Стандарт: Босанған әйелге маститтің алдын-алу шараларын түсіндіру, сүтті сауып тастауға көмектесу



Дата22.05.2020
өлшемі9.66 Kb.
Стандарт: Босанған әйелге маститтің алдын-алу шараларын түсіндіру, сүтті сауып тастауға көмектесу

Қажеттілігі: омырауға сүт толып, қатып қалуы, лактостаз

Қажетті құралдар: омырау фантомы (өзіне көрсетуге болады), жаялық, ауызы кең, шұңғыл ыдыс.



Орындалу алгоритмі: жүргізілетін іс-шараның қажеттілігін жас босанған анаға түсіндіру, келісімін алу;

1әдіс: әйелдің қолын жууын сұрап, ыңғайлы еркін отырғыз. Алдына жаялық төсеп, сут сауылатын ыдысты жақындатып қой.

Омырауды екі қолмен ромба тәрізді ұста. Бұл кезде бас бармақтар омыраудың үстіңгі жағынан, ал қалған саусақтары астыңғы жағынан түйісуі керек (1сурет). Осылай ұстаған қалпында, омырауды жаймен уқалай отырып қолдарыңды үрпіге қарай жылжыту керек.



2 әдіс: оң қолдың екі саусағын сол жақ омырауға кеуде жағынан орналастырып, шеттен үрпіге қарай айналдыра уқала. Арасында саусақ ұштарымен жеңіл соққылауға болады (2 сурет)

3 әдіс: параллель тәсіл. Бұнда бір қолдың алақанын омыраудың үстіңгі жағына, ал екінші қолды оған қарсы бағытта омыраудың астыңғы жағына орналастырып, жиегінен үрпіге қарай бағыттап айналдыра уқала (3 сурет).

Бұнда әрбір стандарттың жасалу техникасы көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет