Сұрақ: Ірі компаниялардың мемлекеттік пакеттері сатылуда. Өкінішке орай акциялардың бағасы көпшілік азаматтарға қол жетерлік емес



жүктеу 15.19 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі15.19 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
Сұрақ: Ірі компаниялардың мемлекеттік пакеттері сатылуда. Өкінішке орай акциялардың бағасы көпшілік азаматтарға қол жетерлік емес. Егер акция номиналын орташа статистикалық жалақы алатын адамға қол жетерлік сомаға дейін төмендетіп, мемлекеттік пакеттің көп үлесін сататын болсақ, сонда акцияларды шын мәнінде сатып алуға болар ма еді.

Жауап: «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес акцияның номиналды құны - барлық жай және артықшылығы бар акцияларға арналған және акционерлік қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) айқындалатын бірыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейді). Осылайша, мемлекеттік акциялар пакетінің құрамындағы акция номиналы тек оларды алғаш орналастыру кезінде мемлекет акцияларды төлеу кезінде анықталуы мүмкін.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акцияларды орналастыру бағасын қоғамның директорлар кеңесі белгілейді, оларды анықтау кезінде акционерлік қоғамдар акциялардың баланстық және нарықтық құнын есептейді. Бұдан басқа, акцияларды орналастыру құны төмендеген жағдайда, нарықтағы компанияның құны жете бағаланбайды, осыдан келіп, алыпсатарлықтың өсуіне немесе осы компания акцияларының құнының төмендеуіне әкеліп соқтырады және осы немесе басқа қаржы құралдарына не жалпы қор нарығына қатысты үміттеніп отырған инвесторларға теріс әсер етуі мүмкін екендігін атап өткен жөн.



Сонымен қатар, бір акция құнының төмендеуі акцияларды бөлшектеу жолымен мүмкін екендігін атап өткен жөн. Бірақ, акцияларды бөлшектеу туралы шешім немесе оларды шоғырландыру тек компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданады.

Мемлекекттік акциялар пакетінің көп үлесін сату мәселе бойынша – мемлекеттің акциялардың бақылау пакетін сатуы мемлекеттің компанияларды басқару жөніндегі стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде өз рөлін жоғалтуға алып келуі мүмкін. Бұдан басқа, шетел инвесторларының стратегиялық маңызды ал кейде монополистік компаниялардың акцияларының бақылау пакетін сатып алған жағдайда мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын жоғалтып алу қауіпі бар.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет