Оның коммуникативтік процесінің моделі 5 элементтен тұрады:
1.Кім? (хабар беруші )- Коммуникатор.
2. Не ? (беріліп тұр) – Хабар(текст).
3. Қалай? (қандай жолмен беріліп тұр) – Арна.
4. Кімге? ( бағытталған хабар) – Аудитория.
5. Қандай тиімділікпен?- Тиімділігі.
Сөздің тиімділігін арттырудың 3 типі бар:
Ашық- коммуникатор айтылған ойдың жақтаушысы екенін ашық айтады.
Алшақ- коммуникатор екі қарама-қарсы көзқарасты салыстырып, өзін екеуінен де алшақ ұстайды.
Жабық- коммуникатор өзінің көзқарасын білдірмейді, кейде арнайы әдістерді қолданып жасыруға тырысады.
4. Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емыс белгілер жүйесі арқылы алады. Ақпараттың көпшілігі адам:

а)55%дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы(мимика, қол, дене қимылы )


б)40% дауыс(интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы)
в)5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90%көру, 9%есту, 1%т.б.
Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі.
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.
1. “Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, келісім,жылышырайлықты білдіреді.
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа шығарушы балалар, өзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады.
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны жарыс кезінде спортшылардан өз кезегін күту кезінде жиі көруге болады.
Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде:
- онаң сыртынан, арқасынан сөйлесуге болмайды, себебікейбіреулердің арқасынан қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды.
- олардың төбесінен қарауға болмайды, себебі олар өздерін кіші , төмен сезінеді.

- отырып-тұрып тұрған адаммен сөйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді білдіреді, позалардың тең еместігі.


Қозғалыстан адамның ішкі жағдайын, оның жеке дара ерекшеліктерін(жынысын, жасын, темперамент типін) білуге болады:
1. ең ауыр қозғалыс ашу кезінде болады.
2. жеңіл қозғалыс қуаныш, мақтаныш кезінде болады.
Нашар көңіл-күйде қол салбырап тұрады,жақсы көңіл күй кезінде ұшатындай жүріспен қозғалады.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коомуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулергепроксемикка деп ат қойылды. Төрт түрлі ара қатынас бар:1.көңілдестік,2. жеке бастық,3. әлеуметтік,4. көпшіліктік. Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Мысалы: mini американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен өзінің арақатынасы болады.
0-0,5м- өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.
0,5-1,2м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады.
1,2-3,7м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы.
3,7м-жоғары - көпшіліктік арақатынас. Бірнеше сөзбен алмасу немесе қарым-қатынас жасаудан қашу.
Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.
Паралингвистикалық жүйе- бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс тоны.
Экстралингвистикалық жүйе- сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
Дауыс тонынан ашу және қайғыны жеңіл байқауға болады, ал ашу және қызғанышты тану өте қиын. Дауыс тоны серіктес адамның сезімін түсінуде негізгі роль атқарады.
Дауыс күші мен биіктігі де кейбір сезімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Мыс:ашу, қорқыныш, қуаныш, сенімсіздік биік дауыспен берілсе, мұң, қайғы және шаршағандық жұмсақ және төмен дауыспен беріледі.
Сөздің жылдамдығы да сөйлеушінің сезімін білдіреді. Өзінің басындағы қиындықты айтқанда, қобалжып тұрғанда адам тез сөйлейді. Баяу сөйлеу қайғыда, көкіректік немесе шаршаған кезде болады.
Күрсіну, жөтелу, кідіріс жасаудың да сезімді білдіруде маңызы өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет