Сұрақ: Елімізде қор нарығы нақты қашан жұмыс істейді? Қазақстанда инвесторларға арналған құралдардың



жүктеу 27.19 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі27.19 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сұрақ: Елімізде қор нарығы нақты қашан жұмыс істейді? Қазақстанда инвесторларға арналған құралдардың жетіспеушілігі анық сезіледі. Осыдан келіп жылжымайтын мүлік нарығында анық алыпсатарлық жағдай болуы мүмкін.

Жауап: Шынында жеткілікті тиімді қызмет істеп тұрған қазақстандық қор жүйесінде жеткіліксіз дамыған қор нарығы «әлсіз буын» болып табылады.

Сонымен қатар, республикада қор нарығын құру кезінен бастап республикада оны дамыту үшін көп нәрсе жасалынды. 2005-2007 жылдарға бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы дайындалды және орындалды. Негізгі мақсаты республиканың бағалы қағаздар нарығын дамыту болып табылатын, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы құрылды. Қазақстанның қор нарығы үшін жаңа қаржы құралдарын беру жөнінде мүмкіндіктері бар «Самұрық» Холдинг» пен «Қазына» ОДҚ» АҚ құрылды. Ислам қаржы құралдарын енгізу принциптері қаралуда. «Секьюритилендіру туралы» және «Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы» заңдар қабылданды, осы қабылданған заңдардың механизімі арқылы сонымен қатар республиканың қор нарығында қаржы құралдарының тізімі кеңейтілуі мүмкін.

Дегенмен, қазіргі уақытта Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы жинақ ақшаларды шоғырландыру мен оларды инвестицияға айналдыру жөніндегі өзінің негізгі қызметтерін толық деңгейде орындап жатқан жоқ. Қор нарығының жеткіліксіз тиімді жұмысының себептері көп. Бұл ретте негізгі себептердің бірі бөлшек инвесторлардың нарығында жеке тұлғалардың жоқтығы болып табылады.

Сондықтан қор нарығының одан әрі дамуы бағалы қағаздар нарығына ұсақ жеке инвесторлардың қаражаттарын тарту қажеттілігімен және халықтың қаржы мәдениетінің деңгейін көтерумен тығыз байланысты.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басқа мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп 2007-2009 жылдарға Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениетін және қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін Қазақстан тұрғындарының арасында кеңінен насихаттау көзделуде;

мақсатты аудиторияны барынша қамтитын қажетті және жеткілікті коммуникация құралдарын пайдалану арқылы экономиканың қаржы секторына республика халқының қаражатын тарту жөнінде іс-шаралардың бірыңғай PR және жарнама концепциясын құру мен жылжыту;

тұрғындар арасында Қазақстанның қор нарығының жағымды имиджін құру;

тұрғындарды әр түрлі қаржы құралдарын пайдалану, сондай-ақ қор нарығының құралдарына салуға байланысты тәуекелдерді бағалау саласында базалық біліммен қамтамасыз ету;

тұрғындардың қаржылық қаражаттарын инвестициялаудың тәуекелді сегментінен (жер, жылжымайтын мүлік) қор нарығының кірісті және азырақ тәуекелді қаржы құралдарына бөліп тарату.

Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижелері мыналар деп күтілуде:

- қор нарығында инвестициялаудың механизімдерін пайдаланатын тұрғындар үлестерінің көбеюі;

- отандық нарықта инвестициялық процессорлардың жағымды имиджінің құрылуы;

- тұрғындардың инвестициялық жобаларға тартылған қаражаттарының көбеюі;

- экономикалық дамуды тездету мақсатында экономикаға тұрғындардың ақшалай қаражаттарын тарту;

- қаржылық ағындардың айқындығын арттыру;

- республика азаматтарының жиынтығын тәуекелді инвестициялық операциялардан жылжымайтын мүлікке және қаржы пирамидаларына тәуелділігін төмендету;



- қаржылық инфрақұрылымның дамуы.

Бұдан басқа, қор нарығында жаңа қаржы құралдарын енгізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысымен «Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» мақұлданды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет