Спартакиада сәтті өтті



жүктеу 34.03 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі34.03 Kb.
Спартакиада сәтті өтті

Осы жылы 19-20 тамызда Астана қаласындағы “Каспий” спорт кешенінде Республика судьялары арасындағы дәстүрге айналған ІІІ спартакиаданың ақтық ойындары сәтімен өтті. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының орталық кеңесі бұл жарысты еліміздің Негізгі заңы – Конституцияның 10 жылдық мерекесі құрметіне арнады. Ақтық жарыста: волейбол, футбол, үлкен теннис, бильярд және ерлер, әйелдер арасындағы үстел теннисі мен шахмат ойындарынан жарыс жеңімпаздары анықталды.

Көп жылдардан бері халық денсаулығын жақсартудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаев көтерген бастама – салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған мұндай спорттық іс-шаралар жан-жақты насихатталып келеді. Халық денсаулығын сауықтыру жөніндегі Үкіметтің 2001-2005 жылдарға арналған спорт және дене тәрбие-сін дамыту бағдарламасы да бұл игі шараға тыңғылықты түрде үлес қосуда.

Осы бағдарламаға сәйкес жыл сайын судьялар арасындағы спартакиадалық ойындарды үзбей өткізу, олардың өзге заңгерлер арасында шоқтығы биік екендігін дәлелдей түсті.

Бұқаралық спорт түрлерін бұлайша жандандыру судьялардың еңбекпен бірге дене тәрбиесіне құлшына кірісуін және денсаулықтарын барынша шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануға негіз қалауда. Әсіресе, судьялар Одағының облыстық филиалдары судьялар арасындағы спорт жарысын қыздыра түсуге барлық жағынан ұйытқы болды.

Мамыр айында Қостанай, Қызылорда, Тараз, Семей қаласында өткен аймақтық жарыстарда футбол, волейбол, шахмат, үлкен теннис және бильярд ойындарынан жеңімпаз атанғандар, ақтық жарыста, аталған спорт түрлерінен үздік шыққан командалар мен жеке ойыншылардың жеңімпаздарын анықтады.

Еліміздің төрт аймағынан келген командалар екі күн бойы тартысты да қызықты ойын әдістерін көрсетті. Нәтижесінде волейболдан Алматы облысының командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Футболдан Оңтүстік Қазақстан облысының судьялары жеңімпаз атанды. Ал үлкен теннис пен шахматтан Павлодар облысының ойыншылары жанкүйерлерін тәнті етті. Бильярдтан Атырау облысының, үстел теннисінен Алматы және Ақмола облысының жекелеген ойыншылары жүлдегер атанды.

ІІІ спартакиаданың ақтық ойынында спорттың барлық түрлері бойынша Павлодар облысының командасы 1-ші орынды және Қазақстан Республикасы Судьялар одағы орталық кеңесінің ауыспалы кубогын иемденді. 2-ші және 3-ші орынды жеңіп алған Ақмола, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жеңімпаздары кубок, бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар, спартакиада қорытындысында спорттың әр түрі бойынша ең үздік шабуылшы, футболдан ең үздік қақпашы, ең үздік қорғаушы, волейболдан ең үздік ойыншы, билярд пен шахматтан ең үздік партия, үлкен теннис пен үстел теннисінен ең үздік епті ойыншы деген номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Судьялар арасындағы спартакиадалық ойындарды үзбей ұйымдастыруға үнемі ұйтқы болып жүрген Жо-ғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми:

- Жыл сайын өткізіліп келе жат-қан спорт ойындарының жарысы бүгін-дері дәстүрге айналды. Спортпен айналысу денсаулықтың мықтылығын ғана көрсетіп қоймайды. Сонымен қатар адамды рухани тазалыққа баулуға да әсері мол. Спортпен үзбей айналысқан жан дүниесі сергек судьяларымыз сот төрелігін жүзеге асыруда да сындарлылық танытары сөзсіз. “Тәні саудың – жаны сау”деп халқымыз айтқандай, тәні де, дені де сау адамның ойы да таза болатыны өмір шындығы емес пе, - деді.

ІІІ спартакиаданың ойдағыдай өтуіне барлық күш-жігерін сар-қа жұмсаған Судьялар одағының төрағасы Нұрлан Момбеков:

- Біздің судьялар спортқа әуес, шыныққан жандар. Елбасының халықты салауаттылыққа шақырған бастамасын қызу қолдап, жыл сайын спорт жарыстарын жоғары дәрежеде өткізуге бар мүмкіндіктерін салып жүргендеріне ризашылық білдіремін. Осы жолы да олар бір кісідей ұйымшылдық көрсете білді. Жыл сайын спорт ойындарының сапасы артып, оған қатысушы спортшылардың судьялар арасынан көптеп шығуы да қуантады. Алда әлі талай жарыстар болары сөзсіз. Онда спорт ойындарын бұдан да тартысты өткізіп, “Еңбек пен спорт егіз” деген ұғымды өрнекті ойындарымызбен дәлелдей береміз, - деп түйіндеді.

Судьялар арасында тартысты өткен әрі жанкүйерлер шабыттанған мұндай спорт ойындарына әділ қазылық жасау да оңай емес. Аталған спорт ойындарына бас төреші болған Ұлттық категориядағы судья Р. Казимирчук:

— Маман ретінде айтарым, судьялар жарысқа жақсы дайындықпен келіпті. Олардың арасында талапқа сай үздік ойыншылар баршылық . Кейбір ойын түрлерінде сайысушылардың шеберліктері мен ептіліктері мені сүйсіндірді. Кіші футболдан Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облысы судьяларының арасында өткен ойын көрермендерге керемет әсер қалдырды. Олардың доп ойнау шеберліктері жанкүйерлерін шынымен тәнті етті, - деп баға берді.



Дәстүрге айналған спартакиада ойындарына жыл сайын 500-ден артық судьялар қатысады. Бұл – судьялардың жалпы санының төрттен бірі. Спорт жарысын өткізудің тұрақты және жаппай сипат ала бастауы, судьялардың жыл бойы спортпен айналысатындығын білдіреді. Мұндай ізгі шаралар денсаулықты жақсартумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, сондай-ақ, республика судьялары арасындағы ынтымақтастықты одан сайын бекіте түспек.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 2327df32387de065462570de001d7b25 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет