«Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы



жүктеу 167.67 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі167.67 Kb.
: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> Қарағанды облысында орналасқан туристік қызметпен айналысатын кәсіпорындар реестрі
userfiles -> Теміртау қаласының әкімі Н. Е. Сұлтановтың халыққа «Теміртау қаласының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» есебі
userfiles -> Жылдарға арналған
userfiles -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
userfiles -> История. Исторические науки
userfiles -> Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы
userfiles -> «Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 7 айда атқарған жұмысының есебі туралы
userfiles -> «Айналайын» бөбекжай бақшасы
«Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы
14 сәуірдегі № 02-02-18/59 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырдағы

6953 нөмірімен енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, пайдалану кезінде оларды сыныптары мен санаттарына сәйкестендіру үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі бекітілсін.

2. «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелері» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2009 жылғы 14 тамыздағы № 01-01-07/141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5788 болып тіркеліп, 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 (1585) «Заң газеті», 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 «Юридическая газета» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт министрінің

2011 жылғы 14 сәуірдегі

№ 02-02-18/59 бұйрығымен

бекітілген




Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсету жөніндегі спорт ғимараттарын және оларды жарақтандыру мен ғимараттардың параметрлеріне байланысты спорттық қызметтерді пайдалануды реттейді.

2. Спорттық ғимараттар өздерінің мақсатына қарай спорттық-думанды (көрсетілімдік), оқу-жаттығу (спорттық-техникалық) және дене шынықтыру-сауықтыру болып бөлінеді.

Көрермендер саны үйдің ішінде - 500 және одан да көп, ашық ауада - 1500 және одан да көп мінбелері немесе жеке қатарлары бар және өткізілетін спорттық жарыстарды көруге арналған ғимараттар спорттық-думанды ғимараттарға жатады.

Есу, желкен, шаңғы, тау шаңғысы, шана-бобслей, ату, конькимен сырғанау, ат спорты (ипподромдардан басқа), тас жолдағы велосипед, шахмат және дойбы спортына арналған, көрермендерге арналған орындарының болуына қарамастан, оқу-жаттығу түріне жатады.

Азаматтардың дене жаттығуларымен және спортпен шұғылдануына арналған ғимараттар дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттарына жатады.

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері арнайы дайындықтарды қажет етпейтін және шұғылданушылардың өміріне және денсаулығына қауіп келтірмейтін жаттығуларды өткізуге арналған барлық ғимараттарда жүзеге асырылады.


2. Спорт ғимараттарының түрлері мен санаттары
3. Пайдалануына қарай спорт ғимараттары келесі түрлерге бөлінеді:

1) акваторий (спорттық) – арнайы белгіленген судың беті. Онда оқу-жаттығу үдерісі мен есу және желкенді спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі;

2) ату алаңы - әртүрлі атыс спорты түріне арналған ашық немесе жабық (жартылай жабылған) ғимараттардан тұратын кешен;

3) ату стенді – құрамында дөңгелек және траншейлік немесе біріктірілген стенд стенд атуға арналған (спорттық-аңшылық) ғимарат;

4) ату тирі - әскери немесе спорттық қарудан атуға арналған жабық немесе ашық ғимарат;

5) әмбебап спорттық думанды (көрсетілімдік) залы (Спорт сарайы) - 1000 және одан да көп көрермендерге арналған жабық ғимарат (жабық арена). Көрермендер залы бар негізгі алаңның көлемі қолмен ойналатын барлық спорт түрлерін өткізуге мүмкіндік береді. Жарыс ережелерімен айқындалған көлемге хоккей қораптары да сияды. Әмбебаптыққа тасымалдау есебінен қол жеткізіледі;

6) бильярд үстелі – бұрыштары және ұзын шетінің ортасында орналасқан алты аспалы лузалары бар борттармен бірге үстел, екі шеңберлі төртбұрышты (квадрат) болады, тігісі жоқ шұғамен тартылады және ұзына бойы бекітіледі;

7) велодром - велотректі қоса алғанда 3000 және одан да көп көрерменге арналған жабық ғимарат;

8) велотрек – айналманы есепке алғанда, қиыс салынған, жай жүруге арналған еңістеу жабық немесе көлемді жабық немесе ашық ғимарат және қызмет көрсету бөлмесі. Көрермендерге арналған мінбелері болуы мүмкін;

9) гольфқа арналған алаң – 50 гектардан кем емес тегіс жерге орналасқан, 18 шұңқыры және жаттығу аймағы бар алаң;

10) есу арнасы - 220 м қашықтықтағы, «тура» және «кері қайту» сулары және тиісті қызмет көрсету құрылыстары бар жасанды ғимарат;

11) есу базасы - есу және желкенді спорт түрлерімен шұғылдануға арналған ғимараттар кешені;

12) жабық конькимен жүгіру жолы - жасанды мұзы бар жылытылатын және сөренің ұзындығы кемінде 250 м. Көрермендерге арналған орындар салынуы мүмкін;

13) кешенді спорт алаңдары – жазық ғимараттар, олардың жарақтандырылуы және белгіленуі кезектесе отырып, түрлі спорт ойындары мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді;

14) құрама командалардың базалары, құрама командалардың оқу-жаттығу орталықтары - бұл кешенде спорт ғимараттары, дәрігерлік-қалпына келтіру орталығы, жатын корпустар, ас блогі және ұзақ жиындарды қамтамасыз ететін қызмет мекемелері спорт ғимараттары болады;

15) спорт алаңдары – жекелеген спорт ойындары түрлері мен арнайы шешінетін және жуынатын орындары бар шұғылдануға арналған жазық құрылыстар;

16) спорт аренасы - мінбелері бар ашық спорт алаңы - ашық алаңда 1500 адам, үйдің ішінде - 500 адам;

17) спорт ғимараттарының басқармасы (бірлестіктер, спорт комбинаты, денешынықтыру-сауықтыру комбинаты) – түрлі спорт ғимараттарының жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуді біріктіретін ұйым, аумақтық орналастыру ерекшелігіне қарамастан бірыңғай шаруашылық кешен;

18) спорт ғимараттарының кешені - оқу-жаттығу жұмыстары және жарыстарға арналған бір үлгідегі көлемді жазық ғимараттар тобы. Олар бір аумақта орналасады және бір жерден басқарылады;

19) спорт залы – ұзындығы кемінде 18 метр, ені 9 метр және биіктігі 5 метр жабық спорт ғимараты (көлемі шағын болған жағдайда «спортқа арналған жай» деген атау қолданылады), белгілі жаттығу (арнайы мамандандырылған) немесе барлық спорт түріне арнап жабдықталған. Құрылыс спорт ғимаратына немесе басқа мақсатқа арнап ғимаратқа қоса салынады. Көрермендерге арналған орындары болуы мүмкін;

20) спорт кешені - жеке тұрған ғимарат, оның негізгі элементі - спорт залы болып табылады. Залдардың санына шек қойылмайды. Көрермендерге арналған орындары болу мүмкін. Залмен (залдармен) бірге жүзу бассейні де орналасуы мүмкін;

21) спорт манежі (футбол, жеңіл атлетика, ат спорты) - оқу-жаттығу үдерісінің талаптарына және спорт түрлері бойынша жарыстардың ережелері мен талаптарын қанағаттандыратын жабық тұрған немесе қоса салынған ғимараттар, олар жазық және негізгі үлкен мөлшердегі (алаң, спорттық ядро) ғимараттар ретінде пайдаланылады. Көрермендер үшін орындар салынуы мүмкін;

22) спорт ойындары немесе жаттығуларына арналған алаң (футбол, регби, бейсбол, допты және көгалдағы хоккей, конкурлық, лақтыру, садақ ату) – жекелеген ойын түрлері мен жаттығуға ойын алаңын бірнеше спорт түріне кезектесе пайдаланудың мүмкіндігі бар алаң;

23) спорттық жол (жеңіл атлетикалық, кросс, тау шаңғысы, шана, бобслей, шаңғы роллерлі, велосипед, биатлон, шаңғы, маңайды бағдарлау үшін) - жарыстардың реттелген ережелері мен оқу-жаттығу үдерісінің талаптарына сәйкес қашықтықтың екі аралығындағы жол;

24) спорттық жүзуге, су добына, суға секіруге немесе үйлесімді жүзуге арналған жүзу бассейні (бассейндер) - жарыс ережелерінде қарастырылғаннан кем емес негізгі өлшемді ваннасы бар ашық және жабық ғимараттар. Бір ваннада спорттың бірнеше түріне жағдайлар жасалуы мүмкін. Көрермендерге арналған орындар болуы мүмкін;

25) спорттық ядро - жан-жағы жүгіру жолдарымен белгіленген футбол (ойын) алаңы, жолдың өлшемі 400 метр және бұрылу радиусы 36 метрге тең болса қалыпты деп есептеледі. Ядроның құрамында жүгіру жолы және жеңіл атлетика секторы болады;

26) стадион - спорттық аренасы бар кешен;

27) табиғи мұздан жасалған конькимен жүгіру жолы – ұзындығы


250 метрден кем емес, айналымды жолы бар маусымдық жазық ғимарат;

28) тир - аталған ғимараттың шекарасынан, оқтың өтіп кетуін толық ұстап қалатын жабыны бар алаңмен ауыстырылған ғимарат;

29) шаңғы базасы - жаттығуға немесе сырғанауға арналған қызмет көрсететін жайлары, трассалары, шаңғыларды сақтайтын және жуынатын орындары бар ғимараттар кешені. Трассаның құрамында шаңғы стадионы, жарыстың сөресі мен мәре учаскесінің ұзындығы 400 м, ені 100 м, төрешілер павильоны, көрермендерге арналған мінбелері болады;

30) шаңғымен секіруге арналған тұғыр - жылдамдық алу биіктігі (әдетте эстакада түрінде), жерге түсу биіктігін қоса алғанда, шаңғы спортынан халықаралық федерацияның ережелері мен нормаларына сәйкес және оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстарға арналған техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған көлемді ғимарат. Пайдаланудың қауіпсіз шарттарын бір мезгілде қамтамасыз ету қажет;

31) эллинг - спорттық кемелерді сақтауға және жөндеуге арналған үй-жай. Эллинг пен кемелердің жағаға келіп тоқтауын, спортпен шұғылданғанда оған отырғызуға арналған көлік байланысы болғаны дұрыс;

32) яхта клубы - желкенді спортпен шұғылдануға арналған ірі су қоймаларының жағалауындағы ғимараттар кешені.

4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген спорттық ғимараттар төрт санатқа бөлінеді:

жоғарғы санатқа - ғимараттардың негізгі көлемі және жарақтандыруына қарай параметрлері спорт түрлерінен халықаралық федерациялардың талаптарына сәйкес келетін және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу жұмыстарын немесе халықаралық ережелер бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін (әлем, Еуропа чемпионаттары, ТМД чемпионаты, кубок жарыстары және т.б.) немесе дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметпен шұғылдануға лайықты тиісті халықаралық талаптарға жауап беретін, заманауи спорттық жарақтандырылған спорт ғимараттары мен үймереттер;

1-ші санатқа - өзінің көлемі және жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері көпшілік разрядты спортшылардың оқу-жаттығу жұмыстарын немесе республикалық жарыстарды өткізуге (республика, облыс, қала чемпионаттары) мүмкіндік беретін ғимараттар;

2-ші санатқа - өзінің көлемі және жарақтандырылуы бойынша негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға немесе жаппай жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ғимараттар;

3-ші санатқа - ғимараттың параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (бұдан әрі – Спорт комитеті) спорт ғимараттарына жоғарғы санат береді және бекітеді, бірінші, екінші, үшінші санаттарды – облыстық, Астана мен Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары (бұдан әрі – облыстық (қалалық) басқармалар) береді.

6. Спорт комитетінде жоғарғы санатты бекіту, облыстық (қалалық) басқармаларда бірінші, екінші және үшінші санаттарды бекіту үшін спорт ғимаратының басшысы:

1) спорттық ғимаратқа санат алу үшін еркін түрде жазылған өтінішті тапсырады;

2) осы Ереженің қосымшасына сәйкес спорт ғимараты паспортының үлгілік нысанын толтырады;

3) спорт ғимаратының пайдалануға беріктігі, құрылыс құрылғыларының тұрақтылығы және қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін қамтамасыз етуге қатысты спорт ғимаратының техникалық тексеру актісінің көшірмесін тапсырады.

7. Ұсынылған құжаттарды және спорттық ғимараттардың сипаттамасын қараудың нәтижесі бойынша 7 жұмыс күн ішінде спорт ғимаратына санат беру немесе санат бермеу туралы шешім қабылданады.
3. Спорт ғимараттарын пайдалану
8. Дене шынықтыру-спорт ғимараттары бірыңғай жүйені құрайды. Ал функционалдық мақсаттарына қарай алты топқа бөлінеді. Олар:

1) балалардың мектепке дейінгі және оқу орындары бағдарламасы бойынша жаттығуды қамтамасыз ететіндер;

2) еңбек үдерісінде жұмыс уақыты режимінде және жұмыстан кейінгі қалыпқа келтіру жаттығуларын қамтамасыз ететіндер;

3) қарулы күштер қызметіне дайындықты, әскери қызмет үдерісін және арнайы жұмыс түрлерін орындау үшін (азаматтық авиация, құрал-жабдықтарды монтаждау, электр қуатын беру желілері) дене тәрбиесі деңгейін қалыпты ұстауды қамтамасыз ететіндер;

4) тұрғындар арасында емдеу-алдын алу жұмыстарын қамтамасыз ететіндер (емханалардың емдік-дене шынықтыру кабинеті, санаторийлердің, демалыс үйлерінің, шипажайлардың ғимараттары);

5) демалған кезде дене шынықтыру жаттығуларын өткізуді қамтамасыз ететіндер;

6) жоғары сыныпты спортшылардың дайындығын және жарыстарды өткізуді қамтамасыз ететіндер.

9. Балалардың мектепке дейінгі мекемелері, кәсіпорындардың, оқу орындары (кәсіпорынның аумағындағы), әскери қызметте және қарулы күштерде қызмет ету дайындығын қамтамасыз ететін, тұрғындар арасында дене шынықтыру деңгейін және емдеу-алдын алу жұмыстарын қолдау, дене шынықтыру-спорттық ғимараттарды пайдалану аталған ұйымдардың ішкі тәртібі ережелерімен айқындалады.

10. Оқу-жаттығу (спорттық-техникалық) ғимараттары (мамандандырылған құрама командалардың спорттық базалары, оқу-жаттығу орталықтары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық даярлау орталығы, олимпиада резервін даярлау орталығы, спорттық бейіндегі мектеп-интернаттар, шаңғы спорты трамплиндері, тау шаңғысы және шана-бобслей жолдары, велотректер және велоайналма жолдары, тирлер мен ату алаңдары) оқу-жаттығу үдерісінің талаптарына сәйкес қолданады.

Спорт ғимараттарын пайдалану

ережелеріне қосымша

Нысан

Спорт ғимараты паспортының үлгілік нысаны
Спорт ғимаратының атауы


Бекітілді:

____________ санат

____________ бұйрығы

20__ жылғы __ ________




Паспорт тіркелді

______________________



Мемлекеттік органның

атауы

______________________



Басшысының А.Ә.Т.

және қолы


1. Жалпы мәліметтер
1. Мекен-жайы (облыс, қала, аудан, ауыл,

көше, үй, телефонның нөмірі) __________________________________________


2. Осы ғимарат бағыныста болатын

ұйымның атауы ______________________________________________________


3. Пайдалануға берген жылы мен айы ___________________________________
4. Баланстық құны (млн. теңге) ____________________________________
5. Жер телімі (гектармен) ____________________________________________
6. Арнайы салынған немесе

қосып салынған ғимарат _______________________________________________


7.Жылумен жабдықтау (жергілікті, орталық) ___________________________
8. Сумен жабдықтау (қалалық желісі, артезианды құдықтар,

табиғи сулардың бұрғылары) ________________________________________


9. Кәріз желісі (қалалық, қазылған,

тазарту ғимараттарының болуы) ________________________________________


10. Желдеткіш (жасанды, тартылмалы, ағылмалы,

ағылмалы-тартылмалы) _______________________________________________


11. Электрмен жабдықтау (өзінің көзі,

орталықтандырылған) _________________________________________________


12. Телефоны (нөмірлердің саны) _______________________________________
13. Аумақты қоршау (бетон, металл, ағаш) ______________________
14. Қосымша инженерлік-техникалық қызметтер мен

қондырғылар (мұздатқыш қондырғылар, мачталық жарық беру,

автоматтандырылған қызметі) __________________________________________

2. Негізгі ғимараттар мен үй-жайлар


р/с №

Атауы және мақсаты

Саны

Өлшемі

Біржолғы өткізу қабілеті

Жарықтығы

Төсенім

Дренаж

Электрондық табло, электрондық сағат

Радио, теледидармен қамтылуы

Ұзындығы

Ені

Биіктігі және тереңдігі

Қабаттылығы, радиусы







































3. Қосымша ғимараттар мен үй-жайлар


р/с. №

Атауы және мақсаты

Саны

Жалпы көлемі

Ескерту

1.
2.
3.
4.
5.
6.

7.

8.


9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.

Шешінетін орын
Жуынатын орын
Дәретхана
Фойе
Киім ілгіш
Қызметшілердің

бөлмелері


Жаттықтырушылар және әкімшілік бөлмелері
Дәрігер кабинеті
Әдістемелік кабинет
Радиоторабы
Массаж бөлмесі
Монша (хауыз)
Кино – зертхана
Зертхана (шеберхана)
Кітапхана
Қамба
Қойма











4. Тұрғын жайлар және басқа да ғимараттар


р/с. №

Атауы және мақсаты

Бөлмелердің саны

Орындардың саны

Пайдалы аумағы

Қабаттардың саны

Ескерту

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.


Қонақ үй
Жатақхана
Жеке үйлер
Ас блогі
Асхана
Клуб
Демалыс бөлмесі

















5. Көрермендерге арналған ғимарат


р/с №

Атауы және құрастыру ерекшіліктері

Саны

Қатарлардың саны

Орындардың саны

Үлмектердің саны

Санитарлық құралдандың саны

Ескерту

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.


Мінбе
Балкон
Киім ілгіш
Дәретхана (ерлер)
Дәретхана (әйелдер)
Буфет/асхана
Фойе
Мейрамхана/дәмхана




















6. Спорттық ғимарат туралы мәліметтер
1. Спорт ғимаратын пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік комиссия актісінің көшірмесі;

2. Шұғылданушылардың сандық құрамының жоспарлы-есептік көрсеткіштері және спорт ғимаратының тәуліктік жұмыс тәртібі:




р/с №

Спорт ғимаратының атауы

Шұғылданушылардың саны (барынша көбі)

Бір адамға арналған квадрат метрлердің

нормасы

Пайдаланатын сағаттардың саны

Ескерту

1

2

3

4

5

6


















3. Санитарлық-тазалық және өртке қарсы нормалар мен талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылардың нөмірлері мен берілген күні .


4. Спорт мүкәммалдары мен жабдықтарының болуы туралы ақпарат (еркін түрде жазылады).
5. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорт ғимараттарына қол жетімділік туралы ақпарат (еркін түрде жазылады).

7. Толықтырулар мен ескертулер

Паспортты жасағандар:


Осы ғимарат бағынысында бар

ұйымның басшысы ___________________


Өкілі _________________

Мемлекеттік органның



маманы ________________________

Толтыру күні ____ _____________ 20____ жыл



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет